22.Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері Жас ұрпақтың денсаулығын сақтау – мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеті, яғни елдің ересек халқы денсаулығының іргетасы бала жастан қаланады. Мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуының барлық перспективалары, халықтың өмір сүру жағдайының жоғары деңгейі, ғылым мен мәдениет дамуының жоғары деңгейі бүгінгі күнгі балалардың қол жеткізген денсаулығының қорытындысы. Соңғы жылдары байқалып отырған балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайындағы жағымсыз көріністер мемлекетке үлкен әлеуметтік және экономикалық шығын әкеледі. Бұл мынадай себептерге байланысты:
Балалар мен жасөспірімдер есірткі, темекі және алкогольдің әсерін өздерінде сынып көруге тырысатын қатерге барады, сөйтіп қауіп-қатердің негізгі тәртіптік факторларына қатынасы бойынша қоғамның ең осал топтарының бірі болып табылады. Бұрынғының жоғалып, жаңа идеология мен субмәдениетке сай жаңа ойын-сауық ұйымдарының шалқып дамуы, мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің нашар экономикалық базасы, балаларға (қызығушылығы бойынша) қосымша білім беру мен бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін жұмсалатын шығындардың жоғарылығына сай халықтыңтөлем қабілетінің төмендігі сияқты әлеуметтік-экономикалық мәселелермен байланысты жағдайдың қиындығы. Бүгінгі таңда психикалық және тәртіптік ауытқуы барлардың әрбір төртіншісі – бала. Дегенмен, жасөспірімдер арасындағы осы патологияның өсу қарқыны ересектерге қарағанда 2 есе жоғары. Әрбір сегізінші жасөспірім психика және жүйке жүйесі тұрғысынан әртүрлі патологияларға ие. Мынадай фактіні белгілеуге тура келеді, есірткі мен алкоголь сияқты психоактивті заттарды қолдану нәтижесінде психо-тәртіптік бұзылулары бар аурулар жылдам қарқынмен дамып келеді. Көпшілік баланың тәртібіне көптеген факторлар әсер етеді, солардың әсерінен жеке тұлға ретінде қалыптасуы, оның денсаулығы, психикалық және физикалық саулығы сақталады не бұзылады. Балалар мен жасөспірімдер біздің қоғамның ең осал әрі қорғансыз әлеуметтік тобы болып табылады. Оған дәлел ретінде балалардың, әсіресе әумесерлік мінез-құлқы бар балалардың мүддесін қорғайтын нормативтік-құқықтық базаның жетілдірілмегені болып табылады. Мектеп жасындағы балалардың психикалық саулығын сақтау және нығайту бойынша бірлескен күш жұмсаудың үлгісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ), Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы және Алматы қ. Білім беру департаментімен жасалған «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық саулығын қалыптастыру үдерісіндегі мектеп психологиясы» атты бағдарлама болып табылады. Онда диагностикалық әдістер жинағы және білім беру мекемелерінің психологтарына арналған ұсынымдар бар. Бұл бағдарлама Алматы қ. 5 пилоттық мектебіне енгізілді. Бұдан әрі оны Қазақстанның басқа да өңірлеріне енгізу жоспарлануда. Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, Қазақстанның барлық мектептерінде факультативті болса да енгізілген валеология сабағында қарастырылады. ҚР БҒМ мен Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы бірлесіп, әрбір сыныпқа арналған оқулықтарды дайындады. Соңғы жылдары жалпы білім беру бағдарламаларына «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» пәні енгізілді, оның аясында төтенше жағдайлардағы оқушылардың тәртіп мәселесі қарастырылып, қауіпсіз тәртіп дағдылары үйретіледі. Жалпы білім беретін мектептерде мектеп оқушыларының тәртібіндегі өзгерістерге бағытталған басқа да пәндер жүргізіледі: жол қозғалысы қауіпсіздігі, құқықтық оқыту, гигиеналық оқыту, есірткі, АИТВ/ЖҚТБ профилактикасы, адамгершілік-жыныстық тәрбие, өзін-өзі тану. Қазіргі уақытта мектептегі білім беруді реформалау қарқынды жүргізіліп жатыр, барлық жүйе мектеп оқушыларына өмірлік дағдыларды үйретуге бет бұрды.