Дикретті элементар оқиғалар кеңістігі. Оқиғалар және оқиғаларға қолданылатын амалдар
Ақырлы немесе саналатын элементтерден (“элементар оқиғалардан”) тұратын элементар оқиғалар кеңістігі дискретті элементар оқиғалар кеңістігі деп аталады.
Дискретті элементар оқиғалар кеңістігі Ω-ның кез келген ішкі жиыны A (A Ω) оқиға (кездейсоқ оқиға) деп аталады. Басқаша айтқанда, кездейсоқ оқиға дегеніміз эксперимент нәтижесінде осы оқиғаның пайда болуына әкеп соғатын элементар оқиғалардың жиыны.
Ықтималдықтың классикалық анықтамасы.
Сонымен анықтамадан көрініп тұрғандай ақырлы ықтималдық кеңістігінде классикалық анықтама бойынша қандай да бір А оқиғасының ықтималдығын табу үшін біз А-оқиғасының пайда болуына әкеп соғатын элементар оқиғалардың (“қолайлы жағдайлардың”) санын, яғни А-ны құрайтын элементар оқиғалар санын барлық элементар оқиғалар (“мүмкін болатын жағдайлар”) санына бөлуіміз керек. Басқаша айтқанда, классикалық анықтама негізінде оқиғаның ықтималдығын табу үшін біз қандай да бір жиындардың элементтерінің санын (қуатын) таба білуіміз қажет екен.
Комбинаторика элементтері.Таңдамалар, кездейсоқ орналасулар. Қайтарылатын және қайтарылмайтын кездейсоқ таңдамалар схемасы үшін сәйкес қатынастар (теру, орналастыру, алмастыру)
Егер Ω деп осы алынған көлемі r - ге тең таңдамалардың жиынын белгілесек, онда қайталанатын таңдама үшін
Айырмашылығы ең болмағанда бір элементінде болатын орналастырулар (қайталанбайтын таңдамалар) терулер деп аталады.