Ақбота БАҚТЫҒАЛИЕВА, Аида АШИМОВА
«Сәулет» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушылары
Тасқала ауданы
Гү
Көне шаһарға
саяхат
Астана – Қазақстан Республикасының
елордасы. Кең де, жазық далаға
орналасқан қаланың ескі атауы Ақмола
болған деседі. Қала шағын, әрі тыныш
болатын. Ол 1997 жылы Қазақстанның
астанасы болып белгіленіп, ал 1998 жылы
Астана деген атау берілді. Мұнда көптеген
ғимараттар салынып, жаңа көшелер, даңғылдар пайда болды. Көптеген ықшам аудандар, жаңа Мәдениет сарайы, опера және балет
театры, әуежай бой көтерді.
Астанада Үкімет үйі, Парламент сарайы, Еуразия университеті және басқа да көптеген білім мен мәдениет ошақтары бар. Астана
әлемнің әйгілі қалаларындай үлкен, сәнді қалаға айналды. Мұнда 80-нен астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Мектептер мен
институттарда оқушылар мен студенттер білім алуда. Қала ортасынан Есіл өзені ағып өтеді. Оның жағасын көркем сая жолдар
безендіріп тұрады. Қала тұрғындары және қонақтары оның әсемдігін тамашалап, серуендейді.
Астанада Парламент мүшелері бүкіл еліміз басшылыққа алатын заңдарды талқылап, қабылдайды. Үкімет үйінде министрлер
еліміздің тыныс-тіршілігін реттеп отырады. Адамдардың жақсы өмір сүруі үшін зауыттар мен фабрикалардың, оқу және мәдениет
мекемелерінің, сауда орындарының жұмысын қалай жақсы жолға қою жайын ойластырады. Елордамызда үш жүздің билері Төле би,
Қазыбек би және Әйтеке биге арнап қойылған ескерткіштер бар.
Еліміздің ордасы бас қаламыз күннен күнге көркіне көз тоймайтындай ертегідегідей әсем қалаға айналуда. «Астана – болашақтың
қаласы!» деп бекер айтпаса керек. Астанаға барша әлем тамсануда! Елордамыздың туған күні жыл сайын салтанатты түрде бүкіл
халық болып тойлануда. Мен осындай егемен елімнің ұрпағы болып, елімнің келешегіне өз үлесін қосар азаматы екендігімді, сонымен
қатар еліміздің астанасын да мақтан етемін! Көркейе бер, Астанам!!!
Аида ҰЗАҚҚАЙЫРОВА
№1 орта жалпы білім беретін мектептің 5«б» сынып оқушысы
Ақжайық ауданы
Менің Астанам
Астана! Тәуелсіз Қазақстанның астанасы. Ертегі қала, арман
қала, болашақтың қаласы. Менің Астанам әлі жас, қанаттары әлі
қатайған жоқ, бірақ оның асқақ атын бүкіл әлем біледі. Сонымен,
менің Астанам қандай? Жаңа құрылыстар мен көшелердің,
субұрқақтар мен алаңдардың, ғимараттар мен парктердің астанасы.
Менің достарым мен армандарыммен кездесетін қалам.
Иә, иә, достарым, мен олармен жазда Астанаға келгенде
танысқан едім. Қасымда атам мен әжем бар. Біз Астана күні
мейрамына қатысып, қала мерекесінің тойлануын тамашалау
үшін әдейі бара жатырмыз. Орал қаласының теміржол вокзалынан
пойыз әлі жылжыған жоқ, ал мен оймен Астананы аралап кеттім.
Жанымдағылар бәрі ұйқыда, менің көзім ілінер емес. Астана қандай
екен? Бұл қала әдемі, жарық, шөптер мен гүлдердің исі аңқыған
қазағымның даласындай жалпақ, кең сияқты елестейді.
Міне біз Астанаға келдік. Қаланың үлкен әдемі вокзалы ерекше
болып көрінді, тіпті ауасы да өзгеше екен. Біз біраз демалып алып,
қала аралауға шықтық. Туу, Астанада бүкіл жер бетінің гүлдері
жиналғандай екен. Осы гүлдер жайқалған теңіз сияқты, ал әнші
субұрқақтар мыңдаған тамшыларын айналаға шашады. Мына бір
отыз қабатты әйнектен жасалған ғимарат әлемнің кереметтерінің
бірі деуге болады. Кешқұрым жарық жағылғанда айнала, өзен,
көшелер түрлі сиқырлы оттарға толады. Мен тамашалаған ертегі
әлі жалғасуда.
Біз кешкі қала көшелерін тағы ұзақ араладық. Мәңгілік
алау мен сталиндік репрессия құрбандарына арналған ескерткіш
басына барып үнсіз бас идік, гүл шоқтарын қойдық. Елімнің тарихына
тағзым жасадық.
Ертесіне мереке де басталды. Қала көшелері мыңдаған
туристер мен қала қонақтарына толды. Біз де әдемі үйлер мен
дүкендердің, жымиған қала тұрғындарының қасынан өтіп барамыз.
Тіпті қаланың өзі де күліп тұрғандай. Міне үлкен стадионға да жеттік.
Жер жерден келген әртістер мен әншілердің концерті басталды. Бір
кезде туған халқымен амандасып, нық басып, Елбасы Нұрсұлтан
атам да шықты. Ол Астана туралы, оның болашағы, тәуелсіздігі
туралы, халықтардың достығы мен бірлігі туралы мақтана сеніммен
айтып өтті. Мақтанғаным сонша, менің бойым тітіркеніп, жүрегім
қатты соғып кетті. Құс боп ұшып кеткім келді. Атам да өткені еске
түсті ме көзіне жас алды. Менің қолымды қыса түсті. «Болашақта
менің қызым да Астанаға оқуға келеді, елі үшін еңбек етеді, Астананы
көркейтуге атсалысады» деп қояды. Бұл атамның арманы шығар.
Менің арманыма ұқсайды екен.
Маржан МАРАТҚЫЗЫ
Шөптікөл ОЖББМБ-ның оқушысы
Шөптікөл ауылы, Қаратөбе ауданы
Бейбітшілік пен толеранттылық
жаршысы
Ә
ріптес әріптес туралы
Ұлтаралық татулығы мен дінаралық келісімі, бейбітшілік пен руханият - еліміздің басты ұраны. Әлемнің
ешбір байлығына тең келмейтін осындай басты байлығымыз - бейбіт өмірімізді ұрпағымызға мұра етіп
қалдыру басты мақсатымыз. Кең байтақ елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп, бейбіт
ғұмыр кешуде. Оның ішінде біздің ауданымыздың №1 орта жалпы білім беретін мектебінде он бір ұлт
өкілдерінің тәрбиеленушілері бір шаңырақтың астында бір үйдің балаларындай білім мен тәлім-тәрбие
алуда. Аталған мектепте түрлі ұлт өкілдерінің ұстанатын діні де әр түрлі болғандықтан, дінаралық келісім, ұлтаралық жарасым мен
достықты нығайту мақсатында тәрбиелік мәні зортүрлі шаралар жан-жақты оздырылуда. Еліміздің болашағы жастардың қолында
десек, сол жастарға дұрыс тәлім-тәрбие беріп қана қоймай, өмірде алдына қойған мақсатына жету жолында кездесетін қиын да,
қызыққа толы кезеңдерден көзі ашық, көкірегі ояу жастардың бастап баруына дұрыс бағыт көрсете білетін, ұлтаралық келісім мен
толеранттылықтың мәні мен мағынасын ашып, маңызын жас ұрпақтың санасына сіңіріп, тереңірек оқытуда мектептерде дінтану курсы
мұғалімдерінің алар орны мен еңбегі зор. Сондай, жас та болса, білімі терең, ұрпақтың санасына дұрыс көзқарасты қалыптастыра
білетін, білгенін әріптестерімен бөлісуге әркез дайын тұратын шебер ұстаздардың бірі – Набиденова Айнұр Нұртазақызының еңбегі
туралы айта кеткенді жөн көрдім. Айнұр Нұртазақызының аталған мектепте тарих және қоғамтану пәндері мұғалімі ретінде атқарып
келе жатырған еңбек жолында жеткен жетістіктері аз емес, жас ұрпақтың санасына толеранттылық ұғымын терең ұғындыру мақсатында
өткізген танымды сабақтарына сан жетпес. Айнұр Нұртазақызы тек оқушыларына ғана емес, сонымен қатар, әріптестерімен де
бірлесіп, өз тәжірибесімен бөлісіп, семинар-тренингтерді өткізудің шебері десем, артық айтқаным болмас. Атап айтар болсам, Орал
қаласында С.Сейфуллин атындағы №11 мектеп-лицейінде «Дінтану негіздері факультатив курсын ұйымдастырудың тиімді жолдары»
тақырыбында өткен облыстық семинар-практикумда қорғаған «Теріс діни ағымдар» атты панорамалық сабағына әріптестерінің
берген бағасы жоғары болды. Сонымен қатар, Айнұр Нұртазақызы Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда аталмыш
тақырыпта баяндамасын оқып, республика көлемінде тәжірибе тарату арқылыжұмысы республикалық жинаққа енген болатын. Жас
ұрпақты тәрбиелеу жолында қосқан үлесі үшін оқу жылын аяқтау салтанатты шарасында аудандық білім бөлімінің грамотасымен
марапатталды. Айнұр Нұртазақызы өз ісінің шебері бола тұра, оның ұжым мен қоғамда беделі жоғары екендігі сөзсіз. Шәкірттерінің
пір тұтарұстазы, жан-жағына мейірім шуағын төгіп жүретін ибалы келін, сүйікті жар, бүгінде бір қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған ардақты
анадеп айтуға толық негіз бар. Барлық мақтауға лайық әріптесімнің алар асулары көп болсын!
Ендеше, келісімнің ақ көгершініндей аспанда қалықтай бер қарлығаш құрбым.
Айгүл НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ
№1 орта жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі, тәрбие ісінің меңгерушісі
Чапаев ауылы, Ақжайық ауданы
«Астана – бас қала!»
№№13-14 (197-198) 16.07.2014 ж.
4
Жазғы демалыс күндері басталды!
Кітапханадағы жайлау Кеші
Жазғы демалыс уақытын балалар
кітаппен өткізеді. Осыған орай
Орталық балалар кітапханасында
«Бала бақыт, бала – болашақ» атты
кітап мерекесінің апталығы өтті.
Халықаралық балаларды қорғау күніне
орай Қонаев орталық алаңында «Балдай
тәтті балалық» - атты мереке ойын-сауық
ұйымдастырылды. Мерекеге кітапхана
оқырмандары, ата-аналар мен балалар
қатысты. Шара барысында кітапхана
оқырмандары «Балалық шақ – балғын
шақ» тақырыбында С.Молдасанұлының
«Бала тілегі» - Темірболатова Асыл,
Ө.Тұрманжанов «Кел, балалар, күлейік!»
-Сергазиева Асем және тағыда басқа
да оқырмандар жатқа өлеңдер оқыды.
«Ертегілер елінде» ертегі жұмбақтарды
шешіп,
викториналық
сұрақтарға
жауап берсе, кішкентай бүлдіршіндер
«4 сурет 1 сөз» - жасырын суреттердің
атын табу ойынын ойнап, «Ойлан,
тап!»-жұмбақтардың шешуін, мақал
–мәтелдердің жалғасын тапты. Шараға
белсене қатысып, қойылған сұрақтарға
дұрыс жауап берген оқырмандарға
ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Маусымның екінші күні кітапхана
оқырмандарымен «Ерекше уақытта,
ерекше сағат» атты кітапханадағы квест-
бродилка өтті. Шара барысында
жүргізуші оқырмандарды қарсы
алып, оларды ертегі кейіпкерлері түн
ханшайымы мен кітап перизатымен
кездестірді. Ең алдымен оқырмандар
кітап патшалығына аттанып онда
балалар ертегілермен танысып,
ертегіге қатысты сұрақтарға жауап
беріп,
ертегі
кейіпкерлерінің
дефельесін
тамашалады.
Бұл
дефельеде: Буратино, Алдар Көсе,
Мальвина, Қызыл телпекті қыз, Дімбілмес,
Мұз ханшайымы, Күн астындағы
Күнікей қыз, Күлше қыз өнер көрсетті.
Оқырмандарымызды қызықтырған «Ән
сандықшасы» бөлімінде оқырмандар
караокемен ән салып, «Тұңғиық» ойынын
ойнады. Белсенді қатысқан оқырмандар
сыйлықтарға ие болды. Оқырмандарға
фотосессия
ұйымдастырылып,
ертегілер елінен тәтті үстел әзірленді.
Шара соңында «Сиқырлы кереуетте»
ертегі көріп, кітап перизаты мен түн
ханшайымымен қоштасып өз елдеріне
аттанды.
Апталықтың үшінші күні Мұхтар
Әуезов атындағы орта жалпы білім
беретін мектептің «Достық» жазғы
демалыс лагеріндегі оқушылардың
қатысуымен «Құқығым бар» атты
танымдық ойын сайыс өтті.
Оқырмандар «Әділет» пен
«Ақиқат» топтары болып екіге бөлініп,
«Тікелей сұрақ», «Ол кім, бұл не?», «Ой
талқы» бөлімдері бойынша қойылған
сұрақтарға екі топта белсене жауап берді.
«Ой елегінен» өткізу бөлімінде Бала
неге құқылы?, Бала неге міндетті? деген
сұрақтарға өз ойларын айтып, «Ойды
аяқа» атты бөлімінде мақал-мәтелдердің
жалғасын тапты. А.С.Пушкинның
215 жыл толуына орай Мұхтар Әуезов
атындағы орта жалпы білім беретін
мектептің «Достық» жазғы демалыс
лагеріндегі оқушылардың қатысуымен
және
кітапхана
оқырмандарымен
«Ертегілер неге үйретеді?!» кітапханалық
сабақ өтті. А.С.Пушкинның өмірбаяның
қысқаша баяндап және ертегі неге
үйрететінің айтып берді. Оқырмандарға
«Балықшы мен балық» атты ертегіге
байланысты викториналық сұрақтар
қойылып, оқушылар сұрақтарды мұқұят
тындап сұрақтарға белсене жауап
берді. Шараның сонында оқырмандарға
жұмбақтар
жасырылып,
оқушылар
осы жұмбақтарғада белсене қатысып
жұмбақты жылдам шешті.
5-күн:
«Бөбек»
б а л а б а қ ш а с ы н ы ң
тәрбиенушілерінің
қатысуымен
«Сүйікті ойыншықтар мерекесі»
өтті. Бұл шараға балалар
өздерінің сүйікті ойыншықтарын
алып келіп, таныстырды. Содан
соң
ойыншықтарымен
би
белеп, өлен айтып «Мысық пен
тышқан» ойының ойнады. Шара
соңында қуыршақтар театырының
қойылуымен «Бауырсақ» ертегісін
тамашалады. Қуыршақтарды ойнатқан
Абай атындағы мектеп – гимназияның
оқушылары Мақсот Думан мен Қанабаева
Ханшайым және М.Әуезов атындағы
мектептің Тимурқызы Айбөбек.
Шара соныңда кітап мерекесінің
апталығы «Бақытты балалық шақ» -
сурет сайысы қортындыланып. Сайысқа
қатысушылар Сапарғали Виктория,
Сапарғалиева
Жұлдыз,
Хайдар
Батырболатқа ынталандыру сыйлықтары
табыс етілді.
Ақжайық аудандық
орталық балалар кітапханасы
Чапаев ауылы,
Ақжайық ауданы
Елімізде рухани құндылықтарды қалыптастыру мақсатында көптеген игі істер
атқарылып келеді. Соның бірі «Бір ел-бір кітап» акциясы. 2014 жылғы жыл кітабына
айналған С.Мұратбековтың «Жусан иісі» кітабын оқырмандар назарына ұсыну, ел
болып жаппай оқуға шақыру барлық рухани орталықтардың төл міндеті болды. Осы
орайда біздің аудандық орталықтандырылған кітапхана алаңында ашық аспан аясында
«Кітапханалық жайлау» кеші
кітапсүйер оқырмандарға жайдары жазғы көңіл-күй
сыйлады. Кітапханалық жайлау кешінің
шымылдығы жусан иісі бұрқыраған
«Ауылым» әнімен түріліп, ашылу құрметіне
орай кітапхана директоры Д.Даниярқызы сөз
сөйледі. «Бір ел-бір кітап» республикалық
акциясына орай қойылған кітап көрмесіне
кітапхана библиографы шолу жүргізіп,
С.Мұратбековтің
шығармашылығымен
таныстырып өтті. Аудандық балалар
кітапханасының
ұйымдастыруымен
«Жусан иісі» кітабының желісіне құрылған
қойылым көрермендердің көңілінен шықты.
Кітапханалық жайлаудағы
1-ші аялдама
кітапхана жанынан құрылған «Жас қалам»
клубы мүшелерінің
«Жыр жазамын
жүрегімнен» атты жыр отауында
жас
қаламгерлер өз шығармашылықтарын
оқыды.
2-ші аялдама кішкентай
оқырмандарға арналған «Ертегілер
елінде»
атты кітап керуені көрмесі өз
оқырмандарына ертегі кітаптарын ұсынды.
Одан
3-ші аялдама «Қырмызы бояулар
сөйлесін»
атты жас суреттшілер мен
қолөнер бұйымдарының көрермендерге
ұсынды.
4-ші аялдама «Кітап құмарлар»
аялдамасында
аудандық
кітапхананың
абономент бөліміне келіп түскен жаңа
кітаптар легі оқырмандарға таныстырылып,
«Өзің оқы, өзгеге ұсын» акциясы бойынша
кітапхана оқырманы Ғилымханов Марленге
О.Бөкейдің шығармалары ұсынылды. Одан
5-ші аялдамада «Тілектер мен лебіздер»
тақтасы орналасып, жайлау кешіне келген
оқырмандар өз тілектерімен, ұсыныс-
пікірлерін жазып қалдырды. Көрермендерді сергіту үшін «Домбры-party» өз туындыларын
халыққа ұсынса, кеш соңы би марафонына ұласты.
Ақдинаш УТЕЕВА
Жаңақала аудандық балалар
кітапханасының меңгерушісі
Жаңақала ауданы
№№13-14 (197-198) 16.07.2014 ж.
5
Барды бағалай
білген балғындар
Лагерь- это прекрасное лето счастливого детства
Тал
30 июня в школе села Магистральное завершит работу
летний пришкольный лагерь «Достық». В нем отдохнули
36 мальчишек и девчонок. Программа была интересной и
разнообразной, несмотря на такую короткую смену. Ребята
смогли поиграть, порисовать, проявить свои таланты и просто
пообщаться друг с другом.
Смена называлась «Сказочная страна» и не зря, так как в
лагере в основном отдохнули учащиеся начальных классов,
для которых, безусловно, эта тема была интересна. Ребята
в течение смены путешествовали по разным сказочным
странам.
В первый день дети посетили «Страну сказочных открытий»:
ребята оформили свое отрядное место, выбрали название,
девиз, песню, эмблему своему «сказочному царству». Они
с удовольствием приняли участие в познавательной игре
«Путешествие в страну Мульти-пультию».
1 июня- лагерь открывали сказочные герои из сказок». Это
мероприятие было посвящено Дню защиты детей. Ребята с
интересом слушали историю возникновения этого праздника,
приняли активное участие в викторине «Колесо истории».
Завершился день конкурсом стихотворений о Родине и
родном селе. Самыми лучшими чтецами оказались Раух
Валерия(4 класс), Джакеев Илья(2 класс), Жолдыгалиев
Руслан (2 класс), Лигай Денис (1 класс).Они были награждены
грамотами.
Незабываемое впечатление произвело путешествие в
«Страну лекарственных растений Родного края», которое
было посвящено цветам и просто растениям.
Постановка театра-миниатюры «Мои любимые сказки»,
где были поставлены прекрасные сценки из сказок и
мультфильмов на современный лад. Но однако самым
запоминающимся днем стал день спортивного праздника
«О, спорт - ты мир!». Сколько замечательных соревнований,
спортивных лабиринтов ждало ребят! И победила дружба.
В лагере не было равнодушных. Всем хотелось показать свои
способности. Самые активные в конце смены награждены
грамотами и сладкими призами.
Помогали ребятам путешествовать по странам гиды-
воспитатели: КоблашеваАкшат, БегисоваРазия, Исмакова
Алена, Сейтенов Амир, БагжановаЖадыра и начальник
лагеря был Рзалиев Ринат.
Работа в лагере – это великолепная возможность развития
различных интеллектуально-познавательных и творческих
способностей детей, патриотического и экологического
воспитания школьников. Минутки здоровья, трудовые
десанты, полноценное питание помогли сохранить детям
здоровье, хорошо отдохнуть и, самое главное, запомнить
еще одну сказочную смену, которая благодаря работникам
столовойЖолдыгалиевойДамели,
Корчагиной
Галины,
ДжакеевойЖангаксделалась
еще
привлекательнее
«сказочными» завтраками и обедами.
В завершении мы провели мониторинг цель которого, была
определение эмоционального состояния и настроения детей
во время пребывания в пришкольном лагере.На момент
прихода в лагерь 88% детей испытывали положительные
эмоции, 9% - пребывали в плохом расположении духа. К
концу лагерной смены лишь у 3% детей был определен
сниженный эмоциональный фон, обусловленный различными
индивидуальными причинами. Четко прослеживается
положительная динамика эмоционального состояния
детей, посещавших лагерь. Опираясь на результаты
психодиагностического исследования, можно сделать
вывод о том, что пребывание в летнем пришкольном лагере
благоприятно отразилось на эмоционально-личностном
развитии детей, их настроении и общем самочувствии. До
свиданья, пришкольный лагерь «Достық»,до новых встреч!
ОВВР Магистральной СОШ:
Бадашева Г.З.
Оқушылардың
жазғы
демалысын
жан-
жақты ұйымдастыру мақсатында ауылдық мектептер
басшылары қандай жұмыстар атқаруда. Балғындардың
лагерге көңілдері тола ма?. Осы сауалдарға жауап іздеп,
ат басын Теректі ауданы, Еңбек ауылы, Ақжайық орта
мектебіне тіредік.
Келсек, Кеңестік дәуірден бері жөндеу көрмеген
мектеп ғимаратында күрделі жөндеу жүріп жатыр екен. Мектеп
лагері ауылдың Мәдениет
үйінің кең бөлмесіне орналасыпты.
Жасыратын
жоқ,
аядай
бөлмедегі
балғындардың
жайсыздықтарын көргенде алғашында көңілім құлазып сала
берді. Көңілді демалыстың көңілсіздігі көптеу ме деген ойда
келді Отыздан астам балғындарға мектеп тәлімгері Уткелбаева
Алмагүл Атошқызы мен лагерь тәрбиешісі Мөлдір Сағит
уақытша жайсыздықтың жай-күйін бізге түсіндіріп, балаларға
барынша жағдай жасалып жатқанын айтты. Ертеңгілік сағат
тоғызда басталатын лагерде оқушылар жоспарға сай, ойын-
сауық, танымдық-тәрбиелік шараларына қатысып, түстіктерін
ішіп үйлеріне қайтады екен. Шілде айының соңына дейін
жүргізілетін лагерде бүгінде жүз елуге жуық бала демалып
үлгеріпті. Мектепте бес жүзден астам оқушы болса, соның
350-уі осы демалыс орынында демалады,-дейді лагердің
басшысы Алмагүл Атошқызы.
Көргенімізді көңілге түйе жүріп, арнайы барғасын
мектеп әкімшілігіне де жолыға кетуді жөн санадым. Мектеп
директоры Есенғалиева Гүлнар Есімқызы тоғызыншы
сынып бітірушілерге ұжым болып дипломдарын тапсырып,
шәкірттеріне «Ақжолтай» тілеп шығарып салып тұр екен.
Жанарларынан ұшқын ойнаған, жүректері жалынмен намысқа
толы өрімдей боз бала мен бойжеткендер жайраңдап өтіп
барады. Иә, бұл да бір, жүректен мәңгі кетпес бір сәт-ау деп
ойладым.
Жарқын
жүзді
замандасым
Гүлнар
Есімқызы
басшымын,- деп бәлсінбей жылы қарсы алып, лагердегі
уақытша қиындықтың жайын түсіндіріп, түтіні түзу ұшқан ауыл
мектебінде жыл сайын бала санының артып келе жатқанын
білікті де білімді ұстаздардың шәкірттері облыстық білім
додаларын былай қойғанда республикалық байқауларда
жүлдеден көрініп келе жатқанын мақтанышпен жеткізді.
Әрине, шәкірт тәрбиелеу бір күннің жұмысы емес, биылғы
білім сынында мектеп сапа жөнінен көңілден шыға алмағынын
да жасыра алмады. Мектептегі шағын орталықта – 34,
мектеп-алды дарлық тобында -14 бүлдіршіннің тәрбиеленуі
жақын ауылдан қатынап оқитын оқушыларға жатақананың
жұмыс жасап, оларды қатынастыру көлігімен қамтамасыз
етудің толық жолға қойылуы мектеп басшылығының іскерлігі
деп білген жөн болар. Жас ұрпақ тәрбиесі ұстаздар мен
ғана шешілмейді. Оларға қандай ма боласын іс-шараларда
халықтың көмегі қажет. Бұл орайда, ауыл әкімдігі мен
Х.Хайруллина, М.Ғайнуллаев, Б. Жалелова, К. Өтеғалиева
сынды кәсіпкерлердің мектеп оқушыларына деген жыл
сайынғы көмектеріне мектеп басшысы бала басылымы
атынан шексіз ризвшылығын жеткізді.
Біздің мақсат біреу-ақ болатын. Ауыл баласы
ауылдарында жаз бойы көше кезіп, көлеңке қуалап босқа
жүрмей, әр күндерін осындай лагерде демалып, қоғамнан
алыстамаса деген ой болатын. Бас тіреп келген ауылдың
балғындары өздеріндегі барды бағалай біліп, әлі де болса,
жаз бойы апайлары қаланың әдемі жерлерін аралатып,
көпке арман саябақта да қыдыратындықтарына сеніп
отырғандықтарына шын сендім. Әттеган – айы ауылдағы
ағайындардың бала басылымын ұмыт қалдырғандары
жаныма батты. Әйтсе де бала қыран да көкті аңсайды емес
пе? Менде Самалдың самғарына сенемін әлі де.
Достарыңызбен бөлісу: |