Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани- адамгершілікке тәрбиелеу Жоспары



бет1/3
Дата04.09.2022
өлшемі241,5 Kb.
#38432
  1   2   3
Байланысты:
Рухани адамгершілік

  • Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани- адамгершілікке тәрбиелеу
  • Жоспары:
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани- адамгершілік құндылықтар
  • Адамгершілік және имандылық тәрбиесі
  • Қазіргі кездегі педагогика адамгершілік тәрбиені бала өмірінің алғашқы жылынан бастап моральдық сананы, адамгершілік сезімдер мен әдеттерді, адамгершілік мінез-құлықты қалыптастырудың мақсатқа бағытталған белсенді процесі ретінде қарастырады. Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі-қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастандық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде, егіздің сыңарындай салыстыра суреттеледі. Елге қайырымды, бойында бар қасиетін халыққа жақсылық жасауға арнаған адамды “Ел қамын жеген ер” деп дәріптеген. “Жақсының жаттығы жоқ”, “Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей”, ”Жақсы туса елдің көрк”, “Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші, жақсылықтың уытын алып келді десеңші”-деген мақал-мәтелдер жақсы адамның көпшіл, халық қамын ойлайтын абзал азамат екенін дәлелдейді.
  • Адамгершілік тәрбиенің міндеттері
  • Мектепке дейінгі жастағы балаларды үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас, кеңпейілділік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және Отанға, жерге, туған елге деген дұрыс көзқарасын тәрбиелеу;
  • Барлық халыққа туысқандық сезімін қалыптастыру;
  • Балаларды дүние жүзі халықтарына құрметпен қарауға үйрету
  • Балалардың әр түрлі ұлт адамдарына сыйластықтарын тәрбиелеу. Сөйтіп, олармен бейбіт қатарлы өмір сүруге дайындау.
  • Балалардың мінез-құлқы мен тәртібін тәрбиелеу үшін бағдарламалық тәрбие міндеттеріне, олардың күші мен мүмкіндігімен сәйкестендірілген қолайлы жағдай тудыруға назар аудару қажет. Балабақшадағы заттарды пайдалану мен оларды күтіп ұстаудың, сақтаудың берік тәртібі, өзін қоршаған ортаның ұйымдастырылған өмір ағымы, айналадағы заттардың реттілігі болуы керек.
  • Балабақшадағы ұйымшылдық, реттілік, тәртіптілік оларды жақсы дағдыларға тез қалыптастырады. Себебі, балалардың тәтібіне педагогикалық әсер ету ғана емес, өзін қоршаған ортаның жинақылығы, балабақшадағы жұмыстың дұрыс жолға қойылуы да тиімді әсер етеді.
  • Баланың тәртібіне белгілі талаптар қою олардың орындалуын бақылаумен ұштасады. Бақылаудың әлсіреуі балаға тәртіп бұздырады. Талап пен бақылау тәрбиешінің берген бағасы арқылы бекітіледі, ол балалардың іс-әрекетінің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін тануға, тәртіп ережелерін игеруге мүмкіндік жасайды.
  • Мектепке дейінгі жылдарда бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдарымен, құрдастарымен, заттармен, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың, тәлім-тәрбие алудың бастапқы тәжірибесіне ие болады. Балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып, тәрбиеші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте белсенділік және белгілі бір іске бастама (инициатива) көрсету сияқты адамның маңызды сипаттарын қалыптастырады. Дұрыс тәрбие балаларда теріс тәжірибе көбеюіне жол бермейді, баланың адамгершілік сапасының қалыптасуына қолайсыз әсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды.
  • Үлкендермен қарым-қатынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларды қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады. Бала өзінің тентектік, қателік жасаған кездегі реніші немесе наразылықты көргенде толқуды бастан кешіреді, ал өзінің жақсы қылықтарына жылы шыраймен қараса оған қуанып, жақын адамдарының ризашылдық білдіруінен рақат алады. Эмоциялық әсерлену: жақсы қылықтарына, үлкендердің мақтауына риза болу, өзінің орынсыз қылықтарынан: үлкендердің ескертуінен, наразылығынан ұялады, қапалану, уайым жеу оның адамгершілік сезімдерін қалыптастырудың негізіне айналады. Мектепке дейінгі шақта балада қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері қалыптасады. Сезім балаларды белсенді іс-әрекетке: көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға, қуантуға итермелейді. Патриоттық сезімге: туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше маңызы бар. Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі еліктеу қабілеттілігінің айқын көрінуі болып табылады. Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.
  • Бала ата-ананың қамқорлығы мен махаббатына, олардың қарым-қатынасы мен еркеліктеріне мұқтаж. Ата-ананың балаға деген махаббаты мен олардың қамқорлығы баланың да жауапты үн қатуын шақырады, бала ата-ананың сөзіне құлақ салып, тәрбиелі болып өседі. Егер бала махаббат пен қамқормен бөленсе, ол өзінің қандай екеніне қарамастан жақсы көретінін, өзгелер үшін қажетті де, сүйікті жан екенін түсінсе, ол өзін қорғанған, біреуге қажеттілігін түсінеді. Осының бәрі оның мейірбан болып өсуіне жақсы ықпалын тигізеді.
  • Бала ата-ананың қамқорлығы мен махаббатына, олардың қарым-қатынасы мен еркеліктеріне мұқтаж. Ата-ананың балаға деген махаббаты мен олардың қамқорлығы баланың да жауапты үн қатуын шақырады, бала ата-ананың сөзіне құлақ салып, тәрбиелі болып өседі. Егер бала махаббат пен қамқормен бөленсе, ол өзінің қандай екеніне қарамастан жақсы көретінін, өзгелер үшін қажетті де, сүйікті жан екенін түсінсе, ол өзін қорғанған, біреуге қажеттілігін түсінеді. Осының бәрі оның мейірбан болып өсуіне жақсы ықпалын тигізеді.
  • Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық«, деп атап көрсеткен. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет