ҚАРШЫҒА –ҚАЛҚАН
Көңілінен шықтық
біз көп баланың
Ақжайық ауданының білім бөліміне жазғы каникул
кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын
және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында
биыл
жергілікті бюджеттен жалпы 7 183 760 теңге қаражат
бөлінді.
Ауданымызда 1-10 сыныптарда
барлығы 6152
оқушыны 100 пайыз жазғы демалыспен қамту
жоспарланды. Ауданда «Ақ шағала», «Атамекен», «Жас
қыран» сауықтыру, «Жас қыран» шатырлы және 38 мектеп
жанындағы тамақтануы ұйымдастырылған лагерьлер жұмыс
жасайды.
Маусым айында барлығы 3983 оқушы жазғы
демалыспен қамтылды. Облыстық «Дарын» қосымша
білім орталығында ұйымдастырылған облыстық балалар
қозғалысы жас көшбасшыларының «Келешек-2014» және
«Үздіктер форумы» жазғы ауысымдарына ауданнан сегіз
оқушы жолданып, демалып қайтты.
Қ.Байсықов атындағы ОЖББМ-нің мектеп жанындағы
лагерьдің бірінші кезеңінде демалушы балалар ата-
аналарының қаражаты есебінен Орал қаласындағы
тарихи-өлкетану мұражайларына, М.Мәметоваға арналған
мұражайға, балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық
экологиялық және жануарларды қорғау паркіне, «Киров»
атындағы саябаққа біркүндік саяхатқа барып қайтты.
Ж.Молдағалиев атындағы ОЖББМ-нің оқушылары
Сырым ауданы Жымпиты ауылындағы «Алаш» мұражайына
саяхаттап
қайтты.
Оқушылардың
тарихи-өлкетану
мұражайларынан білгендері көп болды. Қадыр Мырза Әлі
атындағы мектептің тыныс-тіршілігімен де толық танысып,
«Қадыр сыныбында» да болды. Балалардың саяхаттан алған
әсерлері ұшан-теңіз.
Жоғары
класс
оқушыларының
қатысуымен
ауданымыздың екі мектебінде, атап айтсақ, Алмалы және
Ғ.Махамбетов атындағы орта мектептерінде өндірістік
бригадалар, қалған мектептерде (судың болуына қарай)
мектеп ауласындағы үлескелер жұмыс жасауда.«Атамекен»,
«Ақ шағала», «Жас қыран» сауықтыру, «Жас қыран» шатырлы
лагерьлері «Балалар қорғау» күні, мектеп жанындағы
лагерьлер 2 маусым күні білім бөлімі қызметкерлерінің
қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Барлық лагерьлерде
бірінші кезекте әлеуметтік қорғалмаған отбасы балалары,
аудандық КТІЖ есебіндегі, мектепішілік бақылаудағы,
ішкі істер бөлімінде есепте тұрған қолайсыз отбасы
балалары қамтылды. Абай атындағы және Тайпақ мектеп-
гимназиясының 10 класс оқушыларына мектеп жанындағы
лагерьде пәндік ауысым ұйымдастырылды, бұл ауысым
оқушыларды демалтумен қатар таңдаған бағдары бойынша
ҰБТ-ға дайындық ретінде өткізілді. «Жас ұлан» ұйымының
мүшелеріне кезең ұйымдастырылып, оған облыстық «Өркен»
қосымша білім беру орталығының қосымша білім беру
педагогтары шақырылып, іс-тәжірибе алмасу жоспарлануда.
АБАЙ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-гИМНАЗИЯ
Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай
балалардың Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін
нығайту,рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы
жайлы түсініктерді дамыту, оқушының есте сақтауын
дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру, Отан
сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет
етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп,
құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу
мақсатында «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» атты
интеллектуалдық ойындар өткізілді.
Жазғы демалыс лагерьлері мен қосымша білім беру
орталықтарының оқушылары арасында «Қазақстанның
болашағы нашасыз» атты аудандық суреттер және плакаттар
байқауы өтті. Аудандық байқауда анықталған жеңімпаздар
облыстық байқауға қатысып, суреттер байқауында 1-4
сыныптар бойынша 1 оқушы, 5-9 сыныптар бойынша 1
оқушы І орынды иеленсе, плакаттар байқауында да 2 оқушы
жүлделі І орынға ие болды.
Маусым айында «Дарын» қосымша білім орталығында
Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, облыстық
«Өркен» қосымша білім беру орталығы, облыстық «Жас
өркен» балалар мен жастар ұйымдарының одағы» ЖҚБ
ұйымдастыруымен «Жайық жастары есірткіге қарсы»
облыстық фестиваль оздырылды.
Аталған шараға Орал қаласының, аудандардың жалпы
білім беретін мектептерінен сегіз наркобекет топтары
қатысты. Біздің ауданнан, М.Әуезов атындағы орта жалпы
білім беретін мектебінен наркобекет тобы қатысып,
«Презентация», «Үгіт топ», «Үздік жоба», шығармашылық
үй тапсырмасы барлығы байқау бойынша сынасып, жүлделі
ІІ орынды иеленді. «Жайық жастары есірткіге қарсы» атты
облыстық байқауға қатысушы балаларды дайындап, жүлделі
орын алғандары үшін Қ.Қ.Есеналиева (директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары) мен Б.Е.Серғалиева (әлеуметтік
педагог) облыстық білім басқармасының алғыс хаты және
дипломмен марапатталды. Қорыта айтқанда ауданымыздың
жас балғындары жаздық кезеңдегі демалыстарын көңілдегідей
өткізді деп айтуға толық негіз бар.
Шынар АЛЬСЕЙТОВА
Ақжайық аудандық білім бөлімінің
жетекші маманы
№№13-14 (197-198) 16.07.2014 ж.
6
Мектеп оқушылардың жазғы лагерлердегі жай-күйімен танысуды араға апта салып, редакция алқасы
Ақжайық ауданының Чапаев ауылында жалғастырды. Жиырма төрт орта, он екі негізгі және он төрт
бастауыш мектебі бар ауданның білім бөлімі биыл да балғындардың жазғы демалысын жайлы өткізуді
жоспарлы ойластырыпты.
Келетінімізден хабардар болғандықтан Абай атындағы мектеп-гимназиясында болуды жөн санамадым.
Ал, М.Әуезов орта мектебіне кіргенімде мектеп директорының іс сапарда екенін естіп, жарқырып тұрған жаңа
мектептегі ұжымның сыртқы тазалығын, мектеп ауласындағы гүлзарлардың көз түскен жанның көңіліне қуаныш
сыйлайтынын көріп, онысыз да шаруалары бастан асып жатқан жандарды мазалауды жөн көрдім.
Аудан орталығындағы үш білім ордасының үшеуі де базалық мектеп екенін хабардар едім. Сол үшеудің
бірінің бірегейі №1 Хасанова Дина Хасанқызы басшылық жасайтын білім шаңырағында болып, оқушылар
демалысының жай-күйімен жете танысу үшін мектепке келдім. Іргетасы сонау 1975 жылы қаланған төрт қабатты
ғимарат келбетін жоғалта қоймапты. Көз үйренбеген жанға мектеп ауласындағы субұрқақ пен ұшқыр ойлы
ұстаздары мен оқушылар бірлесе жасап орнатқан төрт түліктің төресі түйе мен қыран құста, әдемілігі әсем
егілген гүлдерде көрген көзге қуаныш ұялатады. Құдды бір, сәулет мектебі дерсің.
Мектеп басшысы Дина Хасанқызы мектеп жанындағы «Балдәурен» лагерінің қазір толыққанды жұмыс жасап
тұрғанынан хабардар етіп, әріптестерінің оқушыларға әр күндерінің көңілді өткізуге барынша назарда ұстап
отырғанын жеткізді. Лагерде қазірдің өзінде үш жүз қырық екі бала демалып үлгеріпті. Қай ауысымда болмасын
демалушыларға мәдени-спортық шаралар кеңінен жүргізілген. «Ел рәміздері», Астана күніне орай өткізілген
шараларда айшықты көрінеді. Жалпы мектепте 576 оқушы болса, соның 457-і шілде айының ортасына дейін
қамтылады деп отыр. Тұрмысы төмен, қамқорлыққа зәру, қиын балалар да мектеп ұжымының назарынан тыс
қалмаған. Оны біз лагерде демалушыларды аралай жүріп байқадық. Өздерін толыққанды жан сезініп, қоғам
мен қоршаған ортаға керек екендіктеріне сеніп, жанарларына қуаныш ойнатқан балғындар мектептің спорт
кешенінде жаттықтырушы апайы Б. Сүндетованың және тоғыз құмалақ, шахмат дойбы үйірмесінің жетекшісі
Е. Қапездің ұйымдастыруымен сайыс көрігін қыздырып жатыр екен. Мектептің ауласындағы футбол алаңында
да екі команда өзара жолдастық кездесу өткізіп жатты.
Қ. Жұмағазиев тәлім беретін жас аяқ допшыларына журналистің келгенін гөрі қақпаға доп жібермеу
маңызды екенін ойындарынан ұқтым. Көп мектептің тәжірибесінде жоқ ұлттық асық ойынының аталмыш
мектепте жанданып, оқушылардың қызығушлығын арттыруы Ерсайын Қуанышұлындай елдікті сүйген азаматтың
ауыл баласының асығын ұмытпағаны абыройлы іс, көңілім бір көтеріліп қалды. Лагерь басшысы Е.Нағибов,
орынбасары С. Икалиева тәрбиешілер, Б.Қаленова, Г. Қазимова, Г. Қапиева, Н. Жантемірова, Г. Смайылова
және музыка пәнінің жетекшісі С. Рамазанова сынды өз маманының білгірлері әр баланың әр ісін назарда ұстап
отыр,- дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Нұрлыбекқызы.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Зиналиев Мереке Ғатауұлы Тәуелсіз журналистің аудан орталығына іс
сапармен келгенін естіп, өзі іс сапарда болса да орынбасары Бақыт Илиясқызын сапар жалғасқан мектепке
жіберіп, жалпы аудан көлемінде оқушылардың жазғы демалысының жай-күйі жайында Ақпарат бергізуі билік
басындамын деп,-бәлсінбей кеңдік танытқанына шын риза болдым. Азамат жігіттің көрегендігі мен көкжиегінің
кеңдігі болса керек бұл.
Өкініштісі сол, аудан бойынша бала басылымына жазылым жүз данадан артық шықпай отыр. Елу
мектептен бес данадан жазылса да екі жүз оқырманымыз болар еді ғой. Келген мектебімізде газетімізде
оқушыларының шығармалары жарияланып келе жатса да осы жарты жылдықта бес саусаққа жетпейтін
оқырманның жазылғанын айтып отыр. Балаға керекті басылымның кесірі тимесі мәлім ешкімге тек, мектеп
ұжымдары көңілге алып қолдаса болғаны. Бізге үкіметтік бюджеттен Ақпарат құралдарына бөлінетін қаржыдан
“бөтеке” бөліп бермейді. Сенетінімізде, сенерімізде халық. Шүкірлік етіп, ісімізге шүбә келтірмей, тәуелсіздігіне
тәу еткен ұл-қыздарымыздың шығармашылығын газетімізге жариялап келеміз. Әлемдегі жағдайды бақылап
отырсақ, қолдарына автомат алып, болмаса, наша шегіп жүрген балғындар қаншама, оның бетін аулақ қылсын
елімізден.
Қорыта айтқанда мен көргенімді, көкейге түйгенімді қоспасыз жаздым. Дина Хасанқызы басқаратын мектеп
ұжымының шәкірттерінің жазғы демалысын жайландыру жұмысы да көңілден шықты. Түймедейді түйедей
етіп, көрсету қанымда да қасиетімде де жоқ. Ал, мен айтқан басылым жайындағы ескертпе ме, бала газетінің
басшысы болып отырғасын жүрегі ауырып отыр деп ұққайсыздар.
Жұмажан ҚАДИМҰЛЫ
Қазақстан журналистер Одағының мүшесі
«Қош келдің, әдемі жаз»
Жаз айлары- мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін
уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін
күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол
мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының
жалпы физиологиялық, сана – сезімдік,
дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу
кезеңі.
Жаз мезгіліндегі бұл уақыт
балалардың
негізгі
сабақтан,
үйреншікті тіршілік қарекетінен босап,
өзін қызығушылығымен айналысуына
мүмкіндік береді. Сондықтан білім
ошақтары мен ұстаз-тәрбиешілерге
оқушының
бос
уақытын
дұрыс
пайдалануға бағыттаудың, үйретудің
мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-
ой қызыметін тынықтыратын, қарым-
қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп,
ойын барысында балалардың шынығу – шындалу мәселесімен қатар, түрлі
бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.
Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану
мақсатында, олармен түрлі шаралар өткізуде, Ақсай қаласы №6 ЖОББМ
–де «2014 жылдың жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру
демалысын, жұмыспен қамтылуын және бос уақытын ұйымдастырудың
іс-шаралар жоспары» құрылып мектеп оқушыларының 92%-ы еңбек,
демалыс, сауықтырумен қамтылды.
1-4 сынып оқушыларына арналған 4 ауысымдық «Күншуақ» лагерінде
220 оқушы, оның ішінде 40 аз қамтылған отбасы балаларын демалады
деп
жоспарланып,
жұмысын
бастап кетті. Балалар лагерьде екі
мезгіл тегін тамақтанады. Лагерь
жұмысына бастауыш сынып мұғалімі
Б.Қайырғалиев лагерь директоры,
бастауыш
сынып
мұғалімдері
тәрбиешілер болып бекітілді және
лагерь жұмысына мектеп психологы,
әлеуметттік педагогтар, тәлімгер,
педагог-ұйымдастырушы,
ән-би
жетекшілері, дене шынықтыру пәні
мұғалімдері де жұмылдырылды.
Сондай
–ақ
10
сынып
оқушыларының еңбек практикасы
ұйымдастырылып, мұнда 35 оқушы мектептің жөндеу жұмыстарына
тартылды.
Жазғы демалыс уақытысында біздің мектепте күндізгі мезгілінде
профильдік лагерьлер ұйымдастырылды. Оған дарынды мен белсенді
балалар қатысады. Профильдік лагерьдің мақсаты – оқушылардың ғылыми,
техникалық, өнерлік, спорттық, өлкетану, тіл дамыту т.б. білімдерін кеңейту
және де өзі-өзін ұйымдастыру қабілеттерін дамыту. Мектеп бойынша 6
профильдік лагерьлері жұмыс жасады: Математика, «Геометрические
фигуры», Орыс тілі «Занимательная грамматика», «Математика
әлемінде»,биология, Қазақстан тарихы.Барлығы
85 оқушы қатысты.
Көгалдандыру және абаттандыру бойынша 4 бригада жұмыс жасады
– биология, химия, география, экология бригадалары егілген көшеттер
мен көкөністердің өсу-өну
процестерін зерттеді. Мұнда
273 оқушы қатысады.
Мектепте жай айларында
үйірмелер де қызмет жасады:
Волейбол,
Жас
мерген,
Бозторғай, Жұлдыздар, Жас
дарын,
Томирис,Көркем,
Айгөлек. Үйірмелерге
274
оқушы қамтылды.
Аз
қамтылған
отбасы
балаларын
жазғы демалыспен қамту
мақсатында Орал қаласындағы «Талап» жазғы сауықтыру орталығында
20 бала 16- 26 маусым аралығында демалады.Республикалық «Бурабай»
лагеріде 10 оқушы, аудандық «Бумакөл» туристік –өлкетану лагерінде
-6 оқушы, аудандық шатырлы лагерьде 30 оқушы демалады деп
жоспарланды.
Ал ТМД (СНГ) елдері мен шетелдерге жол жүру бойынша ата-
аналарымен бірге
87 бала сапар шекпекші.
Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін
ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының
шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан-дүниесін
жаңартып, рухани азық болып, соныда жарқын құбылыстарға жетекші бола
бермекші.
А.БЕРКЕНОВА
Ақсай қаласы №6 ЖОББМ-нің
Педагог-ұйымдастырушы
Отбасы
Менің отбасымда бес адам бар. Олар
әкем, анам, інім, екі қыз егіздерміз. Әкем –
отбасы тірегі, анам – мұғалім. Інім 2 жаста,
біз сыңарым екеуміз егіздерміз.
Жанұяда біз үлкендерді сыйлауға,
кішілерге көмек көрсетуге, оларға қамқор
болуға үйренеміз. Отбасы - махаббаттың,
сыйластықтың, жақын қарым-қатынастың
бастауы.
АРУЖАН ЕРКЕҒАЛИ
Б.Жәнікешев атындағы ЖББОМ
«Көктерек» бастауыш мектебі
Адам баласы үшін отбасынан биік еш нәрсе болмайды.Өйткені адам
бойындағы барлық адамгершілік құндылықтар отбасы тәрбиесінен таралады.
Әр отбасының өзіндік тірегі,діңгегі болады.Сол діңгек арқылы тамыр болып
таралып,бәйтерек болып жайқалады.
Біздің үйдің алып бәйтерегі-аяулы атам.Ол кісі қашанда немерелерін
қасына жинап алып ақыл-кеңесін айтып,ертедегі аңыз-әңгімелерді
әңгімелеп отырады.Менің әкем атамның үшінші ұлы.Үйдегі сырттың барлық
шаруашылығын атқарып жүреді.Саясатты жақсы біледі.Үнемі теледидардан
жаңалықтарды үзбей тыңдайды.Сонымен қатар отбасымызда ерекше аталатын
екі жан бар. Біреуі қарындасым Арина.Өзі қырсық болғанымен ақылды әрі
сүйкімді.Екінші жан інім Әбілмансұр.Қылығы да,тілі де былдырлаған тәтті-ақ.
Өте тіл алғыш,зерек болып өсіп келеді.Ағам Серік те қашанда ақылын айтып,қамқорлық танытып жүреді.
Анамның,ағаларымның,жеңгемнің де орны ерекше.Әрқайсысының өзіндік қасиеттерін бағалап, құрметтеймін.
Өз отбасымдағы жандарды алтынға теңеп,оларға шаң жұқтырмай қорғауға қашанда әзірмін. «Отан отбасынан басталады.»
Ендеше,Отанымды қастерлеуге қашанда дайынмын.
НҰРБОЛ ӘМІРБЕКОВ
Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы
7 «а» класс оқушысы
«Менің отбасым»
(өзін - өзі тану сабағына
арналған шағын эссе)
Асығы алшысынан түскен
«Балдәурендегі» балғындар
№№13-14 (197-198) 16.07.2014 ж.
7
«Қат
«Ақшағаладағы»
тамаша демалыс
Шипалы, шалқымалы жағалауда,
көңілді демалыс бар балаларға
Жылдағы дәстүр бойынша Теректі ауданы
Сары-өмір ауылы Шалқар көлі жағалауында орналасқан
Қаратөбе балалар шығармашылығы үйі жанындағы
«Балдәурен» жазғы демалыс лагері еліміздің ертеңгі –
балғын өрендеріне өз құшағын айқара ашады.
Балалардың
жазғы
демалысын тиімді және
мазмұнды ұйымдастыру,
салауатты
өмір
салтының дағдыларын
қ а л ы п т а с т ы р у ,
денсаулықтарын нығайту
мақсатында бой көтерген
демалыс лагері жылдан-
жылға көркейе түсуде. Оқу
жылын ойдағыдай аяқтаған мектеп оқушыларының жазғы
демалысының ұтымды ұйымдастырылуына ата-аналармен
қатар мектептер Қаратөбе балалар шығармашылығы үйі
жанындағы “Балдәурен” жазғы демалыс лагеріне демалуға
ерекше көңіл бөледі. Лагерьде балалардың демалуы үшін
барлық жағдай жасалған. Жаңа жиһаздалған ғимарат,
ойын алаңы, санитарлық талаптарға сай. Биылғы жылы
жоспар бойынша 10 кезеңде аудан мектептерінен 250 бала
демалады. Оның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балалар,
әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары, оқу озаттары,
қамқорлық қорғаншылықтағы балалар, көп балалы отбасы
балалары, Қаратөбе балалар шығармашылығы үйіндегі
үйірмеге қатысатын оқушылар топтары бар. Балалардың
демалысын қызықты өткізу үшін экскурсиялар, әр-
түрлі бағыттағы танымдық ойындар, көңілді кештер
ұйымдастырылу жоспарға қойылған. Сондай-ақ лагерьде
демалушы балаларға сол өлкенің табиғаты «Сантас»,
«Сасай» тауларына таным жорықтар ұйымдастырылып,
таулардың атаулары, өсімдіктерімен таныстырылады.
Ата-аналар тарапынан балаларын лагерьге
жіберуге өтініштері жыл сайын артып келуде. Балалардың
жазғы демалысын ұтымды ұйымдастыру, оқушы
дүниетанымын кеңейту, оларға жан-жақты көмек көрсету
бағытында жұмыстанатын “Балдәурен” жазғы демалыс
лагері бала өмірінде маңызды орын алады. Лагерьде
бағдарламаға сай іс шара жоспарлары аудандық білім
бөлімінің келісімімен бекітіледі. “Балдәурен” жазғы
демалыс лагері балаларға қолайлы жағдай тудыру
үшін жас ерекшеліктеріне байланысты белгіленген
санитарлық гигиеналық
норманы
ескеріп
отырады.
Лагерьде
лагерь меңгерушісі, екі
тәрбиеші, шаруашылық
м е ң г е р у ш і с і ,
медбикелер жұмыс жасайды. Балалардың демалыстарын
тиімді өткізуі мақсатында ұйымдастырылған лагерьде
түрлі іс шаралар оздырлып демалыс кезеңі көңілді де
әсерлі өтуі үшін тәрбиеші ұстаздар бар күш жігерімен,
тәжірибелерін жұмсайды. Лагерьде болған мерзімде
балалар бір отбасының мүшелеріндей болып кетеді.
Олар емдік қасиеті бар Шалқар көліне суға түседі, табиғат
сұлулығын тамашалайды, спорттық ойындарға, басқа іс
шараларға белсене бірге қатысады. Сондықтан да ауысым
соңында қоштасу оларға қиын соғады. Оқушылардың
жазғы демалысын ұйымдастыруда «Балдәурен» жазғы
демалыс лагері алдағы уақытта да өз жұмысын тың
серпінмен жалғастырады.
гүл БОРАНБАЕВА
Қаратөбе балалар шығармашылық үйінің
директорының орынбасары
Ертеңгі еліміздің тірегі мықты болуы өсіп келе
жатқан болашақ ұрпағымызға байланысты.Олардың
дені сау, салауатты өмір салтын ұстануына,адамгер
шілік,кеңпейілділік,достық сезімдерін бойына сіңіруде
білім және тәрбие саласының маңызы зор.Осындай
игілікті шаралардың бірін атқарушы аудандық Балалар
шығармашылығы жанынан құралған «Ақшағала»
демалыс лагеріне тәлімгерлік қызметпен барып қайттым.
Өте тамаша демалыс болды. Жан-жақтан келген балалар
өте өнерлі,бауырмал,спорт
десе
жанып
тұрған
өрендер екен.Емін-еркін
демалып,шығармашылық
қабілеттерін
дамыту
үшін
лагерде
барлық
жағдай жасалған. Лагерь
күні таңғы жаттығудан
басталып, демалушылар
үшін қызықты шаралармен
жалғасын
табады.
Психологиялық тренингтер,балалардың ой- өрісін
дамытуға арналған сергіту сәттеріұйымдастырылды.
Балалар бос уақыттарында сурет салып,спорттық
ойындар ойнап,лагердегі әрбір күнді қызықты өткізуге
барынша атсалысты. «Досыма сыйлық»акциясы,
«Жүректен жүрекке», «Танысу»тренингтері балалардың
бір-бірімен танысып,достасып кетуіне жақсы әсерін
тигізді. Сасай тауына жорыққа шығып,сол жердің
тарихи сырларымен
таныс болдық. «Ерте,
ерте,
ертеде...»
ертегі айту байқауы
балалардың сөздік
қорларын
дамытып,
әртістік қабілеттерін
ба й қ а т т ы . С о н ы м е н
қатар демалушылар
лагерь орналасқан
Сарыөмір ауылының мәдениет үйі ұйымдастырған «Ән
Жұмбақ»бағдарламасына қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Төрт мезгіл ас балалардың денсаулығына қажетті азық-
түлікпен толық қамтылған. Бөлмелердің жарық,әрқашан
таза тұруына,тамақтың дәмді әрі құнарлы,ұйқыларының
тыныш болуына демалыс орнында қызмет ететін
апайлардың, ағайлардың еңбегі зор.Барымыз балалар
үшін демекші бала қамы үшін бәрі қызғылықты,
тартымды жабдықталған. Тимур,Арай,Мирлан сынды
тәлімгерлер де балаларға бар мейірімдерін төгіп,алты
күн бойы алуан түрлі іс-шаралармен жалықтырмады.
Соңғы күні қоштасу кеші ұйымдастырылып,балалар
бір-біріне жақсы тілектерін арнап,қимай қоштасты.
Біздер де достық сезімге толы лагерьден сүйкімді
балақандармен қимай қоштасып,щаттыққа толы жарқын
болашақ тілеп аулымызға аттандық.
Достарыңызбен бөлісу: |