16 Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігі не арқылы жаттықтырылады


Монолог – (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы.Монолог



бет2/3
Дата25.12.2022
өлшемі26,5 Kb.
#59570
1   2   3
Байланысты:
16 17 ӘЛІППЕ

Монолог – (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы.Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады.Оқушы хат немесе мазмұндама, шығарма жұмыстарын жазу процесінде өзінің көңіл күйін, пікірін білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қатынасын, көзқарасын, ойын да білдіреді. Демек, тіл ойды білдіріп қоймайды, сезімді де сыртқа шығарады. Оқушы бір-бірімен сөйлесу арқылы тілдің эмоциялық жағын, дауыс ырғағын, ымдау, қолдау шараларын пайдаланады. Сондықтан тіл психикалық құбылыстарды танып білудің де құралы бола алады. Мысалы: оқушы еліктеуіш, одағай сөздерді айтуда, қолдануда тілдің эмоциялық жағын меңгереді. Сондай-ақ қазір сабаққа қойылатын талаптар тұрғысынан техникалық құралдарды пайдалану, таблицалар, диаграммалар мен диапозитивтер, бейнетаспалар мен үнтаспаларды пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың түсінгенін айту, сөйлеу тілін арттыру жұмыстары жүргізіледі.Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әр түрлі ойлау әрекеттеріне бейімдейді. Түсіндірілген материалды саналы түрде меңгеруге ықпал жасайды. Оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру деп -оқушылардың сөздерді дәл қолдана білуге, өз ойларын, пікірлерін екінші біреуге жеке сөйлемдер арқылы, логикалық, композициялық тұтастығын сақтай отырып, жүйелі түрде әңгімелеу арқылы ауызша дұрыс білдіруге яғни «нәрсенің жай-күйін» түрін, түсін, ісін, сөзбен келістіріп айтып беруге үйрету жұмысын айтамыз. Сөйлеу кезінде сөздерді, дыбыстарды анық, дұрыс айту. Сөздердің мағынасын дұрыс түсініп, орынды қолдану. Тілдік қарым-қатынасқа, диалогқа қатыса білу, сөйлеу барысында айтатын ойының мақсатына және жағдаятқа сәйкес тілдік құралдарды тиімді таңдау. Оқу міндетіне (суреттеу, баяндау, пікір айту) сәйкес монологтік (ауызша) сөйлеуді меңгеру, өзі жайында, ата-анасы, үй-іші жайлы, достары туралы айтып бере алу. Мектептегі және күнделікті өмірдегі түрлі жағдаяттарға сәйкес сөйлеу мәдениеті (сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау) нормалары мен орфоэпиялық нормалар туралы түсінік қалыптастыру. Дауыс ырғағын дұрыс қою. Айтылуы ұқсас л – р, н – ң, с – з, с – ш, ж – ш, п – б дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру: жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар жаттату;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет