Қалдықсыз өндіріс - өндіріс барысында табиғатқа зиянды қалдықтар шығарылмайтын процесс. Шаруашылық іс-әрекет үшін (өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық индустриясын қоса) шартты ұғым. Шын мәнінде кез келген қалдықсыз өндірісте пайдаланылған энергия түрінде болса да (әйтпесе термодинамика принциптері бұзылатын еді) қалдықтар болады. Қалдықсыз өндіріс үшін қалдығы аз өндіріс термині дәлірек келеді. Қалдықсыз технология - 1) адам мұқтаждығы көлемінде табиғи ресурстар мен энергияны және қоршаған ортаны қорғау саласында білімді, әдістерді, құралдарды практикалық қолдану; 2) шикізат пен энергияны тиімді пайдаланып өнімді шығару; бұл жағдай дайындалған өнімді өндіру және пайдалану кезінде қоршаған ортаға шығарылатын ластағыш заттектер мен қалдықтар көлемін бір мезгілде азайтуға мүмкіндік береді; 3) жеке өндіріс немесе өндірістер жиынтығы, олардың практикалық қызметі нәтижесінде қоршаған ортаға теріс әсер болмайды. Шикізатты және энергияны максималь пайдалануды қамтамасыз ететін және қоршаған ортаға теріс әсерді экологиялық зиянсыз дәрежеге жеткізетін немесе жоюға мүмкіндік беретін ұйымдастырушылық-техникалық шаралар, технологиялық процестер және шикізат пен материалдарды дайындау әдістері; 4) қатты, сұйық, газ тәріздес және жылулық қалдықтар мен шығарындыларды ең аз беретін технология; 5) теория жүзінде қалдықтардың барлық түріне ең аз қол жететін технология; 6) технологиялық процестер тізбегі, онда бір өндірістің қалдықтары басқа өндіріс үшін шикізат болады.
Негізгі
1. Бейсенова Ә.С.,Самақова А.Б.,ЕсполовТ.И.,Шілдебаев Ж.Б. Экология және табиғатты пайдалану.- А.: Ғылым,2004.-Б.111-121.
2. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология.-А.:Экономика,2002.- Б.195-208..
3. Чигаркин А.В. Экологическое ресурсоведение.-А.: «Қазақ университеті»,2004.Б.7-20.
4. Мамыров Н.Қ. т.б. табиғатты пайдалану экономикасы.- А.: Экономика,2005.Б.165-173.
Қосымша
1. Андреева Т.А. Экология.- М.:Проспект,2006.С.140-148.
2. Ишмұхамедова Н.Б. Экология негіздері бойынша білімді қалыптастыру мен дамытудың әдістемесі.--.:Ғылым,2006.198-205.
3. Экологиялық энциклопедия/Ақбасова А.Ж. т.б. –А.,2007.-303 б.
Практикалық сабақ № 10
Тақырыбы: Табиғи қорлар
Мақсаты: Табиғи қорларды қорғау және тиімді пайдалану проблемасы, табиғат рессурстары және олардың жіктелуі мен қалдықсыз технологияларды дамыту туралы білімді жүйелеп, қорытындылау.
Керекті құрал-жабдықтар: «Табиғат қорларының жіктелуі» кестесі.
Жоспар:
Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыра отырып дамыту
Жаңа сабақ материалдары бойынша сұратар
Қорытындылап, бекіту
Теориялық сұрақтар:
Табиғат және адам
Табиғи қорларды қорғау және тиімді пайдалану.
Табиғат рессурстары және олардың жіктелуі.
Адамзатты табиғи қорлармен қамтамасыз ету проблемасы.
Қалдықсыз технологияларды дамыту
Тапсырма. 1. Табиғи қорлар және олардың жіктелуі туралы білімді жүйелеп бекіту.
Лекцияда берілген материалдарды оқып табиғи қорлар және олардың жіктелуі туралы білімді практикалық сабаққа меңгеріп келу.
Рессурстардың жіктелуіне байланысты сызбаны сызып, мәнін ұғыну. (Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология.-А.:Экономика,2002.- Б.195. Сабақта)
Тапсырма. 2. 1997 ж. «Қоршаған ортаны қорғау туралы заңымен» танысып, ұғыну.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның орындалуының негізгі ұстанымдарын конспектілеп, ауызша түсінік беру (Бейсенова Ә.С., Самақова А.Б., ЕсполовТ.И., Шілдебаев Ж.Б. Экология және табиғатты пайдалану.-А.: Ғылым, 2004.-Б.189-190.)
Лекция материалдарын және Бейсенова Ә.С., Самақова А.Б., ЕсполовТ.И., Шілдебаев Ж.Б. Экология және табиғатты пайдалану.-А.: Ғылым, 2004.-Б.190-192. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану ұстанымдары туралы білімді СОӨЖ-ге меңгеріп келу.
Тапсырма. 3. Адамзатты табиғи қорлармен қамтамасыз ету мәселесі туралы білімді жүйелеп бекіту
Лекцияда берілген материалдары мен тиісті әдебиеттерді пайдалана отырып, қалдықсыз технологияларды дамыту туралы білімді практикаға меңгеріп келу.
Өндіріс қалдықтары тақырыбының мазмұнын оқып, конспектілеу (Бейсенова Ә.С., Самақова А.Б., ЕсполовТ.И., Шілдебаев Ж.Б. Экология және табиғатты пайдалану.-А.: Ғылым, 2004.-Б.142-144.) Практикада түсінбеген сұрақтарын оқытушыдан консультация алу.
Достарыңызбен бөлісу: |