Жанат ЕРЛАНҚЫЗЫ
Ғ.Махамбетов ОЖББМ-нің тәлімгері
Ақжайық ауданы
Жайдарлы-жаз
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды
мәселенің бірі болып саналады. Жазғы демалыс балалардың жылдық бос
уақытының айтарлықтай бөлігін
алады.Ол мектептегі сабақтан
гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін
қызықты істерді жасау және өз
мүдделерінің еркін дамуы үшін
қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.
Балалар да, үлендер де жылы күндерді аңсап күтеді.Балалар
жақсылап тыңыққысы келеді, ал ата-аналар алдында ұзақ оқудан , қиын
емтиханнан шаршаған баласының демалысын қалай ұйымдастыру керек
дәстүрлі сұрақ көлденендейді ?
Жыл сайын біздің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін
орта мектебінің жанынан «Күншуақ» күндізгі –демалыс лагері жұмыс
жасайды.1-7 сыныптар арасындағы оқушылар үшін белсенді демалып,
денсаулықтарын қалпына келтіреді. «Күншуақ» демалыс лагерібелсенді
демалыс айғағы, лагерде кез-келген бала өзін-өзі көрсете білудің жоғарғы деңгейіне жақындау мүмкіндігін береді.
Осы бағытта тәрбиешілер әр түрлі жұмыс түрлерін қызықтырып, көңілді ұйымдастырып отырады. Концертке ,спорт
жарыстарына ,қойылымдарға бару ,қыдыруға ,саяхатқа шығу да баланың көңілкөтеруіне ықпал жасайды.Әр түрлі
бағыттағы іс-шаралардың бірі мектепішілік «Жас ұлан» өзін-өзі басқару лагерінің тәрбиеленушілерімен ұйымдастырған
экспромтеатр жоғары деңгейде өткізілді. «Жас ұлан» өзін-өзі басқару
лагерінің тәрбиеленушілері көңілді де, тартымды мағыналы да, мәңді,
сахналық шеберліктерін сауатты жүргізіп, «Күншуақ» демалыс лагерінің
тәрбиеленушілерін қызықтырып ертегілер еліне баули білді.
Алдағы күндерде «Күншуақ» демалыс лагерінің жұмыс бағыттарының
түрлендіріліп, тәрбиеленушілердің көңіл –күйін көтеріп, жазғы
демалыстарын тиімді өткізуге көп ықпал етеді.
А.АБЕНОВА
Ы.Алтынсарин атындағы.ЖББОМ-інің
бастауыш сынып мұғалімі
Тасқала ауданы
Жайдарлы жаз-2014
Жаздың жадыраған жайма шуақ күндерін әр бала асыға күтетіні анық. Оқу жылы аяқталып үш ай демалысқа шыққан
балғындардың бірі ата-әжесіне барып демалса, бірі қала өмірін қызықтайды. Балалардың уақытын тиімді пайдалану,
денсаулығын нығайту бағытында «Самал» мектеп жанындағы демалыс лагері жұмыс істеуде. Лагер меңгерушісі
Гүлсім Аманжолқызы өз міндетін жетік білсе, әр тәрбиеленушінің ішкі-жан дүниесін жақсы түсінетін тәрбиеші Рая
Айбасқызы көптеген шаралар өткізуде.
Атап айтсақ, 1маусым балаларды қорғау күні, лагер ашылуы, лагер аруы т.б мерекелер ұйымдастырылды.
«Үздік бригада мектеп ауласын және тұрғылықты жерлерді аббаттандыру» акциясы аясында 5-8 сынып оқушылары
көгалдандыру учаскесінде жұмыс істеуде.
Биылғы оқу жылында Орал қаласы «Талап» сауықтыру
лагерінде 6 оқушы аудандық білім беру бөлімінен демалса,
жас туристер станциясындағы «Жас турист» лагерінде,
Бумаколде «Қарашығанақ» шатырлы лагерінде оқушылар
демалысы жоспарлануда. Дені сау, білімді ұрпақ ел байлығы.
Бос уақыттарын ұтымды пайдалана отырып, білімін шыңдауға
жаңа достар табуға септігі тиетін демалыс орталықтарының
бала омірінде алатын орны ерекше. Сондықтан да жайдарлы
жаз демалыс уақытын бар байлығымыз «бала үшін» мәнді де,
сәнді өткізуге ат салысайық!
Арайлым ЖҰБАНҒАЛИҚЫЗЫ
Киров мектебінің тәрбие ісі жөніндегі директордың
орынбасары
Бөрлі ауданы
№№13-14 (197-198) 16.07.2014 ж.
10
Аба
Лагерьде өткен қызықты күндер
Лесқалиев Арнат менің аты. Мен Бөрлі ауданының Кеңтүбек ауылындағы ЖББ
Григорьев орта мектебінің 3 «А» сыныбын бітірдім. Бізде мектепте оқу жылы қызықты өтеді.
Сабақтан тыс жыл сайын, ауданымызда білім беру бөлімінің әдіскері С.Қарағойшиеваның
ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасында түрлі «Жас математик», «Менің
суретім сөйлейді», «Ойнайық та, ойлайық», ғылыми жоба қорғау сайыстары болады.
Биылғы оқу жылы мен үшін ерекше жыл болды. «Дарын» қосымша білім беру орталығының
ұйымдастыруымен жылда өтетін «Зерде» интеллектуалдық марафонына қатысып, облыстық
«Дарын» лагеріне шақыру алып демалып келдім. Лагерьде қызықты болды. Онда бізді таңғы
7-де тұрғызады. Жаттығу жасатады, би билетеді. Бізді: «Галактика» ойын-сауық кешеніне,
Қазақ драма театрына, кинотеатрға, бассейнге апарды. Маған «Галактикаға» барған кезім
ұнады. Одан басқа лагерьде тәрбиешілеріміз бізге КТК, «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Жігіт
сұлтаны» сайыстарын жәнеде басқа топтық сайыстар өткізіп тұрды. Біз бөлмеде 5 бала
жаттық. Олар: Алихан, Бейбарыс, Абай, Аңсар. Мен лагерьдегі басқа да ауданнан келген
балалармен дос болып алдым. Кетерде лагерьмен, достарыммен қимай қоштастым.
Лагерьде өткізген қызықты күндерім үшін тәрбиешілеріме, «Дарын» қосымша білім беру
орталығының әкімшілігіне, Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің әдіскері С.Н.Қарағойшиева
апайға, мені апарып, алып келген сынып жетекшім Г.Кустанаеваға алғысым шексіз. «Дарын»
лагері маған қатты ұнады. Қуанышымда шек жоқ! Тағы да барғым келеді....
Арнат ЛЕСҚАЛИЕВ
Бөрлі ауданы, КММ «Григорьев ЖОББМ-нің
3 «А» сынып оқушысы
Балалардың арман аралы – Балдәурен
Осыдан екі ай бұрын «Жері – жәннат, көлі – күміс Бурабайдың» төрінде орналасқан
Республикалық оқу-сауықтыру орталығы «Балдәурен» демалыс орнына демалуға барған
болатынмын. Орал қаласынан 15 оқушы, оның ішінде Көпжасар ауылынан 3 оқушы бардық.
Бізді 10 топқа бөлді. Мен 3 топта болдым. Әр топтың ұйымдастырушы ұстаздары болды.
Менің ұстаздарым – Мерген, Зарина, Назерке сынды аға-әпкелер болды.
Мен онда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балалармен таныстым. Солардың
ішінде өзіме жақын тартқан достарым – Түркістандық Әділова Асыл, Алматылық Дәуітова
Дания болды. Негізі бұл бес ауысым «Шеберлік пен шығармашылық академиясының»
қолдауымен өтті. Сол себепті мастер класс, шеберлік үйірмелері өткізілді. Ашылу, білім
сайысы, жабылу сияқты шаралар өтті. Ол жерде уақытым еш кетпеді. Мысалы, сағат 9:00-де
сабақ оқытылады. Ал кейін тыныштық сәті ұйымдастырылады. Балаларға қызықты болуы
үшін әр күнге «День смайлики», «День наворот», «День очкарис», «Animals day» сияқты
тақырыптар қойылды. Дене шынықтыру пәні кезінде бассейнге түсіп, тенис, тоғызқұмалақ,
шахмат ойындарын ойнадық. Ең қызығы біз Оқжетпес,Жұмбақтас, Стелла, Абылай ханның
тағын өз көзімізбен көрдік. Осылай 20 күніміз қызыққа толы өтті. Мен Балдәуренге барғаныма
өте қуаныштымын. Себебі, домбырадан куәлік, шашкадан 1 орын, мастер класстан
сертификат, «Минута славы самая стильная» атағын иемдендім. Сол үшін ұстаздарыма, ата-
анама алғысым шексіз.
Ұлпан ҚҰРМАНҒАЗИЕВА
Д.Нұрпейісова атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы
«Қаламұш» үйірмесінің мүшесі. Көпжасар ауылы, Жаңақала ауданы
«Рахмет,
Балдәурен»
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы
жанынан ашылған «Балдәурен» жазғы тынығу
лагері маусым айының 2-cінен бастап 27-сіне дейін
екі мауысымда жұмыс істеді. Лагерге бастауыш
сынып бойынша барлығы 180 оқушы тартылды.
Мақсаты: балалардың жазғы тынығу уақытын тиімді
әрі қызықты ұйымдастыру болды.
Оның ішінде
әлеуметтік отбасылық жағдайы бойынша тегін 12
оқушы қамтылды .Тамақтанбайтын 4 сыныптар
бойынша 10 оқушы қатынасты. Лагердің ашылу
салтанаты «Бала деген бір бақыт!» атты мерекелік
шара түрінде ата-аналармен бірлесе отырып
өтті . Балалардың ауысымды қызықты да көңілді
өткізу үшін бағдарлама бойынша түрлі мерекелік
шаралар, ойындар, концерттік бағдарламалар
ұйымдастырылды. Лагерде: Достау,танысу күні,
Рәміздер күні, Инетеллектуалдық күн, Күштілер,
батылдар күні, Әншілер күні, Суретшілер күні,
Ертегі күні, Арулар күні, Сұлтандар күні, Естен
кетпес тамаша күндер ауысымның әр күнін
қызыққа толтырды. Ауысымның әр таңы «
Таза ауамен доспыз » таңертенгі жаттығуымен
басталып, жалпыға бірдей
ашылған
күннен
бастап
ұйымдастырылған флэшмоб
биі
ауысымның
қызықты
биіне
айналды.
Ертегілер
күні
өткен
«Айдаһардың
құйрығы » ойыны ертегі кейіпкері ретінде өздерін
сезінгендіктен қызығымен балалардың есінде
қалды . Әрбір күннің соңында, балалар өзіне
қандай пайда алғандығы және бүгінгі күнін қалай
өткізгендігі жайлы ой бөлісті. Әр күні өткен тәрбие
шарасының қорытындысы бойынша тынығушы
балалар марапатталып отырды. Балалар үшін ең
қызықты күн Сүйікті қала күні болған. Бұл күні туған
қаласының тартымды жерлеріне топсаяхатқа
шығып, субұрқақ жанында демалып келгесін топ
болып «Біздің болашақ қала» атты
шығармашылық жоба қорғады.
Балалар бар қиялындағы және
ойындағы өз қаласын ұжым
болыпшығармашылық
жүмыс
жасап, ойларын ашық баяндап
берді.
Тарихи-патриоттық
«М.Мәметова»,
«Облыстық
өлкетану»,« Қалалық өрттен
қорғау орталығы» мұражайлары
мен
«Жас
натуралистер»
зообағы, табиғи-экологиялық
саяхаттар,
саябаққа
бару
«Балдәурен» лагерінде тынығушы балалар
өміріндегі тәрбиелік бағыты бойынша ең
маңызды ұмытылмас шаралардың бірі болды.
Лагердің шығармашылық қорытындысы ретінде
«Рахмет,Балдәурен!» атты музыкалық-ойын
сауық бағдарламасы ұйымдастырылып балалар
«Балдәурен» лагерімен қимастықпен қоштасты.
Б.БЕКЕНОВА
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-
гимназиясының
лагерь басшысы
Көңілді лагерь
Міне,көптен күткен жаз мезгілі де келіп
жетті. Әсіресе біз сияқт ы балалар үшін
жаздың алар орны ерекше. Оқу жылын
аяқтап,жазғы демалысқа шығатын уақыт.Осы
жазғы-демалысты көңілді өткізу мақсатында
мектебімізде
«Айгөлек»жазғы-демалыс
лагері
ұйымдастырылды.Осы
лагердің
2-кезеңінде демалу бақыты бізге дебұйырды.
Лагерь алғашқы күннен бастап,қызықты
ұйымдастырылды. Лагерге он жеті оқушы қатысып,екі топқа бөліндік. Тобымызды
«Қызғалдақ» және «Жасұлан»деп атадық.Біздің тәлімгерлеріміз бастауыш сынып
мұғалімдері М.Мұхамбетжанқызы мен Н.Фатихқызы және дене шынықтыру пәні
мұғалімі Е.Мұратұлы болды.
Лагердің алғашқы күні бой жазу жаттығуларынан кейін, Назым апай бізге
«лагердегі қауіпсіздік ережелерін»танысытырудан бастаса,Меңдігүл апай бізді топқа
бөліп, топтың ұраны мен әнін жаттатты.
Сөйтіп лагерь өз жалғасын тапты.Лагерь
әртүрлі тренингтерден басталды. Ерназар
ағай «Көңілді старт» ойынын оздырды.
Шара әртүрлі қызықты сайыстардан тұрды.
Біздер үлкен қызығушылықпен қатыстық.
Сонымен қатар, Он күн ішінде «Жүзден
жүйрік...»интелектуалдық сайысы, «Ән-
көңілдің ажары»концерттік бағдарлама,
«Мың бір сұрақ»тапқырлық сайысы,
«Ұшқыр ой мен шешен тіл»мақал-мәтелдер
мен жұмбақтар жарысы, «Лагерь аруы
»мен «Лагерь сұлтаны»оздырылды.Әрбір
сайыс сайын оқушылар немесе топтар алғыс хаттармен марапатталынды. Бізге
әсіресе «Лагерь аруы»өте ұнады.Ал ұлдарға «Лагерь сұлтаны»ұнады. Себебі онда
ұлдардың асық ату арқылы мергендіктері,білек күштері мен білімдері сыналды.
Осы сайыстарда «Лагерь аруы» болып 4-сынып оқушысы А.Тлекқабылова танылса,
«Лагерь сұлтаны»5-сынып оқушысы Е,Ибраимов болды.Ал қалған оқушылар түрлі
номинациялармен марапатталды.Бос уақытымызда ойындар ойнап, теледидар
тамашалап,мультфильмдер көрдік. «Қауырсын қалам»үйірмесінің жетекшісі Назым
апай бізге әртүрлі тақырыпта өлең шығартып,лагерден алған әсерімізді қағаз бетіне
түсіртті.Лагердің соңғы күні балалар бір-бірімізге ашық хаттар жасап, ақ тілегімізді
жолдап,шағын банкетке отырып,тарастық.Банкетте апайларымыз біздің он күн бойғы
тәтті қылықтарымызды ескеріп, «Лагерден естелік» деп аталатын парақша таратты.
Онда біздің қылықтарымыз өлең жолдарымен көрсетілген.Мысалы: «Лагердегі көзін
ашып ұйықтайтын ару» немесе «Ұйқысыратын ару» , «Лагердің үндемейтін тентегі»,
«Лагер еркесі» т.б қызықты номинациялар берілген.Біздің мектебімізде лагерь
осылай өтті.Лагерді жоғарғы дәрежеде ұйымдастырған апайларымызға алғысымыз
шексіз.Апайларымызға да жазғы демалыстарын сәтті өткізуге тілектеспіз.
Лагерде демалушы бір топ оқушылар атынан
г.ҚАПИТОВА,А.ИБРАЙМОВА, А.СЕРІКОВА
Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің оқушылары
Казталов ауданы
Жаз айының он төрті
мен он жетісі аралығында
аудандық
туристік-өлкетану
бағытындағы үш күндік
шатырлы лагерде жетекшіміз
Елдос
Әліпқалиевтың
жетекшілігімен
демалып
қайттым. Екі мектептен бір
лагерде он оқушы болса да,
бір үйдің балаларындай тату
да ұйымшыл бола білдік. «Мың
қосшыға бір басшы» - демекші,
он оқушы түсіністігімізбен
татулығымыздың арқасында
жетекшімізге бір кісідей бағына
біліп, бүкіл тапсырмаларды тез, әрі ұқыпты орындадық. Бұл
жазғы шатырлы демалыс лагері болса да, біздер, болашақ
туристтер өз бетімізбен тамақ пісіруге дағдыланып, таңмен
ерте тұрып өз бетімізбен таңғы жаттығуларды жасап, отын
тасып, от жағып, «Тазалық денсаулық кепілі» - демекші
шатырымызды күніне екі рет тазалап тұрдық. Бос уақытымызды
тиімді пайдалану үшін лагерді ұйымдастырушылар футбол
алаңын дайындап, сонымен қатар үстел теннисін де құрып
берді. Әрі түстен кейін лагер жанындағы су тоғанына барып,
суға шомылып, қайықпен серуендедік және «Жас балаға
үлгілі іс пен ақыл көп керек» - дегендей жетекшіміз Елдос
ағай мен
шатырлы лагерде әр күннің күнтәртібін таныстыратын
нұсқаушы Мерлан ағай суға түскен кездегі сақтық шараларын,
суға батқан адамдарды құтқару жолдарын, судан шыққаннан
кейінгі алғашқы көмектерді көрсетіп, үйретті. Демалысымыздың
соңғы күні кеште шатырлы лагер мен аудандық «Балдәурен»
туритік-өлкетану лагерінің ұйымдастыруымен «Лагерь аруы-
2014» пен «Жігіт сұлтаны» сайысы оздырылып, жүлдегерлер
д и п л о м д а р м е н ,
с ы й л ы қ т а р м е н
марапатталды. Ең
соңғы күні бәріміз
лагерь
жанын
қ о қ ы с т а р д а н
т а з а р т ы п ,
к е р е м е т т е й
т а б и ғ ат ы м ы зд ы ң
таза
болуына
титтейде
болса
өз үлестерімізді
қосып, лагерімізбен,
достарымызбен
қимай-қимай
қоштастық.
Жазғы
демалысымызды жадыратар осындай лагерьлер көп бола
берсін деймін.
Төрехан НӘСИЕВ
Самал» газетінің жас тілшісі
Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы
Ең керемет демалыс
№№13-14 (197-198) 16.07.2014 ж.
12
Біздің мектеп-
гимназиямызда «Балдәурен»
жазғы тынығу лашгері биыл
өте қызықты күндерімен
менің есімде қалды. Әсіресе,
әр күнін таңғы флеш-моб
жаттығуы мен ұйқымызды ашып, түрлі саяхаттар мен ойын-сауық шаралары мені
қызықтырды. Соның ішінде « Озық ойлы оқушы» атты өзім «Достық» тобыммен
қатынасқан интеллектуалдық сайыс. Мұнда логикалық тапсырмалары мен түрлі
ойындары бізді топ болып қызыға жұмылып жұмыс жасауға үйретті. Сайыс арасында
тапсырмалардың ішінен «Сыйлық қоржыны» ашылып бізге түрлі сыйлықтарда
берілді. Барлық балалар қызыға қатынасып, белсенді болып дипоммен марапатталдық
Сонымен қатар, мен өзіме жақсы достар
тапқаныма және туған қаламның түрлі тарихи
мұражайларына барып, қала көшелерінедегі
субұрқағында
,саябақтарда
демалғаныма
қуаныштымын. «Балдәурен» лагері келесі жылы
да жалғасын тапса, мен тағы да тынығуға келер
едім. Қош бол, Балдәурендегі қызықты күндер!
Бақсиық Мирас Маратұлы
А.Тайманов атындағы
№34 мектеп-гимназиясының
3 «в» сынып оқушысы
Ертеде бір қара тауық болады.
Ол балапан басып шығарыпты.
Балапандарының
ішінде
тауық
балапандарына
ұқсамайтын
бір
балапан болыпты. Ол үйректің
жұмыртқасынан шыққан қоңыр балапан болатын. Қара
тауық балапандарын ертіп серуенге шыққанда қоңыр
балапан оңаша қалып қоя береді екен.Оны басқа
балапандардың бәрі жек көріпті. Бәрі шұқып, жабылып
жәбірлейді. «Қисық мойынсың, ұсқының жаман, біз сияқты
жүре алмайсың, бізбен бірге жүрме», - дейді екен. Ал қара
тауық көрсе арашалап жүріпті.
Бірде бұлардың қорлығына шыдамаған қоңыр балапан
олардан бөлініп, басы ауған жаққа жүре беріпті. Бір кезде
алдынан үйшік көрінеді. Үйшік ішінен басы үлкен,құлағы
салпиған ала күшік шығады. Мұны көрген балапан қорқып
кетеді. Күшік жерге жатады, керіледі, созылады, содан соң
қоңыр балапанды көріп:
- Әй, балапан сен қайдан жүрсің? - деп сұрайды.
Гүрілдеген даусы балапанға қорқынышты естілді.
Дірілдеп, аузына сөз түспей, тауықтың балапандарынан
көрген жәбірін айта берді.
- Өзің кішкентайсың, қалай жан сақтап күн көресің,
ит-құсқа жем болып кетесің ғой,-деп күшік аяп басын
шайқады.
- Өзім не істерімді білмей қорқып жүрмін, -дейді қоңыр
балапан.
- Үйшікке кіріп, деміңді алып тынық.Мен туыстарыңды
іздеп келейін.Бір жаққа кетіп қалма,-деді де, өзі жорта
жөнелді.
Балапан қарны ашып, шөлдейді. Үйшіктен басын
шығарып қараса есіктің алдыңда мысықтың баласы
жүр екен.
- Әй, мысық, бері кел,-деп шақырады.
- Бара алмаймын, күшіктен қорқамын. Ол жауыз. Ана
жолы мені талай жаздаған. Ол сені де көрсе жеп қояды,
қаш,-дейді.
- Ала күшік ондай емес,-деп үлгергенше балапан,
күшік те келеді де, мысықты қуа жөнеледі.
- Неге оны қуасың?
- Мысықтар жалқау,ұрлықшы, арамтамақ, ондайларды
жек көрем,-деді күшік.
- Жүр, соңымнан ер,-деп балапанның алдына түсіп
жүріп кетті. Балапанды өзенге алып келеді. Өзеннен
балапандары мен үйрек көрінеді. Қоңыр балапан жүгіріп
өзен жиегіне жетті де, күшікке бір қарап алды да, өзенге
қойып кетті. Үйрекке жеткен кезде жағада тұрған күшікке:
- Көп рахмет,-деп айқай салады.
Сөйтіп,балапан өз туыстарын күшіктің көмегімен
табылады
Ақ-Баян СҮЙЕУҒАЛИ
Бітік ЖОББМБ-ның 4 сынып оқушысы
Қабыршақты ауылы, Ақжайық ауданы
Мақсаттың арманы
(ертегі)
Ме
Қоңыр балапан мен
қоңыр күшік
Газет ҚР Мәдениет және Ақпарат
министрлігінде тіркеліп, 26.11.2008 ж
№ 9661 – Г куәлігі берілген
Индексі: 65771
Газет айына екі рет шығады
Таралым 2 500 дана
Меншік иесі: ЖК Сүндетов Ж.К.
Бас редактор:
Сүндетов Жұмажан Қадимұлы
Ұялы тел: 8-701-687-58-86
Газет ЖШС
«
Полиграфсервис
»
баспаханасында басылады.
Орал қаласы, Л.Толстой көшесі 27/1
Тел.: 51-41-99
Редакция мекен-жайы:
Орал қаласы, пр. Евразия
89/79, Факс: 26-93-62
samal-gazets@mail.ru
№№13-14
16.07.2014 ж
.
12
Самал сенің газетің
Қиып алып,
сақтап қойыңыз
Лагердегі
қызықты күндер
Ертеде Мақсат деген
еңбекқор жігіт болыпты.
Мақсаттың ата-бабалары
Қытайда тұрған екен. Бір
күні әкесі арып ашып,
ұрпағы
тозатын
халге
жеткен соң үш ұлын қасына
жинап, «сендерге мұра етіп
қалдыратын да артымда
ештеңем жоқ, сендер ді өсірдім, бақтым, қақтым қанша
қиындық көрсемде жылатпадым, енді менің көзімнің
тірісінде өздеріңе жайлы өмір сүре алатындай мекен
іздеп табыңдар,өзім қартайдым, өлсем қастарыңа
жерлеңдер» дейді.Өз туған мекенінен алыста жүрген
Мақсат әкесінің тілін алып ағаларын ертіп жайлы,
ұрпағының қамы үшін жақсы жерге қоныс аударуды
жөн санап, ел кезіпті. Келе жатып жалпақ даланың
көз тартар сұлулығымен бірге, әсем шаһарға кезігіпті.
Шаһардың сырты айнала ғажайып бақпен көмкерілген,
сән-салтанатты киінген халқы да сондай жылы көрінді.
Жаздың жауһазын гүліндей құлпырып әдемі киінген
балалардан «балам бұл қандай шаһар?, біз қай жерге
келдік?» деп жөн сұрапты. Жүзі жадыраған, бақытты
балалардың бірі: «Бұл –Астана деген шаһар, аға! ».
Қазақ деген ұлттардың тұратын мекені!. Мақсат«Қазақ»
деген сөзді естігенде жылап жіберіпті. Әкесі айтқандай,
«Өзімнің түп тамырым-Қазағым, саған да жететін
уақыт болады екен ғой, арманым жоқ, әкемнің соңғы
өтініші қабыл болатын болды ғой» деп қатты қуаныпты.
Жайлап аяңдап шаһарға беттеп кірген Мақсат құдды
бір жұмаққа кіргендей таңқалғаны сонша орнынан
қозғалмай қалыпты.
Бұл 2002 жылдың 29 тамызы болатын. Сол
күні зәулім монументтің ашылу салтанатының куәсі
болыпты. Самұрық құс алтын жұмыртқа салған алып
ағашты көрген Мақсат Астананың қызығына тоймай
Қытайды ұмытып біраз жүріп алыпты. Әсем табиғатпен
көмкерілген саябақтар, көз тартатын зәулім ғимараттарды
көріп таң қалыпты. Тез еліне қайтып әкесінің тілегін
орындауға асығыпты. Бұл елдің патшасының көреген,
өз халқына адал, болашағы дұрыс болуы үшін барлық
жағдайды жасап жатыр дегенді естіп, қатты қызығып
арманын орындапты. Мақсат әкесін өз туған мекенінің
топырағына әкеліп сағынышын басыпты. Мақсат
отбасының келешегі үшін игілікті іс жасап арманына
жетіпті. Қазір ол келешегі кемел Астананың азаматы.
Венера ҚАРАСАЙ
№6 ЖОББМ-нің 2-сынып оқушысы
Ақсай қаласы Бөрлі ауданы
Жанел НАРИМАНОВА
ЖЖОББ-нің 1б сынып оқушысы
Жаңақала ауданы,
Жаңақала ауылы
ИСЛАМ
СҰПЫҒАЛИ
ЖЖОББМ-нің оқушысы
Жаңақала ауылы, Жаңақала ауданы