1979 ж Кеңес әскерінің шектеулі контингенті Ауғанстанда 86 адамынан айырылды,оның 7-еуі қазақстандық еді



бет4/9
Дата05.06.2023
өлшемі31,02 Kb.
#98857
1   2   3   4   5   6   7   8   9
4 мамыр – қыркүйек. Қарсыластармен соғыс барысында 22 жауынгерлік операция жүргізілді, 2800 торуыл қойылып, 17632 қару бірлігі жойылды, 4334 және 1772 мың бірлік оқ-дәрі қолға түсті, 103 колонна, 116 дислокация пунктері атқыланып , 38 минаның жарылу оқиғасы тіркелді.
2 маусым. Түркістан әскери округі қолбасшысының «40-армияны ауыстыруға келген офицерлердің сапқа тұру сапасын арттыру жолдары» деп аталатын №15/085 директивасы қабылданды.Оның жалғасы ретінде , яғни 1983 жылдың 12 маусымында қабылданған №15/091 директивасы бойынша жеке әскер құрам тек мамандығына қарай орналастырылуы керек, бөлімше, экипаж және расчет жауынгерлерін іріктеуде олардың бір шақырылымнан , бір ұлттан болмауын ескеру қажет, сонымен қатар алдыңғы кезекте жауынгерлік бөлімшелер толықтырылуы тиіс болды.
Шілде. Моджахедтер тарапынан керуен өтуге тиімді Хост округінің (Пәкстанмен шекаралас Пактия уәлаятындағы ) сыртпен қатынасын бөліп тастау әрекеттері байқалды.
Қыркүйек. Әскери іс-қимылдар әрекеті Лагман уалаятында шоғырланды.1983 жылы моджахедтердің отрядтары мен топтары 40 мың шамалас адамнан құралды.

1984ж.

Кеңес әскерінің бұл жылғы шығыны 2343 адамды құрады, оның 103-і қазақстандық еді.

15 сәуір. Жылдың басында кеңестік «Завеса » коды деп аталатын жауынгерлік іс-қимылдар басталды. Бұл жоспар бойынша моджахедтерге қару –жарақ пен оқ-дәрі тасымалдайтын керуен жолдары жабылуы тиіс болды.
21-30 сәуір.
Ахмад Шахпен келісілген шарттың аяқталуына байланысты 7-Панджер операциясы басталды. 682-моторландырылған атқыштар полкінің 108-момторландырылған атқыштар дивизиясының 1-батальноы торуылда қалды, нәтижесінде 53 адам өліп, 58-і жараланды.Бұл операцияға 11 мың кеңестік және 2600 ауғандық жауынгер қатысты.
Мамыр-қыркүйек.
40-армия 22 жоспарлы, 19 жоспардан тыс операциялар жүргізді. 2084 торуыл қойылып, 18184 моджахед өлтіріліп, 3839 жеке қару бірлігі қолға түсірілді. 80 колонна, 96 дислокация пункті атқыланып, 53 мина жарылысы болды, т.б. Кеңес әскері 886 адамынан айырылды, оның 111-і офицер болды. 1958 адам жараланды, оның ішінде 233-і офицер.
Маусым.
Искаполь аумағында ірі жауынгерлік операция өтті. Нәтижесінде қарсыластың 70 адамы өліп, 3 минаатар, 50 –ден астам мина, т.б. ауқымды қару –жарақ, оқ-дәрі қолға түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет