16. Оқушыларға сызбаны безендіру мен сызықтар туралы түсініктер беруді ұйымдастыруды көрсетіңіз


Графикалық жобалау және сызу пәнін оқытудағы білімнің берік болу принципін қолданыңыз



бет7/8
Дата15.12.2022
өлшемі63,79 Kb.
#57544
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Күрделі деңгей

21. Графикалық жобалау және сызу пәнін оқытудағы білімнің берік болу принципін қолданыңыз.
4. Сызуды оқытудағы білімнің берік болу принципі. Сызуды оқытудағы білімнің беріктілік принципі. Сызуды үйретуде студенттер білім, іскерліктері мен дағдыларының берік болуы үшін мұғалім өткен материалды білікті түрде ұйымдастыра білуі қажет. Студенттерге берілетін тапсырмалардың жүйелілігіне айрықша мән беру керектігін көрсетеді.
. Беріктілік принципі. Оқытудың тиімділігін, сапасын жақсарту үшін оқушылардың білімдерінің берік болуы даусыз. Бұл принцип көптеген тәжірибелік және теориялық заңдылықтарға сүйенеді: оқушылардың білім мазмұның менгеруі мен танымдық дамуы, оқу процесінің өзарабайланысты екі жағы; білім беріктігі оқушының оқытушыге, оқу пәніне, жалпы оқуға деген субъективті қатынасына тәуелді; оқушылардың білім беріктігі оқытудың ұйымдастырылуы, түрі, әдістері,уақыты арқылы қамтамасыз етіледі; қызықты және маңызды материал ұзақ әрі берік есте сақталады.


22. Графикалық жобалау және сызуды оқытуда портфолио әдісін қолданыңыз.
Портфолио - бұл бір мақсатқа бағытталған оқушылардың жұмыс жинағы, оқушының жұмыс істеу кезіндегі талабын, оның дамуын және бір немесе бірнеше пән бойынша жеткен жетістігін көрсетеді.
Кілтті (түйіндік) кезеңдер:
:: Қарастырылатын материалдың мазмұнын таңдаудағы оқушының қатысуы.
:: Материалды таңдау үшін ойластырылған белгiлер.
:: Ойластырылған бағалау белгiлерi.
:: Оқушылардың аналитикалық ойлауына түрткі болатын (рефлексия) дәлелдер.
Портфолио іріктеп алынған жақсы жұмыстарды көрсететіндіктен, жоспарлаған нәтижелерінің табысқа кенелгендігін, оқушының өсуі мен дамуын көрсететін оқушы өзі таңдап алған жұмыстардан тұрады.
Нелiктен портфолио қолданылады?
Қазіргі замандағы оқыту кезеңінде бағалау бағыты оқушылардың оқу жоспары бойынша негізгі пәндерден шеберлігі мен дағдысын жақсы меңгеруі мониторинг арқылы анықталады. Сондықтан портфолионың маңыздылығы:
* бағалау процесін жақсартады, оқушының осал жағы немесе күшті жақтарын көрсетеді;
* оқу мақсаттарының табысқа жетуіне бағыт-бағдар береді;
* үйрену барысындағы өзгерiс пен өсудің деңгейін көрсетеді;
* оқушының, мұғалiмнiң және ата-аналардың аналитикалық ойлауына мүмкiндiк туғызады;
* оқушыны үйретудегi мирасқорлықтың жылдан-жылға қамтамасыз етуі.
Мұғалiм әр түрлi мақсаттар үшiн портфолио қолдана алады.
* Өздігінен бағытталған үйренудi мадақтау.
* Оқудағы өрісін кеңейту.
* Оқуда білуге мүмкiндiк туғызу.
* Жоспарланған нәтижелердiң табысқа жетудегі өрлеуін көрсету.
* Оқушылардың өзін өзі бағалауына мүмкiндiк беру.
* Оқушыларға өзара қолдау және дамытуды мүмкiндiк ретінде ұсыну.
Тиiмдi портфолио қандай сипаттамаларға лайық болу керек?
Портфолионың көмегi көп қырлы болғандықтан, келесi сапалармен сипатталады:
* Үздiксiз процесс болып табылады да, формативті және суммативті бағалауды қамтамасыз етеді, негiзгi жоспарланған нәтижелердiң табысқа жету жолындағы оқушының өрлеуiн барлауға мүмкiндiк бередi.
* Оқушылардың оқу процесіндегі әр түрлі жұмыстарын, әр түрлі өткерген іс-әрекеттерін кеңейтілген тұрғыда көрсетедi.
* Бірлескен рефлексияны ескереді, оқушылардың ойлау процесі мен өзін-өзі талдауын, өзінің қабылдауы мен түсінуін қадағалайды; мәселені шешу жолын ой өзегінен өткізіп, шешімді қабылдау мен өзінің өсуін бақылайды, пәннің мазмұны мен дағдыларын жетілдіреді .

Барлық зерттеушiлер портфолионы өңдеу жолдарындағы түрлернулерді мақұлдайды да, портфолио:


* Куррикулума қойған бiлiм беретiн мақсаттарды ашық қамтып көрсетедi.
* Жеке - бағдарланған оқытуға, негізгі білімге, біліктіліктер мен ұстанымдарына зейінін жинақтау.
* Бағалау мерзiміндегі жиналған жұмыстардың үлгiлерi болады.
* Бағалаудың әр түрлi техникаларының қолдануымен бағаланған оқушылардың жұмысы болады.
* Өздерiнiң оқушылары, басқа оқушылар, мұғалiмдермен және ата-аналармен бағаланған жұмыстың үлгiлерiнiң жиыны болады.
Портфолионы қалай бағалайды?
Дәстүрлі әдістерге қарағанда портфолио оқушыларды оқытудағы бағалаудың мүмкіндігін, өте жақсы әдісін қолдануды ұсынады. Портфолионың көмегімен жетістікті бағалауға көп мүмкіндік туады, оқу процесін мұғалімдер мен оқушылар өте кең көлемде бақылауға, жорамалдауға, тәуекел етуге, шығармашылық ойлауды дамыту мен оқытуды, өзінің жетістіктерін бағалауды үйретеді. Бағалау әділетті болу үшін, мұғалiмдерге оқушының дамуын бағалаудың түрлi стратегияларын қолдану керек. Портфолионы бағалау белгiлерiне келесi пункттерді енгізу қажет:
* Саналылық (рефлексияның және шығармашылық ойлаудың бар болуы);
* оқу жоспарының негізгі мақсаттарымен және индикаторларымен сәйкес өсуі және дамуы;
* негiзгi процесстердi түсiнуі және қолдануы;
* аталып өткен талаптарға портфолиодағы көрсетiлген жұмыстардың сәйкестiгi;
* түрлі жазулар (мысалы, түрлi формаларды қолдану, жоспарланған стандарттарды оқушылардың жетістіктерімен көрсету).
Мұғалiм мен оқушының бағалауда бiрге жұмыс iстеуі маңызды. Оқушылардың табыстарын бағалайтын басты белгiлерді пайдаланғанда формативті және суммтивті бағалаулар да қолданылады. Мұғалімдер мен оқушылар портфолиоға енгізілетін маңызды және нақты жұмыстарды барлық оқу жылы ағымында шынайы ынтымақтастықта анықтай алады. Бұдан басқа, олар баллдар жүйесi мен бағаларды жетілдіріп, соның көмегімен портфолиодағы жұмыстар бағаланады. Айдарлар, ережелер және баллдар портфолиодағы әрбiр бөлiм үшiн де жасала алады. Сонымен қатар, жұмыстарға қойылған белгілер (бағалар, баллдар) суммативті бағалау үшін қосылу керек. Суммативті бағалау процесі кезінде портфолионың барлық бөлімдері мұқият талданып, шешім қабылдау процесі мен жұмыстарды бағалағанда мұғалімді, оқушыны, сарапшылар тобын қатыстыру керек.
Портфолио толтыру кезеңдерi
1-шi кезең
Ұйымдастыру және жоспарлау - бұл портфолионы толтырудың бастапқы кезеңі. Бұған оқушы мен мұғалім портфолионың қандай болуы керек екендігін және оған қандай жұмыстар кiруi керектігін бірге шешеді. Оқушылар толық іріктеп алған мәселелеріне жауап бергенде портфолионың негізгі мақсатын және оның мәнін түсіне алады (барлау құралы ретінде және өзінің дамуын бағалауда).
Мұғалiм және оқушы келесi сұрақтарға жауап беруi керек:
* Осы пән бойынша оқылатын сұрақтарды бейнелеу үшін мен материалдарды қанша және қалай іріктеуді жоспарлаймын?
* Мен жинағандарымды қалай ұйымдастыруды және нәрселерді, материалдарды көрсетуді қалай жоспарлаймын?
* Портфолионың толтырылуы, мазмұны және сақталуы қалай жоспарланады?
2-шi кезең
Жиын - бұл жинақталған мағыналы жұмыстардан тұратын, оқудың мақсаттары мен оқушылардың табыстарын қамтып көрсететiн жұмыстар. Портфолионың мазмұны туралы шешім әдейі осыған анықталған, осы кезеңде қабылдануы тиіс болып табылады мақсаттар мен міндеттерге негізделген.
Ірiктеп алынған жұмыстар және материалдардың әр түрлi факторларға негiзделуi керек. Оларға жататындары:
* нақты тақырыптың мазмұны;
* оқыту процесі;
* арнайы жобалар, тақырыптар немесе бөлiмдер.
Портфолиоға іріктеп алынған барлық материалдар бағалаудың стандарттары мен белгілерін ашық қамтып көрсету тиiс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет