1. Дара бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз



Дата19.02.2023
өлшемі18,7 Kb.
#69093
түріҚұрамы
Байланысты:
тест тапсырмалары


1. Дара бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Талаптыға нұр жауар. B) Еңбек түбі – береке. C) Үш салт атты жүріп келеді.D) Шу өңірі өнімді мол береді. E) Сегіз қырлы, бір сырлы.
2. Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.
A) 3. B) 2. C) 4. D) 1. E) 5.
3. Жасырын тұрған бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Ол жығылып қалды. B) Табиғат – біздің досымыз. C) Марат күліп жіберді.D) Еңбек етсең, есейерсің. E) Ол тыңдағанды жақсы көреді.
4. Бастауыш қызметін атқарып тұрған сан есімді көрсетіңіз.
A) Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. B) Сабақты екеулеп оқыды. C) Қызыл шұбары – он үш.D) Отыз – онға бөлінеді. E) Сексенді екіге бөл.
5. Бастауыш қай сөз табынан екенін анықтаңыз.
Кейбіреулері сәл тоқтады.
A) Зат есім. B) Сын есім. C) Есімдік. D) Етістік.E) Одағай.
6. Бастауыш қызметін атқарып тұрған етістікті көрсетіңіз.
A) Бұл – Еркебұлан сөзі. B) Кешікпей Абайлар да аттанды. C) Келгендер – осы ауылдың адамдары.D) Орамалың бар ма? E) “Тұр орныңнан,” – деп әмір етті.
Дұрыс жауап: C
7. Бастауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.
A) Ол – күлдіргі бала. B) Оқыған озады. C) Мақсат ән айтты. D) Армансыз адам болмайды. E) Арманға жету керек.
8. Түрленбеген есімдіктен болып тұрған бастауышты анықтаңыз.
A) Маған сыйлық әкелді. B) Мен еңбекті бағалаймын. C) Ана сүтін ардақта. D) Оның төрттен бірін ал.E) Сыйлық бәріне жетті.
Жалқы есімнен болған бастауышты белгілеңіз.
9. Үйірлі бастауышты көрсетіңіз.
A) Омар және Арман қырман басында жүр. B) Күле беру – ыңғайсыз. C) Билеті барлар орындарына жайғасты. D) Өзіміз де жүргелі отырмыз. E) Тыңдау – мәдениеттілік белгісі.
10.Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді белгілеңіз.
A) Атың әдемі екен. B) Оның өзі шеткерірек тұр екен. C) Көп ұзамай жауын басылды.D) Өңі алабұрта күрең тартқан. E) Бүгін сабақта Әмір жоқ.
11.Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны белгілеңіз.
A) Еңбек - өмір рахаты. B) Олар бір-бірлеп келе бастады. C) Үйде екі-ақ адам отыр. D) Телефон-автомат бұзылып қалыпты. E) Ол мәселені шешіп кетті.
12.Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез. B) Іздеген жетер мұратқа. C) Тау жақтан баяу жел еседі.D) Әбіштен келген екен.E) Жауын сіркіреп тұр екен.
13.Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
A) Сәуле кеше келді.B) Алатау - әсемдіктің символы. C) Ол шешесіне хат жазды.D) Сымбат – үлгілі қыз.
E) Баласы тиянақты екен.
14.Пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді анықтаңыз.
A) Асқар тауды кеуделеп жүріп келеміз. B) Жас мұраты – білім. C) Ауыл ақсақалы жастарға алғыс айтты.
D) Омар жолдасымен кездесті. E) Тақырыбы дұрыс емес.
15.Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді табыңыз.
A) Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізді. B) Оспан – Амангелді батырдың жолдасы.
C) Бұл жорыққа Барақ батыр қатысады. D) Қаз дауысты Қазыбек би – орта жүздің биі.E) Абылай хан – үш жүзді біріктірген хан.
16. Бірыңғай мүшелі сөйлемді белгілеңіз.
A) Мен сендерге көргенімді айтамын. B) Жел соқпай, құс шуламай – бәрі жым-жырт. C) Тыңда, дала, Жамбылды. D) Дүниеде, сірә, сендей жар жоқ маған. E) Дариға, домбырамды берші маған.
17.Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Ауылдың малы өсті. B) Асан ұйықтап қалды. C) Досанның тауға барғысы келді. D) Бұл - үлкен сыйлық. E) Ермек өте жақсы оқиды.
18. Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Мен оны тыңдадым. B) Сен оны ұнатпайсың. C) Менің тыңдағым келеді. D) Көп оқисың. E) Емтиханға барамын.
19. Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдарына ықпал ететін жұрнақтар.
А) –қы, -кі, -ғы, -гі. В) –а, -е, -й. С) –атын, -етін. D) –лы, -лі. Е) –да, -де
20. Жақты сөйлемді көрсетіңіз.
А) Енді сізге айтуға тура келді. В) Біздің ашық сөйлесуіміз керек. С) Ол дос жүрегіне сенеді. D) Нені айтып отырғанын түсініп болмайды. Е) Менің айтқаным келді.
21. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
A) Талай сырды атқардық. B) Мен елдің елшісімін. C) Рахмет күлді, қуанды. D) Біздің замандасымыз қандай екен? E) Қазақтың осынысы ұнайды.
22. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.
A) Мен кетіп барамын. B) Сендер қараңдар. C) Үй жап-жарық. D) Ол өте көркем жігіт. E) Айдала.
23.Атаулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Сені тексергім келіп тұр. B) Тәңірберген осы жолы үндемеді. C) Айсыз қараңғы түн. D) Инабаттылықты қастерлейік. E) Еңбек етсең, емерсің.
24. Толымды сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Бастауышы бар, баяндауышпен қиыса байланысқан сөйлем. B) Бастауышы жоқ сөйлем. C) Ойға қатысты сөйлем мүшелері қатынасқан сөйлем. D) Ойға қатысты сөздің толық берілмеген сөйлем түрі. E) Тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.
25.Ыңғайлас салаластың ішіндегі қайталанбай келетін жалғаулықты атаңыз.
A) Да, де. B) Және. C) Сондықтан. D) Бірде. E) Болмаса.
26. Баяндауыштары тұлғалас, мағыналас болатын салаластың түрін көрсетіңіз.
A) Ыңғайлас. B) Себеп-салдар. C) Түсіндірмелі. D) Қарсылықты. E) Кезектес.
27. Тек жалғаулықты болатын салаластың түрін белгілеңіз.
A) Ыңғайлас. B) Себеп-салдар. C) Түсіндірмелі. D) Кезектес. E) Қарсылықты.
28. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Бұл жердің дәнін мен сепкендіктен, өзгеңнен гөрі менің жаным қатты ауырды. B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.C) Олар қыстаудан шықпайды, өйткені төлді қорада ұстау керек.D) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді. E) Асқар бұл сұраққа жауап таба алмай, ұзақ үнсіз отырды.
29.Жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз байланысатын салалас түрін атаңыз.
A) Түсіндірмелі. B) Себеп-салдар. C) Ыңғайлас. D) Қарсылықты. E) Кезектес.
30.Бірінші жай сөйлемде сілтеу мәнді сөздер қолданылатын салалас түрін көрсетіңіз.
A) Себеп-салдар. B) Кезектес. C) Қарсылықты. D) Түсіндірмелі. E) Ыңғайлас.
31.Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді анықтаңыз.
A) Қостанайдан шыққалы он күн: біз түнде де жүріп келеміз.B) Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өйткені тұқым сепкен суға жүре алмайды.C) Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді: бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой.D) Қазір ол сақалың да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескін-кейпі де өзгерген.E) Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.
32.Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.B) Амалсыз қонуға тура келді, өйткені мезгіл кешкіріп кетті.C) Мен қорқып тұрмын, неге десеңіз қолың қатты дейді.D) Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең, онда уылдырық оралатын не балдыр, не шөп жоқ.E) Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек.
33. . Меңгеруді табыңыз
А) Сенің өмірің. В) Қалтасынан алды. С) Үлкен шкаф Д) Мидай дала. Е) Жылатып тастау.
34. . Қиыса байланысқан тіркес қайсысы?
«Дәмеш кемпір сол қолына ұстаған үлкен шортанды отырғандарға мақтана көрсетті.»
А) сол қолына В) шортанды көрсетті С) мақтана көрсетті Д) отырғандарға көрсетті Е) Дәмеш кемпір көрсетті.
35. Матаса байланысқан тіркес қайсысы?
«Қалау ағасының қатты бұзылған түрін таныса да, оған айылын жимай күліп жатыр.»
А) Қалау таныса да. В) Ағасының түрін. С) Қатты бұзылған.Д) Бұзылған түрін. Е) Айылын жимай күліп жатыр.
36. Байланысу түрлеріне қатысты талдаудың қайсысы дұрыс емес?
А) Тоғыз адам – қабысу. В) Оқуға лайық – меңгеру. С) Кең бөлме – жанасу. Д) Алатаудың Жамбылы – матасу. Е) Хат жазу – меңгеру.
37. Жанаса байланысып тұрған тіркесті табыңыз
А) оған бару В) кілтпен ашты С) бес жыл Д) әдейі келу Е) әдепті студент
38. Қабысуды табыңыз
А) Тамырын бас. В) Ұдайы болып тұрады. С) Туыстардың ортасы. Д) Қара торы қыз. Е) Айтқаныма сен.
39.. Берілген ретіне қарай сөз тіркестерінің байланысу түрін анықтаңыз
«ағаштың бұтағы.» «хат алу.» «қалың орман.»
А) матасу , қабысу, жанасу В) меңгеру , қиысу, қабысу С) қабысу , меңгеру, жанасу
Д) матасу , меңгеру, қабысу Е) қиысу , матасу, меңгеру
40. Қиысу байланысты табыңыз
А) әсем қала В) қатты күлді С)оқушы айтады Д)күнімен үйықтау Е)елмен бірге


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет