18 жасқа толмаған жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары. Бүгінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050»



Дата29.11.2023
өлшемі23,03 Kb.
#131251
Байланысты:
Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алуы


18 жасқа толмаған жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары.


Бүгінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдаушы шеңберінде тұжырымдалған құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту мақсатында іс-шараларды жүзеге асыру негізінде ана мен балаға бағытталған қылмыс үшін жазаны күшейту туралы міндеттемелерді жүктеуі заңды құбылыс.
Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей,не жанама көздейтін құқықтық актілердің көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесінің даму бағытын айқындайды. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор.
Бала алты жастан он төрт жасқа дейін ата-анасының тапсырмасын саналы түрде орындай бастайды. Осы жастан бастап бала Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес 28.2-бапта көрсетілгендей, іс-әрекеттерінің мәнін түсініп, ақылға қонымды әрекет етуге және ұғынуға қабілетті екен.
Ал 14 жастан бастап кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі кеңейтілмек. Осы сәтте балаға азаматтық жауапкершілік міндеттеле бастайды. Яғни 14 жастап бір қатар заңсыз істері үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкіндігі фактісі баланың өзіне артылады.14 жасқа толған жасөспірімнің жасаған түрлі қылмыстарына қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде бірнеше баптар қарастырылған. Дегенмен, көп жағдайда бұл жастағы жасөспірімдер қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірақ егер жасөспірім қоғамға қауіпті әрекет жасаса, оның материалдары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға беріледі. Арнайы орында оған тәрбиелік сипаттағы шаралар қолданылатын сот жасөспірімді қылмыстық жауаптылықтан босатып, оны ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға қатаң қадағалауға береді. Бұл ретте, алдымен кәмелетке толмаған баланың мінез-құлқын дұрыс тәрбиелеуге және бақылауға қабілеттілігі анықталады.
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінігі жастар еліміздің болашағы. Жастар қоғамымыздың жүрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де жастарға тікелей байланысты. Сондықтан да білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс.
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.
Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.
Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады. Сондықтан тәртібі нашар, ішкі істер органдарында есепте тұрған оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізуден жалықпау керек сияқты.
Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері:

  • Отбасындағы ақау тәрбие;

  • Отбасындағы материалдық әл - ауқаты;

  • Жұмыссыздық;

  • Баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы;

  • Ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;

  • Мінез-құлқының ауытқушылығы;

  • Рухани құлазуы;


Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың пайда болуына себепті факторлар:
1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни ұрыс- талас, дау-жанжал баланың психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы;
2) Мектептегі оқу- тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер, яғни жекелеген оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыласын, қызығушылығы мен талап тілегін ескермеу;
3) Жұртшылықтың тәрбие процесіне толық көңіл аудармауынан, яғни балалардың тұратын аудандарында әр түрлі үйірме жұмыстары мен спорт секцияларына тиянақты тартылмауы, бос уақыттарын дұрыс ұйымдастырмау салдары да негіз болған.
Қазіргі кезеңде әрбір психолог алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- психологиялық әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа психологиялық технологияны меңгеру. Осы жұмыста мынандай технологияларды басшылыққа алған жөн.
Ақпараттық технология;
Өзін-өзі жетілдіру технологиясы;
Жаңа қабілеттерді дамыту технологиясы;
Денсаулықты сақтау және қорғауға бағытталған технологиялар.


Атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Адамды жан-жақты тәрбиелеу мен дамыту үшін оны жан-жақты біліп алу керек» деген қағидасын қолдана отырып, «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу» себебін анықтау мақсатында мынадай әдістерді қолдануға болады.


Олар: Бақылау,сауалнамалар, тесттер, әңгімелесу әдісі, арт терапия және акция т.б.
Сонымен қатар кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылық танытқан бала жайлы топ жетекшісімен, мұғалімдермен, жолдастарымен, ата-анасымен әңгіме жүргізу.
Суреттерді зерттеу баланың қызығушылықтарын, әуестіктерін, темпераментінің ерекшеліктерін,көңіл-күйін және ішкі әлемін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. «Отбасы» суреті. Бала мен ата-ананың қарым-қатынасын анықтау, Гудинаф тестінің негізінде «Адамды сал» тесті. Бала бойында қандай психологиялық қиындықтар бар екенін болжауға мүмкіндік береді.
Мінез-құлқы қиын баланың жеке басының дамуында өзіндік бағалау үлкен рөл атқарады. Осыған байланысты білімгерлердің өзіндік бағалауы қандай екенін анықтауға болады.
Бала бойындағы бірінші күні байқалмаған қасиет екінші күні байқалып отырады.Сондықтан білімгерге немесе оқушыға арналған күнделік жүргізу керек. Онда жыл бойы мәлімет жазылып жүреді. Ол әрі қысқа, әрі нақты жазылады. Оқу жылы соңында «Мен қандай оқушымын» деген тақырыпта психологиялық алдын-алу жұмысын өткізіп, жазылған психологиялық күнделікті оқушымен таныстырылады. Әр оқушының мінез-құлқына талдау жасап, сенің бойында мынандай жақсы қасиеттер бар, сол үшін сені жұрттың бәрі ұнатады. Сенің бойында мынадай жағымсыз қасиеттер бар, оның зиянды екенін түсіндіріп отырған абзал.
Қорыта айтқанда, бүгінгі таңдағы еліміздегі колледждердің және мектептердің әлеуметтік міндеті- жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру және олардың әрқайсысына өмірден өз жолын табуға көмектесуді негізгі мақсат еткені абзал. Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан жақты сезіну керек.

Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Садакбаева В.Б. Отбасындағы қарым-қатынастың бала дамуына психологиялық әсері: Магистрлік диссертация. – Қызылорда, 2012

  2. Қазақ совет энциклопедиясы – 6 том А.: Білім, 1975 ж.

  3. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология –А.: Санат, 2004ж.

  4. Ж.Аймауытов.Бес томдық шығармалар жинағы. 5-том,

Алматы.Ғылым,1999,301 б.

  1. Қ.Жарықбаев. Жалпы психология.- А. 1998г


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет