15. Орфоэпия, оның нормалары



бет2/3
Дата02.05.2023
өлшемі26,63 Kb.
#88898
1   2   3
Байланысты:
15-дәріс

Орфографияға
тән айырмашылықтар

Орфоэпияға
тән айырмашылықтар

Сөздерді дұрыс жазуға арналған ережелерді өзіміз жасаймыз; ол жазу таңбасы өзгерген сайын жаңадан түзіліп, уақыт озған сайын жетілдіре түсу мақсатында өңделіп, екшеліп, толықтырылып отырылады.

Сөздерді дұрыс айту нормаларын біз жасамаймыз; ол қазақ тілін қолдану-шылардың ұрпақтан-ұрпаққа көшіп, жалғасып отыратын ежелгі тәртіп бойынша қалыптасқан тілдің табиғи құбылысы.

Емле ережелері тілдің даму барысы-на қатысты өзгеріп отырады.

Сөздерді дұрыс дыбыстау нормала-рын емле ережелері сияқты өзгеріс-ке түспейді.

Орфография нормалары жазу мен оның емлесінің тарихына қатысты пайда болған, тілге сырттай қабат-тастырылған, қолданбалы дүние болып табылады.

Қазақ тілінің орфоэпиялық норма-лары тіліміздің өзімен бірге ежелден келе жатқан табиғи заңдылықтар болып табылады.

Орфоэпиялық нормаларды қарастырғанда мына жайттарды үнемі есте ұстаған жөн:


- жазу мен сөзді дыбыстаудың бір-біріне қатысы, әсері;
- орфоэпияға әлеуметтік көзқарастың қалыптаспай келе жатқандығы;
- орфоэпия нормаларын үйрету, сақтау, насихаттау жұмыс-тарының әлсіздігі;
- қазақ орфоэпиясы бойынша ғылыми зерттеулердің кен-желеп қалуы.
Негізінен алғанда орфоэпия ережелері тілдегі сөздер мен сөз тіркестерін әдеби тіл нормасына сай дұрыс айту мәселелерін қарастырады.
Бақылау сұрақтары:

1. Орфоэпия дегеніміз не?


2. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігінің бірінші басылымы қай жылы жарық көрді?
3. Орфоэпиялық норма дегеніміз не?
4. Интонология дегеніміз не?
5. Әдеби тілдің ауызша нормасына ықпал етуші факторлар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет