Тексеру сұлбалары.
Физикалық шамалар бірліктерінің өлшемін дұрыс беруді қамтамасыз ету тексеру сұлбаларының көмегімен жүзеге асырылады. Тексеру сұлбасы – нормативтік құжат, ол бірлік өлшемін эталоннан әдістер мен қателіктерді көрсету арқылы жұмыстық өлшеу құралдарына беруге қатысатын, өлшеу құралдарының қосымша бағынуын анықтайтын, нормативтік құжат және МСТ 8.061-80 «МӨЖ. Тексеру сұлбалары. Мазмұны мен салынуы» стандартында анықталған тәртіпте бекітілген.
Тексеру сұлбалары қолданылу саласына байланысты мемлекеттік, мемлекет аралық және жергілікті болып бөлінеді.
Мемлекет аралық тексеру сұлбаларын өлшеулер бірлігін қамтамасыз етумен байланысты қызметте «Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясатты жүргізу туралы» Келісімге қатысушы мемлекеттер, мемлекет аралық тексеру сұлбасына арналған құжатқа қайшы келмейтін елдің нормативтік құжатын әзірлеу жолымен қолданылады.
Мемлекеттік тексеру сұлбасы метрологиялық қызметтермен тексеруге жататын, барлық өлшеу құралдарына таралады.
Жергілікті тексеру сұлбасы метрологиялық қызметтің жеке органында тексеруге жататын, берілген физикалық шаманың өлшеу құралдарына таралады.
Жергілікті тексеру сұлбасын сызба түрінде ресімдейді, онда тексеру әдісін - овалдармен, ал эталондар мен өлшеу құралдарын тікбұрышты рамкаларда бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |