16 шілде 2014 жыл Ел ер Балдә Рәміздерім – мақтанышым Рәміздер ұлттық мақтанышымыз



Pdf көрінісі
бет13/35
Дата11.04.2022
өлшемі3,45 Mb.
#30656
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
 Аида ҰЗАҚҚАЙЫРОВА

№1 орта жалпы білім беретін мектептің 5«б» сынып оқушысы

Ақжайық ауданы

Менің Астанам

Астана!  Тәуелсіз Қазақстанның астанасы.  Ертегі қала, арман 

қала, болашақтың қаласы. Менің Астанам әлі жас, қанаттары әлі 

қатайған жоқ, бірақ оның асқақ атын бүкіл әлем біледі. Сонымен, 

менің  Астанам  қандай?  Жаңа  құрылыстар  мен  көшелердің, 

субұрқақтар мен алаңдардың, ғимараттар мен парктердің астанасы. 

Менің достарым мен армандарыммен кездесетін қалам. 

Иә,  иә,  достарым,  мен  олармен  жазда  Астанаға  келгенде 

танысқан  едім.  Қасымда  атам  мен  әжем  бар.  Біз  Астана  күні 

мейрамына  қатысып,  қала  мерекесінің  тойлануын  тамашалау 

үшін әдейі бара жатырмыз. Орал қаласының теміржол вокзалынан 

пойыз әлі жылжыған жоқ, ал мен оймен Астананы аралап кеттім. 

Жанымдағылар бәрі ұйқыда, менің көзім ілінер емес.  Астана қандай 

екен?  Бұл  қала  әдемі,  жарық,  шөптер  мен  гүлдердің  исі  аңқыған 

қазағымның даласындай  жалпақ, кең сияқты елестейді. 

Міне біз Астанаға келдік. Қаланың үлкен әдемі вокзалы ерекше 

болып көрінді, тіпті ауасы да өзгеше екен.  Біз біраз демалып алып, 

қала  аралауға  шықтық.  Туу,  Астанада  бүкіл  жер  бетінің  гүлдері 

жиналғандай  екен.  Осы  гүлдер  жайқалған  теңіз  сияқты,  ал  әнші 

субұрқақтар мыңдаған тамшыларын айналаға шашады. Мына бір 

отыз  қабатты  әйнектен  жасалған  ғимарат  әлемнің  кереметтерінің 

бірі  деуге  болады.  Кешқұрым  жарық  жағылғанда  айнала,  өзен, 

көшелер түрлі сиқырлы оттарға толады. Мен  тамашалаған ертегі 

әлі жалғасуда.  

        Біз  кешкі  қала  көшелерін  тағы  ұзақ  араладық.  Мәңгілік 

алау  мен  сталиндік  репрессия  құрбандарына  арналған  ескерткіш 

басына барып үнсіз бас идік, гүл шоқтарын қойдық. Елімнің тарихына 

тағзым жасадық. 

         Ертесіне мереке де басталды. Қала көшелері  мыңдаған 

туристер  мен  қала  қонақтарына  толды.  Біз  де  әдемі  үйлер  мен 

дүкендердің, жымиған қала тұрғындарының қасынан өтіп барамыз. 

Тіпті қаланың өзі де күліп тұрғандай. Міне үлкен стадионға да жеттік. 

Жер жерден келген әртістер мен әншілердің концерті басталды. Бір 

кезде туған халқымен амандасып, нық басып, Елбасы Нұрсұлтан 

атам  да  шықты.  Ол  Астана  туралы,  оның  болашағы,  тәуелсіздігі 

туралы, халықтардың достығы мен бірлігі туралы мақтана сеніммен 

айтып  өтті.  Мақтанғаным  сонша,  менің  бойым  тітіркеніп,  жүрегім 

қатты соғып кетті. Құс боп ұшып кеткім келді.  Атам да өткені еске 

түсті ме көзіне жас алды. Менің қолымды қыса түсті. «Болашақта 

менің қызым да Астанаға оқуға келеді, елі үшін еңбек етеді, Астананы 

көркейтуге атсалысады» деп қояды. Бұл атамның арманы шығар. 

Менің арманыма ұқсайды екен. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет