1612 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2017



бет1/3
Дата10.04.2023
өлшемі68,34 Kb.
#81075
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ
СҰРАҚ-КІТАПШАСЫ


1612 - НҰСҚА
Аты-жөні ___________________________________________________________

Қала (Облыс) _______________________________________________________


Аудан ______________________________________________________________


Мектеп ______________________________Сынып _________________________


Талапкердің қолы _____________________


2017


ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ


Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ нәрлі суымен мені шомылдырған, мені жуындырған бұлақ. Мен алғаш суын ішкен, мені әлдилеп сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ... Біз де сүйек, еттен жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған емес, бірақ біздің жүрек - отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. Біздің жүрегімізде қауіп-қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жарық, - ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі. Бізде ер атасы - махаббат, өмір тасы - халық, ел намысы - ер қолында. Біз намысты елдің ұлымыз. Жеңілмес күшіміз сонда. (94 сөз)
Бауыржан Момышұлы




Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
1. Мәтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не?
A) Намыс
B) Жүрек
C) Айнабұлақ
D) Махаббат
E) Мыңбұлақ

2. Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің түйінін ашып тұр?
A) Талапты ерге нұр жауар
B) Ерлік тәрбиеден туады
C) Ерлік пен еңбек – егіз
D) Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі
E) Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас




Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
1.Сізге, ардақты және құрметті, жақсы көретін аяулы ініміз Халиулла мырзаға, бізден, ағаңыз Ибраһимнен және барлық ата-аналарыңыздан, аға-іні, жеңгелеріңізден көп-көп дұғай сәлемдер жолдадық.
2.Құдайға шүкір, осы күнде өзің көрген жандар тегіс аманбыз.
Сізбен бірге бізге хат жазған Қамаридден моллаға көптен-көп сәлем дегейсіз.
Сізге хат жазуға уақытын бөлген және басқа да әрбір жақсылықтары алла тағаладан қайтсын, Аягөзге келген уақытта почта жүргелі тұр екен, сіздің хаттарыңызды көрген соң, көңіліміз жай тапты және сізге жол қаржыға отыз теңге жібердім.
3.Жаңа Семейге мағлұм еткен уақытыңызда құдайтағала қаласа ат тағайындармыз.Тәтеңіз 1 білімнің қайнар бұлағын үйренгенің турасында бек қуанып жатыр. Әрқашан құдайтағалаға сиынып талап қыла көрсін дейді.
Хатыңыз тиісімен ешбір тоқтамайынша Аягөзге келіп осы хатты жаздық. Әрдайым деніңіз сау болып, абыройлы болыңыз. Ғұмырыңызды тілеп хат жазушы ағаңыз Ибраһим Құнанбайұлы деп білесіз.Тағы да көп-көп сәлем. (123 сөз)
Adebiportal.kz сайтынан




3. Берілген мәтін қай стильде жазылған?
A) Ауызекі сөйлеу стиль
B) Ғылыми стиль
C) Публицистикалық стиль
D) Көркем әдебиет стилі
E) Ресми ісқағаз стилі

4. Халиулланың міндеті туралы қандай бөлімде айтылған?
A) Екінші
B) Үшінші
C) Барлығында
D) Екінші және үшінші
E) Бірінші

5. Неге хатта Қамаридден моллаға алғыс айтылды?
A) Себебі Халиулла молламен бірге тұрады.
B) Себебі хат Қамариден моллаға арналған.
C) Себебі Қамариден молла хат тасиды.
D) Себебі Қамариден молла сол үшін ат мінеді.
E) Себебі молла Халиуллаға хат жазуға көмектеседі.

6. Хаттың 1-бөлімі арқылы жазған адам туралы не айтуға болады?
A) Бауырмал адам екен
B) Ардақты адам екен
C) Талапшыл адам екен
D) Танымал адам екен
E) Құрметті адам екен






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет