3
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014
ФИЛОЛОГИЯ
ҼОЖ 403.41999
Е.Н.НҦРАХМЕТОВ
филология ғылымдарының докторы, профессор
Қ.А.Ясауи
атындағы ХҚТУ
М.ЕРХОДЖАЕВА
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚОЛДАНЫСЫ
Қазақ тілі қазіргі таңда күн ӛткен сайын жан-жақты дамып, оның
қолданылу аясы кеңейіп келеді. Біздің сӛздік қорымыздың кӛбеюіне игі әсер
етіп, ғылым мен техниканың ӛркендеуіне айрықша ықпал етіп келе жатқан
термин сӛздердің орны ерекше.Қазақ тіліндегі кірме терминдер қазақ
терминологиясының лексикасының кӛп бӛлігін құрайды.Қазақ тілінің сӛздік
құрамы термин жасауға кӛптеген дайын материал беріп келеді. Бұл
сарқылмайтын байлық кӛзі. Оның термин жасау мүмкіншілігін біз әлі түгел
пайдаланып біте алғанымыз жоқ. Қазақ тілінің осындай ӛз ішкі мүмкіндігі
терминжасам процесіне пайдасы тиер бір арнаның кӛзін ашып, кӛмектесер
болса, кірме сӛздерді игеру мен қабылдауда назар аудармауға болмайтын
біраз қиындықтар кезігеді.Мақалада қазіргі қазақ терминологиясы және
тілімізге енген халықаралық терминдердің қолданылуы, дұрыс және
баламасын дәл тауып аударылуы жайлы баяндалады.
Кілт сӛздері: термин, кірме сҿздер, халықаралық терминдер.
Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) – ғылыми
ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дҽл кҿрсететін
сҿздер. Термин бұл – арнаулы қолданыс
сферасындағы ғылыми немесе
ҿндірістік-технологиялық ұғымның атауы болып табылатын жҽне
дефинициясы (тиісті ұғымның анықтамасы) бар сҿз немесе сҿздер тіркесі.
Терминдер толық мҽнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы
мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт жҽне ғылыми терминология
құрамындағы басқа
ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануға ыңғайлы
болмақ керек.
Қазақ тілінде термин жасау күрделі де қызық мҽселенің
қатарына
жатады. Ол негізінен тіліміздегі сҿзжасам процесінің аумағына енетін мҽселе.
Осы сҿзжасам процесінде, оның ішінде терминжасам
ісінде мамандардың
тірек ететін негізгі материалы ең алдымен ана тілдің ҿз сҿз байлығы, оның
негізгі сҿздік құрамы дедік. Қазақ тілінің сҿздік құрамы термин жасауға
кҿптеген дайын материал беріп келеді. Бұл сарқылмайтын байлық кҿзі. Оның