16 шілде 2014 жыл Ел ер Балдә Рәміздерім – мақтанышым Рәміздер ұлттық мақтанышымыз



Pdf көрінісі
бет14/35
Дата11.04.2022
өлшемі3,45 Mb.
#30656
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Маржан МАРАТҚЫЗЫ

Шөптікөл ОЖББМБ-ның  оқушысы

Шөптікөл ауылы, Қаратөбе ауданы

  Бейбітшілік пен толеранттылық 

жаршысы

Ә

ріптес әріптес туралы

Ұлтаралық татулығы мен дінаралық келісімі, бейбітшілік пен руханият - еліміздің басты ұраны. Әлемнің 

ешбір байлығына тең келмейтін осындай басты байлығымыз -  бейбіт өмірімізді ұрпағымызға мұра етіп 

қалдыру басты мақсатымыз. Кең байтақ елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп, бейбіт 

ғұмыр кешуде. Оның ішінде біздің ауданымыздың №1 орта жалпы білім беретін мектебінде  он бір ұлт 

өкілдерінің  тәрбиеленушілері  бір  шаңырақтың  астында  бір  үйдің  балаларындай  білім  мен  тәлім-тәрбие 

алуда. Аталған мектепте түрлі ұлт өкілдерінің ұстанатын діні де әр түрлі болғандықтан, дінаралық келісім, ұлтаралық жарасым мен 

достықты нығайту мақсатында тәрбиелік мәні зортүрлі шаралар жан-жақты оздырылуда. Еліміздің болашағы жастардың қолында 

десек, сол жастарға дұрыс тәлім-тәрбие беріп қана қоймай, өмірде алдына қойған мақсатына жету жолында кездесетін қиын да, 

қызыққа толы кезеңдерден көзі ашық, көкірегі ояу жастардың бастап баруына дұрыс бағыт көрсете білетін,  ұлтаралық келісім мен 

толеранттылықтың мәні мен мағынасын ашып, маңызын жас ұрпақтың санасына сіңіріп, тереңірек оқытуда мектептерде дінтану курсы 

мұғалімдерінің алар орны мен еңбегі зор. Сондай, жас та болса, білімі терең, ұрпақтың санасына дұрыс көзқарасты қалыптастыра 

білетін, білгенін әріптестерімен бөлісуге әркез дайын тұратын шебер ұстаздардың бірі – Набиденова Айнұр Нұртазақызының еңбегі 

туралы айта кеткенді жөн көрдім. Айнұр Нұртазақызының аталған мектепте тарих және қоғамтану пәндері мұғалімі ретінде атқарып 

келе жатырған еңбек жолында жеткен жетістіктері аз емес, жас ұрпақтың санасына толеранттылық ұғымын терең ұғындыру мақсатында 

өткізген  танымды  сабақтарына  сан  жетпес.  Айнұр  Нұртазақызы  тек  оқушыларына  ғана  емес,  сонымен  қатар,  әріптестерімен  де 

бірлесіп, өз тәжірибесімен бөлісіп, семинар-тренингтерді өткізудің шебері десем, артық айтқаным болмас. Атап айтар болсам, Орал 

қаласында С.Сейфуллин атындағы №11 мектеп-лицейінде «Дінтану негіздері факультатив курсын ұйымдастырудың тиімді жолдары» 

тақырыбында  өткен  облыстық  семинар-практикумда  қорғаған  «Теріс  діни  ағымдар»  атты  панорамалық  сабағына  әріптестерінің 

берген  бағасы  жоғары  болды.  Сонымен  қатар,  Айнұр  Нұртазақызы  Республикалық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияда  аталмыш 

тақырыпта баяндамасын оқып, республика көлемінде тәжірибе тарату арқылыжұмысы республикалық жинаққа енген болатын. Жас 

ұрпақты тәрбиелеу жолында қосқан үлесі үшін оқу жылын аяқтау салтанатты шарасында аудандық білім бөлімінің грамотасымен 

марапатталды. Айнұр Нұртазақызы өз ісінің шебері бола тұра, оның ұжым мен қоғамда беделі жоғары екендігі сөзсіз. Шәкірттерінің 

пір тұтарұстазы, жан-жағына мейірім шуағын төгіп жүретін ибалы келін, сүйікті жар, бүгінде бір қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған ардақты 

анадеп айтуға толық негіз бар. Барлық мақтауға лайық әріптесімнің алар асулары көп болсын! 

 Ендеше, келісімнің ақ көгершініндей аспанда қалықтай бер қарлығаш құрбым. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет