20.Азықтық заттаржәне тамақтану нормасы Азықтық заттар ұқсас болмағандықтан, олардың дәмдері де әртүрлі болады. Сондықтан олардың рөлі де түрліше болады. Халқымыз тарихи тәжірибелерімен азықтық дәмнің рө-лін төмендегідей жинақтаған.
Ашты дәмді азықтықтар: қан жүргізу, суықты айдау, денені жылыту, жел тарату рөліне ие. Мысалы: жем-жеміл, усарымсақ, қызыл бұрыш, тау сарымсағы, қара бұрыш қатарлылар. Жем-жеміл суық тарқатып, суықтан болған тұмауды емдейді. Аскөк желбөртпе және қызылша ауруын емдейді. Қара бұрыш асқазандағы суықты тарқатып, асқазанның суықтан болған ауруын емдейді.
Тәтті дәмді азықтықтар: адамның дене қуатын күшейтіп, шұғыл түрдегі шаншу, бұлшық еттердің тыртысып түйілуін тарқатады, әрі азықтықтықтардың дәмін теңшеу рөлі бар. Мысалы: тұт ағаш жемісі қан толтырып, денені қуаттанды-рады. Жүзім қанды нәрлендіріп,сіңір сүйектерді бекемдейді. Бал өкпені нәрлендіріп, ішекті майдалап әлсіздіктен айықты-рады. Әрі әртүрлі дәмдерді теңшейді. Жүрек аурулыры мен іш ауруларына ем болады.
Қышқыл дәмді азықтықтар: анар, қара өрік ішекті тұтқыр-ландырып қуырады. Ішті қатырады. Долана жемісі іш уытын тиып, ішекті майдалайды, жөтелді басады. Шабдалы әлсіздік терінен айықтырып, адамды сергітеді. Ақшұғынық қанды қуаттандырып, йіңді қуырады. Бауырды жұмсартып, ауырғанын басады, етеккірді қалыпқа келтіреді.
Кермек дәмді азықтықтар: уытты қайтарып, ыстықты ба-сады. Өкпе, жүрек, бүйректегі ыстықты қайтарады. Дымқыл-дықты құрғатып, жалынды қайтарады. Мысалы: балдыркөк – ішті тиып, бауырдың ыстығын қайтарып, бастың ауруымен бас айланып, жүрек лоблын емдейді. Қант қызылшасы – ыстықты басып, уытты қайтарады. Онымен балалардағы жел бөрткен, қарамық, қызылша ауруын емдейді. Иісті үйеңкі – дымқылдықты құрғатып, асқазанды жақсылап, дизентерияны емдеуге қолданылады.
Сор дәмді азықтықтар: денені жұмсартып, түйіндерді шешеді. Денені майдалап, ішекті дымқылдатып, ішті жүргізеді. Мысалы: теңіз құрағы – денені жұмсартып, қақырықты түсіреді. Қалқаншабез ісігіне ем болады. Кептердің еті бүйректі қу-аттандырады әрі диабет(қантты несеп) ауруын емдеп, шөлді басып, дем сығылып, қуатсызданудың алдын алады. Жоғары-дағы әртүрлі дәмдердегі азықтықтардан орынды пайдалана білгенде түрліше дәмдердің өзіндік ерекше қасиеттері ғұмыр жасты ұзартуға денсаулығыңызды жақсартуға пайдалы
Күнделікті азығының құрамы барынша сан алуан болғаны дұрыс. Бала ағзасына пайдалы дәрумендері бар: ет, балық, сүт және сүт өнімдерін, жұмыртқа, жемісжидектер мен көкөністер, қант және кондитерлік бұйымдарды, нан, дәндідақылдар және т.б. азық-түліктерін күнделікті тамақ үлесіне қосып отырған жағдайда, баланын берік денсаулығын қамтамасыз ете аласыз. Бала ағзасының әртүрлі инфекцияларға қарсы тұруын: ет, балық, жұмыртқа, сүт, айран, ірімшіктің құрамындағы жоғары сапалы табиғи ақуыздары қамтамасыз етеді. Сондықтан осы азық-түліктерді баланың күнделікті тамақтану үрдісіне қосыңыз. Дұрыс тамақтану – өсіп келе жатқан жас ағзаның денсаулығы мен дұрыс өсуіне жағдай жасап, үнемі әсерін беретін маңызды фактор. Тамақтану ережесін ұйымдастыру Тамақтану ережесін ұйымдастырудың негізі – ұсынылған азық-түліктер жиынтығын ұстану болып табылады. Осы топқа енетін тағамдардың құрамы – мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиялық қажеттіліктері мен калориийлік құндылығын қамтамасыз етеді. Бұл жерде ең маңыздысы – топ ішінде жағымды эмоциялық көңіл-күй мен жақсы орта қалыптастыру. Балалар үстел үстінде ыңғайлы отырып, қажетті ыдыс-аяқтармен қамтамасыз етілуі керек. Балалар тамақтануын ұйымдастырушылар, баланың үйде пайдалы тамақтануымен үйлесімін табуы керек. Үйдегі тамақтанудың, балабақшаның тамақтану үлесін толықтырып отыруына қол жеткізуі керек. Осы мақсатта, атааналар балаларының балабақшадағы күнделікті ас мәзірінен хабардар болып отырады. Балаңызды балабақшаға апарар кезде, тамақтану тәртібі мен тәбетін бұзбау үшін, үйде тамақтандырмауға кеңес береміз. Бірақ, балаңызды ертерек әкелетін болсаңыз, шай, шырын немесе жеміс беруге болады. Бейімделу кезеңіндегі тамақтану. Балалар тамағын ұйымдастыруда,ерекше назар аударатын жайт, баланың бейімделу кезеңіндегі тамақтану тәртібі. Үй тәрбиесіндегі баланың бақша тәрбиесіне өту кезеңі қашанда, анықталған психологиялық қиыншылықтармен бірге өтеді. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым балабақшадағы ортаға бейімделуі қиынға түседі. Осы тұста, көбінесе, баланың ұйқысы бұзылып, тәбеті төмендеп, жалпы ағзасының ауруларға қарсы тұратын қорғаныштық қабаты да әлсірейді. Бала үшін осы кезеңде, дұрыс тамақтандыруды ұйымдастырса, ол ортаға бейімделіп, ұжымға тез үйренеді. Өздігінен тамақтануға үйретілмеген балаларды тамақтандыру үшін, тәрбиешілерге, дұрыс тамақтандыру тәртібі жөнінде кеңестер беріледі. Ондай балаларды қолдан тамақтандырыңыз, егер осы кезде бала қарсылық танытса, күштеп тамақтандыруға болмайды. Осы әрекет баланың балабақшаға деген жағымсыз көзқарасын күшейте түседі (бақшада жарты күн болатындарын, үйлерінде тамақтандырсын).