[17. 12, 18: 05] aknazik abdislamkyzy: Қазақстан тарихы пәні және міндеттері, кезеңдері



Дата26.12.2023
өлшемі22,76 Kb.
#143823
Байланысты:
Тарих


[17.12, 18:05] aknazik.abdislamkyzy: Қазақстан тарихы пәні және міндеттері, кезеңдері


Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым.

Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді.


Тарих - ғылым бір-біріне сәйкес көп жақты, ол тарихи білімнің жеке салаларынан қалыптасады, дәлірек айтқанда: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т.с.с. Тарихи ғылымдарға халықтардың тұрмыс-салтын зерттейтін этнография, және ежелгі дәуірдің заттай деректер - еңбек құралы, үй жиһаздары, әшекей заттар, қоныстар, молалар т.б. зерттейтін археологияның да қатысы бар.


Тарихи пәндерге тарихи деректерді зерттейтін деректану және тарихшылардың көзқарастарын, идеялары мен концепцияларын суреттеу мен талдау мақсатындағы, сонымен қатар тарихи ғылымның дамының заңдылықтарын зерттейтін тарихнаманың да қатысы бар.


Тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты – оның мазмұны – білім беру және оны игеруге басшылық жасау – оқушылардың оқу әрекеті – оқыту нәтежиесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар жоспарластырылған және қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады.


Тарихты оқыту қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды.


Мемлекет дамуының әр түрлі


кезеңдерінде оның мақсаттары өзгеріп отырды. Кеңестік кезеңге дейінгі мектептерде тарихты оқытуда көптеген объективтік жетістіктер болғанымен, оның мазмұнында ұлыорыстық шовинизм, ұлыдаржавалық астамшылдық басым болды. Қазақстандағы мектептердің өзінде Қазақстан тарихына қатысты мәселелер оқытылмады. Кеңестік кезеңнің тарих пәнінің мазмұнында жоғарыда аталған саяси белгілер коммунистік, таптық сипат алды. Дегенмен Қазақстан тарихы жеке пән ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп, оқытыла бастады. Ол кезеңдегі тарих пәнінің мақсаты маркстік-лениндік дүниетанымға негізделіп, коммунистік идеяларға бағытталды.


Қазақстан тарихы – мектептегі оқу


пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін мектептегі барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың өзегін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді қалыптастырады


Қазақстан тарихы оқу пәнінің негізі – адамзаттың жүріп өткен табиғи және әлеуметтік даму жолы (адам –табиғат – қоғам). Ол оқушыларды адамзат тарихының ең ежелгі дәуірінен қазіргі кезге дейінгі кезеңдерімен таныстырады. Бірақ мектептік пән бүкіл тарих ғылымын тұтас та, толық қамти алмайды. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық дәрежесі ескеріле отырып, білім беру, тәрбиелеу, дамытушылық жағынан ең маңызды деректер, оқиғалар, құбылыстар, тарихи үрдістер, тарихи-ғылыми ұғымдар іріктеліп алынады. Бұл тарихи


объектілер адамзаттың кез келген қоғамының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдениет сияқты маңызды салаларын қамтитын болғандықтан оқушыларға адамзат қоғамының тарихын толық түсінуге мүмкіндік береді.


Жалпы Қазақстан тарихы пәнін оқытуға біртұтас көзқарас қалыптастыру, бұл тарихты оқып – үйренуге формациялық және өркениеттік тұрғыдан қарауды ұштастыруға негізделуге тиісті. Формациялық тұрғыдан қарау тарихи даму кезеңдерінің сабақтастығы мен ішкі байланыстарын бейнелейді, әлеуметтік-экономикалық процестердің логикасын түсінуге мүмкіндік береді. Өркениеттік тұрғыдан қарау, әр түрлі халықтар мәдениетінің


өзара байланысы мен өзара ықпалын көрсетеді, салыстырмалы-типологиялық әдісті кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.


«Қазақстан тарихы» пәннің тарихи материалын оқып, танып білу және оны меңгеру үшін көптеген тәсілдер мен құралдар қолданылады. Оқушылардың іс-әрекетін, ойлау, таным қызметін дамытуға бағытталған бұл әдістер белгілі жоспармен, жүйемен жүргізіледі.


Иллюстрациялап түсіндіру әдісі – бұл мұғалімнің ауызша баяндауын және әңгімелеп тұрып, пайдаланатын басқа құралдарды (оқулықпен, интерактивті тақтаны, түрлі суреттер мен кестелерді, буклетерді және көркем әдебиетті) қамтиды. Бұл әдісті қолдану барысында мұғалімде, оқушыларда


қызмет жасайды. Соның нәтижесінде оқушылар өздігінше жұмыс жасауға үйренеді.


Ақпаратты – рецептивті әдісі – әңгіме, әңгімелесу, экскурсия түрінде, ауызша және жазбаша жүзеге асырылады. Білімді әңгімелеу негізінде оқулық бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс мұғалімнің басшылығымен, оқулық, құжат, сурет, әңгіме экскурсия барысында ұштастырыла пайдаланылады.


Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі – бұл әдісте оқушылардың белгілі бір ұжымдық бөлігі түрлі театрландырылған көріністер көрсету арқылы жүзеге асырылады. Ежелгі дүние тарихы курсы бойынша әсіресе


мәдениет тақырыптарын өту барысында кеңінен қолдануға болады. Осы әдісті пайдалану нәтижесінде оқулықтан оқыған материалдарын театр көріністері арқылы нақтылы түсінуіне мүмкіндік береді.


Тарихи құжаттарды пайдалануда осы циклды оқытудағы маңызды әдістердің бірі. Тарихи құжаттар өткен дәуірдің ескерткіші. Олар оқушыларға оқытып жатқан материалды нақтылай түсуге, өткен оқиғалардың бейнесін айқынырақ елестетуге, сол дәуірдің ерекшелігін дәл көрсетуге көмектеседі. Заңдардың, бұйрықтардың, хаттардың, естеліктердің, мемуарлардың үзінділерімен таныса отырып оқушылар белгілі оқиға, құбылыс туралы жан-жақты мәлімет алады. Тарихи құжаттарды оқу және талдау


оқушылардың білімін кеңейтеді, олардың ойлауын дамытады, деректермен өздігінше жұмыс жасау шеберлігін ұштай түседі. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар үйде шағын шығарма, тарихи құжаттар бойынша конспект, хабар жасап келеді.


Біліктерді қалыптастыру әдісі – біліктерді қалыптастырудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық маңызы зор. Оқушы белгілі бір білікті меңгеруге байланысты өздігінше жұмыс жасайды. Оқушылар синхрондық кестелер сызады, тарихи текстің кеңейтілген жоспары, тарихи қайраткерлердің, құбылыстардың салыстырмалы сипаттамасы, бірыңғай тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу, тарихи


карталар мен сызбалардың мазмұнын өз әңгімесіне пайдалану, оқулықтағы кейбір мәселелерді өздігінше оқып, меңгереді.


Оқу-танымдық іс-әрекетін дамыту үшін ақпараттық материалдармен жұмыс кең қолданылады. Осы арқылы білім алушылар мәтінмен жұмыс жасауға үйренеді, яғни көпшілікке арналған ақпараттық нысандармен қалыпты жұмыс жасау құралдарын меңгереді. Олар ақпаратты материалдарды жинаудың жаңа тәсілдерін игеріп, пайдаланады. Хрестоматиялық материалдар негізінде электронды карталарды тақырыптар бойынша пайдалануға болады. Қорытынды сабақтарда кешендік тестілеуді компьютерлік тестілеу әдісі арқылы өткізуге болады.


Зерттеу әдісі – Шығармашылықпен жұмыс жасау тәсілін және білім мен біліктерді толық үйретіп, меңгертуді мақсат етеді. Зерттеу әдісі – ғылыми тұрғыда танып білудің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі; шығармашылықпен жұмыс жасаудың белгілерін қалыптастырады; өздігінше зерттеу жұмысын жүргізуге оқушылардың ынтасын ұштайды; оқушылар білімді толық әрі саналы іздену арқылы меңгереді.

Проблемалық зерттеу әдісі – оқушылардың ойлауын, қиялын дамытуға, эмоция туғызуға, бұрын алған білімдерін қайта еске түсіруге мүмкіндік береді. Демек жаңа білімдерді меңгеруге оқушылар белсене қатыстырылады, сөйтіп білімді


берік меңгереді, ойлау қызметі одан әрі дамиды.


Тарихтан жаңа тақырыпты үйреткенде проблемалық баяндау әдісін қолдану барысында материалдық мәдениет ескерткіштері, бейнелеу өнерінің шығармаларымен жұмыс жасау арқылы да болады.


Тарихи - көркем шығармаларды пайдалану әдісі – Тарихи-көркем шығармамен сабақ барысында өзіндік жұмысын ұйымдастыруға болады. Мұндай тәсілдер дамытуға пайдасы көбірек тиеді. Оқушылар көбіне тарих оқулығындағы текспен және көркем әдебиет үзіндісімен қатар жұмыс жасайды. Оқушылар тарихи құжаттарды, басқа да әдебиеттер мен деректерді пайдалана отырып,


өздігінше конспект, реферат, тезис, баяндама дайындайды.


«Қазақстан тарихы» пәнінің мақсаты – оқушыларының дүниетанымының негізі болатын тарихи сананы, тарихи білімді құрметтеу мен сыйлау сезімін қалыптастыру.

Оқу пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:


оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру; оларға адамзат жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;


оқушылардың басты назарын қоғам тарихына; адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, тарихи оқиғаларды, құбылыстарды талдай отырып,

олардың біртұтас тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектесу;


гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;
оқушыларда тарихты оқып-үйренудегі көпөлшемділігі және тарихи процестің дамуының баламалы екендігі туралы түсінік қалыптастыру;
оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырамалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;
Отаны мен халқы алдындағы жаупкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Қазақстан тарихы пәнін оқытудағы

ең бастысы оқушылардың назарын келесі мәселелерге аудару:


1. Қазақ халқының тарихын ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін зерттеу;


2. Көшпелі дүние жүйесіндегі қазақ халқының рөлін ашу және оның әлемдегі өркениетке қосқан үлесін көрсету;


3. Бүкіл адамзат тарихы дамуында қазақ этносының, тұрмысының, шаруашылығы мен әлеуметтік-саяси қондырғысының қалыптасу процесіне зер салу;


4. Түрлі әлеуметтік топтардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін анықтау.


Тарих тарихи тұрғыдан ойлай білуді


қалыптастырады, азаматтық ұстанымды шыңдай түседі, ұлттық мақтаныш пен патриоттық сезімге тәрбиелейді.


Өткенімізді біле отырып, қазіргі кезеңді оңай меңгереміз, болашақты айқындай аламыз.


Қазақстан тарихы пәнінің негізгі мақсаттары мынадай:


- тарихи дәуірлерге талдау жасау;


- этностық тарихқа талдау жасау;


- түрлі тарихи кезеңдердегі әлеуметтік ұйымдарды зерттеу;


- түрлі тарихи кезеңдердегі мәдениетті зерттеу.


Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу әлі де тиянақты және дәлелді түрде іске асқан жоқ. Ол мәселе болашақта тарихтың сүбелі кезеңдері монографиялық тұрғыдан зерттеліп, жеке құбылыстарға ғылыми баға берілгенде шешілмек.

Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы 3 кезеңге бөліп қарастырылады:


I кезең- көне дәуір. Оның шекарасы 2,5 млн жылдан бастап б.з V ғасырға дейін, яғни адамзат жаратылысынан бастап Рим империясының құлауы, ғұндар бастаған ұлы қоныс аударумен қатар сәйкесті;


II кезең - орта ғасырлар. Оның шекарасы ұлы қоныс аударудан бастап


Еуропада капитализмнің дамуы,қазақ жерінде Қазақ хандығының пайда болуымен аяқталады;


III кезең -қазақ мемлекетінің құрылуынан қазіргі күндерге дейінгі уақытты қамтиды.


Сонымен тәуелсіз Қазақстан тарихы осындай 3 ірі кезеңдерден тұрады.


Қазақстан тарихының көне кезеңдерін жете түсінуге археологиялық және этнографиялық зерттеулердің берері мол. Тас, қола, ерте көшпелілер мен орта ғасыр мемлекеттері біздің археологиялық экспедициямыздың тарапынан жақсы зерттелмек. Қазақ қоғамына, Қазақ тарихына жан-жақты баға берген алғашқы ғылыми зерттеулер XIX


ғасырдың 20-жылдарынан басталады. Ғылыми тарихнаманы таразылағанда зерттеулер Қазақстанды Ресей отары етіп, негізінен этникалық мәселелерден гөрі, шаруашылық, қоғамдық дәстүрлерге көңіл бөледі. Одақ заманында ғалымдардың көпшілігі таптық-метоталогиялық ықпалында өз зерттеулерін, қашанда әлеуметтік қайшылықтармен байланысты қоғамдық зерттеуде үстірт пайымдауларға жол берді.


Қазіргі таңда Қазақстан тарихы ғылымы ақтандақ проблемаларды зерттеумен қатар, бұрын тиым салынып салынып келген тарихи әдебиеттермен айналысып жатыр.


[17.12, 18:16] aknazik.abdislamkyzy: Көне тарихты кезеңдеудің бірнеше түрі бар. Оның ішінде ең көп қолданылатыны –

археологиялық және геологиялық тәсілдер арқылы кезеңдеу.


Археологиялық дәуірлеу адамзаттың еңбек құралдарын неден жасағанына байланысты бөлінеді. Археологиялық дәуірлеу бойынша адамзаттың ежелгі тарихы үш дәуірге бөлінеді – тас, қола, темір.


Тас дәуірі б.з.б. 3 млн немесе 2,6 млн 3 мыңжылдықты қамтиды. Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын, бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі: палеолит (3 немесе 2,6 млн – 12 мың жыл), мезолит (б.з.б. 12-5 мың жыл), неолит (б.з.б. 5-3 мың жыл).


Палеолит екі кезеңнен тұрады: ерте палеолит (б.з.б. 3 немесе 2,6 мл н– 40


мың жыл) және кейінгі палеолит ( б.з.б. 40 – 12 мың жыл). Ерте палеолит үш кезеңге бөлінеді: олдувай (б.з.б. 3 немесе 2,6 млн – 40 мың жыл), ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл), мустье (б.з.б. 140-40 мың жыл). Бұл үш кезеңнің әрқайсысы өзінен бұрынғыдан неғұрлым жетілдіріліп жасалған еңбек құралдарымен ерекшеленеді.


Л.Г. Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеудің ұқсастығы, кезеңдердің бір-бірінен айырмашылығы еңбек құралдарының бірте-бірте жетілдіріле түсуі мен адам баласының соған сәйкес даму деңгейінің өсіп отыруында болды.


Алғашқы адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң олардың табиғатқа тәуелділігі азая


бастады. Әуелде олар баспана жасауды, тамақ пісіруді білмеді. Жаңбыр мен жабайы аңдардан қашып, үңгірлерді паналады. Әртүрлі жеміс-жидектерді теріп, жеуге жарамды тамырларды қазып жеп күнелтті. Құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталады.


Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. Алғашқы қауымдағы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды, олар негізінен мамонттарды, бизондарды, маралдар мен жабайы жылқыларды, үңгір аюларын аулады. Аңдарды үркітіп, жарға қарай қуалап, құлап өлген аңдардың етін азық етті.


Тарихи дәуірлеудің алғашқы нұсқасын


жасаған америкалық этнолог Льюис Генри Морган адамзат баласы тарихын – жабайылық, тағылық (варварлық) және өркениеттік (цивилизация) деп үш кезеңге бөлді.


Жабайылық кезеңде адамзат қалыптасу үдерісінен өтіп, өзара қатынас құрды – сөйлеу тілі пайда болды, отты игерді, балық аулауды үйренді, садақ пен жебені пайдаланды.


Тағылық кезеңде адамзат баласы құмыра жасауды, егін егу мен мал бағуды үйренді, темірді пайдалануды меңгерді.


Ал өркениет кезеңі тарихта жазу-сызу шыққан уақыттан басталады. Л.Г. Морган адам баласы тарихын эволюциялық даму тұрғысынан


қарастырып, тарих кезеңдерін материалдық өндірістегі белгілі бір жетістіктермен байланыстырды.


Әлеуметтік ұйым формаларының қалыптасуы.


Ежелгі адамдардың әлеуметтік ұйымы ұзақ даму жолынан өтті. Бірінші формасы – алғашқы адамдардың тобыры. Австралопитек, питекантроп, синантроп адамдары тобыр болып өмір сүрді.


Тобыр өзара қандас, туыс жандардан құралды және де эндогамиялық ұжымға жатты.. Эндогамия – ұжымның ішінде некелік қатынастарға рұқсат беру ғұрпы. Адамдар тобыры ұжым ретінде бірлікте ұзақ өмір сүре алмады, жиі тарап кетіп отырды. Бір тобырдың


адамдары екінші тобырға қосылып, нәтижесінде біртіндеп туыстығы жоқ адамдар тобы құрылды.


Адамзат баласының ішкі қатынастарында экзогамия ғұрпы пайда болды. Экзогамия – туыс адамдардан құралған ұжымның өз ішінде некелік қатынастарға тыйым салу ғұрпы. Уақыт өте келе неке тұрақты сипатқа еніп, адамдар ұжымнан рулық қауым сатысына өтті. Бұл әлеуметтік ұжымның келесі бір формасы болды. Рулық қауым уақыты саналы адамның (кроманьон) қалыптасу кезеңіне сәйкес келеді.


Тезистер

Көне тарихты кезеңдеуде археологиялық және геологиялық тәсілдер қолданылады.
Археологиялық дәуірлеу бойынша адамзаттың ежелгі тарихы үш дәуірге бөлінеді – тас, қола, темір.
Тас дәуірі үш кезеңге бөлінеді: палеолит (3 немесе 2,6 млн – 12 мың жыл), мезолит (б.з.б. 12-5 мың жыл), неолит (б.з.б. 5-3 мың жыл).
Палеолит екі кезеңнен тұрады: ерте палеолит (б.з.б. 3 немесе 2,6 млн – 40 мың жыл) және кейінгі палеолит ( б.з.б. 40-12 мың жыл).
Палеолит екі кезеңнен тұрады: ерте палеолит (б.з.б. 3 немесе 2,6 млн – 40 мың жыл) және кейінгі палеолит ( б.з.б. 40-12 мың жыл).
Ерте палеолит үш кезеңге бөлінеді: олдувай (б.з.б. 3 немесе 2,6 млн – 40 мың жыл), ашель (б.з.б. 800-140 мың

жыл), мустье (б.з.б. 140-40 мың жыл).


Тарихи дәуірлеудің алғашқы нұсқасын жасаған америкалық этнолог Льюис Генри Морган болды.
Л.Г. Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеудің ұқсастығы, кезеңдердің бір-бірінен айырмашылығы еңбек құралдарының бірте-бірте жетілдіріле түсуі мен адам баласының соған сәйкес даму деңгейінің өсіп отыруында болды.
Жабайылық кезеңде адамдар өзара қатынас құрды – сөйлеу тілі пайда болды, отты игерді, балық аулауды үйренді, садақ пен жебені пайдаланды.
Тағылық кезеңде адамзат баласы құмыра жасауды, егін егу мен мал бағуды үйренді, темірді пайдалануды меңгерді.
Өркениет кезеңі тарихта жазу-сызу шыққан уақыттан басталады.

Адамдардың әлеуметтік ұйымы ұзақ даму жолынан өтті.


Ежелгі адамдардың әлеуметтік ұйымының бірінші формасы – адамдардың тобыры.
Австралопитек, питекантроп, синантроп адамдары тобыр болып өмір сүрді.
Эндогамия – ұжымның ішінде некелік қатынастарға рұқсат беру ғұрпы.
Тобыр өзара қандас, туыс жандардан құралды және де эндогамиялық ұжым болды.
Бір тобырдың адамдары екінші тобырға қосылып, нәтижесінде біртіндеп туыстығы жоқ адамдар тобы құрылды.
Экзогамия – туыс адамдардан құралған ұжымның өз ішінде некелік қатынастарға тыйым салу ғұрпы.
Льюис Генри Морган адамзат баласы тарихын – жабайылық, тағылық

(варварлық), және өркениеттік (цивилизация) деп үш кезеңге бөлді. 2 сурак


[17.12, 18:25] aknazik.abdislamkyzy: Біздің жерімізде қола дәуірі б.з.д. 3-мыңжылдықта басталған. Қола дәуірі адамзат баласы тарихында ерекше орын алады. Бұл дәуірде адамзат металды игерді. Ал өндіріске металдан жасалған құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды, жаңаша әлеуметтік қатынастарды қалыптастырды. Осы мәселелерді таратып, талдап көрейік. Адамзат баласының ой-санасы, өмір сүру тәжірибесі заман өткен сайын өсіп, өзгеріп отырды. Өндірістік тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа берілді. Сөйтіп, қоғамдық дамуда көбіне алға басу, ілгерілеушілік болып отырды.

Қоғамдық дамуды біз тек ұдайы алға басу тек сатылап биікке әрлеу деп түсінбеуіміз керек. Адамзат қоғамының тарихында әр түрлі себептермен (табиғи зілзалалар, соғыстар, жаппай қуғын-сүргіндер, формациялардың ауысуы, т.б.) үлкенді-кішілі шегіністер де болып тұрды. Бірақ бұлар адамзат тарихындағы ілгерілеушіліктің уакыттық тоқыраулары, мезгілдік шегіністері еді. Сонымен жер жүзінде адамзат баласы металды қай кезде және кай жерлерде игерді? Бұрынырақта ең көне металлургияның отаны Иран жері деп келген. Онда б.з.д. 4500—4000 жылдарға жататын мыс және күміс заттар табылған. Кейініректе Түркияның Анадолы жерінен б.з.д. 7-мыңжылдыққа жататын мыс және қорғасын заттар табылған. Бұл — неолит заманында


өндірілген металл бұйымдар. Металлургияның ең көне орталықтарына Қазақстан жері де кіреді. Оның санатында қазіргі Жезқазған маңайы, Қалба жоталары, Алтай қойнауы бар. Өндірісте, тұрмыста ең бірінші пайдаланылған металл — мыс. Адамдар алдымен табиғатта кездесетін таза мыс қорытпасын пайдаланған. Осындай энеолит дәуірінен бастап табиғи таза мыстан жасалған ұсақ құралдар — біздер, жебе ұштары, мыс тілікшелер біздің жерімізде жиі кездеседі. Ал енді тотыққан мыстан металл қорыту тек қола дәуірінде басталды. Қола табиғатта таза күйде кездеспейді. Ол, негізінен, мыс пен қалайының қосындысынан жасалады. Қазақстан жерінде қола дәуірінде, ерте темір дәуірінде мыс, қалайы, алтын өндірген


көне кеніштер өте көп. Мысалы, ондай кеніштер қазіргі Шығыс Қазақстанда (Риддер, Бұқтырма, Қазаншұңқыр, т.б.), Орталық Қазақстанда (Жезқазған маңайында, Қызылеспе, Қарқаралы, Ақшатау тауларында) болған. Бұл сонау қола дәуірінен бастап көне заманда біздің жерімізде металлургия өндірісінің өте күшті дамығандығын көрсетеді. Қазақстанның қола дәуірі, шамамен б.з.д. XVIII—VIII ғасырлар аралығын қамтиды. Кең тарихи-мәдени мағынасында қола дәуірінің алдыңғы (б.з.д. XVIII —XVI ғғ.) ЖӘНЕ ортаңғы кезеңдерінде (б.з.д. XV—XII ғғ.) тұстас. Қазақстанның қола дәуіріне үңілмес бұрын «Андронов мәдениеті» деп аталатын мәдениетке тоқталайық. Еуразия даласында қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың қалдырған мәдениеті тарих ғылымында


«Андронов мәдениеті» деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері «Андронов» деген селоның жанында ашылған. Бұл село Оңтүстік Сібірдегі Ачинск каласының жанында орналасқан. Бүгінгі таңда Андронов мәдени- тарихи бірлестігінің қола заманында өте кең таралғандығы белгілі болып отыр. Бұл ендік бойынша, Жайық өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі аралықта, ал бойлық бойынша, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, оңтүстікте Хорезмге, Сырдың төменгі ағысына дейін таралды. Олар Тянь-Шаньға, Ферғанаға, тіпті Вахш өзенінің төменгі сағасына дейін барған екен. Бұл мәдениет құрамына Қазақстан жері түгелімен кіреді. Қола дәуірінде Қазакстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі — Андронов


мәдениеті. Ал б.з.д. XII—VIII ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптаскан.Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола-әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайынның, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорыптасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында – I мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі — көшпелі мал шаруашылығына ауысады. Қазақстан жері түгелімен


кіреді. Қола дәуірінде Қазакстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі — Андронов мәдениеті. Ал б.з.д. XII—VIII ғасырларда соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптаскан.


Орталық Қазақстанның қола дәуірі Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы — Орталық Қазақстан. Бұл аймак қола дәуірінде адамның өмір сүруіне өте жайлы болды. Онда: Қарқаралы, Баянауыл, Ұлытау, Атасу, Көкшетау, Имантау, Жақсы-Жаңғыз- тау, т.б. кішігірім таулар бар. Бұл таулардың өзен-бұлақтарының бірі солтүстікке, бірі оңтүстікке қарай ағып жатады. Оның үлкендері — Есіл, Нұра, Сарысу, Торғай өзендері. Біз


бүгінге дейін Бұл өлкелерде қола дәуірінде қандай тайпалар өмір сүргендігін білмейміз. Археология ғылымында осындай аты белгісіз жұрттарды солардың қалдырған археологиялық мәдениетінің атымен атайды. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде Андронов мәдениеті таралғаны белгілі. Біз Бұл кезеңде өмір сүрген тайпаларды шартты түрде «андрондықтар» деп атаймыз. Орталық Қазақстанды археологиялық жағынан жоспарлы, нысаналы зерттеу 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылуымен байланысты. Оны ұйымдастырған және 80-жылдардың басына дейін баскарған Әлкей Қақанүлы Марғүлан болатын. Ә.Х.Марғүланның кезеңдеуі бойынша, Орталық Қазақстанның қола дәуірі


ескерткіштері екі мәдениетке — Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы—Нұра кезеңі; б) ортаңғысы—Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің арасында өтпелі кезең бар. Өтпелі кезеңнің мерзімдемесі — б.з.д. XII—XI ғасырлар. Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.д. X—VIII ғасырлар, Бұл соңғы қола дәуіріне жатады. Нұра кезеңінін ескерткіштерін, негізінен алғанда, жерлеу орындары — көне қорымдар құрайды. [4] Жерлеу орындары кішігірім қазандай, жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Тас қоршаулардың пішімі әр түрлі, киіз үйдің орны сияқты дөңгелек,


тіктөртбүрышты, кейде тіпті шаршы (квадрат) түрінде де кездеседі. Әдетте, қоршаудың орта шенінде қабір болады. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты. Тас сандық үсті (беті) бір немесе екі-үш жалпақ тастармен жабылады. Кейде тас сандықтың қабырғалары да тігінен қойылған үлкен жалпақ тастардан жасалады. Бұл дәуірде көбінесе өлген адамның сүйегін жартылай өртеп қойған. Адамның денесін қабірден тыс жерде өртеп, содан соң күйген сүйектерін қабірге жерлеген болуы керек. Өйткені адамның сүйектерімен қатар қойылған қыш құмыраларда, әшекей заттарда, қару-жарақтарда оттың ізі, белгісі жоқ. Нұра кезеңінін кейбір зираттарында адамды өртемей жерлеу ғұрпы да кездеседі. Ақтоғай ауданының


аумағында зерттелген «Қанаттас» деген жерлеу кешенінің қоршауында адамды қабірдің ішіне кол-аяғын бүгіп отырғызып жерлеген. Адамды қол-аяғын бауырына алғызып отырғызып жерлеу қола дәуірінің басқа да ескерткіштерінде сирек болса да кездеседі. Кейбір андрондықтар «адам өлгеннен соң Жер-ананың жатырына да солай орналасуы»қажет деп есептеген болуы керек. Нұра кезеңінін қоршауларында адаммен бірге қыш құмыраларды, малдың етін қойған. Андронов дәуірінің Атасу кезеңінін ең көп зерттелген ескерткіштері — сол жерлеу орындары. Оның аса белгілілері — Айшырақ, Саңғыру-ІІ, Былқылдақ, т.б. Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төртбұрышты қоршаулар болып келеді. Сондықтан алдыңғы кезеңнің көп дәстүрлері


мұнда да жалғасын тапқан. Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеген сүйектер өте сирек кездеседі. Бұл кезеңнің қабірлері, негізінен, үлкен қақпатастардан салынған тас сандықтар. Кейде әншейін жер қабір, кейде қабір — төрт ағаштан жасалған рама түрінде де кездеседі. Қабірлер, әдетте, ұзына бойына шығыстан батысқа қарай бағытталған. Атасу кезеңінде сонымен қатар қос кабірлер кездеседі. Бұл бір қоршаудың ішінде қатарынан қойылған екі тас сандыққа екі адамды жерлеу салты. Атасу кезеңінде бір қоршаудың ішінде бірнеше қабір болады. Бұл бір атаның баласы жерленген патриархалдық жерлеу орындары. Атасулықтар адамды қол аяғын бүгіңкіреп, бір қырынан, көбіне сол жамбасына жатқызып жерлейтін


болған. Атасу кезеңінде корымдардың, қоныстардың маңайында өлгендерге мінәжат ететін арнаулы орындар пайда болды. Бұлардың диаметрі 1,5—3 м аралығында. Маңайын үлкен тастармен көмкерген. Шығыс жағынан мінәжат орнына келетін жолға тас төселген. Мінәжат орнында заттардың шірінділері (сүт тағамы болса керек), әр түрлі құралдар кездеседі. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроов қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған. [4] Андровнов мәдениеті шығыстағы Минусинск шұнқырынан бастап солтүстік аса


үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған. Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшебне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады. Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта азияның кең-байтақ далаларын


тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск маңындағы Андроново селосының атымен ғылымда шартты түрде «Андронов мәдениеті» деп аталды. Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі-Қазақстан жері Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халық- тың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жер төбелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені,


бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Тайпалар малшылық-егіншілікпен аралас шұғылданды. Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егінді оратын орақ, пішенді шабатын шалғы сияқты құралдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды. Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі болған. Мұндай ыдыстарды жасағанда негізгі шикізат ретінде балшықты пайдаланған. [4] Ыдысты жасау әдістері: а) таспалық әдісі; ә) қалыпқа


салып пішіндеу әдісі. Бұл әдістер б.з.б. XVII-XI ғасырларда қолданылған. Андроновдықтарда үй кәсіпшілігі, әсіресе, тоқыма кәсібі жақсы дамыған. Киім тігге қой жүнін, ешкі түбіті, малдың терісі, сүйек, тарамыс жіп т.б. пайданалынған. Олар жүннен тоқылған баскиім, теріден тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқкиім т.б. киген. Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. үш мыңжылдық). Кен өндіру әдістері: а) опыру әдістері; ә) отпен үгіту әдісі; б) ұңгіп қазу әдісі. Андронов тайпалары өндірген кенді суда жуған. Ол кендер балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері Атасу, Суықбұлақ, Қанай манындағы андроновтықтар елді мекендерінен


табылған. Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Отбасы үшін өте қасиетті саналған ошақты андроновтықтар қатты құрметтеген. Тасқа салынған сүреттер Таңбалы, Ешкі-өлмес, Маймақ, Бөкентау, Жасбай, Хантау, Бұланты, Айтпан т.с.с жерлерден табылған. Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бергі өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін (б.з.б. XVIII-XVI ғасырлар) және орта кезеңін (б.з.б. XV-X ғасырлар) түгелдей қамтиды 3 сурак


[17.12, 22:09] aknazik.abdislamkyzy: халықтың үш тобы болды деген

болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар жауынгерлер - сүңгі мен оқ ( "ратайштар-арбада тұрғандар"), абыздар - құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни "сегізаяқтар" (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге -қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс -патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.


Өнері мен мифологиясы. Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д,д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі

жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған. 4 сурак


[17.12, 22:13] aknazik.abdislamkyzy: Қаңлылардың материалдық мәдениеті негізінен қоныстар мен обалардың орнынан табылған заттар бойынша анықталып отыр.
Орталық Сырдария аймағында (Шаш, Отырар, Қаратау) тараған қаңлы материалдық мәдениеті тарихи әдебиеттерде Қауыншы, Жетісай, ОтырарҚаратау мәдениеті делінсе, ал І-мыңжылдықтың басынан бастап

Сырдарияның төменгі ағысында бұлармен тектес Жетіасар мәдениеті деп аталады. Жетіасар мәдениетінің жұрттары көлемінің кеңдігімен, орналасуының айрықшалығымен және материалдық мәдениетінің ерекшелігімен сипатталады.


Қазір ондаған қаңлы қоныстары белгілі. Ең ірі ескі қоныстардың бірі – Алтыасар. Ол трапеция пішінді болып келген төбе секілді. Алтыасар, Ақтөбе, Қарауылтөбе т.б. қоныстарды зерттеудің нәтижесінде оны мекендеген халықтардың өмірін, мәдени табыстарын байқауға мүкіндік туды. Қауыншы мәдениетінің неғұрлым жақсы зерттелген ескерткіштерінің бірі – Шардара маңындағы Ақтөбе конысы. Қаңлы қоныстарында көптеген тұрғын үйлер мен шаруашылыққа қажетті құрылыстар болған. Олардың сыртына

дуалдар соғылып, ор қазылған. Кірпіштен тұрғызылған монументальді құрылыстар, архитектурасы күрделі ғимараттар мен ою-өрнектер ежелгі қаңлылық мәдениетінің жоғары дәрежеде болғандығының бір айғағы. Үй шаруашылығы кәсіпшілігінен ұсталық пен қыш ыдыстар жасау ісі, түрлі зергерлік өнер мен тас, сүйек өндеу өнері кеңінен таралған. Жазба деректер мен археологиялық қазбаларға қарағанда Қаңлы мемлекеті Орта Азия мемлекеттерімен, Кавказ, Рим, Қытаймен қарым-қатынаста болған. Б.д.д. II-I ғасырларда қаңлылар өздерінің шаҺарларын соққан. Қаңлы тайпалардың саяси бірлестігі мемлекеттік құрылысқа тән көптеген белгілер орын алды деген қорытынды жасауға негіз бар.


Қаңлылар одағында дамыған

әлеуметтік-саяси иерархиялық құрылым археологиялық қазбалардан айқын көрінеді. Оларға сан-салалы әкімшіліксаяси аппаратпен байланысып жатқан жоғары дамыған әскери ұйым да тән болды. Осы негізде үйсін және қаңлы тайпалық одақтарына — мемлекеттік құрылымға тән жекеленген белгілермен ерте мемлекеттік нышандары бар: әкімшілік, күштеу аппараты, әскери ұйым биліктің мықты жүйесі қалыптасты.


6
[17.12, 22:17] aknazik.abdislamkyzy:
Ғұндар мемлекетінің қалыптасуы, гүлденуі, тоқырау кезеңдері

Басты бет


Қорытынды аттестаттау
Қазақстан тарихы
IV тарау. Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен мемлекеттер
Ғұндар мемлекетінің қалыптасуы, гүлденуі, тоқырау кезеңдері

Алдыңғы конспектКелесі конспект


00:00
07:26


КОНСПЕКТ

Б.з.б. III ғасырдың аяғында Қытай деректерінде «ғұн» (сюнну) атауы пайда болған. Бастапқы кезде олар Солтүстік Қытайды, Моңғолияны, Байкал өңірін мекендеген.
Б.з.б. III ғасырдың соңғы онжылдығында Қытайдың солтүстігі мен Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген ғұн тайпаларының бірлестігі құрылды.
Б.з.б. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің «Солтүстік-батысындағы күшті бәсекелесі, жауы» деп есептеген. Ғұндардан жауынгерлік құдіретінен сескенген Цинь патшалағы өзінің шегарасын қорғау үшін Ұлы

Қытай қорғанын салды.


Ғұн мемлекетін әскери басшы тәңірқұты (шаньюй) басқарды. Тұман тәңірқұтының баласы Мөде әкесімен болған күресте билікті өз қолына алды. Ғұндардың жаулап алу соғыстары дунхулардан басталады. Ол б.з.б. 203-201 жылдары Саян Алтайы мен Жоғарғы Енисей өзеніндегі ежелгі қырғыз тайпаларын бағындырып, солтүстік шегарасын кеңейтті.
Ғұндар б.з.б. II ғасырдың басында Еуразия құрлығындағы бірден-бір қуатты мемлекеттке айналды. Ғұндардың саяси күшейген кезі – құдіретті Мөденің билік жүргізген мезгілі. Халық саны 300 мыңға жетті. Ғұндар Хан әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды б.з.б. 188-жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етті. Қытай императоры ғұндарға жыл

сайын жібек маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп, алым-салық төлеп тұруға және қытай ханшасын Мөде шаньюйге әйелдікке беруге мәжбүр болған.


Қытай деректерінде «Ғұндардың құдіреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер оны бір мемлекеттен екінші мемлекетке шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды» деп жазылған.
Бұл кезде Байкал көлінен Тибет тауына дейін және Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықтағы жерлерді құдіретті Ғұн мемлекеті алып жатты.
Қытай жазбаларында ғұндарға 36-ға жуық көрші ұлыстың бағынғаны айтылған. Мөде б.з.б. 174-жылы

қайтыс болды. Оның мұрагері Лаушан тәңірқұты тұсында Ғұн мемлекетінің құдіреті күшейе түсті. Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып: сол, орталық, оң қанат болып үшке бөлінген. Мемлекеттің шаньюйден кейінгі басты тұлғалары түменбасы деп аталатын бекзадалар болған.


Ғұндар 24 руға бөлінген және оларды бекзадалар билеген. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Барлық бекзадалар аспанға, жерге, ата-баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін жылына үш рет шаньюйдің алдында ақсақалдар кеңесіне жиналған. Жиналғандардың бәрі шаньюйдің туысқандары болатын. Олар мемлекеттік істерді талқылайтын.
Мемлекеттің ішкі-сыртқы күрделі

мәселелерін шешуде олар әскер күшіне сүйенді. Әскерилер түмендерге бөлініп, әр түменде 10 мың атты әскерден болды. Әр түмен мыңдықтарға, жүздіктерге, ондықтарға бөлінді. Мемлекетте әскери шен жүйесі құрылды: бас қолбасшы, қолбасшы, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы, азаматтардың бәрінің бірдей әскер қатарына шақырылуы міндетті болды, шақырылғандар әскери бастықтарына сөзсіз бағынды, әскердің үнемі жауынгерлік рухта болуы үшін жүйелі әскери жаттығулар жүргізіліп тұрды. Олар соғыс кезінде тас атып дуал құлататын, от лақтырып өрт шығаратын соғыс техникаларын қолданған.


Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде силюань-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Тақ мұрасы

алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды. Елдегі үш ақсүйек тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерге осы үш тайпа өкілдері ғана тағайындалды.


Ғұндардан құтылу үшін қытайлар көшпелілердің арасына іріткі салу саясатына көшті. Соның салдарынан Ғұн мемлекеті б.з.б. І ғасырдың ортасында оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді.
Оңтүстік ғұндар өздерінің тәуелсіздігінен айырылып, Хан әулетінің қол астына түсті. Солтүстік ғұндар Чжи-Чжи басқаруымен жаңа елдерді бағындыру үшін батысқа қарай жылжыды. Олар оңтүстік Қазақстандағы қаңлылармен бейбіт келісімге келіп, Талас өзенінің шығыс жағында көшіп-қонуға мүмкіндік алады.

Ғұндар бұл жерде біржола тұрақтап қала алмады. Олар жылжи отырып Дунайға дейін жетіп, Ғұн деген атпен Венгрияға қоныстанды.


Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.б. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл құбылысты Халықтардың ұлы қоныс аударуы деп атайды. Аттила (Еділ) (400-453 жж.) – ғұн билеушісі. Батыс ғұн ұлысы – ғұндардың б.з.V ғасырдың ортасына қарай Еуропада құрған мемлекеті.
Еділ патшаның кезінде Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті. Еділ билігі тұсында ғұндарда әскери-демократиялық құрылыс нығайды. Батыс ғұн ұлысының негізі ІІ ғасырда Каспий теңізінің жағалауында, қазіргі қазақ жерінде қаланды.

Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ жерді жайлап, көптеген тайпалардың басын біріктіріп, әскери соғыс қуаты күшті мемлекетке айналды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін құрып, ел шегарасын кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті. Оған Днестрден Римге дейінгі, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі жерлер бағынды. 451-жылы Галлиядағы Каталаун даласында Аттила жауынгерлері римдіктердің, франктердің т.б. біріккен күштерімен шайқасты. 453-жылы Аттила қайтыс болған соң Ғұн мемлекеті ыдырап кетті.


Ғұндардың тарихтағы рөлі мынандай болды: Еуропаны римдіктерден азат етіп, құлиеленушілік құрылысты құлатып, жаңа дәуірдің – орта ғасыр дәуірінің басталуына жол ашты; Еуропа

халықтарының қалыптасуына ықпал етті.


6
[17.12, 22:35] aknazik.abdislamkyzy: Б. з. б. II ғасырда Ұлы Жібек жолының сауда дипломатиялық басты жолы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының тармақтары V-VII ғасырларда Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жерлерін қамтыған. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самарқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш. Весидж, Шауғар т. б. ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейіннен XIII-XIV ғасырларда Жібек жолының саяси-экономикалық маңызы артқан.Жібек


жолы бағыты: Хуанхэ өзені – Ұлы Қытай қорғанының батысы – Іле өзені – Ыстықкөл. Бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды.Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран – Месопатамия – Мысыр – Сирия-Қытай.Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.Дала жолы (б. з. б. 1 мыңжылдықтың ортасы).


Жібек жолындағы тауарларөңдеу


Жібек жолының алғашқы негізгі тауары Қытай жібегі болған. Қытай жібегі осы жолмен Батысқа жеткізіліп тұрған. Кейіннен Батыс пен Шығыстың басқа тауарлары тасылған (күміс, алтын, тұлпар, түйе, бүркіт, қаршыға, піл сүйегі, жеміс-жидектер, экзотикалық аңдар т. б.). Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған.


Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген.Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жалпы, Жібек жолымен 2000 жылдан астам уақыт бойы сауда керуендері жүрген. Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан христиан діні таралған. Жібек жолы – сауда жолы ғана емес, көшпелі отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолы.


7

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет