16 Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігі не арқылы жаттықтырылады


Сөйлеу, сөйлем және сөз туралы алғашқы түсінік



бет3/3
Дата25.12.2022
өлшемі26,5 Kb.
#59570
1   2   3
Байланысты:
16 17 ӘЛІППЕ

47.Сөйлеу, сөйлем және сөз туралы алғашқы түсінік.
Оқушылардың "сөйлем", "сөз", "дыбыс", "буын" туралы алғашқы ұғымдары нақты мысалдар арқылы меңгертілуі тиіс.“Әліппеге” дейінгі кезеңде, негізінен, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан сөйлеу дағдыларына сүйеніп, оларға мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден дыбысты бөлгізу жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезеңде балалардың тілін дамыту сөздерді байланыстырып сөйлету арқылы іске асырылып, оларға сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы түсінік беріледі.“Әліппеге” дейінгі кезеңде заттарды тегіне, түріне, т.б. белгілері бойынша балалардың сөздік қоры жүйеленеді. Бұл кезеңдегі басты міндет – оқушыларға байланыстырып сөйлеу дағдысы арқылы оларға сөйлемнің, сөздің, дыбыстың ерекшеліктері туралы ұғым беру.Даярлық кезеңі – сөйлеммен танысу: сөйлеуді – сөйлемдерге, сөйлемді – сөздерге, сөздерді – буындарға, буынды – дыбыстарға бөлуді үйрету, яғни, талдау-жинақтау әдісі арқылы жүргізіледі. «Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы – оқушылардың өмірінде жаңа пайда болған «жетекші әрекет» – оқу әрекетіне бейімдеу, тұрақты зейіні мен жадын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастырып, ой-өрiсiн жетiлдiру, сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету міндеттерін жүзеге асыруында. Сөз (орыс. слово, ағылш. word) – зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік. Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, сөздер тобы. Сөйлеу тілі — күнделікті қарым-қатынаста пайдаланатын әдеби тілдің бір түрі. Сөйлеу тілі белгілі бір жағдайда ауызба-ауыз тікелей жалғанатын қатынас тілі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты болады. Ал ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді, яғни үйреншікті жағдайда адамдар емін-еркін сөйлейді.
76.Диктанттың түрлері, ерекшеліктері.
Диктант – латынның «дикто» деген сӛзінен шыҕҕан. Яғни «естіртіп айту» деген
мағынаны білдіреді. Диктант оҕушылардың сауаттылығын арттырып, сӛздік ҕорларын байытады.
Диктантты жаздыру арҕылы оҕушының білімді ҕандай деңгейде игергендігін тексеруге болады.
Осы жұмысты ала отырып, емлелік, пунктуациялыҕ ҕателермен жұмыс жасап, оҕушының білімін
толыҕтырып отыру ҕажет.
Диктанттың төмендегідей түрлері бар:
1. Терме диктанты – мәтін ішінен ӛтілген ережеге сай сӛздер мен сӛз тізбектерін немесе
жеке сӛйлемдерді теріп жазады. Терме диктант фонетика, грамматиканы пысыҕтау үшін ӛте
ҕажет. Оҕушының аҕыл – ойын дамытуға кӛмектеседі.
2. Ӛзіндік диктант – бұрыннан белгілі бір мәтінді жазу үшін ҕолданылады. Бұл сын
жұмысты жазу оҕушылардың логикалыҕ ойлау ҕабілетін дамытады.
3. Бақылау диктанты – үлкен таҕырыптарды ӛткен соң жазылады. Бұл диктант түрі оҕу
материалын ҕаншалыҕты игергендігін және сауаттылыҕ деңгейін аныҕтау маҕсатында
жүргізілетін болғандыҕтан тоҕсан аяғында алынады.
4. Кӛру диктанты – оҕушылардың кӛру, есте саҕтау ҕабілеттерін дамыту маҕсатында
жүргізіледі. Диктант мәтіні алдын – ала таҕтада жазылады. Оҕушылар 2 -3 мәрте оҕып, естеріне
саҕтайды. Сосын мәтінді жауып, естеріне ҕалғандарын жазады. Жазып болған соң мәтін ашылып,
тексеру жұмыс жүргізіледі. Ҕате кеткен сӛздермен дыбыстыҕ, буындыҕ талдау жүргізіледі.
5. Суретті диктант – берілген суретке ҕарап атын жазу (заттың) немесе суретке ҕарап
байланысты сӛйлем ҕұрау.
20
6. Сӛздік диктант – сабаҕтың кез – келген кезеңінде жүргізіледі. Сӛздік диктантына
оҕушыларға фонетикалыҕ тұрғыда ҕиындыҕ туғызып жүрген сӛздер, не болмаса жыл бойы
меңгеруге тиісті термин сӛздер, ӛтілген жаңа сӛздер жазылады.
7. Графикалық диктант – мұнда сӛйлемнін не сӛздің сызбалары беріледі. Сол сызбаға
сәйкес сӛйлемдер ҕұрастырылып жазылады.
8. Шығармашылық диктант – басҕа диктанттардан ерекшелігі – оҕушыларды ойлауға
ұмтылдырады. Бұл диктантты орындау барысында оҕушылар шығармашылыҕ еңбекке үйренеді.
Мұнда оҕушылар сӛздерді дұрыс орналастыру арҕылы сӛйлем ҕұрау, тірек сӛздер арҕылы әңгіме
ҕұрау, сұраҕҕа жауап бере отырып сӛйлем ҕұрау сияҕты жұмыстар жүргізеді.
9. Конкурстық диктант- бұл диктант түрін әр апта сайын бір рет ӛткізуге болады. Оған бір
тоҕсанда үйретілген жазылуы ҕиын сӛздер алынады. Конкурстыҕ диктант жарыс түрінде
ӛткізіледі. Жарысҕа түсу үшін сынып екі немесе үш топҕа бӛлінеді. Ҕай топ диктантты сауатты әрі
кӛркем жазса, сол жеңіске жетеді. Бұл диктант түрін алу барысында оҕушылардың
шапшандыҕтары артып, ҕызығушылыҕтары арта түседі.

77.Емле ережесін түсіндіру.


Емле негізі 4 түрлі: 1) таңба жүйелі (негізі ынтымақ); 2) тарих жүйелі (негізі дағды); 3) туыс жүйелі (негізі тегіне қарай); 4) дыбыс жүйелі (негізі естілуіне қарай).
1. Таңба жүйелі емле – арғынға дөңгелек тауып алайық. Қыпшаққа «жіп» таңба алайық деген сияқты немесе «бірге» мынадай: «1» белгі, «екіге» мынадай «2» белгі алайық деген сияқты, не болмаса пәлен белгі алайық деп дыбыс басына әріп арнаған сияқты, тіл іліміне тіремей, тек ынтымақпен мына сөзді мынадай, ана сөзді анадай етіп жазайық деумен жасалатын емле жүйесі, емленің бұл жүйесін алып-алмау жағын сөз қылмай өтеміз, өйткені жоғарыда емлеміз қалай жасалса да, негізі тіл іліміне, тіл жүйесіне тіреліп отырып жасалу тиіс дедік.
2. Тарих жүйелі емле – баяғы бір жасаған түрінде қолданып, дағдыланғандықтан, тіл өзгерсе де, өзгерместен әдеттенген бойынша қолданылатын емле. Ондай емледе бір дыбысқа арналған әріп, тіл дыбыстары өзгеріп кеткендіктен, бірнеше дыбыстың ортасындағы орта таңба болуы мүмкін. Бір дыбысты жазуға бірнеше әріп жұмсалуы мүмкін немесе дыбысы жоғалып кеткен әлі күнге жоғалмастан сөз ішінде жазылып жүруі мүмкін. Емлеміз бұл жүйелі болу-болмауын тағы сөз қылмай өтеміз, үйткені дағдыланған емлеше жазамыз десек, емле мәселесі қозғалмас еді.
3. Туыс жүйелі емле – сөздің ауыздан шыққандай дыбыстарына қарамай, тегіне қарап отырып жазатын емле. Мәселен, ауыздан шыққанда «қорада бір қара ат тұр екен» деген «ат» деген сөздерді ауыздан шығуынша «қарат», деп жазбай қара ат» деп жазады. Сол секілді ауыздан шыққанда, «солай болсигеді» болып естілсе де, жазғанда «солай болса игі еді» деп, «болса», «игі», «еді» деген сөздердің тегіне қарап жазады. Бірақ осы күнгі емлемізше жазу бар болғандықтан, емленің бұл түрі сөз болуға тиіс.
4. Дыбыс жүйелі емле – сөздерді ауыздан шыққан күйінше жазатын емле. Сөйлегенде сөздер бір-біріне жалғаса айтылғанда ауыздан бір түрлі болып шығады, әр сөзді оңаша жеке алып айтқанда ауыздан екі түрлі болып шығады. Оның мысалын айқын түрде «ақ», «көк» деген сөздердің айтылуынан көруге болады. Осы сөздерді оңаша жеке түрінде айтсақ, ауыздан айнымай шығады. Сол араға «өгіз» деген сөзді жалғас айтсақ, әлгі сөздеріміздің аяғы айнып, екінші түрлі естіледі (Ақ өгіз – ағ өгіз, көк өгіз – көг өгіз).Дыбыс жүйелі емленің сөйлегендегі ауыздан шығуынша жазу түрін тілдік ілім-білім жүзінде қолданбаса, өнер-білім жүзінде еш жұртта қолдану жоқ. Жеке айтқандағы ауыздан шығуынша жазу түрін біздің қазақ қолданып келеді. Сондықтан емлемізді туыс жүйесіне қатысқан жерлеріне қарамай, көпшілігіне қарап, дыбыс жүйелі деп атап келдік. Жаңа емлешілер емле үйренуге жеңіл болу үшін дыбыс жүйелі болу тиіс дейді: керек орындарға ғана туыс жүйелі (сөз жүйелі) болсын дейді. Бұрынғы емлеміз дыбыс жүйелі қандай керек орындарда кірісетіндігін жоғарыда айтып өттік. Олай болса жаңа емлешілердің емле жобасының бұрынғыдан басқалығы қай жерінде? Басқалығы мынадай: екі сөз, үш сөз жалғаса айтылғандағы дыбыстарының естілуінше жазу тиіс дейді (бұрынғы емлемізде әр сөз жеке айтылғандағы естілуінше жазылатын). Бұл бір. Екінші, үйлес болғандықтан, бірінің орнына бірі алмасып айтылатын дыбыстардың тегі тексерілмей ауыздан шығуынша жазылсын дейді. Бұрынғы емлемізде ондай дыбыстар ауыздан шығуына қарамай, тегіне қарап жазылатын. Мысал үшін бұрынғы емлеше жазу мен жаңа жобаша жазылу арасындағы айырымын бірнеше сөз алып көрсетіп өтейік. Алдыңғысы бұрынғыша, соңғысы жаңаша жазылған сөздер болады: Тұрғанбай – Тұрғамбай, қонған – қоңған, көнген - көңген, інге – іңге, бара алмайды – баралмайды, келе алмайды – келалмайды, келе алмай тұрмын – келалмайтұрмын, бүрсі күні – бүрсігүні, бұрнағы күні – бұрнағыгүні, жазды күні – жаздыгүні, тұзсыз – тұссыз, бассыз, басшы – башшы, ізші – ішші, қазса – қасса тағы сондайлар.Мұнымен емле үйренуге оңай бола ма? Көз тануына, қол жүруіне жеңіл бола ма? Басқа түріктерге түсініктірек болып жақындар ма? – Жоқ. Олай болса, бұрынғыдан мұның несі артық дей аламыз? Емлені бұрынғысынан артық болғандай етіп өзгертуге мағана бар; бұрынғысынан төмен болғандай етіп өзгертуге мағана да, мақсат та жоқ. Кілең туыс жүйелі болсын дейтіндер де алдарында неге барып қамалатындарына не көз салмайды-ау деймін.Кілең туыс жүйелі емле болсын дегенде, «балалы», «тұзлы», «атлы», «баланы», «тұзны», «атны» деп жазатын болмақ. Бұлай жазу қолайлы болып табылар ма? Кілең дыбыс жүйелі болсын дегенде «сөзшең» дегенді «шөшшең» деп, «ізшілер», «ісшілер» деген сөздердің екеуін де бірдей «ішшілер» деп, «кигізсе» дегенді «кигіссе» деп, «кигізше» дегенді «кигішше» деп, «жазса» дегенді «жасса» деп, «қызса» дегенді «қысса» деп, «сезсе» дегенді «сессе» деп жазатын болмақ. Бұлай жазу қолайлы бола ала ма? Екі жүйені де аралас тұтыну керек деушілер, керегіне қарап екеуін де тұтыну керек дейді. Солай дейді де, мынау сөзді мынадай, анау сөзді анадай етіп жазайық деп, сөз басына ереже жасайды. Сөз басына ереже жасайтын болсақ, ондай емле қолайлы, оңай емле болып табылар ма?Одан басқа тағы бір байқалып тұрған нәрсе-сөздерді қосып жазуға құмарлық. Ол құмарлықтың ар жағы неге барып килігетіндігіне тағы көз салынбайды-ау деймін. Мәселен: «бара алмайды» дегенді «баралмайды» деп жазу керек дейтін бар. Бұл қосылып айтылып тұрған сөздердің біреуі көсемше етістік, екіншісі көмекші етістік екен. Бұл екі түрлі етістіктің бірлесіп айтылуы ылғи бір көсемше, бір көмекшіден болып отырмайды.Онан көбірек болып бірлесетін орындары болады. Менің ойымша, қопа қардай етіп емле жүйесін өзгертеміз демей, бұрынғы емленің кеміс жерлері болса, соларын тексеріп, соларын ғана түзеу. Басқа түріктерге жазу тіліміз түсінікті болу үшін мүмкіндігінше жанастыру жағына қарап икемдеу. Осы күнге дейінгі тұтынып отырған емлеміздің кемшілігінің бәрін түзеп, жоғарыда айтылған туыс жүйелі емленің де, дыбыс жүйелі емленің де түкпіріне қамалмай өтетін екеуінің арасынан жол тауып беретін төменгі ұсыныс болады деймін:
Әрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы естілуінше жазылу.
Азған сөз азған күйіндегі естілуінше жазылу.
Үйлестіктен дүдәмәл естілетін болған дыбыстар айқын орындардағы естілуінше жазылу.
Қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу.
Қосалқы сөз, қос сөз, қосар сөз, қосынды сөз бәрі де қосарлық (-) белгімен жазылу.
Жалғаулықтар бөлек жазылу орындарынан басқа жағы жалғау ережесінше болады.
Үйір айтылатын зат есім мен сын есім бөлек жазылу. Қосынды сөзге айналғандары басқа қосынды сөздерше қосарлықпен (-) жазылу. Сын есімнің шырай күшейткіштері де қосарлықпен (-) жазылу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет