Көркем сөзін сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына талдау Көркем



Дата07.11.2022
өлшемі15,22 Kb.
#47964
түріҚұрамы
Байланысты:
Сөз құрамына талдау


Көркем сөзін сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына талдау


Көркем

  1. Бұл сөз бір құрамнан тұр: көркем

2. Тұлғасына қарай – көркем негізгі түбір. Себебі, сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі.
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр.
4. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағынасы – заттың, нәрсенің сындық қасиетіне берілген атау.
6. Грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – сын есім.
7. Көркем – қандай? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл – сын есім. Сын есім дегеніміз – қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің, құбылыстың, деректі, дерексіз ұғымдардың сынын, сапасын, көлемін, мөлшерін, т.б. қасиеттерін білдіретін сөз табы.
8. Мағынасына қарайсапалық сын есім. Себебі, сындық-сапалық қасиетті түбір күйінде білдіріп тұр.
Алғыр сөзін сөз құрамына, лексика-граммаимкалық мағынасына талдау


Алғыр

  1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: ал + ғыр

2. Тұлғасына қарай:
а) ал негізгі түбір. Себебі, сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі.
ә) алғыр туынды түбір. Себебі синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен негізгі түбірге сөз тудырушы
(-ғыр) жұрнағының жалғануы арқылы жасалған туынды түбір.
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана туынды түбірден тұр.
4. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағынасы – адамның сапалық қасиетіне берілген атау.
6. Грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – сын есім.
7. Алғыр – қандай? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл – сын есім. Сын есім дегеніміз – қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің, құбылыстың, деректі, жартылай деректі, дерексіз ұғымдардың сынын, сапасын, көлемін, мөлшерін, т.б. қасиеттерін білдіретін сөз табы.
8. Мағынасына қарайқатыстық сын есім. Себебі, сындық-сапалық қасиетті басқа бір сөз табының қатысы арқылы білдіріп тұр.
Білімді сөзін сөз құрамына, лексика-грамматика мағынасына талдау
Білімді
1. Бұл сөз үш құрамнан тұр: біл + ім + ді.
2. Тұлғасына қарай:
а) біл – негізгі түбір. Себебі, …
ә) білім – туынды түбір. Себебі, синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен негізгі түбірге сөз тудырушы (-ім) жұрнағының жалғануы арқылы жасалған туынды сөз;
б) білімді – туынды түбір. Себебі, синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен туынды түбірге сөз тудырушы (-ді) жұрнағының жалғануы арқылы жасалған туынды сөз
3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана туынды түбірден тұр.
4. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағынасы – заттың сапалық қасиетіне берілген атау.
6. Грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – сын есім.
7. Білімді – қандай? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл – сын есім.
Сын есім дегеніміз – ...
8. Мағынасына қарайқатыстық сын есім. Себебі, сапалық-сындық қасиетті басқа бір сөз табының қатысы арқылы білдіріп тұр.
Көгілдір сөзін сөз құрамына, лексика-граммаиткалық мағынасына талдау
Көгілдір

  1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: көк + ілдір.

  2. Тұлғасына қарай – көгілдірнегізгі түбір.

  3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр.

  4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар.

  5. Лексикалық мағынасы – заттың, нәрсенің, құбылыстың, деректі, дерексіз ұғымның сындық қасиетіне берілген атау.

6.1.Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның
жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – сын есім.
6.2.Екінші грамматикалық мағынасы – (-ілдір) жұрнағы арқылы берілген
категориялық грамматикалық мағына – сындық қасиеттің салыстыру
арқылы берілуі.
7. Көгілдір – қандай? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл – сын есім. Сын есім
дегеніміз – ...
8. Мағынасына қарайсапалық сын есім.
9. Салыстырмалы шырайлы сөз. Себебі, бір заттың, нәрсенің, құбылыстың, деректі, дерексіз ұғымдардың сындық белгісін екінші бір заттың, құбылыстың, деректі, дерексіз ұғымдардың сындық белгісінен не артық, не кем екенін білдіретін шырайдың түрі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет