18. «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ», «ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ», «ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 5-11 - СЫНЫПТАР «Қазақстан тарихы» оқу пәні 1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің және Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 5-11-сыныптарда «Қазақстан тарихы» міндетті оқу пәні ретінде оқытылады. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 201 міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11-сыныптарда «Қазақстан тарихы» оқу пәні екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде сыныптарды топтарға бөлуге білім беру санына қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде жол беріледі. 2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады. Сондықтан, Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болуы мүмкін. Үлгілік оқу жоспарының оқу түріне байланысты 5-11-cыныпта «Қазақстан тарихы» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі 18.1-кестеде берілген. 18.1-кесте – 5-11-cыныптарда «Қазақстан тарихы» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі Сынып Оқу пәнінің атауы Жалпы жүктеме, сағат Үлгілік оқу жоспары Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) Апталық Жылдық Апталық Жылдық 5 Қазақстан тарихы 2 72 2 72 6 Қазақстан тарихы 2 72 2 72 7 Қазақстан тарихы 2 72 1 36 8 Қазақстан тарихы 2 72 1 36 9 Қазақстан тарихы 2 72 1 36 10-11 (ҚГБ) Қазақстан тарихы 2 72 2 72 10-11 (ЖМБ) Қазақстан тарихы 2 72 1 36 Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9-сыныптарда 1 сағат көлемінде оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша вариативті компоненттен 2 сағат алуға мүмкіндік берілген. Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарын таңдаған жағдайда 202 инвариантты компоненттегі таңдау пәндерінің комбинациясы (7-9-сыныптар) берілген. 7-9 сыныптар (әрқайсысы 2 сағаттан): 1) «Шетел тілі», «Қазақстан тарихы» және инвариантты компоненттен таңдалатын бір пән 2) «Қазақстан тарихы», «География» және инвариантты компоненттен таңдалатын бір пән Егер білім алушылардың қажеттілігіне қарай осы комбинациялар таңдалған жағдайда 7–9-сыныптардың әр қайсысында «Қазақстан тарихы» пәні қосымша 2 сағаттан оқытылады. Сонымен қатар, Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 10–11-сыныптарда вариативтік компонент есебінен таңдалатын инварианттық пәндерді оқытуға барлығы 4 сағат бөлінген. Осыған орай, осы сыныптарда білім алушылардың қажеттілігіне қарай «Қазақстан тарихы» оқу пәнін таңдай алады.
17. «ГЕОГРАФИЯ» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 7-11- СЫНЫПТАР 1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 71 және 72-тармақтарына сәйкес «География» жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегі оқу пәндеріне жатады. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11 сыныптарда «География» оқу пәні екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылар санына қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде сыныпты топтарға бөлуге жол беріледі. 2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілік қағидаларының 24-тармағына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түріне және нысанына қарамастан оқу процесі жүзеге асырылатын үлгілік оқу жоспарларын, оның ішінде қысқартылған оқу жүктемесі бар жоспарларын дербес таңдайды. (өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен енгізілді). 197 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес «География» міндетті пән болып табылады. (өзгерістерімен және толықтырулар ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен енгізілді, 6, 87, 88- қосымшалар). Оқу жоспарлары бойынша «География» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі: 1) 7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты; 2) 8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты; 3) 9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты; 4) ЖМБ, 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты; 5) ҚГБ, 10-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты; 6) ЖМБ, 11-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты; 7) ҚГБ, 11-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты құрайды. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарларына сәйкес, 16, 22, 23-қосымшалары, үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқу жүктемесі 7-, 8-, 9-, 10-11- (ЖМБ) сыныптарда аптасына 1 сағатқа төмендетілді. Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша «География» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі: 1) 7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты; 2) 8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты; 3) 9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты; 4) ЖМБ 10-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты; 5) ҚГБ 10-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты; 6) ЖМБ 11-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты; 7) ҚГБ 11-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты құрайды. Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. 3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 2022-2023 оқу жылында «География» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламаларын басшылыққа алынады: • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9- сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы; • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 7- 9-сыныптарына арналған «География» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы; 198 • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «География» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы; • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің 10- 11-сыныптарына арналған «География» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы 4. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 17.1, 17.2-кестелерінде берілген. 17.1-кесте. «География» пәні бойынша жиынтық бағалау саны Сынып Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан 7-сынып 3 2 3 3 8-сынып 3 3 3 2 9-сынып 3 2 3 3 10-сынып, ЖМБ 3 1 2 2 10-сынып, ҚГБ 2 1 2 2 11-сынып, ЖМБ 3 1 2 2 11-сынып, ҚГБ 2 1 2 2 17.2-кесте. «География» оқу пәні бойынша ұсынылатын жиынтық бағалаулар саны (оқу жүктемесі төмендетілген) Сынып Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан 7-сынып 2 2 2 2 8-сынып 2 2 2 2 9-сынып 2 2 2 2 10-сынып, ЖМБ 3 1 2 2 10-сынып, ҚГБ 3 1 2 2 11-сынып, ЖМБ 3 1 2 2 11-сынып, ҚГБ 3 1 2 2 5. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес зертханалық, практикалық және модельдеу жұмыстарының саны Білім алушыларды әртүрлі географиялық ақпарат көздерімен, олардың ішінен қажетті материалдарды табу, талдау, түсіндіру, бағалау және қойылған мақсатқа жету үшін қолдану. Ақпарат көздеріне байланысты жұмыс түрлерін ұйымдастыру маңызды болып табылады. Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында танымдық белсенділікті жандандыру, оқу материалдарына танымдық қызығушылықты қалыптастыруға және дамытуға баса назар аудару қажет. 199 Ақпараттық-коммуникативтік технологияны (АКТ) сабақта қолдану ұсынылады, бұл оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру арқылы оқу сапасына ықпал етеді. АКТ ақпаратты әр түрлі формада беруге мүмкіндік береді: тест, графика, аудио, видео, анимация және т.б.; ауқымдық ақпаратты бөліктерге бөлу, нәтижесінде оқу материалы оқулық мәтініне қарағанда оңай меңгеріледі. Танымдық белсенділікті ынталандыратын, пәнге деген қызығушылықты дамытатын, білім сапасын арттыруға ықпал ететін оқытудың әртүрлі әдістеріне, құралдары мен формаларына ерекше назар аудару керек. Осындай оқыту әдістері мен формаларының қатарына картамен жұмыс, шығармашылық жұмыс, тірек конспектілерді қолдану, нақты тақырыптар мен практикалық жұмыстардан тұратын Өлкетану материалдары негізінде оқу материалын саралау, оқулықтардың (оқулық басылымдарының) электрондық нысандарын, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) құралдарын, жеке бөлімдерді терең зерттеу мақсатында бейнематериалдарды пайдалану ұсынылады. 6. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстардың ұсынылатын тақырыптары: 1. Туризм географиясы. 2. Этногеография. 3. Рекреациялық география. 4. Топография және картография негіздері. 5. Экологиялық география. 6. «Киелі-қасиетті жерлер» географиясы (сакральная). 7. Гуманитарлық география. 8. Қоғамдық география. 7. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын әдістемелік тақырыптар «География» пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын ұсынылатын әдістемелік тақырыптар: - «Жас мұғалімдерге арналған тәлімгерлік»; - «Дарынды білім алушылармен жұмыс»; - «География» пәнін оқыту сапасы және функционалдық сауаттылық»; - «География» пәні бойынша зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру»; - «Білім алушыларды «География» пәні бойынша сайыстарға, конкурстарға дайындау» және т.б. 8. Пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру «География» пәнін оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру пәннің ерекшеліктеріне байланысты. «География» – табиғи, қоғамдық, әлеуметтік нысандарды, құбылыстарды, үдерістерді бірлікте қарастыратын маңызды пән. Оқу пәнінің мазмұны «Адам – Табиғат – Қоғам – Мәдениет» жүйесіндегі жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге, табиғи байлықтарды, туған өлкені тануға; Жер, қоршаған орта, табиғат, оның алуан түрлілігінің себептері, халқы және шаруашылық қызметі туралы білімді меңгеруге бағытталған.
Оқу пәнінің тәрбиелік әлеуетін іске асырудың үш негізгі бағытын атап өтетін болсақ: олар - оқу материалының мазмұнын таңдау; сабақтың құрылымын жетілдіру; қарым-қатынасты ұйымдастыру. Білім беруді жаңғыртудың жетекші идеяларының бірі оның жалпы мәдени маңызын күшейту болып табылады, бұл оқу бағдарламасы мазмұнының тәрбиелік әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Табиғи және ғылыми таным әдісін жүзеге асыру кезінде оқушылардың географиялық және экологиялық білімін қалыптастыру процесінде табиғатқа эмоционалды және құнды қатынасын, биосфераның дамуына жауапкершілік сезімін, планетаның экологиялық әлауқатын тәрбиелеуге ерекше назар аудару керек. Экологиялық проблемаларды жаһандық, аймақтық немесе жергілікті деңгейде қарау ұсынылады. География сабақтарында оқушылардың табиғи орта объектілеріне эстетикалық қатынасы қалыптасады, практикалық экологиялық маңызы бар ісәрекеттің тәжірибесі кеңейеді, оның ішінде оқушыларды сабақтан тыс уақытта балалардың экологиялық орталықтарының жұмысына, балалардың қоғамдық бірлестіктерінің экологиялық бағдарланған ойын бағдарламаларына қосу нәтижесінде. Жалпы орта білім беру мазмұнында патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, Еңбек және шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім беру сияқты базалық құндылықтар айқындалған. Оларды егу өлкетану компонентін оқыту мазмұнына қосумен тығыз байланысты болуы керек. Патриоттық тәрбие міндеттерін шешу аймақтық өлкетануды зерттеуден басталуы керек, сабақ барысында пәнаралық байланысты сақтау қажет. «География» оқу пәні білім алушыларға әлеуметтік рөл мен болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі, оқушы тұлғасының жалпы мәдениетін, оның сауаттылығын қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Пәнді оқу нәтижесінде оқушылардың бойында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстанның флорасы мен фаунасын, табиғатын сақтау бойынша практикалық міндеттерді өмірде табысты шешуге мүмкіндік беретін іскерліктер мен дағдылар, құзыреттер қалыптастырылатын болады.