1405 жылы Әмір Темір Қытайға жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Темір денесінің сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне мұсылман дәстүріне сай жерленген.
Әмір Темірдің жұбайлары: Турмуш ага, Ульджай-туркан ага, Сарай-мульк ханым, Улус ага, Ислам ага, Туман ага, Тугди – би, Дальшад ага, Чолпан-мульк ага, Тукал ханым, Кутлуг ага, Туглук-текин.
Әмір Темірдің 4 ұлы болды: Жиһангер (1356-1376 жж.) Әмір Шейі (1356-1394 жж.), Миранших (1366-1408 жж.), Шаһрух (1377-1447 жж).
Темірдің тікелей ұрпақтарының жалпы саны оның өмірінің соңына қарай жүзге жуықтаған.
Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394-1449 жж).
Әмір Темір мемлекеті
6.Әмір Темір кезіндегі мәдениеттің дамуы. Темір өз заманының аса зұлым жаулаушысы, елдер мен қалаларды қиратушы әлемге қорқыныш ұялататын қолбасшы ретінде танылса, бір қырынан ол аса талғампаз сәулетші де болды. Осы кезеңде Әмір Темірдің басшылығымен зәулім бақты сарайлар мен қалалар, елді мекендер, көпірлер тұрғызылған.Темірдің жасампаздық өнерінің туындылары қалалар, медреселер, мешіттерге тіпті сол кезеңде еуропалықтардың өзі таңдана қараған (Клавихо).
Клавихоның дерегіне сүйенсек, Самарқан қаласының құрылысы оған дейін-ақ бастаған. Ал оны өз мемлекетінің астанасы етіп таңдаған Темір қаланың құрылысын жалғастырғанын білдірсе керек.
Клавихоның "Күнделігінде" Самарқан қаласының құрылыс жұмыстары жөнінде қызықты жайттар кездеседі: "Бізді жұма күні патшаның бұйрығы бойынша салынып жатқан үлкен сарайды аралатуға алып келді,бұнда шебер 20 жыл бойы күні-түні еңбек етіп келеді. Сарайда өте кең дәліз бен үлкен қақпа бар, оның екі жағында әртүрлі бедерлермен сәнделген екі арка бар. Бұл аркалардың астында шағын бөлмелер орлаласқан... сарайдың ортасында ені үш жүз қадам болатын суат бар, оның артында алтынмен лазурьмен ерекше безендірілген ең үлкен есік орналасқан. Есіктің ортасында Күн бейнесінің ортасында арыстан бейнеленген, оның жан-жағы да солай көмкерген. Бұл Самарқан билеушісінің гербі болған. Сарай Темірдің бұйрығы бойынша салынған дегенмен, менің ойымша сарайды бұрынғы әмірші сала бастаған, себебі бұл герб күнде бейнеленген арыстан Самарқанның бұрынғы әміршісінің таңбасы, ал Темірдің таңбасы - үш дөңгелек".
Негізгі әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы «Шың» голограммалы кітап,Алматы, 2016
2. А.Юрьевич, В.Бартольд «Темирлан-покоритель Азии»,2019
3. Ж.О.Артықбаев , Ә.Б.Пірманов «Қазақстан тарихы» А,2013
4. Рюн Гонзалесть де Клавихо «Дневник путешествия в Самарканд ко двору Тимура» (1403-1406 гг.)
5. https://kk.wikipedia.org/
Үй тапсырмасы:
№1 тапсырма. Кестені толтыру.
Алғашқы аумағы:
Өмір сүрген уақыты:
Моғолстан
Құрылуына әсер еткен себептер:
Негізін салушы:
№2 тапсырма. Венн диаграммасын толтыру.
ұқсастығы
Әмір Темір
Шыңғыс хан
№3 тапсырма. «Әмір Темір кезіндегі мәдениеттің дамуына қосқан үлесі» атты тақырыпқа эссе жазу.