2 сынып
ІҮ тоқсандық бақылау жұмысы №9
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі бойынша білім білік
дағдыларын тексеру.
Міндеттері:
1. Сөз таптарын ажырата білу
2. Сөз құрамын дұрыс анықтай алуын тексеру.
Тақия тастамақ
Ойынға бірнеше бала қатысты. Балалар шеңбер жасап отырды. Жүргізуші шеңберді айнала жүгіреді. Отырған балалардың біреуінің артында тақияны тастап кетеді. Бала жүргізушіні қуа жөнелді. Жүргізуші сол баланың орнына тұра қалуға тырысады. Жеңілген бала айыбын төлейді. Өнер көрсетеді. /36 сөз/
Тапсырмалар:
1. 2- ші сөйлемді сөз табына ажырат
2. «Жеңілген» сөзін сөз құрамына талда
2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №9
Жауап кілті
1) Балалар – зат есім
шеңбер – зат есім
жасап отырды – күрделі етістік
2) Жеңілген
Жеңіл – түбір
ген – жұрнақ
2 сынып
Қазақ тілі
Жылдық бақылау жұмысы №10
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі бойынша білім білік
дағдыларын, сауатылығын тексеру.
Міндеттері:
1. Сөз таптарын ажырата білу
2. Сөз құрамын дұрыс анықтай алуын тексеру.
Жетіген
Жетіген – жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген жүздеген жылдар өтсе де, баяғы күйінде.
Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланған. Арнайы тиектер қойылған. Аспаптың үні құлаққа жағымды. /32 сөз/
Тапсырмалар:
1. 6-шы сөйлемді сөз табына талда
2. «Шертпелі» - сөзін сөз құрамына талда
2 сынып
Қазақ тілі
Жылдық бақылау жұмысы №10
Жауап кілті
1) Арнайы тиектер қойылған.
Арнайы – сын есім
тиектер – зат есім
қойылған - етістік
2) Шертпелі
Шерт – түбір
пе – жүрнақ
лі - жұрнақ
Достарыңызбен бөлісу: |