Көтеріліс жергілікті өкімет орындарымен қатар Санкт-Петербургтегі Бас штабты да үрейлендірді. Себебі, бұл кезде Каспий теңізінің оңтүстік жағалауындағы Иранда ағылшындардың ықпалы едәуір күшейген болатын. Онымен қоса, патша үкіметі Хиуаға қарсы жорыққа даярланып, әскерлерін Красноводск қаласына шоғырландырып жатқан еді. Маңғыстау көтерілісінің орталығы осы әскер тобының тылында болды. Көтерілісті басу патшаның Кавказдағы уәкіл-әкіміне тапсырылды. Мамыр айының соңында Маңғыстауға КавказданАпшерон полкінің бip батальоны, екіатқыштар ротасы, шептік батальонның екі ротасы және Терек казак-орыстарының 4 зеңбірекпен қаруланған екі жүздігі келді. Көтерілісшілер Ұсақ құдығында, Үшауыз шығанағында, Александров фортында күшті қарсылықтар көрсеткенімен, патшаның жақсы қаруланған тұрақты әскер бөлімдерінен жеңіліс тапты. Көтеріліс қатал жанышталды. Көтерілісшілер мамыр айының соңында Үстірттен солтүстікке қарай ығысып, көше бастады. Бірақ Орынбордан шыққан Н.Крыжановский мен генерал-майор Биязнов бастаған жазалаушы жасақтармен кездесіп, шығынмен Үстіртке қарай кейін шегінуге мәжбүр болды.

1870 жылдың соңында патша үкіметі түбекті әскерге толтырды. Сам, Бозащы, Бестамақтыда 11 рота жаяу әскер, 1400 атты әскер болды.
Жазалаушылар халықты «Уақытша Ережеге» күшпен көндірді. Патша үкіметі адайларды әлсірету мақсатымен 6 мың үйді Маңғыстаудан бөліп алып, күшпен Орал облысына қосты. Көптеген отбасылар Үстіртке қашып бой тасалады. 1874 жылға дейін адайларды Дағыстаннан келген әскери өкімет басқарды. Содан кейін бір айдың ішінде 9 мың адай отбасынан екі жылғы салық бірден өндірілді. Салықты өтеу үшін қазақтар соңғы малдарын сатуға мәжбүр болды. Көтерілістің нәтижесінде «Уақытша Ережеге» өзгерістер енгізіліп, түтін салығын ақшалай емес, малмен өтеуге рұқсат етілді.