16 шілде 2014 жыл Ел ер Балдә Рәміздерім – мақтанышым Рәміздер ұлттық мақтанышымыз



Pdf көрінісі
бет10/35
Дата11.04.2022
өлшемі3,45 Mb.
#30656
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Мәрлен ҒИЛЫМХАНОВ                                                                                                                                       

                                                           X-Ұлттық Дельфий ойындарына қатысушы

Жаңақала ауданы

Дельфий ойындары Оралда




№№13-14 (197-198)    16.07.2014 ж.

3

Мәдениет – достастық 

негізі

              Дәстүр мен 

мәдениет - ұлттың генетикалық 

коды. Қазақстандық мәдениет 

еліміздің барлық азаматтары 

үшін патриоттықтың өзегі болуы 

қажет.

                                                    

Н. НАЗАРБАЕВ.

Ел мәдениетіне көз жүгіртсем, 

бабаларымыздың 

артында 


қалдырған  мұралары  мен  асқақ 

белгілері 

өңірімізде 

сайрап 


жатыр.  Байырғының  белгісі  боп 

көңілге  медеу  қылатыны  -  кең 

кесенелер,  мәртебелі  мазарлар. 

Кей  кездерде  қу  тірліктен  сағың 

сынып,  салың  суға  салынғанда, 

еңселі  ескерткіштерді  көріп, 

бойыңды тіктейсің. Ауданымызда 

да  мәдениетімізді  мәңгілеп, 

Мәмен мен Тұяқберді кесенелері бой көтерді. 

Аудан орталығынан орын алған Қали, Мәмен, Құрманғазы, 

Дина, Оқап, Тұяқберді сынды өңірімізден шыққан ұлы күйшілердің 

мүсіндері белгілі қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаевтың: 

«Қазақта  үйір-үйір  жылқы  ғана  емес,  үйір-үйір  жүрген  дүлдүл 

композиторлар да бар. Сол қазақ даласындағы күйдің астанасы 

–  Жаңақала»  деген  пікірін  дәлелдеп-ақ  тұр.  Д.Нұрпейісова 

атындағы өнер мұражайына кіргенде көзге оттай басылатыны қос 

ішекті домбыра ғой, шіркін. Жәңгір ханға ұлының бақұл болғанын 

естіртіп, иімей тұрған нарды идірген домбыра мен оның асыл үні 

емес пе? Ел мүддесін асырып келеді ғой, асыл аспап. Жақында 

ауданымызға келген атақты күйші Айгүл Үлкенбаева «Домбыра 

мен қазақ егіз ұғым. Домбыра шертпеген адамды қазақ деу қиын» 

деген пікірімен төл өнеріміздің бағасын тағы бір асырды. 

Қайран, Нарын даласы. Санаулы жылдар бұрын Махамбет 

ел  мұңын  мұңдап,  көтеріліске  шығып  еді.  Батыр  бабаларымыз 

соңғы  рет  табан  тіреген  шайқас  даласы  –  Тастөбеге  арнап 

өңірімізде  белгі  орнаттық.  Бұл  ескерткішке  шайқасқа  қатысып 

шейіт  болған  бабаларымыздың  аты-жөнін,  руын  жаздық. 

Махамбет бабамыз: «Екі тарлан бөрі едік» деп жырлағанындай 

көне  түркінің  символына  айналған  бөріні  орнаттық.  Әрине,  сан 

ғасырды  көріп,  бәріне  куә  боп  жатқан  даламыздан  да,  аталы 

сөзіне тәнті қылған бабамыздан да, бас идірген өнерімізден де 

айтар  нәрсе  көп-ақ.  Менің  «топан  қып  төкпелетіп»  шыққаным 

мәдениетімізді паш етіп тұрған ауданымыздағы мәдени мұралары 

ғана. Мұндағы айтпағым – бұл күндері ұлыларымыз ұлықталып, 

салт-дәстүр айқын ғұрыпталып жүр. Жік-жікке бөліну жоқ бізде. 

Мәңгілік  ел  болуға  мойын  бұрып,  арындап  келеміз.  Халқымыз 

көрші елдермен де, әлемнің түкпір-түкпіріндегі мемлекеттермен 

де  достық  қарым-қатынаста.  Біздің  өнер  жұлдыздарымыз 

өнерлерін достықтың арқауы етті. Оның дәлелі қазақтың атақты 

актері, Кеңес Одағының халық әртісі Асанәлі Әшімов «Достастық 

жұлдыздары» атағына ие болды. Асанәлі Әшімов: «көрші болған 

соң, тату тұру керек» деп ағынан жарылған еді сонда.

Соңғы жылдары елімізде «Бейбітшілік пен келісім» жобасы 

жүзеге аса бастады. Бұл ел мен елді, жер мен жерді біріктірген 

жоба  болды.  Осы  жоба  арқылы  көрші  елдер  арасындағы,  ел 

ішіндегі аймақтар арасындағы достастығымыз нығайды.

Сондай-ақ Алматыда «Төлтума мәдениет -2014» фестивалі 

басталғаны  белгілі.  ТМД  мемкелеттерінің  мәдениетіне 

тоқталатын  бұл  шара  «Достастық  елдерінің  мәдени  астанасы» 

мемлекетаралық  бағдарламасының  жалғасы  болмақ.  Әр  түрлі 

ұлт  өкілдері  өз  өнерлерін  ортаға  салып,  көпшілікті  тәнті  етуде. 

Қазақстанның да әлем аспанында самғап шырқар әні де, күйі де 

бар.  Күмбірлеген  домбыра  даусын  естіп,  өзге  мемлекеттердің 

таңдай  қағып  таңданары  хақ.  Біз  мәдениетіміз  арқылы 

бейбітшіліктің есігін қағып, өсіп-өркендей береміз. Мәдениетімізді 

дәріптеп,  жаңғырта  бермекпіз.  Себебі,  мәдениет  –  достастық 

негізі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет