1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет16/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
Үшінші, «Алғысҿзде»: «Діни бағытта жазылған ҽдеби мұраның мақсаты 
ізгі, мұраты биік. Аса рақымды Жаратушының 18 мың ғаламды қалай жҽне не 
үшін жаратқаны, мүбҽрак нұр иесі Адам Атадан бастап пайғамбарлардың 
сҽруары атанған Хазіреті Мұхаммед с.ғ.с.-ға дейінгі аралықтағы кҿптеген 
пайғамбарлардың ҿз қауымы мен жұрты үшін атқарған игі істері жүйелі 
түрде тарқатылып, ҽсерлі баяндалып отырады. Шығармадағы ҽрбір хикая - 
ҽдеби кҿркем туынды», - деген пікір бар. Онда діни таным тұрғысынан үлкен 
қателік жіберілген. Қателік – «Мүбҽрак Нұрға» қатысты. Дін ислам 
қағидасында бұл нұр тек Мұхаммед Пайғамбарға тиесілі. Алла Тағала солай 
шешкен іс. Бұл туралы Шҽді Жҽңгірұлы «Назым Сияр Шҽриф», «Ибраһим 
пайғамбардың хикаяты» секілді еңбектерінде арнайы жырлаған.
Ҽлҽмнан он сегіз мың ҽууҽл бұрын, 
Жаратты пайғамбардың Алла нұрын... 
Аспан-жер, ғаршы-күрсі, лҽухі кҽлам, 
Сүдрҽ мен жҽннат, дозақ бҽрі тҽмам. 
Ол нұрдың себебінен пайда болды, 
Жаралған он сегіз мың күллі ҽлҽм, - [8, 3-б] деп діни, кітаби ақын 
Мұхаммед Пайғамбар нұры туралы анық, нақты жырлаған. Сол нұрдың Алла 
Тағаланың Адам Атаның маңдайына қойғаны жҽне оның ұрпақтан-ұрпаққа 
жылжып отырғаны туралы айтады. Бұл мҽселе осы айтылып отырған 
кітаптың ҿзінде де солай делінеді. Алғысҿзден соң берілген негізгі мҽтін он 
тҿртінші беттен басталады. Бірінші шағын тарауша «Адам Ҽлейһиссаламның 
жаратылысы» аталады. Тарауша «Алла Тағала Мұхаммед салли аллаһу 
ҽлейһис уа саламның толысқан нұрын құдірет қолына алды», - деген 
сҿйлеммен басталады. Мұнда ҽрі анық, ҽрі нақты «Мұхаммед Пайғамбардың 
нұры» деп айтылып тұр. Сол секілді кітаптың он сегізінші бетіндегі «Адам 
Ҽлейһиссаламның денесіне рух енгізудің оқиғасы» тарауында Алла 
Тағаланың Адам Ҽлейһиссаламның денесін жасап бітіргеннен кейінгі 
оқиғалар сҿз болады. Рух Адам Ҽлейһиссаламның тҽніне енуден қорыққан 
сҽтте: «... Хазіреті Мұхаммед Мұстафаның нұрын ҽкеп, оның маңдайына 
қойды. Тҽн нұрланып кетті. Рух қуанышпен тҽннің ішіне кіріп кетті. Ғарыш 
пен Күрсіні, Лаух пен Қаламды топырақ дененің ішінде кҿрді. Рух Адамның 
кҿзіне келген уақытта назары Ғарышқа түсті. Кҿрді: «Лҽ илҽһа иллалла 
Мухамадан Расулалла» деп жазулы тұр. Бұларды кҿріп қайран қалды», - деп 
беріледі. Мұнда да Нұрдың тек Мұхаммед Пайғамбардың нұры екендігі анық 
айтылып тұр [12, 14-18-бб.]. 
Ғалым А.Қыраубайқызы: «Сенің қолыңнан шыққан, қаламыңнан 
түзілген сҿз оқуға, үйренуге жеңіл, түсінікті болады деп жұрт қолқалаған соң, 
тҽңірден тауфық тілеп, кітап бастадым», - дегеніне қарағанда, ҿз 
заманындағы білікті кісі болғандығын танимыз», - деп алғысҿз арқылы автор 
туралы ой түйеді [4, 160-б]. Ал, ғалым Ҽ.Наджип: «Автордың алғысҿзінен 
кҿрініп тұрғанындай, ал бұл кітапты жергілікті ҽмірші Тоқбұғаның ҿтініші 
бойынша жазған. Ҽміршінің айтуы бойынша бұл тақырыпта орындалған


19 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет