Мен Кенже Гулназ Аққалиқызы 2023 жылы қаңтар айының 23-і күні мен сәуір айының 15-і аралығында Ақтау қаласының С.Қондыбаев атындағы №22 мектеп-гиназиясына кәсіптік педагогикалық іс-тәжірибеден өтуге келдім



бет1/8
Дата26.12.2023
өлшемі34,07 Kb.
#143961
  1   2   3   4   5   6   7   8



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


«БІЛІМ БЕРУ» МЕКТЕБІ
6В01301- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»





Педагогикалық тәжірибесі бойынша
Е С Е Б І
оқушылар (бакалавриат, магистратура, докторантура) 4 курс


күндізгі оқу түрі


ПМНО-19-1 академиялық тобы


________Кенже Гулназ Аққалиқызы______
Университеттегі тәжірибе
жетекшісі: Көкшеева З.Т

АҚТАУ 2023 жыл

Ш.Есенов атындағы КТИУ КЕ «АҚ»
«Бастауышта оқыту педагогикасы
мен әдістемесі» мамандығының
4 курс студенті
Кенже Гулназ Аққалиқызының
Кәсіптік практика бойынша
Кәсіптік педагогикалық іс- тәжірибе
23.01.2023- Мен Кенже Гулназ Аққалиқызы 2023 жылы қаңтар айының 23-і күні мен сәуір айының 15-і аралығында Ақтау қаласының С.Қондыбаев атындағы № 22 мектеп-гиназиясына кәсіптік педагогикалық іс-тәжірибеден өтуге келдім. Мектептің ішкі ахуалымен таныс бола отырып, оқу-ісі жөніндегі орындасарымыздан негізгі міндеттерімізбен, мектептің басты талаптарын түсініп келдім.
24.01.2023- Маған тағайындалған сынып жетекшім: Бекбаева Айымгүл Амалбаевна 2 «ә» сыныбының жетекшісі. Танысу барысында оқушылармен, олардың ішіндегі үздік және оқу үлгерімі жөнінен төмен тұрған оқушылардың деңгейлерін білдім. Сыныпта 24 оқушы оның ішінде 9-ы ұлдар, 15-і қыз балаларды қамтиды. Сынып тізімін ала отырып, әр оқушылармен жеке-жеке таныс болдым. Сынып ішінде 3-үздік оқушы бар. Алшен Ержігіт, Бекмұрат Жанерке, Медетпек Ақнұр.
Сонымен қатар, Сынып жетекшімізбен алдағы іс-тәжірибе барысындағы жоспарларымызбен таныса отырып, негізгі әдіс-тәсілдердің түрлерін меңгеріп алдым. Бізге берілген Күнтізбелік тақырыптық жоспармен таныс бола отырып, ҚМЖ,ОМЖ,ҰМЖ- лардың жазылу үлгісін алдым.
Сынау мақсатында: жетекшім алғашқы сабағымды өзім беруімді өтінді.
Математика пәні: №73 сабақ: «Көбейту және бөлу». Тақырыбы аясында сабақ бере бастадым.
Ескерту (сынып жетекшімізден): Әрдайым сабақ барысында дикриптормен жұмыс істеу арқылы сабақта әрбір баланы бағалаудың тиімді болатынын, әрі оқушылардың білімдерін қаншалықты сабақ барысын меңгергендігін ескерте отырып, сабақ барысындағы дауыс интонацияма, өзімді-өзім ұстауыма жақсы баға бере алды.
Қобалжу, қорқу, сасқалақтау-мұғалімнен емес екендігін түсіндіре алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет