1989 жылдың 22-қыркүйегінде қабыл­дан­­ған «Тіл туралы» Заңның саяси мәніне тоқ­талатын болсақ, бұл Заң Ресеймен страте­гия­лық әріптестікті нығайтуға өз үлесін қос­қандығы даусыз



Дата06.01.2022
өлшемі13,47 Kb.
#11985
Байланысты:
эссе


1989 жылдың 22-қыркүйегінде қабыл­дан­­ған «Тіл туралы» Заңның саяси мәніне тоқ­талатын болсақ, бұл Заң Ресеймен страте­гия­лық әріптестікті нығайтуға өз үлесін қос­қандығы даусыз. Қазақстан билігі ел хал­қының тең жартысынан астамы болып та­бы­латын орыстілді азаматтардың тілдік және рухани мүдделерін қорғайтындығын көрсетті.
Осылайша қазақ тілін дамыту мәселелерін шешу ел азаматтарының ниеттері мен талап-тілектеріне байланысты екенін байқаймыз. Заңда барлық мекемелерде қай халықтың үлес салмағы көбірек болса, сол тілде сөйлеу және іс қағаздарын жүргізу міндеттелген еді. Бұл Заң елдегі тілдік ахуалды сауықтыруда табысты нәтижелер берді деп айтуға болады.
Тәуелсіз Қазақстанның дамуы барысында, сондай-ақ елдегі этнодемографиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты 1997 жылы 11-шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң 1995 жылы қабылданған ҚР Конституцияның 7-бабының талаптарының шеңберінде жасалынды. 1989 жылғы Заңға қарағанда, жаңа Заң қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін күшейте түсті. Мемлекеттік тіл елдегі қоғамдық қатынастардың барлық салаларында міндетті түрде қолдануға тиіс болды. Сонымен қатар Қазақстанның шетелдегі қазақ диаспораларының мемлекеттік тілді білуіне қамқорлық жасауы қажет екені айтылды.
Елбасының тапсырмасымен ҚР Үкіметі 1997 жылғы Заңды орындау мақсатында «Қазақстан Республикасында 2000 жылға дейінгі кезеңде қазақ тілін және басқа ұлт тілдерін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдады». ҚР «Тіл туралы» Заңы мен бағдарламасы елде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтудің эволюциялық жолын бастады. 1998-2000 жылдарда қазақ тілінде білім мен тәрбие беретін 292 мектеп пен 654 балабақша ашылды. Қазақ халқы тығыз орналасқан ауылдар мен аудандарда іс қағаздар мемлекеттік тілде жүргізіле бастады. Осылайша Елбасы үш ғасыр бойы қудаланған қазақ тіліне мемлекеттік қамқорлықты күшейтудің зәрулігін күн тәртібіне қойды.
2011 жылы елдегі этнолингвистикалық және этнодемографиялық өзгерістерді есепке алатын «Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұғырымдамасы» қабылданды. Бұл құжатта: «Қолданылып отырған шараларға қарамастан, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін толық іске асыру әлі мүмкін болмай отыр. Мұның негізгі себебі – тіл мәртебесі тек ресми тұрғыда жарияланғанымен, оның жер-жерде үйретілуі мен қолданылуын жүзеге асырар тетік күні бүгінге дейін жеткілікті дәрежеде іске қосылмай отыр. Мемлекеттік тілде іс жүргізу мен қызметтік қарым-қатынас жасау қосалқы сипатта ғана» деп елдегі тілдік үдеріске әділетті баға берілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет