Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына __ -қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған
«Көркем еңбек» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Түсіндірме жазба
1-4-сыныптарға арналған «Көркем еңбек» пәнінің оқу бағдарламасы (бұдан әрі – оқу бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес «Көркем еңбек» пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.
Оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады.
Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптар бойынша сағат санын бөлу және тоқсан көлемінде тақырыптарды оқыту ретін мұғалім анықтай алады.
Оқу бағдарламасы оқыту үдерісін «Көркем еңбек» пәннің әдістемелік әлеуетін осы пәндік салалар бойынша оқушылардың саналы түрде білім алуы мен біліктерді меңгеруі үшін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін, әлеуметтік-мәдени кеңістікте бағдарлай алу біліктерін меңгеру арқылы өздігінен әрекет етуін дамытуға бағыттайды.
Оқу бағдарламасына заманауи мектептегі білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық педагогикалық тәсілдемелері сипатталған оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі қызметтері кіреді. Оқытуға бағытталған тәсілдемелер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдар болып табылады.
Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын ұғынуға, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Оқушының белсенді танымдық қабілеті мұғалімнің серіктес, кеңесші ретінде қолдауы және өзара бірлескен шығармашылығы орын алғанда тұрақты сипатқа ие болады.
Білім беру үдерісіне қатысушыларының өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығына ықпал ететін оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану тұлғалық-бағдарлық білім беруді нығайтуға мүмкіндік береді. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады.
Білім беру үдерісін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдемелері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық үдерісіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.
«Көркем еңбек» пәнінің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.
Оқу бағдарламасында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көптілді оқу ортасын құруда әр пәннің қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік тәсіл әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.
«Көркем еңбек» пәнінің мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар, жағдайлар жасау керек.
Оқу бағдарламасында математика пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқу мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламасы оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.
Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтары мен мектепті бітіру алдындағы нәтижелердің өзара байланысы мен өзара шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың және пәннің оқу мақсаттары жүйесінің біртұтастығы қағидатын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Оқу бағдарламасы тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталуы оның ерекшегі болып табылады. Оқу мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімін функционалдық және шығармашылықда қолдану, сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістікке жетуінің кепілі болып табылады.
Экономикадағы заманауи инновациялар, еңбек нарығындағы өзгерістер оқушыларға күрделі міндеттерді шешу үшін немесе оларды шешудің жаңа тәсілдерін табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі мен тәжірибесін жаңа идея мен ақпаратты жинақтау үшін шығармашылық түрде қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар жиынтығын меңгеру қажеттілігіне себепші болады. Жігерлілік, алғырлық, өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі сияқты тұлғалық қасиеттер өзекті болып саналады.
«Көркем еңбек» пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үрдісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға бағытталады, жетістікке қол жеткізуде табандылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады.
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына негіз болады.