16 шілде 2014 жыл Ел ер Балдә Рәміздерім – мақтанышым Рәміздер ұлттық мақтанышымыз



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата19.01.2017
өлшемі3,45 Mb.
#2193
  1   2   3   4

№№ 13-14 (197-198)

16 шілде

2014 жыл

Ел ер


«Балдә

Рәміздерім – мақтанышым



Рәміздер - ұлттық 

мақтанышымыз

Мектеп  кітапханасында    Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рәміздерін 

насихаттау және қолдану жөнінде көптеген жұмыстар атқарылды. 5-6-сынып оқушылары 

арасында,  «Рәміздер-ұлттық  мақтанышымыз»,    5-8-сыныптарда    «Мемлекеттік 

рәміздер  туралы  не  білеміз?»,  «Рәміздерім-мақтанышым»    атты  тәрбие  сағаттары, 

«Мемлекеттік  Рәміздер»    тақырыбында  ауызша  журналдар    өткізілді.  Балаларды 

ұлтжандылыққа, достыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу мақсатында 

«Қазақстан  Республикасының  рәміздері»  тақырыбында  тәрбие  сағаты  оздырылып, 

мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылып, сауалнамалар жүргізілді. 5-9-сынып 

оқушылары  «Рәміздерім-мақтанышым»  тақырыбында  шығарма  жазып,  жеңімпаздар 

мадақталды.

Мектеп  оқушылары  бойындағы  патриоттық  сезімін  дамыту  және  мемлекеттік 

рәміздерді  құрметтеуге  тәрбиелеу  мақсатында  мектепте  өткізілген  салтанатты 

жиындарда  мемлекеттік  Әнұран  орындалып,  көк  байрақ  көтерілді.  Мемлекеттік 

рәміздерді    қадірлеу,  тәуелсіз  Қазақстанның  әрбір  азаматының  қасиетті  борышы. 

Мемлекеттік  рәміздерді  құрметтеу  –  елді,  халықты,  тарихты,  әдет-ғұрыпты,  салт-

дәстүрді қастерлеу болып табылады. 

                                                            А.НҰРПЕЙІСОВА,

                                                         Чапаев ЖОББМ-нің кітапханашысы

                                                                          Долинный ауылы, Теректі ауданы

Оқушыларға  патриоттық  тәрбие  мақсатында,  Чапаев  негізгі  ЖББМ-де  сынып 

жетекшілері семинары оздырылды. Семинарға сынып жетекшілері, ата-аналар, оқушылар 

қатысты. Тренингтер, ашық тәрбие сағаттары, жобалар презентациясы, көрмелер әзірленді.  

«Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында кітапханашы М.Изтелеуова көрме әзірледі. 5-сынып 

сынып  жетекшісі  М.Айбекова,  ата-аналар  Исабекова  М.Ергалиева,  К.Амирханованың 

ұйымдастыруымен  «Менің Отаным-Қазақстан!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. 

Тәрбие сағатында оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, еліміздің 

рәміздерін қастерлеуге, ұлттық сананы бойына сіңіріп, оны жалғастырушы болып өсуіне 

тәрбиелеу мақсатында айтылды.  «Мақтанышым – Тәуелсіз ел Қазақстан!» тақырыбымен 

7-8-сыныптарда Э.Абдрашитова өткізді. «Ауылым-алтын бесігім» тақырыбымен 5-сынып 

оқушысы  Н.Оразалиева  жетекшісі  М.Айбекова,  «Қазақтың  біртуар  азаматы»  6-сынып 

оқушысы  Қ.Бекетов  жетекшісі  Е.Алмағамбетов,  «Қазақтың  батыр  қызы  -  Х.Доспанова» 

5-сынып оқушысы Ә.Алмаш өз жобаларын сәтті қорғады. Патриоттық әндер байқауымен 

ұласты. 

                                                                                     Нұрбану ОРАХОВА

                                                                               Чапаев негізгі ЖББМ-нің

мектеп директорының тәрбие ісінің меңгерушісі                                                                                                                                      

                Құтсиық ауылы, Теректі ауданы

«Григорьев  жалпы  орта  білім  беретін  мектебінің»  аусымдық  «Балдырған»  лагерінің  «Атамекен

» 

кезеңінде  тәрбиешілердің  ұйымдастыруымен  еліміздің    «Мемлекеттік  рәміздер  күніне»  арналған 

лагерімізде мерекелік салтанат өтті. 

Бұл мерекелік шараға ата – аналар және ұстаздар қауымы қатысты.  Салтанатты жиын Мемлекеттік 

Әнұран орындаудан басталды. Содан соң, демалушы балалар өз өнерлерін көрсетіп, ел рәміздерін 

сипаттап  берді.  Сонымен  қатар,  суреттер  салып,  өлеңдер  айтып,  ән  шырқады.  Мереке  соңында 

белсенді балалар марапатталды. Мектеп директоры А.Кемешов ата – аналарды, демалушы балаларды 

құттықтап сөз сөйледі. Мереке  



«Атамекен» әнімен жалғасты.

Т.ҮМБЕТАЛИЕВА 

А.АЙҒАЛИЕВА                                  

                                                             Григорьев жалпы орта білім беретін мектебінің тәрбиешілері

Бөрлі ауданы 

  «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз 

ел – Қазақстан!»



 Жалындағы жалындаған  өрендер

Жаз  айлары  –  балалардың  толыққанды  демалып,  денсаулықтарын  нығайтып  жаңа  оқу  жылын 

тың күшпен бастаулары үшін қолайлы уақыт. Жаз - оқушылардың асыға тосатын мезгілі. Әрбір бала 

жанға жайлы, демалысты қызықты өткізуді армандайды. Тасқала ауданындағы “Сәулет” мектеп-лицейі 

жанынан ашылған “Жалын” жазғы профильдік лагері балалардың тиімді    демалуды      ұйымдастыру 

мақсатында      өз жұмысын    жалғастыруда. Лагерь І-кезеңі 28 мамырда басталды.  Салауатты өмір 

салтын қалыптастырып, балалардың танымдық деңгейін арттыратын шара жаз мезгілінде он күн бойы 

төрт ауысым бойынша жұмыс істейді.  Мектеп мұғалімдері демалушы оқушыларға алаңсыз балалық 

сыйлауға, жазғы демалысын мазмұнды өткізуіне ат салысуда. Ыстық тамақпен    қамтамасыз етіліп,  

лагерьдің  жоспары  бойынша        әр  түрлі  спорттық,        зияткерлік  сайыстар  өтіп  отырады.    Лагердің 

төрт кезеңінде де демалушыларды      қаланың көрікті    жерлеріне саяхат жасатып,   саябақтар мен    

зообақтарды қызықтайтын болады. 

Кез келген адамның балалық шағындағы ұмытылмас естеліктер - осындай жазғы лагерьлермен де 

байланысты. Сондықтан балғындар үшін қызыққа толы демалыстың маңызы зор. Осындай сапалы да, 

тиімді      лагерь жұмысы    балаларға қуаныш сыйлаумен қатар, олардың мектепке қызығушылықтарын 

арттыра түседі деуге болады. 



  

Әсел ЗАЙТУКОВА

 «Сәулет» мектеп-лицейінің тәлімгері 

Тасқала ауданы


№№13-14 (197-198)    16.07.2014 ж.

2

Шағын орталықтағы 

шаттық 

Тінәлі  мектебі  жанындағы 



шағын  орталықта  Халықаралық 

балаларды  қорғау    күніне 

арналған  «Жаздың  хикаялары»  

атты  ойын-сауық  ертеңгілігі 

көп 

баланың 


көңілінде 

қалды. 


Ертеңгілік 

қонаққа 


Гүлдер,  Саңырауқұлақ,  Күн, 

Қуыршақ, 

Түймедақ 

келіп 


қызықты  хикаяларын  қойып, 

бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі. 

Шағын  орталық  бүлдіршіндері 

де  балдай  тәтті  тілдерімен  

тақпақтарын  жарыса  айтты. 

Жоғары  сынып  оқушылары 

Дильназ,  Гүлнұр,  Алмагүл, 

Ламия  әсем  әні  мен    мың 

бұралған  билерін бүлдіршіндер 

мен  көрермендерге  тарту  етті. 

Ойын-сауық  асфальтқа  сурет  салумен  жалғасын  тапты.  Балалардың  қиялынан  туған 

суреттер ертеңгі күнге деген сенімді, көңілдеріндегі қуанышты бейнелейді. Осындай көңіл-

күймен жалғасқан ертеңгілік балаларға тәттілер таратумен аяқталды. 

Шағын орталық тәрбиешісі Айтқалиева Нұрайнa Жарасқызының ұйымдастыруымен 

өткен шара көпшіліктің көңілінен шықты және оған алғысымыз шексіз.

Жұмагүл ДАУЛЕТИЯРОВА

Тінәлі негізгі жалпы білім беретін 

мектебі директорының оқу ісі меңгерушісі

Теректі ауданы

Балалық шақтың бал күні

 Дәстүрлі балалар мерекесіне орай, Тасқала ауданы  жалпы білім беретін Совхоз орта 

мектеп  –  балабақшасында  «Балалық  шақтың  бал  күні»  деген  атаумен  «Достық»    жазғы 

лагерінің  ашылу  салтанаты 

болды.

Атаулы  шараны  мектеп 



тәлімгері 

Мұратова 

Нұргүл 

Асқарқызы 



бастап, 

өз 


кезегінде  мектеп  директоры 

А.Измагамбетов 

пен 

ауыл 


әкімі  А.Ташимов  сөз  сөйлеп, 

бүлдіршіндерді 

құттықтап 

демалыс  күндерінің  қызықты, 

көңілді,  сәтті  өтуіне  тілектестік 

білдірді.  Әрмен  қарай,  мереке 

өнерлі  балғындардың  әзірлеген 

концерттік 

бағдарламасымен 

жалғасты.   Оқушыларының флешмоб биімен өрбіген шарада бастауыш сынып оқушылары 

жазғы демалыс лагеріне арналған тақпақтарын жыр етті, жұмбақтар шешті. Сонымен қатар, 

балаларға қызықты ойындар ойнатылды.  Соңғы сәтте балалар мейрамына арнап мектеп 

ұжымы барлық балаларға балмұздақ таратылды. 

Мектептегі  «Достық»  лагерінде  екі  кезеңде      44  оқушы  демалып,  барлығы  ыстық 

тамақпен қамтамасыз етілді. 

А.ЖАЗЫҚБАЕВА

ЖББ Совхоз ОМБ-ның мұғалімі                      

  Тасқала ауданы

«Балалар болашағымыз!»

Чапаев негізгі ЖББМ-де  мектеп тәлімгері  Елнұр Алмағамбетовтың ұйымдастыруымен 

«Балалар болашағымыз!» атты мәдени шара өтті. Балаларды қорғау күніне орай өткізілген 

шараға  ауылдың  барлық  кішкентай  бүлдіршіндерімен  мектеп  оқушылары  қатысты.  Ән-

би конкурстары, асфальтқа сурет салу, қазақша күрес, жаяу жүгіріс, велосипед жарысы, 

нысанаға  тигізу  турлары  бойынша  барлық  бүлдіршіндер  қамтылды.  Мүмкіндігі  шектеулі 

балаларға  аудан  әкімі,  ауыл  әкімі,  мектеп  ұжымы  атынан  сый-сыяпаттар  көрсетілді. 

Шағатай  селолық  округінің  әкімі  Мүтиев  Рүстем  Ситонұлы  мектепке  дейінгі  кішкентай 

бүлдіршіндерге тәттілер тарту етті.       7-сынып ата-аналар атынан мектеп оқушыларына 

өткізілген турлар бойынша сыйлықтар таратып қуантты. Ата-аналар өз ризашылықтарын 

білдірді.

Балалар  үшін  өте  қуанышты  мереке  болды. 

Осындай тағылымы мол іс-шаралар ауылымыздың 

мектеп  ұжымы,  ата-аналар  комитеті  үнемі 

ұйымдастырып отырады. Игі істер жалғасын табады 

деген сенімдемін.  

                           

Нұрбану СЕРІКҚЫЗЫ                                                                                                                                        

Чапаев негізгі ЖББМ-нің  мектеп директорының 

тәрбие ісінің меңгерушісі

Құтсиық ауылы, Теректі ауданы

«Бала – болашағымыз!»

Бала  –  болашағымыз 

десек, сол балаларымыздың 

балалық  шағы  бақытты  да, 

ерекше болып есте қалуына 

біздің 


мектебімізде 

де 


барлық  жағдай  жасалуда. 

Оқушыларымыз  білім  алу 

мен қатар,  көптеген тәрбиелік 

мәні зор мәдени шараларға 

үзбей қатысады. Соның бірі, 

дүниежүзілік 

балаларды 

қорғау  күні  қарсаңында 

аудандық  мәдени  демалыс 

орталығында 

өткен 

«Балбұлақ» 



балалар 

шығармашылығы байқауына 

қатысқан 

оқушыларымыз 

жүлделі 

орындарға 

ие 

болды.  Атап айтар болсам, ән айту жанры бойынша 2 «б» сынып оқушысы оқуда 



озат  болып  табылатын  Бақытжан  Баянбек  «Мектебім»  әнімен  жүлделі  екінші 

орынды  иеленсе,  оқу  озатының  бірі  4  «а»  сынып  оқушысы  Әуелбек  Аян  «Туған 

жер» әнімен жүлделі үшінші орынға ие болды. Аудандық оқулардың қатысушысы, 

өз  жанынан  да  туындылар  шығара  білетін,    6«а»  сынып  оқушысы  Индира 

Сауранбекова Мағжан Жұмабаевтың өлең жолдарын мәнерлеп оқуда алдына жан 

салмады.  Жүлделі  екінші  орынға  5«а»  сынып  оқушысы  Виктория  Сапаргалиева 

мен орыс ұлтының қызы 4«в» сынып оқушысы Милана Шкарина «Қазақ осы» атты 

өлең жолдарын өз мәнеріне келтіріп оқумен тыңдаушыларды таң қалдырды. 

Мектебіміздің  тәрбие  ісінің  меңгерушісі  Т.Даркенова    дефектолог  маман 

А.Кабиева,  мектеп  парламенті  ұйымының  жетекшісі  Ж.Дүйсенгалиеваның  

ұйымдастыруымен  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  да  жылдың  әр      мерекесінде 

құттықтап,  сый-сыяпат  табыстауды  ешқашан  ұмытқан  емес.  Балалардың  оқу 

жылы барысында білім мен тәрбиесіне баса көңіл бөлінсе, жазғы демалысын да 

тиімді де, қызықты етіп өткізуде педагог мамандардың алар орны ерекше. Мектеп 

жанындағы «Балдәурен»жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастап кетті. Мектептің 

аз  қамтылған  оқушылары  мен  көп  балалы,  патронаттық  пен  қамқоршылық 

тәрбиедегі және тағы да басқа өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды да 

сауықтыру  лагерлерімен  қамту  жоспарланып  жүзеге  асуда.  Осы  мақсатпен  жыл 

сайын «Бала еңбегінің ең нашар түріне жол бермеу» акциясы ұйымдастырылып, 

аталмыш  акция  аясында  балаға  қатысты  зорлық-зомбылықтың  алдын  алу 

бойынша іс-шаралар оздырылуда. Аталған шара барысында мектепте ақпараттық 

стендтер мен көрме жасақталып,«Бала еңбегі тоқтатылсын!» тақырыбында флеш-

мобтар  ұйымдастырылды.  Зорлық-зомбылық  фактілері  қолданылған  балаларды 

анықтау  мақсатында  сауалнама  жүргізілді.  «Түнгі  қала  балалары»  атты  кең 

ауқымды  рейдтік  шаралар  мен  акциялар  жұмысы  күшейтіліп,  мектептен  арнайы 

комиссия құрылды. Әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтардың бірлескен 

жұмыстарының  арқасында    қиын  балалармен  жұмыс  жасауда  аталмыш  рейдтер 

үнемі өз жалғасын тауып келеді. 



Айгүл УСАХОВА

№1 орта мектепт директорының тәрбие ісінің меңгерушісі  

Чапаев ауылы, Ақжайық ауданы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Оралда  Х 

Ұлттық  Дельфий  ойындарының  туы  көтерілді.    Шараның  ашылу  салтанатына  Орал 

қаласы  әкімінің  орынбасары  Марс  Сатыбалдиев,  Дельфи  комитетінің  қамқорлық 

кеңесінің  мүшесі  Лаврентий  Бобрышев,  «Нұр  Отан»  партиясы  «Жас  Отан»  жастар 

қанатының  атқарушы  хатшысы  Нұрлан  Сыдықов,  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі 

жастар  ісі  комитеті  төрағасының  орынбасары  Еркін  Үйсімбаев,  ұлттық    Дельфи 

комитетінің орындаушы директоры Сажида Сайтбаева қатысып, барша өнерпаздарға 

сәттілік тіледі.

Содан  соң,  ұлттық    Дельфи  ойындары  қатысушыларының  салтанатты  шеруі 

болып,  әр облыс жастары өз өнерлерін ортаға салды. Олардың  көбі би билеп, кеш 

көрігін қыздырды. «Сырлы саз» хорының өнер көрсетілімінен кейін сахнаға тура шешіп, 

төрелігін айтатын қазылар алқасы көтеріліп, өнер додасының салты бойынша көпшілік 

алдында ант берді. Белгілі әнші Марат Сарбөпеев «Оралым» әнін орындап,  «Батыс 

стар»  группасы  оралдықтардың  қызу  қолдауына  ие  болды.  Республикалық  және 

халықаралық  конкурстардың лауреаты Асланбек Қуаналиевтің жүректен шыққан әні 

көрермен көңілінде көпке дейін сақталары анық. Олжас Сейтимов пен Айбар Сапыш, 

ыммен  ән  салған  Нұржан  Жайықбаев  пен  Балым  Ақберен  Дельфий  ойындарының 

мерекелік сахнасын әнге бөледі.

Кешке  жиналған  мыңдаған  көрерменнің  күткен  қазақ  өнерінің  жалауын  көтеріп, 

алауын  жағатын  сәті  келіп  жетті.  Х-Ұлттық  Дельфий  ойындарының  алауын  жағу 

мәртебесі  халықаралық  Дельфи  комитетінің  қамқорлық  кеңесінің  мүшесі  Лаврентий 

Бобрышев пен Дельфий ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Амина Гайнединоваға 

ұсынылды. Алау жағылғаннан кейін Амина Гайнединова «Махамбет термесін» айтып, 

кештің көрігін қыздырды.

Өнер додасының ашылу салтанаты аяқтала келе сахнаға өнер жұлдызы Айқын 

Төлепбергеннің  шығуы  жастарға  тосын  сый  болды.  Осы  кеште  мақпал  түн  көгін 

отшашу өрнектері өрнектеді.



Мәрлен ҒИЛЫМХАНОВ                                                                                                                                       

                                                           X-Ұлттық Дельфий ойындарына қатысушы, 

Жаңақала ауданы

Дельфий ойындары Оралда



№№13-14 (197-198)    16.07.2014 ж.

3

Мәдениет – достастық 

негізі

              Дәстүр мен 

мәдениет - ұлттың генетикалық 

коды. Қазақстандық мәдениет 

еліміздің барлық азаматтары 

үшін патриоттықтың өзегі болуы 

қажет.

                                                    

Н. НАЗАРБАЕВ.

Ел мәдениетіне көз жүгіртсем, 

бабаларымыздың 

артында 


қалдырған  мұралары  мен  асқақ 

белгілері 

өңірімізде 

сайрап 


жатыр.  Байырғының  белгісі  боп 

көңілге  медеу  қылатыны  -  кең 

кесенелер,  мәртебелі  мазарлар. 

Кей  кездерде  қу  тірліктен  сағың 

сынып,  салың  суға  салынғанда, 

еңселі  ескерткіштерді  көріп, 

бойыңды тіктейсің. Ауданымызда 

да  мәдениетімізді  мәңгілеп, 

Мәмен мен Тұяқберді кесенелері бой көтерді. 

Аудан орталығынан орын алған Қали, Мәмен, Құрманғазы, 

Дина, Оқап, Тұяқберді сынды өңірімізден шыққан ұлы күйшілердің 

мүсіндері белгілі қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаевтың: 

«Қазақта  үйір-үйір  жылқы  ғана  емес,  үйір-үйір  жүрген  дүлдүл 

композиторлар да бар. Сол қазақ даласындағы күйдің астанасы 

–  Жаңақала»  деген  пікірін  дәлелдеп-ақ  тұр.  Д.Нұрпейісова 

атындағы өнер мұражайына кіргенде көзге оттай басылатыны қос 

ішекті домбыра ғой, шіркін. Жәңгір ханға ұлының бақұл болғанын 

естіртіп, иімей тұрған нарды идірген домбыра мен оның асыл үні 

емес пе? Ел мүддесін асырып келеді ғой, асыл аспап. Жақында 

ауданымызға келген атақты күйші Айгүл Үлкенбаева «Домбыра 

мен қазақ егіз ұғым. Домбыра шертпеген адамды қазақ деу қиын» 

деген пікірімен төл өнеріміздің бағасын тағы бір асырды. 

Қайран, Нарын даласы. Санаулы жылдар бұрын Махамбет 

ел  мұңын  мұңдап,  көтеріліске  шығып  еді.  Батыр  бабаларымыз 

соңғы  рет  табан  тіреген  шайқас  даласы  –  Тастөбеге  арнап 

өңірімізде  белгі  орнаттық.  Бұл  ескерткішке  шайқасқа  қатысып 

шейіт  болған  бабаларымыздың  аты-жөнін,  руын  жаздық. 

Махамбет бабамыз: «Екі тарлан бөрі едік» деп жырлағанындай 

көне  түркінің  символына  айналған  бөріні  орнаттық.  Әрине,  сан 

ғасырды  көріп,  бәріне  куә  боп  жатқан  даламыздан  да,  аталы 

сөзіне тәнті қылған бабамыздан да, бас идірген өнерімізден де 

айтар  нәрсе  көп-ақ.  Менің  «топан  қып  төкпелетіп»  шыққаным 

мәдениетімізді паш етіп тұрған ауданымыздағы мәдени мұралары 

ғана. Мұндағы айтпағым – бұл күндері ұлыларымыз ұлықталып, 

салт-дәстүр айқын ғұрыпталып жүр. Жік-жікке бөліну жоқ бізде. 

Мәңгілік  ел  болуға  мойын  бұрып,  арындап  келеміз.  Халқымыз 

көрші елдермен де, әлемнің түкпір-түкпіріндегі мемлекеттермен 

де  достық  қарым-қатынаста.  Біздің  өнер  жұлдыздарымыз 

өнерлерін достықтың арқауы етті. Оның дәлелі қазақтың атақты 

актері, Кеңес Одағының халық әртісі Асанәлі Әшімов «Достастық 

жұлдыздары» атағына ие болды. Асанәлі Әшімов: «көрші болған 

соң, тату тұру керек» деп ағынан жарылған еді сонда.

Соңғы жылдары елімізде «Бейбітшілік пен келісім» жобасы 

жүзеге аса бастады. Бұл ел мен елді, жер мен жерді біріктірген 

жоба  болды.  Осы  жоба  арқылы  көрші  елдер  арасындағы,  ел 

ішіндегі аймақтар арасындағы достастығымыз нығайды.

Сондай-ақ Алматыда «Төлтума мәдениет -2014» фестивалі 

басталғаны  белгілі.  ТМД  мемкелеттерінің  мәдениетіне 

тоқталатын  бұл  шара  «Достастық  елдерінің  мәдени  астанасы» 

мемлекетаралық  бағдарламасының  жалғасы  болмақ.  Әр  түрлі 

ұлт  өкілдері  өз  өнерлерін  ортаға  салып,  көпшілікті  тәнті  етуде. 

Қазақстанның да әлем аспанында самғап шырқар әні де, күйі де 

бар.  Күмбірлеген  домбыра  даусын  естіп,  өзге  мемлекеттердің 

таңдай  қағып  таңданары  хақ.  Біз  мәдениетіміз  арқылы 

бейбітшіліктің есігін қағып, өсіп-өркендей береміз. Мәдениетімізді 

дәріптеп,  жаңғырта  бермекпіз.  Себебі,  мәдениет  –  достастық 

негізі. 

Мәрлен ҒИЛЫМХАНОВ

Жаңақала ауданы

Сарайшық! Салтанаты асқан, мейманасы тасқан шырайлы 

шаһар. Туған халқының өткеніне бейжай қарамайтын әрбір қазақ 

үшін бұл қала өзінің тағылымды тарихымен, өрелі өркениетімен, 

сәнді  сәулетімен  бағалы,  талай  марқасқа  хандар  мен  апайтөс 

батырлардың  тұлпарының  тұяғының  дүбірі  тиюімен  қастерлі. 

Киелі  өлкенің  қасиетіне  тәу  етіп,  көне  қаланы  бір  көрсек  деген 

тілегіміз  қабыл болып, жақында Сарайшық қаласына табанымыз 

тиді.


Біз  Орал  қаласы,  Тасқала  ауданы  «Сәулет»  мектеп  - 

лицейінің    10-сынып  оқушылары  және  тарих  пәнінің  мұғалімі  

Шапиков  Нұрболат  Мәселұлымен,  ата-ана  Тәттіғұлов  Ержан 

Сансызбайұлымен  3-4 маусым аралығында Атырау қаласының 

дәл  іргесінен  орын  тепкен  Махамбет  ауданының  аумағынан 

табылған ежелгі Сарайшық қаласы Қазақстанның көне тарихынан 

сыр шертетін бірегей мұрасына саяхат жасадық. 

X-XI  ғасырларда  ірге  тасы  қаланған  Сарайшық  қаласына 

жол  тартуымыздың  мақсаты:  Сарайшық  қаласы  туралы  білімді 

жинақтау,  патриоттық  сезімге  баулу,  өз  елінің  мәдени  тарихи 

ескерткіштеріне құрмет көрсету. Мұражай директоры Бердімұратов 

Молдаш  Сарсенғалиұлының  бізді  ерекше  ілтипатпен  қарсы 

алып, мәдени елді мекенінің тарихымен таныстырды. Мұражай 

1999  жылы  Иманғали  Тасмағамбетов  Атырау  облысына  әкім 

болып  тұрған  уақытында  салдыртты.  Құрылыс  сол  жылдың 

мамыр  айында  басталып  төрт  айда  аяқталған.  Мұражай  мен 

ескерткіштің  ашылуына  Елбасының  өзі  қатысқан.  Әуелі  көзге 

түсетін ауқымды ескерткіш. Биіктігі 17 метрге жететін ескерткіш 

ішіне  Сарайшықта  жерленген  жеті  ханға  арнап  құлпытастар 

қойылған.  Қара  мәрмәрға  хандардың  аттары  мен  билік  құрған 

жылдары жазылыпты.

Сарайшық  -  қазақ  даласындағы  ең  көне  тарихи  орын. 

Бұл  жерде  кезінде  үш  жүзге  толықтай  мойындалған  12  әулие 

жерленген.  Кезінде  Сарайшықта  жүзден  аса  хан  билік  құрған,-

дейді  Молдаш  ақсақал.  Қаланы  Шыңғыс  ханның  немересі, 

Жошының  баласы  Бату  хан  салдырғаны  туралы  Әбілғазы  хан 

шежіресінде  мол  дерек  келтіріледі.  Өз  ғасырында  әлемге  өз 

көркімен  танылған  қала  әрқашан  да  дүние  жүзіндегі  елдердің 

көзінің жауын алған. Ғалымдардың айтуы бойынша Еуропаның 

көзі  париж  болса,  Шығыс  Азиянікі  Сарайшық  делінген.  Осыдан 

Сарайшық  сол  замандағы  әлемге  танылған  аса  көрікті  де  бай 

қала  болғанына  көзімізді  жеткіздік.  Келген  жанды  тебірентпей, 

табандырмай жібермейтін сәні мен салтанаты келіскен сәулетті 

қаланы 1580 жылы орыстың патшасы Иван Грозный казактарды 

жіберіп қираттырған.

Мұражай  ішін  аралап  болған  соң,  Сарайшық  қаласының 

тарихи орнына бардық. Жайықтың асау толқындары қаланың бір 

бөлігін шайып кеткен. Бір кездері бұл жерде салтанатты шаһар 

болды дегенге сеңгің келмейді. Молдаш Бердімұратов жыл өткен 

сайын  қаланың  Жайыққа  жұтылып  бара  жатқаның  айтты.  Егер 

өзен  суына  бекініс  орнатпаса,  қаланың  су  астында  қалу  қаупі 

жоғары.  Бір  дәуірде  Бағдаттан  кейін  әсем  қала  атанып,  атағы 

әлемге  жайылған  Сарайшықтың  қазіргі  келбеті  осындай.  Егер 

тиісті  орындардан  жәрдем  болмаса,  бір  жылдары  бұл  тарихи 

орыннан  айырылып  қалуымыз  әбден  мүмкін.  Ал,  ол  -  қазақ 

мемлекетінің тұңғыш астанасы еді ғой. 

Сапар  барысында  біздің  жол  қауіпсіздігімізді  қамтамасыз 

еткен  БҚО  МАИ  қызметкерлеріне  және  Тасқала  аудандық  ІІБ 

басшылығына алғысымызды білдіреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет