С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
СӨЖ
Тақырыбы:
Денсаулықты нығайту және қорғау саласындағы ДДҰ бағдарламалары
Орындаған: Орынбасар Гулим
Тобы:15-001-02
Факультет:ҚДС
Жоспары:
І.КІРІСПЕ
ІІ.Негізгі бөлім
1.ДДСҰ мақсаты
2.Негізгі қызметі
3.Негізгі бағыттары
ІІІ.Қорытынды
Кіріспе
Денсаулық Денсаулық сақтау Ұйымы 194 мүше мемлекеттен тұратын,негізгі қызметі Жер тұрғындарының халықаралық денсаулық сақтау проблемаларын шешу болып табылатын,БҰҰ-ның арнайы мекемесі. Ол 1948 жылы Швецарияның Женева қаласында негізін құрды.
БҰҰ-на мүше ел Жарғы қабылдап,Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының мүшесі болады. БҰҰ-на мүше емес мемлекет Бас ассамблеяның көпшілік дауысымен Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымына мүшелікке қабылданады. Халықаралық құқық субъектілері бола алмайтын территориялар,ДДСҰ-ның мүшесі атынан немесе басқа да өкілетті органмен жасалған,осы территориялардың халықаралық қатынастарына жауапты,ассоциялық мүшелік арызы негізінде мүше бола алады.
1946 жылы құрылған.
Қатысушылар — БҰҰ -ға мүше мемлекеттер.
Мақсаты — қоршаған ортаға жағымсыз ықпал-әсерлерді бақылау және басқару арқылы адам денсаулығын қорғау және жақсарту.
Негізгі кызметі — қоршаған ортаны сауықтыру жөнінде шаралар өткізу, соның ішінде химиялық препараттарды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ластану деңгейін бағамдау және бақылау, радиоактивтік сәулеленуден қорғау, климаттың өзгерістерінің адамның денсаулығына ықпал-әсерін бағамдау, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғаудың ғаламдық стратегиясын талдап-белгілеу.
Мекен-тұрағы — Швейцария, Женева
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ДДСҰ құрылымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясы
Атқарушы комитет
Секретариат
ДДСҮ Штаб-пәтері
Штаб пәтердің құрылымы ; Бас директор,бас директордың орынбасары,бас деректердің кеңсесі
Департаменттер; отбасының,әйелдің жіне балалардың денсаулығы
Денсаулық сақтау мен инновация жүйесі
Ортақ басшылық
Денсаулық сақтау мен қоршаған орта қауіпсіздігі
ДДСҰ басшылығы
ДДСҰ бас директоры
ДДСҰ*ның әрекеті 5-7 жыл ортақ бағдарламаға сай жүзеге асады,жоспарлау 2 жылға жүргізіледі Қазіргі таңдағы басым бағыттар;
Денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттерде дамыту ;
Денсаулық сақтау кадрларын дайындау және жетілдіру ;
Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті декларацияға сай дамыту ;
Әртүрлі топ тұрғындарының денсаулығын қорғау және жақсарту;
Қоршаған ортаны қорғау;
Инфекциялық және паразиттік аурулармен күрес;
Ана мен денсаулығын қамтамасыз ету
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмысының негізгі бағыттары : жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күрес жүргізу, оған мүше елдердің денсаулық сақтау жүйесі мен қызметін дамыту, маман дәрігерлер дайындау, медицина статистика есеп жүргізу (мысалы, ауру түрлері мен одан қайтыс болу себептерін халықаралық деңгейде саралап жүйелеу, адамдардың денсаулығы туралы мәліметті тарату, т.б.), дәрілік препараттардың дайындалуын жіті қадағалау, медицинаның маңызды мәселелерін шешуде ғылым зерттеулер жүргізуді қолдау, т.б.
1978 жылы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы мен БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырған Алматы халықараралық конференциясында 20 ғасырдағы Денсаулық сақтау ісінің хартиясы аталған “Алматы декларациясы” қабылданды. 1979 жылы Өлкелік патология ғылым-зерттеу институты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылым-зерттеу ортлық) жанынан Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымымен бірлесіп жұмыс істейтін алғашқы медицина-санитариялық көмек жөніндегі Халықараралық орта ашылды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы бюджетінің негізін оған мүше елдерден жүйелі түрде жиналатын жарналары құрайды.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының сәтті аяқталған халықараралық жобаларына дүние жүзінде безгек және шешек ауруларын жою бағдарламасы жатады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, сондай-ақ, туберкулезбен, паразиттік, жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен (мысалы, жүрек-қантамыр, қатерлі ісік, психикалық аурулар, т.б.) күрес жүргізу бағдарламаларын іске асыруда.
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5