Орыс: Ұлдана Армысыздар, туған жерім, Отаным,
Орыс деген ұлтыңыз мен боламын.
Өмір сүріп Қазақстан елінде
Достық пенен бейбітшілік ұраным.
Өзбек: Анар Қош келдіңіз, өнер сүйер халайық,
Жарқын жүзбен сіздерді қарсы алайық.
Құттықтаймын өзбек халқы атынан
Мерекеміз құтты болсын ағайын!
Кәріс: Мунауар Кәріс ұлтым, Қазақстан – отаным
Қазақстан елінде мен тұрамын
Құтты болсын тәуелсіздік күні деп,
Өзіңізге арналады жыр — әнім.
Қазақ: Наргиз Менің елім - Қазақстан
Күл әлемге танылған
Желбіреген көк туым бар
Қыран бүркіт самғаған
Батыр ата - бабаларым
Елін жаудан қорғаған
Қазақстан Республикам
Отаным деп мақтанам
Қазақ елі, қазақ жері
Дархан таза халық қой
Бүгін міне болып жатыр
Елімізде алып той
Жайнай берсін елім менің
Қазақстан бай далам
Татулық пен бейбітшілік
Орын алған сай далам
Қазақпыз біз туын биік көтерген,
Туын әсем қыран бүркіт көмкерген.
Құтты болсын мерекеміз бүгінгі,
Жарқын далам, құлпыра бер күнбе - күн!
Гүлсара мен Насима (Шашу шашылады)
Бақытжан: 1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.
Бір шаңырақта табысқан,
Дос, бауыр көп туысқан
Отан - ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз.
Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Қазақстан!(Бәрі қосылып)
Арсен: 2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық - мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес. Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала — Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған.