АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 оқушылардың қатысулары, оқушылардың сҿрелік, аралық жҽне қорытынды
білім деңгейлері. Модульде оқытудың мақсаттары, міндеттері, мазмұны
модуль бойынша нақты анықталған, зерделеу материалдары, оқушылардың
игеру деңгейі межеленеді, оқушылардың модульдік тақырыпқа қатысты
білім, іскерлік жҽне дағдылары анықталған.
Модульдік оқытуда бҽрі алдын-ала бағдарланады:
– оқу материалының зерделену реті, сабақтастығы;
– негізгі түсініктер тізімі, іскерлік жҽне дағдылары;
– ҽрбір тақырып бойынша тестілік сұрақтар, бақылау үлгілері;
– бағалану шкалалары, рейтингі, рантілеу, ҽріптік, сандық, пайыздық –
ынталандыру кҿрсеткіштері [2].
Модульдер саны пҽннің ерекшелігіне, пҽнге бҿлінген сағатқа,
білімдеріне бақылау жасаудың жиілігіне тҽуелді. Модульдік оқытудың негізгі
ядросы оқу үдерісін орындауда лекция, тҽжірибелік, зертханалық жҽне
оқушылардың ҿзіндік жұмыстары формасында – тұрпатында ақпараттық,
дидактикалық қамтамасыз етілулері. Ҽрбір модуль ҿзіне қатысты
дидактикалық қамтамасыз етілуі тиісті:
– мақсаты, міндеті, оқу материалдары, оқу құралдары, электронды
тасымалдағыштар, мультимедиалық, анимациялық, электрондық құралдар;
– білімдеріне қоғамдық бақылау жасау үшін жаттығулар, тҽжірибелер,
тест-тренингі жасау материалдары;
– білімдеріне модульдік бақылау: ауызша, жазбаша, матрицалық,
компьютерлік, жазбаша-ауызша [2].
Ҽрбір модуль пҽннің жеткілікті ҿзіндік құрылымдық бірлігі оқулықтар,
хрестоматиялар, жаттығулар, есептер жинағы, зертханалық жұмыстар,
практикумдар, анықтамалар, электронды оқулықтармен қамтамасыз
етілуімен маңызды.
Модульдік оқытудың маңыздылығы оның дидактикалық ұстанымдарын
жүзеге асыруда деп есептейді П.А.Юцявичене, сонымен:
1) модульдігі;
2) оқыту мазмұнын жекешеленген элементтерге құрылымдау;
3) динамикалығы (модульдік оқыту – үздіксіз дамытылып отыратын
жүйе);
4) білім мен оның жүйелерінің ҽрекеттілігі жҽне шұғылдығы;
5) икемділігі;
6) болашақты ұғыну;
7) жан-жақты ҽдістемелік кеңесу;
8) теңдесу [3].
Модульдік оқытудың мҽні – ол белгіленген модульдік кҿлемдегі оқу
материалдарын бҿлінген уақытта мҿлшерлеп, бҿліктеп, адымдап игеру, ол
үшін сабақта белсенділігін арттыру, ең негізгісі кеңестер, ҽдістемелік
ұсыныстар, саралап оқу арқылы ҿздігінен оқып, «оқы, оқы жҽне оқы»
талабын мұқият, мүлтіксіз, ҿз уақытында орындау.