26. Электр қондырғылары және фармацевтикалық өндіріс орындарын автоматтандыру. Фармацевтикалық өндіріс технологиясы. Фармацевтикалық өндіріс орындарында электр энергиясын үнемдеу. Фармацевтикалық өндіріс технологиясы – дәрілік заттарды өндіруді іске асыратын, «Фармация» ғылымының бір саласы. Фармацевтикалық өнеркәсіп – негізінен аурулардың алдын алуға, жеңілдетуге және емдеуге арналған дәрілік заттарды зерттеуге, әзірлеуге, жаппай өндіруге, нарықты зерттеуге және таратуға негізделген өнеркәсіп саласы. Өндіріс орындарын автоматтандыру –өндірісте бұрын соңды адамға жүктелген басқару және бақылап қадағалау сияқты міндеттердің автоматты құрылғылар мен құралдарға берілуі.Автоматтандырудың негізгі мақсаттарына – еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің тұрақты сапалылығымен қамтамасыз етілуі жатады. Еңбек өнімділігінің деңгейі –фармацевтикалық өндірістің экономикалық тиімділігінің басты критерийі болып табылады.Осы жерде фармацевтикалық өндірістің бір ерекшелігі – сапаны бақылау барысында шығынның артуы. Фармацевтикалық өндірістің белгілі бір талаптарына сәйкес келуі үшін – үнемі жоспарлы бақылаудан өтіп, персонал, дәрілік заттар және сақтау шарттарын есепке алу қажет.
Фармацевтика саласын автоматтандырудың ерекшелігі – өндіріс процестерін стандарттау мен оңтайландыру, сондай-ақ халықаралық ережелер мен нормаларды қатаң сақтау болып табылады.
Фармацевтикалық діріл электрі(фармацевтическая вибросита) – құрғақ материалдарды бөлу және қатты фракцияны сұйықтықтан бөлу үшін қолданылатын аппарат. Бір уақытта бір құрылғыға 4 түрлі електен орнатуға болады, бұл 5 түрлі фракцияны бөлуге мүмкіндік береді.
Фармацевтика үшін су дайындау желісі - өндірістік бақылау үшін ерекше маңызды. Су препараттардың құрамына көмекші немесе негізгі компонент ретінде кіреді, жабдықты жуу және контейнерлерді дайындау үшін қолданылады. Фармацевтикалық кәсіпорындар ультра таза су алуға негізі. Бұндай суды алуға оларға – су дайындау аппараты қолданылады.