16 Жартылай өткізгіштердің электр физикалық қасиеттері. Электронды-кемтіктік өткел. Электронды сұлбалардың көмекші, пассивті элементтері. Жартылай өткізгішті диодтар


Магниттік тізбек және магниттік материалдар.Магниттік тізбектердің түрлері.Магниттік өрістің сипаттамалары



бет13/15
Дата02.12.2023
өлшемі114,44 Kb.
#131474
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
16 Жартылай өткізгіштердің электр физикалық қасиеттері. Электро

27.Магниттік тізбек және магниттік материалдар.Магниттік тізбектердің түрлері.Магниттік өрістің сипаттамалары.

Магниттік тізбек — магниттік ағын өтетіндей болып жалғанған магнетиктер тізбегі; құрамы ферромагнетик заттардан тұратын құрылғылар жиынтығы. Техникада магниттік ағын тек ферромагнетиктерден ғана өтетін Магниттік тізбек және ферромагнетиктерден басқа диамагнетиктерде таралған Магниттік тізбектер де бар. Егер Магниттік тізбектегі магнит ағыны тұрақты магнит арқылы қоздырылатын болса, мұндай тізбекті поляризацияланған Магниттік тізбек, тұрақты магнит қатыспайтыны - бейтарап Магниттік тізбек деп аталады. Соңғы тізбектің магнит ағыны тізбек орамдарынан өткен электр тогының әсерінен ғана туады. Қоздырылатын ток сипатына қарай Магниттік тізбек тұрақты, айнымалы және импульстік магнит ағындар тізбектеріне ажыратылады. Магниттік тізбек электр машиналары, трансформатор, тұрақты магнит, электрмагнит, электр өлшеуіш приборлар, т.б. жасау ісінде пайдаланылады.

Магниттік материалдар — магниттік қасиетінесәйкес техникада қолданылуы әр түрлі болатын заттар (негізінен ферро- және ферримагнетиктер). Магниттік материалдардың негізгі көрсеткіштері: В магниттік қанығу индукциясы (немесе қанығу магниттелуі js),Hcкоэрцитивтік күші, m магнит өтімділігі, В_r қалдық магниттік индукциясы, р үлестік электр кедергісі. Коэрцитивтік күшінің шамасына байланысты Магниттік материалдарды шартты түрде жүмсақ магниттік және қатты магниттік материалдар деп бөледі. Магниттік материалдар Негізіндегі құрылғылар тұрақты магнит өрістерін тудыру үшін (тұрақты магниттер), магниттік энергия ағындарын шоғырландыруда (магнитожолдар), магниттік жазба үшін (магниттік таспалар, дискеттер, дискілер), электрондық және иондық шоқтарды қалыптастыруда (магнипік линзалар) берілген фазалық ығысуды, поляризация жазықтығын бұруды, АЖЖ және оптикалық ауқымдағы электромагниттік толқындарды іріктеуді (феррит фаза айналдырғыштар, циркуляторлар, сұзгілер) қамтамасыз етеді.
Магнит өрісінің негізгі сипаттамалары
  • Кеңістікте қозғалмайтын зарядтар әсерінен электростатикалық өріс пайда болады, сол сияқты тоғы және тұрақты магниті бар кеңістікте күш өріс пайда болады. Ол магнитті өріс деп аталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет