Лекция тезистері



бет1/4
Дата05.05.2023
өлшемі39,49 Kb.
#90247
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
MCQPKWEEYWUZ07042023153933


Ф-ӘД-001/046

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУЙ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ КАФЕДРАСЫ




TAST/PShN3215«Таңдап алған спорт түрінің педагогикалық шеберлік негіздері»

ПӘНІНІҢ ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ



Түркістан 2023

Лекция кешені университетттің СМЖ (ЖН-СМЖ-013-2014) лекция, практикалық (семинар), лабораториялық сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу ережесі негізінде дайындалған.


Лекция кешенін дайындағандар:


аға оқытушы М.С.Дайрабаев
Лекция кешені «Дене мәдениеті» кафедрасының №6, 12.01.2023ж.
мәжілісінде қаралды.
Кафедра меңгерушісі, доцент С.Б.Ақназаров

Лекция кешені Спорт және өнер факультетінің №6 хаттама,


25.01.2023ж. Оқу әдістемелік комитетінің Кеңесінде мақұлданды.
Факультеттің Оқу әдістемелік комитетінің төрағасы,
аға оқытушы: Ұ.Кулетова

ЛЕКЦИЯ № 10


Тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынас түрлері, құбылысы мен стилі.
Лекцияның оқыту нәтижелері:
1. Педагогикалық қарым-қатынас түрлері, құбылысы мен стилін тануға ұмтылады.
2. Өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы және олардың ерекшеліктерін түсінеді.
3. Өзін-өзі тәрбиелеуде болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының құралын жүзеге асыра алады.
4. Өздігінен білімін көтеру жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігінің қалыптасуы мен дамуының көзін табуға қабілетті.
Лекция мазмұны: Өзін-өзі тәрбиелеу туралы түсінік. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудегі ұжымның атқаратын қызметі. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу жеке тұлғаны қалыптастыру процесінің ажырамас екі жағы деуге болады. Тәрбие барысында ықпал адамға басқа адамдар тарапынан келетін болса, өзін-өзі тәрбиелеуде адамға әсер ететін ықпал ішкі күштерге байланысты туындайды. Яғни, адамның тұлға ретінде дамып қалыптасуында сыртқы тәрбиелік ықпалдармен қатар ішкі түрткілердің де маңызы зор.
Өзін-өзі тәрбиелеу-бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы, адамның өзін дамытудағы маңызды күштердің бірі. Ол тәрбие процесімен тығыз байланыса отырып жеке тұлғаның қалыптасуын нығайта түседі.
Кептеген психолог-педагогтардың зерттеулері бойынша жеке тұлға қоршаған ортаны өзгертудегі белсенді күштердің бірі ғана емес, сонымен қатар ол өз тұлғасын өзгертуде де үлкен рөль атқарады. Бүл мәселемен тікелей айналысқан А.Г.Ковалев, А.И.Кочетов, Л.И. Рувинский т.б. болтан.Өзін-өзі тәрбиелеу процесінде адам тәрбиелік процестің белсенді субъектісі ретінде қарастырылады. Әр адамның өз өмір жолына көз жүгіртіп, өткен-кеткенді ой елегінен өткізіп, болашағына үңіліп көрген сәттері болған шығар. Өміріндегі кейбір сәтсіздіктердің себебін анықтауға байланысты ойларға терең бойлап, өз мінез-құлқьін, көзқарастарын өзгертуге ұмтылу әр адамның өмірінде кездесетін жайттар. Бірақ бұндай құлшыныстар кейбіреулердің іс-әрекеттерінде жалғасын таппай жоғалып, ал басқаларын зор жетістіктерге жеткізіп жатады.Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі адам баласында әуелі бастауыш сынып жасынан-ақ байқалады, бірақ бұл процесс жасөспірімдік кезеңде өте жиі кездеседі. Бұл қажеттілік бірдей жастағы балалардың бәрінде біркелкі кездесе қоймайды, ол адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне, олардың жалпы талаптарды орындауға деген даярлықтарының деңгейіне байланысты.
Қай кезден бастап бала өзін-өзі тәрбиелей бастайды? Педагогикалық тәжірибеде оқушылардың өзін-өзі зерттеулері әсіресе жеткіншек жаста көп байқалады. Оны осы жастаты балалардың түрлі үйірмелерге қатысып, өз күштерін, қабілеттерін сынауларынан, өзара сауалнамалық сұрақтар құрастырып соған жауап жазуларынан, жеке күнделіктерін бастауларынан және тағы басқа өзгеше іс-әрекеттерінен аңғарамыз. Жеткіншек жастағы балалар өздерінің жеке «Менін» қалыптастыруға, көпшілік ішінде өзінің алатын орнын анықтауға тырысады және көптетен танымал тұлғаларға (артист, әнші, ақын, боксер, футболист, т.с.с.) еліктегіш келеді.Әр адам көпшілік ортада өзінің беделінің жоғары болуын қалайды, басқаларға тек жаксы жақтарын ғана танытқысы келеді. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу процесінде ұжымның атқаратын ролі жоғары. Педагогикалық әдебиеттерде тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуіне қатысты ұжымның атқаратын екі қызметі аныкталған:
Біріншісі, ұжымның өзі балалардың өзін-өзі тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға жалпы жағдайлар туғызады .
Екіншісі, ұжым осы процесті тікелей ұйымдастырады .
Адам өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезініп, өзінің зор мәнін жете түсінгенде ғана оның өзін-өзі тәрбиелеуге деген талпынысы күшейе түседі. Әрбір адам өз бойына өзі үңіліп, «Мен кіммін?», «Мен қогамға қандай пайда әкеле аламын?», «Менің өмірлік мақсатым қандай?» деген сұрактарға жауап іздестіруге тырысуы керек. Бұл мәселе қазіргі көптеген ғылымдардың ең маңызды, көкейкесті сұрақтарының бірі. Ежелгі математиктердің бірі Фалес айтқандай: «Бәрінен де өзіңнің кім екеніңді білу қиын». Әрине, басқаларга жөн сілтеп, ақыл айтып, кеңес берген оңай, ал бірақ адамның бір нәрсені орындауға өзін-өзі көндіруі қиынырақ. Мысалы, көптеген адамдар темекінің басқалардың да, өзінің де денсаулыгына зиянды екенін біле тұра сол жағымсыз әдеттерінен құтыла алмай қиналып жүреді. Ондай адамдар өз ерік-жігерін өз ырқына көндіре алмайды, өздерін өздері билей алмайды.Адам өз бойында қандай қасиеттерді қальштастырып, қандай жағымсыз жақтарынан арылғысы келетінін накты біліп, сол бағытта табанды түрде өзімен жұмыс істеуі керек. Мысалы, кейбір адамдар өздерімен көп жұмыстар жүргізіп, әр түрлі жағдайларда өздерін сынап ұялшақтық, тұйықтық, жасқаншақтық сияқты қасиеттерінен арылып, жетістіктерге қол жеткізіп жатады.Б.Б. Айсмонтастың пайымдауынша өзін-өзі тәрбиелеу - дамуды қамтамасыз ететін ішкі рухани факторлар арқылы бізге дейінгі ұрпақтардың асыл тәжірибесін меңгеру процесі.Адамның ішкі қабілеттерінің, күш-жігерінің мүмкіндігі өте зор. Кейбір адамдарда мектепті нашар бітірген балалар жоғары оқу орындарында да орташа студенттер қатарынан аса алмайды деген теріс көзқарас қалыптасқан. Болашағын алдын ала болжап жастарға мұндай тұжырымды айту, әрине, орынсыз, себебі ең нашар оқыған балалар да жеке басын жан-жақты өрістете алады.Адамның ішкі әлеуетінің, мүмкіндіктерінің ауқымы өте кең, өмірде өзіне лайықты жұмыс таппайтын адам бар дегенге сенудің өзі қиын. Қоғамда қаншама кәсіп түрлері, қаншама өнер түрлері, қаншама еңбек пен іс-әрекет түрлері бар болғанымен солардың ішінен өзіне лайықты, жарасымды орныңды таба білу тіпті де оңай іс емес. Сондықтан - «талантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адам бар» деген дұрысырақ болар.
Адам өзінің табиғи күш-қуатын, ерік-жігерін, ой-өрісін, зор мүмкіндіктерін барынша дамытып жақсы игі істерге қол жеткізуі үшін асқан төзімділік, шыдамдылық, ұзақ уақыт бойы үздіксіз жұмыс істеуге машықтануы қажет. Адам санасында өз өміріне басқалардың емес, өзінің жауапты екенін түсінуі, ар-ұлт, намыс, адамгершілік сезімдерінің басым болуы, өмірлік мақсатына жетудегі табандылығы мен құлшынысы оның өзін-өзі тәрбиелеуіне демеу болатын негізгі тетіктер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет