15. «Химия» пәнін оқытудың ерекшеліктері, 7-11 – сыныптар



бет3/3
Дата03.04.2023
өлшемі25,28 Kb.
#78707
түріСабақ
1   2   3
5. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес зертханалық, практикалық және модельдеу жұмыстарының саны.
Оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағаттан 10-11 сыныптар үшін оқу бағдарламасын енгізуге байланысты 15.5-кестеде көрсетілгендей зертханалық және практикалық жұмыстардың саны ұсынылады:

15.5кесте Зертханалық жәнее практикалық жұмыстардың соны



Сынып

Бағыт

Зертханалық жұмыс саны

Практикалық жұмыс саны

10

ЖМБ

6

1

11

ЖМБ

7

1

10

ҚГБ

3

0

11

ҚГБ

5

0

Зертханалық жұмыстарды жүргізудің мақсаты зерделенген теориялық материал негізінде оқу-зерттеу және нақты практикалық міндеттерді шешу тәжірибесін алу; маңызды теориялық ережелерді эксперимент бойынша дәлелдеу және бағалау, зерттеу жұмысының дағдыларын игеру арқылы практикалық міндеттерді шеше білу болып табылады.


Практикалық жұмыс химияға деген қызығушылықты арттырады.
Практикалық жұмыстардың мақсаты - оқушылардың білімін бекіту, нақтылау, практикалық дағдыларын қалыптастыру және дағдыларын жетілдіру.
6. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары
2022-2023 оқу жылында келесі тақырыптарға элективті курстар өткізу ұсынылады:
1. «Тапсырмалар мен жаттығулардағы химия»;
2. «Химиялық эксперименттік есептерді шешу»;
3. «Мектептегі агрохимия».
4. «Көмірсутек шикізаты. Кеше, бүгін, ертең».
5. «Клиникадағы химиялық зерттеу әдістері».
6. «Химия және материалтану».
Элективті курстар аясында оқушылардың жобалық жұмыстар болу мүмкін.
7. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын әдістемелік тақырыптар
Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Химия» пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар:
1) Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
2) Химияны оқытуда интерактивті технологияларды пайдалану.
3) Химия, физика және биология интеграциясының мәселелері.
4) Қазіргі кезеңдегі химияны оқытудың өзекті мәселелері.
5) Киберкеңістіктегі ақпаратпен қауіпсіз жұмыс істеудің мәні.
6) Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді сабақтарды ұйымдастыру тәсілдері.
Педагогтерден оқу жылының басында «Химия» пәні бойынша оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру жұмысына ерекше назар аударуы сұралады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет