№19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя


Тілші:  Ата,  өмірлік  жарыңызды  қалай  таптыңыз? Айтмұхамбет Есімжанұлы



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата22.12.2016
өлшемі11,01 Mb.
#62
1   2   3   4   5   6

Тілші:  Ата,  өмірлік  жарыңызды  қалай 

таптыңыз?



Айтмұхамбет Есімжанұлы: Бізді мектеп 

табыстырды. Менің жұбайым  Қапал ауда-

нында  орыс тілінен сабақ беретін мұғалім 

еді. Мен инспекторлық  қызмет атқардым. 

Оның  сабағына  жиі  қатысып,    тексеріс 

жүргізіп,  талдау  жасайтынмын.  Қалайда 

жүздесіп,  кездесіп,    дидарласудың  ама-

лы    ғой.  Бірте-бірте  ол  да  мені  іздейтінді 

шығарды.  Көңіліміз  бір  жерден  шығып, 

жүрек әмірімен үйленіп, отау құрдық.  Мек-

тепте де, үйде де жұбымыз жазылған жоқ. 

Аллаға  шүкір,    балалы-шағалы,  өсіп-өнген 

отбасылар қатарында өмір сүрдік. 

Тілші: Қазіргі жастарға көңіліңіз тола ма?

Айтмұхамбет  ата:    Толатын  жағы  да, 

толмайтын  жағы  да  бар.    Қазіргі  жастар-

да  білім-ғылымға  деген  талпыныс  төмен. 

Қайта  «жеңіл-желпі  күнкөріске», байлыққа, 

мансапқа    деген  құштарлық  басым.  Елба-

сымыз  «Болашақ  –жастардікі»  деп  сенім 

артып, технологиялық инновацияны терең  

меңгеруге, отансүйгіштікке шақырып отыр. 

Осы жолды дұрыс ұстап шетелдерде білім 

алып, қазақ елінің даңқын арттырып жүрген 

жастарды көріп қуанамын.  Керісінше, көше 

бойында  өліп-өшіп  сүйісіп,    шылым  тар-

тып  тырысып,шараптарын  бөлісіп  «шар-

шап»  жүрген  жастар  кездескенде  іштей  

қынжыламын.  Қайткенде  де  болашақтан 

үміт үзбеймін. 



Тілші:  Сұхбатыңызға  рахмет!  Сөзіміздің 

соңын сіздің тілегіңізбен аяқтасақ.



Айтмұхамбет  ата:    Еліміз  аман, 

жұртымыз  тыныш,  жастарымыз  ғұмырлы, 

мемлекетіміз тұғырлы болсын.

   


Сұхбаттасқан: Ардагүл ӘСКЕРБЕК,

 3 курс білімгері.

Жетісу 

университеті



АҚЫНДАР ОРБИТАСЫ

бейсенбі, 1 қазан,

 2015 жыл

7

Алаш ұлы 

аспанда

(Айдын Айымбетовке)



Тұран далам,

Дарқан далам, 

Кең далам,

Керме жұлған кертөбелдей мен балаң.

Кесір тірлік келмес жаққа жоғалған,

Көркем сөзбен батаңды енді бер, бабам.

Батаңды бер,

Өсиетіңді өрлікпен,

Жалғастырған ерен еңбек, ерлікпен.

Ғарыш жақтан Қазақия боп көрінер,

Жампоздардың қаны тамған жер-нүктең.

Уа, бабалар, 

Азаттықтың ақ таңын,

Сезіле ме той-думан қып жатқаным.

Ар-ожданың, айбыныңды құлатпай,

Хан Тәңірдей өрлікпенен сақтадым.

Хан Тәңірі тағың ба еді, тәйірі,

Шабыт алған шалқар жердің шайыры.

Жұлдыздарға сенің қолың жетпеді,

Ал, ұрпағың секілді ме Ай ұлы?!

Уа, бабалар,

Өр ұрпағың бүгінгі,

Бекзат кеуде, кемеңгер ой, білімді.

Дұшпаныңа ұстап шапқан байрағың,

Аяқ жетпес аспанға да тігілді.

Бұл ерлікті жасамаған ел неше,

Дархан жұртым батаңды бер ендеше.

Аспанға да жол сап жатыр қазағым,

Алдындағы алып елмен теңдесе.

Ал бүгінім, кешегіден тым басқа,

Тақырыбы, орамы өзге, жыр басқа.

Олжас жазған Иванындай Кеңестің,

Айдыныма неге құрмет қылмасқа.

Ондай емес, одан биік Айдыным,

Қазағымның асқақтатар айбынын.

Зеңгір көкке жолбарыстай атылған,

Қайсар ұлдың ашып айтам қай қырын.

Айдын, Айдын, айды көрер жақыннан,

Жазылар жыр, шырқалады татымды ән.

О, не деген бүгінгі ұрпақ ақылман?!

Ғарыш-өлең дәмететін ақыннан.

Жердің бетін шаң қылады әлі Айдын,

Елдің көбін таң қылады әлі Айдын.

Айдын емес, Алаш болып аспанға,

Жер бетіне көзім тіге қараймын. 

Мынау дала, жер құрсағы шайқалар,

Сонда менің тектілігім байқалар.

Зымыранға мінген Айдын, о, тәуба!

Ғарыш жаққа менен сәлем айта бар.

 

2



Тарих қария,

Аңыз абыз тыңдағын,

Ғұн мен Сақтың сарқылмаған жұрнағын.

Жәнібек-Керей найзасының ұшымен,

Ту көтеріп Хандығымды құрғанмын.

Сол заман мен бүгінгі күн арасын,

Жалғап жатыр, талай хандар - дара шың.

Жазылмаған жаңа ғасыр істерін,

Уа, тарихым, азат елден табасың.

Бүгін міне, егеменмін, еркінмін,

Арасына жол салғанмын жер-күннің.

Жетісудан шыққан кезде ұшқышым,

Жерлесіме тілекші боп, желпіндім.

Ғұмырлықпын, Мәңгілік Ел болғамын,

Бұл туралы жазылады томдарың.

Әубәкіров, Мұсабаев інісін,

Шаттанумен, мақтанумен толғадым.

Ғарыш жаққа телміремін паң күліп,

О, не деген ғажап еді таңғы үміт.

Жалғаған жол Жер мен Көктің арасын,

Тарихымда қалатыны заңдылық.

 

 



3

Французбен, испан, жапон, неміспен,

Ағылшын, қытай, үнді, иран, орыспен.

Жер бетінде қанша ма ұлт болса да,

Бәрімен де қуанышты бөліскем.

Куан халқым,

Ұлың ұшар аспанға,

Қыран қазақ күн көзінен жасқанба!..

Текті елге тән ерлікті сезген де,

Тіл бітеді жақпар-жақпар тастарға.

Ну күледі,

Билер теңіз толқыны,

Қайың-қыздар сыңғырлатар шолпыны.

Қуаныштан жер-ананың жүрегі,

Атқақтайды басылмастан солқылы.

Бәрі күлер,

Табиғатта шаттанар,

Бәрі-бәрі осы күні бақ табар.

Ал қазағым ерлігіне Айдынның,

Жер әлемге сыймастай боп мақтанар.

Ал Жетісу жер жаннаты, шырайлы,

Қуаныштан жас ағызып жылайды.

Айдыным деп марқаяды барлығы,

Мансұқ қылмай мақтанышын былайғы.

Жетісудің перзенті ғой Айдын ер,

Аспанға ұш, ел көзімен Айды көр.

Ақжарма жыр жұрттың берген батасы,

Тілекші боп қос қолымды жайдым өр.

О, ұшқышым, самғар күнің жуықтау,

Ерлігіңді парыз бізге ұмытпау.

Ұлықтау да жөн шығар-ау, дегенмен,

Ол құрметтен жыр айдыны тұнықтау.

Жер пейіші Жетісудың ұланы,

Самға, самға! Самұрық ел қыраны.

Сен арқылы аспанда да айтылсын,

Алашымның алтын сөзді ұраны.

Жаңа ғасыр, жаңа бетте жаңалық,

Жаңалықпен тарих жатыр жаңарып.

Жер бетінен көкке ұшады құс болып,

Пай, пай, шіркін, бұл не деген даналық?!

Тойлат енді бар қазақтың баласы,

Алыс емес аспан мен жер арасы.

Ақанұлы атанғанмен Айдыным,

Әкесі оның – алтын тәжді Алашы.

Туған жері Жетісудай жұмағым,

Тамырымда тулап аққан жыр ағын.

Тәуелсіз ел ұшқышының мойнына,

Мына жырым, тағып берген тұмарым.

Айдын, Айдын,

Айдың бетін көреді,

Ғарыштың да бізге көп қой берері.

Ғылымыма жаңа беттер қосқайсың,

Өміріңнің сәтті болсын өрелі.

Ұршық жерден ұзамаған үш елі.

Уа, жерлесім,

Ұшқышым-ау, ұш енді,

Қазағымның туын тігіп ғарышқа,

Жеңіспенен жерге аман түс енді.

Байтақ далам,

Дархан далам,

Паң далам!

Елмен бірге қуанамын, жанданам.

Ұшқышыма, сәт сапар де, уа, жұртым,

Уа, Жер-ана, Айдын сенің жан балаң!

Азат күнде ғарыш жаққа самғаған!

Тариxымның 

жолдары

Тариxымды келеді тәлім еткім,



Мәлім еткім,жырыммен шолып өткім!

Сақ пен ғұнның бойымда сарыны бар,

Күлтегіннің, Білгенің,Төныкөктің.

Ер түрікпін езілген елі үшін,

Арманымын Керей мен Жәңібектің.

Кешегі Көкбөрінің кесегімін,

Кеудемде намысым бар, әрі екпін.

Мен қазақпын.

Батырмын.

Әрі бекпін!

Ес білгелі соғыстым,егін ектім.

Мал бағып көшіп-қонып күн кешкенмін,

Өйткені өрісім кең, ірірекпін!

"Ескі жолмен" жүргенмін "Қасқа жолмен",

Ауылына бармаққа әділеттің.

Жетімдерді жылатпай, жәрдем беріп,

«Жеті жарғы» туғанда сабыр еттім!

Ақтабан шұбырында еңіреппін,

Ақылымен Бұқардың дәуірлеппін.

Абылайлап шапқанда дұшпанымның,

Аяқ-қолын түгелдей дірілдеттім!

Ойшылдарым Фараби,Иассауимен.

Отырар боп ғаламды дүрілдеттім.

Осындай ұлылардың ұрпағымын,

Мен қалай жоғалмақпын, шірімекпін!

Заңы зауал кеңестің зиянын бар,

Тоқтатпаққа тырысты зиялылар.

Алашымның аңсаумен азаттығын,

Азап шекті даналар қиялы нар.

Жастығымның жігерін жалмап кеткен,

Желтоқсаным жаныма жияды зар.

Омартасы тоналған тектілердің,

Ұясына ұрпағы құяды бал!

Абайды оқып,руxтанып Маxамбетпен,

Жерді қорғап қалдым-ау шамам жеткен.

Иіргенде тариxтың тауқыметі,

Оңай алшы түскен жоқ,сақам тектен.

550 керуен артта қалды,

Жарам кепкен, дәурен-ай Бабам өткен!

Енді өмір сүремін еркін елде,

От сәуленің ішінде Отан төккен!

Ауылға ана 

келе жатырмын

Көпті көргеннің елеп нақылын,

Көпшіл мінезім,кемел ақылым.

Асыңды дәмді әзірлей берші,

Ауылға ана, келе жатырмын.

Білемін жоқ қой, менен жақының,

Арына асқақ еге батылым.

Алаңдай берме, сағынып сені,

Ауылға ана келе жатырмын.

Бабына келді өре батырың,

Бәйгеге шапсам демеу тақымың.

Сүйген кісіңнен сүйінші сұра,

Ауылға ана келе жатырмын.

Қажытты жанды қайырсыз қала,

Шомылды ойға уайымсыз бала.

Болжап отырған шығарсың ұлдың,

Жатып-ақ үйде жайын сіз ана!

Ағайын жұртты дүр гулетейін,

Ақ көйлегімді құр кірлетейін.

Тұсаудан көзі ашылмай-тұғын,

Асау тайымды бір терлетейін.

Бәрі де есте дала,терезе,

Тойып ішетін шалап,көжеде.

Алдымен барып аунап қайтамын,

Асық ойнаған ала төбеге.

Жағалап таудың қалың шырайын,

Омарташының балын сынайын.

Үйден шығарда, үздігіп қалған;

Көрші қыздың да, xәлін сұрайын.

Көпті көргеннің елеп нақылын,

Көпшіл мінезім,кемел ақылым.

Асыңды дәмді әзірлей берші,

Ауылға ана келе жатырмын.

Биік


БИІК аспан, БИІК тау, БИІК ірге.

Көкке қарап өрлейді БИІК гүлде.

Кейде адамның арманы БИІК келіп,

Кететіні несі осы, күйіп күнге.

Өзімізді бәрінен БИІК көріп,

Дүниені аламыз жиып-теріп.

Тұрғымызда келеді БИІК үйде,

Мінгімізде келеді БИІК көлік.

Керіледі көкірек, БИІК кеуде,

Отырғымыз келеді БИІК жерде.

Дағдыланып алғанбыз дараланып,

Бірімізге біріміз иікпеуге.

Шіренеміз, бөсеміз, БИІК сөйлеп

Өтіріктің құлашын БИІК сермеп.

Бұрымдылар киетін бойын түзеп,

Көтеріліп барады БИІК көйлек.

Бітім болмай арада бір келелі,

Бүтін болмас адамның шүберегі.

Құстай БИІК самғасаң, аяқасты,

Төменнен біреу атып жібереді.

БИІК еңсем,бедерлі БИІК жотам.

Биіктікті бұрмасыз, мен ұнатам.

Әйткенмен,мен айтпаған бір БИІК бар,

Өлшемсіз биіктерден БИІК Отан.

Көзіңді қыс!

Арманды - тау десек те сезімді - құс,

Демеймін мен бақытты кезімді түс.

Көрмегенсіп жанымнан өте шықпай,

Көңілің болса егер көзіңді қыс!

Оған шамаң жетпесе, ойымды тап,

Санадан өшір күмән, уайымды қап.

Келесі күн келер деп күтпе бекер,

Кейде оралмай қалады байырғы сәт.

Жасырғаннан не пайда жылап қалма?

Айып па екен біреуді ұнатқанда.

Кейде қыран таудан да биік ұшып,

Дәрмені жетпей қалар тұрақтауға.

Айға қарап қайтесің, ашиды ми,

Сәл ұнатсаң қол көтер, шашыңды түй.

Үнсіздікке тойып-ап өте шықпай,

Күле қара немесе басыңды іи!

Сезіміңді тұмшалап шымшымағын,

Тартыншақтап алдыңда пысынадым.

Бір ауыз сөз айтсаңшы себеп болар,

Белгі қалдыр соңыңнан бір сұрарым.

Арманды - тау десекте сезімді - құс,

Демеймін мен бақытты кезімді түс.

Көрмегенсіп жанымнан өте шықпай,

Көңілің болса егер көзіңді қыс!

 

Мұxтар КҮМІСБЕК



Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Тұғырларың биік болсын



Университетіміздің бұл екі  білімгері жақында  «Қазақ хандығының 550 жылдығына» 

арналған облыстық жыр мүшәйрасына  қатысып, қанжығаларын майлап, жүлделерін 

тақымына  байлап қайтты.  Асыл  Сұлтанғазы  қазір  «Жетісу» облыстық газетінде 

тілші  болып жұмыс істеп жүр. Олардың жырларының  сыршылдығы, жүректі тербеп, 

сезімді  селт еткізетіндігі жанымды жадыратады. Асыл тереңнен толғап, тебірене 

сілтеп, жыр теңізінің тұңғиығына  шомып, шыңына қонып, кәдуілгі ақындардай ақыл 

мен  парасатқа    жүгінсе,    Мұхтардың  жырларынан    ата-анаға,  туған  жерге  деген 

сағыныш сезіледі. Ол қазақи тұрмыс-тіршілікті қас шебердей айнытпай суреттейді. 

Өлеңінде ақынға   тән  биіктік, өршілдік,  батылдық бар. Махаббат  жырлары «тілге 

жеңіл, жүрекке жылы тиеді». «Шаңқ етіп асқақ қиядан, қыран салған ұядан, Мұзбалақ 

ақын  түлесе,  Тұғырымды  оған  қия  алам!»,  -  деген    жолдармен    жас  дарындарға    ақ 

ниетімді білдіремін.

Үсен ӨМІРЗАҚОВ,

Қазақстан  Жазушылар одағының мүшесі.               

Жетісу 

университеті



ТҰРМЫС ТЫНЫСЫ

бейсенбі, 1 қазан, 

2015 жыл

8

ЭКОНОМИКА

Ақшаң болса қалтаңда...

  Әлемде  қанша  мемлекет  болса,  сон-

ша  валюталары  бар.  Солардың  ішіндегі 

теңгенің  ең  төменгі  сатыда  тұрғаны,  әр 

қазақты  әрине  қынжылтады.  Соншалықты, 

теңгенің  құлдырауына  не  зорлық  келді. 

Адам  түсініп  болмайды.  Дамымай  қалған 

қырғыз  ағайындарының  1  сомының  өзі      

теңгені  құрайды.  Қазіргі  девальвацияға 

қарап  теңгенің  құлдырауы  да,  өз  мәресіне 

жеткендей.  Біз  өзі  зайырлы,  дербес 

демократиялық  қазақ  мемлекеті  емеспіз 

бе?  Жастарды қойшы, олар денсаулығының 

арқасында әйтеуір күнін көреді. Ал, апа-ата-

ларымыз  қалай  күн  көрмек?    Мардымсыз 

зейнетақыларын  қарапайым  тіршілігіне, 

өмір сүруіне қалай жеткізеді? Азық-түліктің 

бағасы  да  аспанға  шарықтауда.  Сонымен 

қатар,  коммунальдық  төлемдердің  бағасы 

да  өсуде.  Мардымсыз  зейнетақыларына 

свет,  су,  газ,  жылуды  төлей  ме,  әлде 

күнделікті аса қажет азық-түлігін алады ма? 

Оның  сыртында  бір  жерден,  екінші  жерге 

жету үшін жол қатынасы да қосылады. 

Иә,  адамзат  қазір,  осы  бір  жапырақ 

қағазға  табы-

натын  күн  туды  десек  қателеспес  едім. 

Ересектер  тұрмақ,  кішкентай  сәбилердің 

өздері  де,  жастарына  жетпей  ойлайты-

ны  ақша.  Сыйластықтың  өзі  де,  ақшадан 

тұрады.  Сонда  адам  өзгерді  ме,  әлде 

біз  өмір  сүріп  жатқан  заман  өзгерді  ме? 

Ақшаның  құдіреттілігі  сонша,  онсыз  не 

алдыға,  не  артқа  жүре  алмайсың?  Ақшаң 

жоқ болса, ешкімге қадірің де болмайды. Ал 

шындығында, ең басты құндылық адам емес 

пе еді, сонымен бірге адами, ізгі қасиеттер 

бірінші  орында  тұрмайтын  бе  еді?  Қалай 

десекте,  кеңестік  үкіметтің  заңдылықтары 

еріксіз  есіңе  түседі.  Сол  уақытта,  ақшаға 

қазіргідей  табынушылық  жоқ  еді.  «Жүз 

сомың болғанша, жүз досың болсын» деген 

ұранмен өмір сүрген. Олар ең бастысы ада-

ми құндылықтарды жоғары бағалаған. Біз ол 

кезде бала болсақ та, әке-шешеміздің кре-

дит алу керек немесе ақша жоқ, не істейміз 

деп,  отырғанын  ешқашан  естімеппіз. 

Береке-бірлігі  жарасқан  отбасылар  еді, 

қазір  бәрі  керісінше.  Ал  біздің  заманымыз-

да  ақша  үшін  бәрін  сатуға  дайын  тұратын, 

ең  сорақысы  сол,  адам  өмірін  қия  салу 

оңай,  жеңіл  ақша  табудың  көзіне 

айналғаны 

қ а ш а н . 

Осындай  адам  жаны  түршігерлік 

оқиғаларды  естіп,  көрген  сайын  өмірден 

түңіліп 


кетесің. 

Балаларымыздың 

б о л а ш а ғ ы н а 

алаңдайсың.  Өмір 

дегеніміз 

еш 


қауіпсіз, әлем ең 

мейірімді  жан-

дардан  тұрады, 

ақша 


өмірдің 

мәні емес дегің-

ақ келеді. Бірақ, 

о с ы н д а й д а 

анамның  айтып 

жүретін  мақалы 

есіме 

түседі, 


«Мен  сенбеймін 

бойыма,  не  со-

яды 

тойыма» 


дегеннің 

кері 


келіп тұр.

  Иә,  ақшаны 

біз  барлық  тау-

ар өндірушілер, 

с а т у ш ы л а р , 

тұтынушылар 

арасындағы 

экономикалық 

байланысты  қамтамасыз  ететін  тауар, 

қажеттілік  өлшемі  ретінде  қабылдауымыз 

керек. Қай халықты 

алсаңыз,  ақшаға 

байланысты  сан 

қилы 


таным-

түсінік, 

наным-

сенім,  ырымда-



ры  бар.  Өмірде 

ақша  қаншама 

құдіретті  күшке 

ие  болғанымен, 

оның 

билігі 


жүрмейтін  жер-

лер,  ешкім  де 

ақшаға 

сатып 


ала  алмайтын 

нәрселер 

де 

көп...


    Ақшаның 

шығу  тарихы-

на  шолу  жа-

сап  көрейікші. 

Алғашқыда түрлі тайпалар мен халықтарда 

ішкі және сыртқы сауда-саттықта оның ба-

сты  заттары  болып  табылатын  тауарлар 

бөлініп  шығып,  олар  құн  төлеуге  пайда-

ланылды.  Яғни,  ерте  заманда  гректерде, 

римдіктерде,  славяндарда,  монғолдарда, 

қыпшақтарда – мал, ертедегі Русьте, Скан-

динавияда – аң терісі, Қытайда – шай, Абис-

синияда – тұз ақша рөлін атқарды. Кейін та-

уар өндірісі мен тауар айналымының дамуы 

нәтижесінде  ақша  рөлі  түрлі  металдарға  

ауысты.  Дешті  Қыпшақ  елінде  6-8 

ғасырларда  билеуші  рулардың 

таңбалары бейнеленген теңгелер 

құйылды.  17  ғасырдың  басын-

да  қазақ  хандарының  атымен 

өндірілген мыс ақшалар болды.  

Ақшаның 


сезімталдығы 

бірқатар  болжамдар  бойын-

ша,  ақша  жансыз  қағаз  болып 

көрінгенімен, оның сезімталдық 

қасиеті бар. Әрине, бұл – қиял- 

ғажайып  ертегіге  ұқсайды. 

Алайда  бизнес  сабақтарын 

жүргізуші  көптеген  маман-

дар  ақшаның  физикалық 

дене  еместігін  дәлелдеп, 

оның  бойында  қызбалық, 

сезімталдық 

қасиеттердің 

барын айтады. Олар: «қағаз 

купьюр мен металл тиындар 

(ақшалар) өздерін қадірлеп, 

қастерлеп, 

аялағанды 

жақсы  көреді.  Әдемі  де 

сәнді  әмиянда  салынған  ақша  сол 

жерден  шыққысы  келмейді.  Қолыңызға 

ақша  тұрақтамаса,  өзгеден  емес,  ақшаны 

қадірлей  алмаған  өзіңізден  көріңіз»,-дейді.

Өте қызық болжамдар.

Ақшаға байланысты мұндай болжамдарға 

сенсек,  қалтаңызда  ақшаны  умаждап, 

жыртып,  майыстырып  ұстамаңыз.  Онда 

қаржыдан тапшылық көресіз. Және де ақша 

өзін  үнемдеп,  ұқыпты  түрде  ұқсатқанды 

ұнататын көрінеді. Ал «ақша жоқ» деп жы-

лай  беретіндердің  тиыны  теңгені  құрамай, 

қанша  ақша  тапса  да  құмға  сіңген  судай 

құри  береді  екен.  Яғни,  жоқ  десең  жоғала 

береді. 


Жасыратыны жоқ, біреудің ақша жинауы 

бізге  оны  сараң,  қанағатсыз,  қайырымы 

жоқ  кейіпте  елестетеді.  «Ар-намысы  таза 

адамның ақшасы аз болады», - деп те ой-

лаймыз.  Ақша  қасиетін  зерттеушілердің 

ақыл-кеңесі:  біздің  басымызда  мұндай 

ой,  пікір  болмауға  тиісті.  Егерде  мұндай 

ой  көкейімізге  ұялай  қалса,  дереу  одан 

құтылып,  ақша  жинау,  оны  үнемдеп  жинау 

жөнінде жақсы ойға бөленуіміз қажет. Сонда 

ақша сенің жаман ойың үшін, өзіңді айналып 

өтпейді. Иә, әрбір адамның өз ақшасының 

көп болуын қалауы – қанағатсыздық емес. 

Тек оны адал жолмен, ешкімнің еңбегін же-



мей, көз жасына қалмай табу қажет. 

Ары-бері  сапырылысқан  адамдар  мойнына  бейне  бір  күнкөріс 

қамытын киіп, бұ жалған пәни дүниедегі тіршілік арбасын сүйретіп, 

Тәңірдің  өзіне  тиесілеп  берген  ризық-несібесін  теріп,  тек  сол  үшін 

ғана күн батырып, таң атыратын секілді. Алла берген аманат – жан 

уақытысында  қош  айтысып  кеудеден  шықпайынша  мойнындағы 

қамыттың  шешілмесін  ұққандай.  Кімнің  сүйреген  арбасы  олжалы, 

кімдікі  олжасыз,  дегенмен  әрбірі  өмірдегі  өз  несібесінен  құр  қалмау 

үшін жанталасып бағуда. Өмір атты өзенде ақша үшін өмір сүру тым 

артықтау  сияқты,  ақшаға  қаншалықты  мұқтаж  болсақ  та,  адамдық 

қасиеттерден безінбейік. 

Қысқа-нұсқа:

Ақшаның күші мен қасиетін білдіретін 7 ереже: 

Мал - баққанға, ақша - адалдан тапқанға бітеді.

Ақша туралы арам ой да зиян.

Алаған  қолым  –  береген.  Үстемелеп  берсеңіз, 

үстемелеп аласыз.

Қайырымдылықпен  айналыссаңыз,  шығынның 

қайтарымы мол болады.

Басы  артық  дүниеңізді  басқаларға  беріңіз. 

Алғысының күші ақша болып қайтады.

Жанашырлық 

жасағанды 

Жаратқан 

Ием 

жарылқайды. Біреуге міндетті түрде көмектесетін 

бол.

Фәнидегі  басты  парызың  -  қайырым,  садақа.  Оны 

ұмытсаң, өзің  де ұмытыласың.

Қазақ мемлекетінің ұлттық ва-

лютасы 1993 жылы  шыққан кезде 

барлық қазақ халқының жүзіндегі 

қуанышты сөзбен жеткізу мүмкін 

емес еді. Төл теңгеміз шықты 

деп қуанбаған адам кемде-кем 

шығар. Қазақ теңгесінің бетінде, 

қазақтың зиялы азаматтарының 

тұлғалары орын алғанда көзге 

қандай ерекшеленіп көрінген-

ді. Енді, міне сол 

қуанышымыз да 

көпке бармады. 

Сонша қуанышпен 

қарсы алған 

теңгеміздің құны, 

бақырмен тең бол-

ды. Теңгемен бірге 

үкіметтің, оның 

ішінде бас банкирдың 

халыққа берген уәдесі 

де құнсызданып 

кетті. Бірақ елге 

арзан уәде беріп

қадірімізді қашырып 

алдық деген билікті 

көрмедік. Керісінше, 

жергілікті атқарушы 

биліктегілер доллардың 

қымбаттауына 

базардағы қарапайым 

сатушыларды 

жазықты көретін 

сияқты. 

Күнделікті нан-тұзын содан айырып 

жүргендердің не жазығы бар?

Өмірдің мәні ақшада емес, бірақ барлық маңыздылар соған тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет