1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет170/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
ҽрекеттердің мҽнін ашу. Қаруға атылатын жҽне суық қарулар жатады. 
Атылатын қаруға тапанша, автомат, пульемет, гранотомет, мылтық, гранат 
мина жҽне басқа да жарылатын заттар жатады. Аңшылық мылтығы, газ 
пистолеті жҽне баллондары қаруға жатпайды, бірақ қарақшылық жасағанда 
қару ретінде пайдаланылса жазаның ауырлатылған түрі қолданылады. 
Қару ретінде пайдалынылатын заттарға жҽбірленушінің ҿмірі мен 
денсаулығына қауіп туғызатын, қарудың кҿмегімен адамдардың ҿмірін 
жоятын, адамдарға дене жарақатын келтіретін кез-келген заттар жатады. 
Мысалы, балта, тас, балға, лом темір, шоқпар, пышақтар жҽне т.б. Сондай-ақ 
спорттық қарулар, оның ішінде, іс жүзінде қандай мақсаттарға 
қолданылмайтындығына қарамастан, ату үшін оқ-дҽрі газының күші 
пайдалынылатын ұсақ колибрлі аңшы қарулары жатады. 
Қаруды немесе басқа заттарды қолдану деп кінҽлінің адамның 
денсаулығына зиян келтіру үшін шын мҽнінде пайдалануы немесе шабуыл 
барысында оны дереу қолданбақшы болып, қорқытатын ҽрекеттерді істеу 
болып табылады. Іске жарамсыз қарумен немесе қарудың макеті арқылы 
жҽбірленушіге оның ҿмірі мен денсаулығына қауіпті дене жарақатын салу 
ниетінсіз қорқыту қару қолданған қарақшылық деп саналмайды. Бірақ 
жҽбірленуші мұндай ҽрекетті ҿз ҿмірі мен денсаулығына нақты қауіп 
тудырады деп санағандықтан, мұндай шабуыл Қылмыстық кодекстің 179-
бабының 1-тармағы бойынша сараланады [1]. 
Қарақшылықта қару қолданып шабуыл жасаған адам заң бойынша 
белгіленген тҽртіппен қаруды алып жүруге тиісті рұқсаты жоқ болса, онда 
оның ҽрекеті қылмыстың жиынтығы бойынша Қылмыстық кодекстің 179 
жҽне 251-баптарымен саралануы қажет. 
179-баптың 3-бҿліміне сҽйкес қарақшылықтың аса сараланған 
құрамдарына тҿмендегі белгілер жатады: 
1. Ұйымдасқан топ; 
2. Денсаулыққа ауыр зиян келтірумен, абайсызда жҽбірленушуінің 
ҿміріне зиян келтіруі; 
3. Мүлікті ірі мҿлшерде ұрлау; 
4. Ұрлық немесе қорқытып алғаны үшін бұрын екі немесе одан да кҿп 
рет сотталған адам жасаған қарақшылық. 
Ұйымдасқан топ деп – бірнеше қылмыс жасамақшы оймен алдын ала 
біріккен екі немесе одан да кҿп адамнан тұратын тұрақты топ. Ұйымдасқан 
топ жасаған қылмыс түсінігіне Қылмыстық кодекстің 31-бабында бір немесе 
бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы 
жасаған қылмыс деп анықтама берілген [1]. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 
жҽне қылмыстық сыбайластықтың алдын-ала сҿз байласқан адамдар тобынан 
айырмашылығы – олар ұйымдасқан жҽне тұрақты болады.
Ұйымдасқан топтың белгілері: 
1. Бірнеше қылмыс жасамақшы болуы; 


182 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет