Арман картасы расында арманыңызды орындай ма? Әр адамның армандары мен мақсаттары бар. Ал, олардың орындалуы үшін не істеу керек? Әрине, көмекке арман картасы келеді. Бұл – ғажап, ерекше әдіс.
Алайда, өкінішке орай, қазақи тәрбиедегі "жұрттың баласымен" салыстыру ішкі сенім мен түпкі сананың әлсіздігіне жол бергендей. Мұны байқаған психологтар соңғы жылдары білек түріп кірісіп, қоғамға үлкен қызығушылық әкелуде. Арман картасы сіздің армандарыңыз бен мақсаттарыңыздың суреттері мен атаулары жазылған бірнеше бөліктен тұрады.
Бұл бөліктерге фотосуреттерді жапсыруға немесе күнделігіңізге жазбаша жазуға болады. Таңдау – өз еркіңізде. Ең бастысы,армандарыңызға шектеу қоймаңыз.
Алайда, көптеген психологтар армандар картасын 2-3 жылға жоспарлап, сосын қайта жаңартуға кеңес береді.
Армандар картасын жасау барымындағы кеңестер. Тоғыз бөліктің ең ортасына МЕН деген сөзді жазып, өзіңізге қажеттіні жазыңыз. Мысалы, ең сүйіктімін. Әдемімін. Ғашықпын. Денім сау. Баймын. Қуаттымын, тағы басқа.
Ал, алғашқы шаршының ішіне қаржы деп жазып, өзіңіз қазір табатын табыстан үш есе көп санды көрсетіңіз.
Атақ-даңқ бөліміне өзіңіздің қызметтегі қол жеткізуді армандайтын жетістіктер мен дәрежелерді көрсетіңіз.
Махаббат шаршысына еш күмәнсіз, шектеусіз қиялыңыздағы махаббатты сипаттаңыз.
Отбасы Бұл бөлімге жаныңызға жақын отбасылық суретті жапсырыңыз немесе отбасыңызға қажетті заттарды жазып шығыңыз. Көптеген психологтар отбасы шаршысына пәтер, көлік, несиеден құтылу секілді қадамдарды жазуға кеңес береді. Алайда, санын көрсетуден аулақ болыңыз. Мысалы, сіз үш бөлмелі пәтер деп жазуыңыз мүмкін. Алайда, сізге бес бөлмелі пәтер келе жатқан шығар, кім біліпті. Десе де, сіздің түпсанаңыздың тапсырмасымен ол бес бөлмелі пәтеріңіз жолдан ғайып болады.
Балалар мен шығармашылық Балаларыңыздың болашағын қалай көресіз, қайда оқығанын қалайсыз, қандай адам, қандай маман болғанын қалайсыз? Бәрін ұялмастан жазыңыз.
Білім мен ақыл Бұл жерге күйеуіңізге қалайтын мамандықты, кәсіпті, жетістікті, ақшаны жазыңыз.
Саяхат Иә, алдағы екі-үш жылда қай мемлекетті аралап келуді армандайсыз? Ойланып көріңіз! Және қорықпай жазыңыз.
Одан бөлек қойындәптерге 100 арманды тізіп жазыңыз Бастапқыда армандар саны оннан аспай қалуы мүмкін. Алайда, ішкі жан дүниеңізге үңілсеңіз өзгеге айтуға ұялатын, өзіңіз мойындауға қорқатын қаншама армандар бар?! Есте сақтаңыз, қиял мен мақсатқа батырлық таныта білетін жандардың армандары әрдайым орындалмақ! Ал, армандар картасы туралы біздің жұлдыздарымыз не ойлайды екен?
Құралай ханым блогер, жазушы Әрине, армандар картасын мен үнемі жасаймын. Көз алдыма іліп қоюға тырысамын. Осыдан бірнеше жыл бұрын Айнұр Тұрсынбаева дайындаған еттен дәм тату туралы да армандар дәптеріне жазған едім. Ол кезде әлі ауылда тұратын жай ғана Құралай болдым. Шүкір, қазір арманым орындалып Айекеммен жан құрбыға айналдық.
Мәнсап, табысты көбейту, армандаған жұмыс, бизнес ашу
Саяхаттау достар
Ең бірінші сіз жақсы көңіл-күймен позитивті ойда болуыңыз керек. Егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз немесе көңіл күйіңіз болмаса, картаны жасауды кейінге қалдырыңыз.
Өзіңіз оңашада отырып, бар ойыңызды картаға өз орындарына жабыстырыңыз.
Өзіңізге ұнаған суреттерді таңдап, қиып алыңызда картаға өз орындарына жабыстырыңыз.
Картаның дәл ортасына өз суретіңізді қоясыз. Ол суретте сіз бақытты, қуанышты күйде болуыңыз шарт. Ең алдымен өз ортаңызды жабыстырғаныңыз жөн.
Есіңізде болсын! Картаны жабыстырып құрастырғаны, орналасқаны өзіңізге қатты ұнауы қажет.
Картаны аяқтап қалған сәтте картаны белсендіруге арналған суреттерді жабыстырыңыз. (өз орындарына яғни сектор бойынша)
Картаңыз дайын болғанда, бірден белсендіру жұмысын жасап, оны қаламмен белгілеп қойыңыз.
Дайын болған армандар картасын өзіңізге ғана белгілі орынға әдемілеп іліңіз. (шкафтың іші, есіктің арты, үстелдің үсті) бастысы ешкім көрмеуі керек
Аффирмация сөздерді жазуды ұмытпаңыз.
Күнде немесе күнара картаңызға қарап, ойыңызды жинақтап, алға қойған арман мақсаттарға қол жеткізуді ұмытпаңыз.