билеген. Әкесінің тірі кезінде
ды.
дүние салды.
Жетісу
университеті
11
бейсенбі, 3 қыркүйек,
2015 жыл
ПРОЗА
ШаҺардағы жалғыз үй
...Настя әжейдің үйі өзі секілді кәріліктен қаусап,
жер болып тұр. Әбден тозығы жеткен шаты-
рына жақын келіп, қолыңды артып, сүйеніп тұруға
болады. Уақыттың салмағынан мейілінше шөгіп
кеткен осынау саман кірпіштен салынған баспа-
на Астананың көкке бой түзеген көп қабатты
ғимараттарының ортасында бейне алып
кемелердің арасында қысылып-қымтырылып,
теңізге шыға алмай қалған қайықтай жападан
жалғыз ербиеді.
Әжейдің жертөлесін қала бас-
шылары мен құрылыс компаниясы
маңына биік дуалдар тұрғызылып,
заңғар нысандар салына бастағанда-
ақ құнын төлеп, сырып тастамақшы
болған. Сексеннен әлдеқашан асып
кеткен жалғыз басты кейуана оған
көнбеген.
-Мен осы босағадан күйеуім Ваня-
ны соғысқа шығарып салғам. Егер
ол тірі болып, орала қалса,туған
шаңырағын қайдан іздеп табады.
Көшпеймін еш қайда. Маған алтын
сарай салып берсеңдер де керегі
жоқ. Өлігім осы жерден шығады-деп.
Настя әжей қиғылық салған...
Кейде жұмыстан ертерек шыға
қалсам, әжейдің мекеніне соғатын
әдетім бар. Кеш келген көктемнің
жылауық жаңбыры жуық-маңда ба-
сылмасын байқадым да, әжейдің
жеркепесіне соға кетуді жөн көрдім.
Қария әлі үйінің түпкі жылы жағынан
ауызғы бөлмеге көше қоймапты.
Терезені сырттағы жауын тамшыла-
ры баяу шертіп тұр. Қарияға газеттен
алған қаламақымнан бердім.
- Кел, казак, шәйға отыралық.-деді
маған көңілденген әжей, үстелге пияз
бен нанды турап, қойып жатып.
- Матильда, сен де жақында...
Үйде Настя әжей екеуіміз ғана
болғандықтан, қарияның бұл сөзінен
шошынайын дедім. Ғұмыр бойы бір
өзі ғана тұрып келе жатқан жанның
ептеп ақылы ауысуы да ғажап емес.
Оның үстіне жасы келген адам.
- Матильда, кел, дедім ғой саған.
Кемпірдің екінші қайтара өктемдеу
шыққан дауысынан қабырғадағы
көнеліктен күңгірт тартып кеткен
ескі айнаның кестелі орамалы
қозғалғандай болды. Ауыз үйден
әлде-кім шелекті салдыр-гүлдір
түсіріп алды.
- Матильда дедім ғой, саған. Неге
абайлап жүрмейсің, оңбаған...
Сыртқы есікке тұтылған гүлді
шымылдықтың етегін бері итеріп,
тұрқы кіші-гірім қанден иттей, үсті-
басы саз балшыққа әбден былғанған
бір жан иесі домалап кіріп келеді.
Е, мұнысы мысығы болды деп
ойладым әуелінде. Бағанадан миы-
ма келмегенін қарашы. Жалғызілікті
қарияның сергігі сол болмағанда, кім
дерсің. Осыны ойлап үлгергенімше,
бөлмеге қаздаңдай басып, әбден
семіріп алған қара тауық енді. Қыт-
қыттап жүріп, кемпірдің тізесіне
секіріп мінді.
- Міне, Матильда, мұның жөн. Көріп
тұрсың ба, бізге казагымыз келді.
Ептеп ақша әкелді. Енді сен екеуіміз
дүкеннен күріш аламыз, сәбіз қосып,
палау жасаймыз - деді әжей тауығын
қанаттарынан сипап.
-Матильданы құртпақшы бол-
ды жаңа көршілерім. Әрине, мұның
өзінен де бар. Далаға шықса өзіміздің
дуалға емес, биік үйлердің жа-
нында тұрған жарқыраған үлкен
машиналардың төбелеріне қонғанды
ұнатады. Өзінің бейнесі түсіп тұрған
жерді қалайтыны - серігін іздейді. Ал,
мен мұның қосағы - қызыл әтешті
Пензадан Катерина сіңілім келгенде
сойып, сорпа жасап жібергем.
Сәл тыныстап алған әжей енді
тауығының қауырсындарын кәрі
саусақтарымен тазалап, тарай ба-
стады.
-Матильда, кәні, айнаға қарап
жіберші.
Казагымызға
өнеріңді
көрсетші? - деді, кемпір құсын ескі
айнаның бетіне жақындатып...
...Айтпақшы Настья әжейдің мені
«казагым» деп атауының өз себебі
бар.Қария үйіндегі жалғыз кітабы
Шолоховтың
«Тынық
Донын»
кестелі орамалына орап, әспеттеп
ұстайды. -Гриша Мелехов, Аксинья
Астахова, Пантелей Прокофье-
вич, Дарья Мелехова – деп роман
кейіпкерлерінің аты-жөндерін, ондағы
оқиғаларды көңілі шат уағында ай-
тып отырғанды ұнатады. Мені де сол
Дон казактарының құрметіне болар,
әжей «казагым» дейді.
- Міне, көктем де шықты. Жер бу-
санып жатыр.Тәңір берсе, биыл көк
жуаға кенелеміз, Матильда. Ақ нанға
жуа қосып, тоя квас ішеміз әлі.
Жаратушыны
ауызына
жиі
алғанымен, байқауымша Настья
әжейдің кішкене жер үйінде
икона жоқ. Қарияның
іргедегі шіркеуге бара
жатырмын дегенін де
естімеппін. Кітап атаулы-
дан тек «Тынық Донды»
ғана оқитынына қарағанда,
Дон казактарынан тараған
ұрпақ шығар деп ойлай-
мын.
-Менің казагым, айтшы,
сен осы Картауызды білесің
бе?-деді қария енді бір
сәтте.
- Ертегідегі жауыз Карта-
узды айтасыз ба?
- Жо..о..ға! Тың игеруші
Картаузды айтам. Екеуіміз
бір тракторда егіс бригада-
сында істегенбіз. Рас, мен
аспазшы болдым. Солай ма, Матиль-
да! Қазір ел жұмысқа жалқау. Үкімет
әкеп берсін, мені асырасын дейді.
Біз соғыстан кейін шаруашылығы
құлдырап кеткен елді күні-түні де-
мей еңбек етіп, жалақы да алмай
көтердік. Менің өзім мына жер үйімнің
қасына жуа, картоп, қызанақ, қияр
мен сәбіз егемін. Дүкеннен сүт, ет,
нан ғана аламын. Е...ей, тәңірім-ай,
жалқаусыңдар ғой, жалқаусыңдар...
Кемпір тісі жоқ қызыл иектерін
көрсетіп, мәз болып күлді. Настья
әжейдің бір мінезі ақшаға қатты
қуанады. Жеркепе үйінің алдындағы
шағын бақшасында өзі өсіретін
жемістері мен көкөністерін базарға
шығарып, сатады. Бірақ, қаражатын
орынсыз жұмсамайды. Ұсынықты
қарт туған-туыстары бұл маңда жоқ
болғандықтан, күні ертең өзін жер-
леуге жұмсайтын қаражатты жинап
жүрген сыңайлы ма, қалай.
-Сонымен, Картаузды білесің
бе, балам? - деді, қария дірілдеген
қолдарымен алдыма дастархан
үстіндегі тағамдарын иттере түсіп..
- Картаузовты ма, әжей, білемін. Ол
кісі қазір осы қалада. Естуімше жеке
меншікті машинасымен жолаушы та-
сиды...
-Әне қара, батырымды! Әжей
күбірлеп, саусақтарын бүге бастады.
- Менен он бес жастай кіші ол.
Тыңға бала кезінде келген. Екі аяғы
тізеден жоқ болса да, трактор айдап,
Еңбек Ері атанды...
-Әжей,
баспанаңыз
арал-
да қалғандай болыпты. Қала
басшыларының берген биік үйлерінің
біріне неге көшіп алмайсыз. Биыл
қыстан қалай шықтыңыз? - деймін,
қарияның жауаптарын күтпестен
сұрақтың астына алып.
- Тоқсаннан астым, балам. Биыл
күзде шалымның қасына баратын
шығармын. Сондықтан, маған енді еш
қайда қоныс аударудың қажеті жоқ.
- Шалыңыз Сталинград түбінде
үйдің де жұмысынан қашқан күнім
жоқ. Шын бейнеттенген адамның
жамандық атаулыдан аулақ бола-
тынын анам марқұм санама сіңірген.
Адал еңбектің пендесі өзгенің де
өмірін қадірлейді, балам. Еңбектен
қашпасаңдар, денсаулықтарың да
жақсы болады...
Әжей бұрыштағы самсап тұрған
бос шыны құтыларды алдындағы
үлкен тегештегі суға мұқият жуа ба-
стады. Онсыз да жарқырап тұрған
ыдыстарда терезеден түскен күн
сәулелері көңілдене құбылады..
- Биыл қала маңындағы орманда
қарақат көп болады. Астананың ай-
наласы қазір қалың орман ғой. Өзің
ол жерлерді көріп пе едің?-деді, әжей
мен жаққа көзін сығырайта қарап.
Жауабымды күтпестен, тыңнан
әңгіме бастап кетті.
- Соғыс жылдарында анам екеуіміз
Ақкөлде тұрдық. Үйімізден қалың
орман таяқ тастам ғана жерде. Ер-
темен жалғыз ешкіні жетелеп, сол
ағаш ішіне кетемін. Күн ұзақ орман
көлеңкесінде жидек, қарақат теріп
жеймін. Қайтарда ағаш шелегіме
толтыра жемістерін үйге ала келемін.
Анам солардан тіл үйірер тоспа
жасайтын. Ең қинайтыны, мынан-
дай шыны ыдыстар таптырмайтын.
- Қария қолындағы шыны құтыларын
аялай сыйпады. - Бардың қадіріне
қазір жете бермейміз-ау. Мына
шыны ыдыстарды мен қоқыс салған
темір жәшіктерден үнемі жинап ала-
мын. Анау әдемі кәрлен кеселерді де
сол жерлерден тауып алғам. Әбден
байыған көршілер қоқыс жәшіктеріне
небір жылы киімдерді де, жұмсақ
жиһаздарды да лақтыра салады.
Бірақ, мен өзіме керегін ғана аламын.
Сен, балам, мен жайында жаман
ойлап қалма әсте. Мен- Плюшкин
емеспін. Тек осы заманның адам-
дары барлық пен байлықты көтере
алмай жүр ме деп қорқамын. Ал,
қанағатты білмеген адам қылмысқа
барады. Қоғамға, адамдарға залал
болса, ақ түтекке айналып, құтырып
барады. Кімнің өлгісі келеді дейсіз.
Шоши бастадық.
-Қаптарды жерге түсіріп,баспана
жасап алайық-деп айғайлады Ната-
лья ақыры. Өгіздерді тоқтатып, түсіп,
соңғы шанаға барсам, қар басып
қалған аппақ қаптардың тасасын-
да ішкі киімі ғана бар жас келіншек
отыр бүрісіп. Біз жүріп өткен жолда
ел болмайтын. Тек, әредік молалар
ғана кездесетін. Ақыл-есімнен айы-
рылып қала жаздадым. Аяқтарым
шатқаяқтап, кейін шегініп, келе сала
алдыңғы шанадағы Натальяны
жұлқыладым...
-Ойбай, Наташа, соңғы шанада
жалаңаш біреу отыр-деп, айғайға ба-
стым. Оның да иманы ұшты. Ауызы
ашылып, шалқасынан түсіп, талып
қалғандай болды. Ақыры, екеуіміз ақ
талқан боранға қарамастан, соңғы
шанаға бір-бірімізге сүйеніп, жетсек,
әлгі жалаңаш қыз ізім-қайым жоқ...
- Көзіңе бірдеңе көрінген ғой, сенің,
Настя-дейді ол. Суықтан діріл қағып.
Қайта оралып, өз шанамызға оты-
рып, соңғы шана жаққа шошына көз
салдық. Бұл кезде боран да ашы-
лып, маңай әжептәуір көрініп қалған.
Өгіздерге жем тастап, әлдендіріп, са-
парымызды одан әрі жалғастырдық.
Натальяның көңілі орныққанымен,
менде маза жоқ. Әлгі адамды өз
көзіммен көргенім ақиқат. Ешқандай
елес емес-тін. Тіпті, суықтан
қалтыраған дауысын да, тістерінің
сақылдағанын да естігенмін. Үстіндегі
іш көйлегінің екі иығына қатқан
мұздарды да байқағанмын. Бұл кез-
де қыстың қысқа күні қараңғылығын
үйіре, түн де түсе бастаған. Алдағы
ауылдың қарасы әзірге көрінер емес.
- Өгіздерді жандарына батыра ай-
ырмен түртіп отырмасақ, жүрісіміз
өнер емес,-дедім қасымдағы серігіме.
Ондағы ойым-ширағырақ жүріп,
әлгі қатерлі жерден мүмкіндігінше
алыстап кету. Шанадан түсіп қалған
жалаңаш қыз енді қуып жетпесін
деген қорқыныштан туған далба-
сам. Жемдерін жеп, түртпектеуі де
күшейген соң өзгіздер шиырағырақ
басуда. Ендігі қауіп- айналадағы та-
стай қарағылық. Ай туғанша қонар
жерімізге жетіп алсақ, оңды. Жан-
жағымызға қорқа қарап, ілбіп келеміз.
Мұндайда қасқыр кездессе де, қатер.
Бірақ,екеуіміздің де жандарымызда
саптары ұзын айырлар жатыр. Өз
құралымның сабын қысып-қысып
қоямын. Боран ашылған. Маңайдың
таяқ тастам жері ғана көзге шалына-
ды. Түн көрпесін қымтай бастаған.
-Сәл шыда, Натали. Әне,
«Қараегін» ауылының шамдары да
көріне бастады, - деймін, сапарлас
серігіме біршама мерзімнен соң қуат
беріп...
- Қорқамын, Настюша! - дейді ол
маған тығыла түсіп...Көз ұшынан
еміс-еміс байқалған ауыл шам-
дарына қуана қарап отырып,
соңғы шана жаққа көз салуды
естен шығарып алыппыз. Әлден
уақытта тұла бойым шым ете
қалды. Шошып кеткенім сонша, де-
нем қалтырап қоя берді.О, Құдірет,
соңғы шанаға қарасам бағанағы
жалаңаш қыз қар басып қалған
аппақ қаптардың енді үстінде отыр.
Ай жарығымен сап-сары беттері,
бізге қарап, айбат шеккені анық
көрінді. Жұдырықтарын түйіп, бізге
қарай талпынып-талпынып қояды.
Зәреміздің кеткені соншалық, Ната-
лья екеуіміз де шанадан ауып, түсіп
қалыппыз. Қасымыздан көлігіміздің
сықырлап өтіп кеткенін ғана еміс-
еміс білеміз. Ақылымыз ауып, та-
лып қалыппыз. Жалаңаш қыздың
тұла бойының көкпеңбек екенін,
көздерінің от шаша жарқылдағанын
Наташа екеуіміз де байқаппыз. Со-
дан көлігіміз алдағы ауылға бізсіз
жетіп, өзі тоқтап үйренген колхоздың
«постояльный дворына» бас тірепті.
Үй иелері шаналардағы біздің
жоғымызды байқап, атты кісілерін
жіберіп, үсіп өлгелі жатқанымызда,
ауылға
әкеліпті.
Ешқандай
жалаңаш қызды көрмегендерін,
тек, екі өгіздің сауырларынан қан
саулап тұрғанын ғана байқапты.
Артынан
колхоз
басқармасы
ортаның көлігін соншалықты қанын
шығара аямай соққылағанымыз
үшін, жұмысымыздан шығарды.
Өгіздерді жол бойы ешқандай
да ұрмағанымызды, тек артта-
рынан жеңіл ғана айыр ұшымен
түртіп
отырғанымызды
айтып,
ақталғанымызбен,
басқарма
мүшелері де, колхоз бастығы да
сенбеді. Ал, жалаңаш қыз туралы
әңгімеміз үшін бүкіл ел күлкі етті.
Міне, балам, басымыздан тың
игеру жылдарының алдында осын-
дай оқиға өткен. Әлгі жалаңаш
бойжеткеннің жын ба, пері ме, жоқ,
әлде, күйеуінен таяқ жеп, қашып
шыққан бейбақ біреу ме, әйтеуір
кім болғанын біле алмадық. Екі
адам қатар көрсек те, жан баласын
ақиқатқа сендіре алмадық...
- Ал, сен жын-шайтан өмірде бар
ма дейсің.. Әжей жаулығын түзеп,
Матильдаға нанның қиқымдарын та-
стап, терең күрсінді...
- Ең ғажабы - сол баяғы жалаңаш
қыз анда-санда, таң алдында ана
босаға жаққа келіп отырады да, мына
тауығым Матильданы алдына алып,
қанаттарынан сипап, сақ-сақ күледі..
Одан енді баяғыдай қорықпаймын
да. Жасым келді. Тәңірден ажалды
өзім де сұрап жүргендіктен, несіне
шошимын. Нанбасаң, бүгін қоналқаға
осында келе ғой. Таң құланиектене
міндетті түрде келеді.
Қарияның бір үйде ұзақ жылдар
жалғыз тұрғандығынан, көзіне осы-
лайша кей уақтарда бірдеңелер
елестейтін болар... Әйтпесе, мы-
нандай алып қаланың ортасында
отырған кейуанаға таң алдында
келіп жүрген қандай бейне дейсіз.
Миллионға жуық тұрғыны бар Аста-
нада да адам жалғыз болады екен-
ау.. - деп ойладым, «шаһардағы
жалғыз үйден» сыртқа шығып бара
жатып.
Смағұл РАХЫМБЕК,
жазушы.
қаза тапқан демеп пе едіңіз?
- Адамның рухы өлгеннен кейін
ұшып, Африкаға да бара береді.
Тәннен босаған жанның қанатты
құстан да ұшқыр болатынын білемін.
Осыны айтты да қария бұрыштағы
қуыстан ағаш құмыра алып шықты.
Манадан
байқамаппын,
үйде
өркениеттің белгісі болар ештеңе
жоқ. Тоңазытқыш, радио, теледидар
көзге шалынбайды мүлдем. Тіпті
электр шәйнегі де көрінбейді. Оты
өше бастаған темір пештің үстінде
үлкенді-кішілі шойын ыдыстар ғана
тұр...
- Электр магнитті толқындардан
қорқамын.Сондықтан,электрді
мүлдем пайдаланбаймын десем де
болады. Ана шамды тек, кешке бірер
минуттарға ғана жағамын-деді әжей,
менің не іздеп отырғанымды аңғарып
қалып. Маған сағаттың да қажеті
шамалы. Оның қызметін Матильда
атқарады...
Бұл кісінің тоқсаннан асуына ненің
себеп болып отырғанын енді зерде-
легендей болдым...
-Әжей, Сіз ұзақ жасыңызда нені
қадір тұттыңыз-деймін, қарияны
көбірек сөзге тартпақ ниетпен.
-Еңбекті, балам! Осы жасы-
ма дейін таң құланиектене тұрып,
қыбырлаумен келемін. Ортаның да,
келтіреді.
- Әжей, қалай ойлайсыз! Осы жын-
шайтандар өмірде бар ма? Сіз ұзақ
жасап келе жатырсыз ғой-деймін,
қарияны сөйлете түсуге ден қойып.
Сыртта жаңбыр әлі де себезгілеп, те-
резе шыныларын шертіп тұр...
-Саған мен соғыс жылдарынан
кейін болған бір оқиғаны айтып
берейін, - деді қария, тек қорқып
жүрме...
-Бірде қос өгіз жеккен екі ша-
намен поселкеден қалаға кіре
тарттық. Аяз шамалы болса да,
күн алақаншықтанып, жаяу бора-
сын ұлып тұрған. Колхоз бригадирі
Матвей:-бұның
соңы
боранға
ұласады.
Бүгінше
поселкеден
шықпай-ақ
қойыңдар-десе
де,
тәуекел деп Наталья екеуіміз тартып
кеттік. Ол-колхоздың агрономы да,
мен-қоймашысы едім. Бұл-соғыстан
соңғы, тың игеру жылдарының алды
болатын.
Селодан бірер шақырым алы-
стасымен шынында да боран
күшейді. Шанаға жеккен қос өгіздің
мүйіздерінің өзі әзер-әзер көзге ша-
лынды. Дауысымыз қарлыққанша
кезек-кезек айғайлап, көлігімізге дем
беріп қоямыз. Бұлай етпесең, сиыр
малы жалқау, жетер жерге тұяқ ба-
стым деп, шаңырақтай мүйіздерін
шайқап, мүлгіп, тұрып алуы мүмкін.
Ал, бір тоқтаса, өгіздерді
орынынан
қозғалту
қиынның-қиыны.
Көзімізге
қар
ұшқындары
инедей
қадалады.
Бетімізді
бүркегенмен, өкпек жел
жаулығымызды қайырып
тастайды. Жанымдағы
Наталья да шана үстіндегі
кенеп қаптардың тасасы-
на қайта-қайта тығылып
әуре. Өгіздердің беталы-
сын бағдарлап, жолдан
шығармай
қақпайлап
келе жатырмыз. Қалаға
ол жылдары үш қонып
жетеміз. Әлі алғашқы
қоналқаға
да
тұяқ
іліктіргенміз жоқ. Боран