ОҚыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата03.03.2017
өлшемі1,27 Mb.
#5594
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
 
УДК    
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ 
ЖОЛДАРЫ 
 
Асанбаева С.А. – ф.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Психика  дегеніміз  ерекше  түрде  ұйымдасқан  материяның  ең  жоғарғы  дҽрежесі. 
Адамның  психикалық  қызметінің  жалпы  заңдылықтарын  білу  бастауыш  мектеп 
жасындағы  балалардың  психикасын  айқындау  үшін  алғашқы  негіз  болады.  Баланың 
психологиялық  мінездемесі,  оның  жеке  басының  даму  дҽрежесі,  баланың  мектепте 
алатын  біліміне,  тҽрбиесіне,  баланың  үй-іші  мен  оның  айналасындағы  ортаның 
қаншалықты  ықпал  тигізе  білуіне  байланысты  болады.  Бізді  қоршаған  дүниенің 
нҽрселері  мен  құбылыстары,  сол  сияқты  адамдардың  қоғамдық  қатынастары  біздің 
санамызда бейнеленеді. Адамның санасы еңбекпен бірге пайда болады. Баланың жеке 
басының дамуы да оның ҽрекетімен байланыста болады. Мектеп оқушысы үшін басты 
қызмет-оқу болып табылады. 
Адам  психикасы  ақыл,  сезім  жҽне  ерік  қызметтерінің  түрліше  формаларынан 
кҿрінеді.  Қызметтің  бұл  формалары  психологиялық  процесстер  деп  аталады. 
Дүниетануға бағытталған ақыл-ой жұмысы үшін түйсік жҽне қабылдау, ес, ойлау, қиял 
процестері  сондай  формалар  болып  табылады.  Адам  сыртқы  дүниенің  нҽрселері  мен 
құбылыстарын  қабылдайды,  сол  сияқты  ҿз  организмінің  жағдайын,  ҿзінің  дене 
мүшелерінің болмысын жҽне оның жағдайын, түсініп біледі. Қабылдауда кҿз, құлақ ,иіс 
жҽне  дҽм  сезу  мүшелері,  терідегі  сезімтал  мүшелер,  бұлшық  ет,  ішкі  органикалық 
сезімтал  мүшелер  қатысады.  Дүниедегі  нҽрселер  мен  құбылыстардың  ҿзара 
байланысын жҽне қатынасын ашып, оны жинақтайтын сананың бұл жұмысы ойлау  деп 
аталады.Біздің  қабылдамаған  нҽрселерімізді,  ҿзіміз  кҿрмеген  жердің  табиғи  кҿрінісін, 
тарихи  ҽңгімелерді,  оқиғаларды  т.б.  нақтылы  түрде  елестетуіміз  үшін  бізге  қиял 
жұмысы керек. 
Ерік процестері біздің қызметтерімізбен тікелей байланысты. Қандай да бір ҽрекет 
жасау  үшін    оны  іштей  ойлап  алуымыз  керек.  Психикалық  процесстер  мен  адам 
психикасы қызметтерінің ішінде зейін қызметі ерекше орын алады. Зейін арқылы ғана 
адам  қабылдау  процесінде  кейбір  заттар  мен  құбылыстарды  олардың  қасиеттерін 
таңдап алып, оларды айқынырақ танып алады. Зейін естің жұмысымен бірлесе отырып 
бір  нҽрсені  меңгеруге  жҽне  есте  сақтауға  кҿмектеседі.  Біздің  ҿміріміздің  жҽне 
қызметтеріміздің  ҽрбір  нақтылы    кезеңдерінде  сананың  барлық  формалары  адамның 
жеке  басының  саналы  ҿмірінің  ҽртүрлі  кезеңдерімен  тығыз  байланыста  болатынын 
оқытушы  үнемі  есте  ұстауы  керек.  Мысалы,  мұғалімнің  оқығанын  немесе  ҽңгімесін 
балалардың  тыңдауын  талап  етіп  кҿрейік.  Бұл  процесте  оның  басыңқы  кезеңдерге, 
оның  негізгі  сипатына  қарай,  қабылдау  деп  атауға  болады.  Бірақ  қабылдау  анық  ҽрі 
айқын болуы үшін оқушының ерік күші керек емес, зейінді аударудың керегі жоқ деп 
айтуға болады ма? Оқылып не айтылып отырған ҽңгіменің мазмұнын түсінбей, ондағы 
жеке  сҿздердің  мағынасын  түсінбей,  байланысын  түсінбей  яғни  ойлау  жұмысынсыз 
қабылдауға  бола  ма?  Бұрын  меңгерілген  сҿздердің  мағынасын  есте  сақталмайынша, 
яғни ес жұмыстарына сүйенбейінше ұғынуға бола ма? Ҽңгімеде айтылып тұрған, бірақ 
ешуақытта  ҿздері  кҿрмеген  нҽрселерді  оқушыларға  жиі-жиі  елестетуге  тура  келеді. 
Демек,  бұл  жерде  ол  ҿзінің  қиялын  пайдалануы  қажет.  Оқушының  тыңдап  отырғаны 
оған түсінікті болса,онда оқушыда интелектуалдық қанағат  сезім пайда болады. 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011. 
 

Бастауыш  сынып  оқытушысы  баланың  отбасынан  немесе  балабақшадан  немен 
келгенін,  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  психологиясының  негізгі  белгілерін  жақсы 
білуі  керек.  Мектепке  алғаш  рет  келіп  отырған  жеті  жасар  баланың  психо-
физиологиялық  дамуы  ҽр  түрлі  болады.  Алайда  балалықтың  осы  кезеңіне  тҽн 
ерекшеліктерін кҿрсетуге болады. Жеті жасар балада мектепке барып оқу жҿнінде бір 
ынта пайда болады. Мектеп жұмысы мен мектеп тұрмысы жҿнінде онша айқын түсінігі 
болмағанына  қарамастан,  ол  оқуды,  жазуды  үйрену  жҿнінде  мектепке  үлкен  тілекпен 
келіп  түседі.  Жеті  жасар  баланың  мінез-құлқы  тек  қарапайым  эмоциялармен  ғана 
айқындалатын  импульстік    ҽрекеттермен  ғана  шектелмей,  сонымен  қатар,  балада 
саналы,  белгілі  бір  мақсатқа  талпынған    ҽрекеттер  тез  жетіліп  отырады.  Жеті  жасар 
баланың  ойлауы  нақтылы  болады.  Сондықтан  бастауыш  сынып  оқушыларынын  шет 
тілі  сабақтарында  ҽртүрлі  кҿрнекі  құралдарды  барынша  кең  пайдалану  қажет.  
Сонымен  қатар  баланың  сабақ  үстінде  естіген,бірақ  кҿрнекі  құралдармен 
толықтырылмаған,  ҽртүрлі  сҿздері  мен  байланыстыратын  елестердің  дұрыстығын 
ҽрдайым тексеріп отыру қажет.  
Бастауыш  мектеп  жасынындағы  балалардың  ойларының  дамуына  олардың  тіл 
дамытудын  маңызы  зор.  Бұл  жастағы  балалар  ҿздері  оқып  жатқан  шет  тілдерінде 
кҿптеген  жаңа  сҿздер  үйренеді.  Олардың  сҿздік  қоры,  ҽсіресе  оқу  дағдысын 
меңгерумен  байланысты,  біршама  кҿбейеді.  Сонымен  қатар  балалардың  тілінде 
мағынасын ҿздері түсінбейтін жаңа сҿздер кездеседі, ҿйткені балалар мұндай сҿздерді 
ҿздерінің нақтылы елестерімен байланыстырмай,  қалай болса солай үйреніп алады.  
Оқытудың  алғашқы  кезеңдерінде  есте  сақтауға  керекті  материалдың  эмоциялық 
жағынан жабдықталуы қажет болса, ал енді жоғары сынып жасындағы баланың есі оны 
керек етпейді. Бұл жастағы балалар оқуға керекті материалдың мағынасын түсінбей-ақ, 
тез  жаттап  алады.  Сондықтан  балалардың  жаңа  сҿздерді  алдымен  түсініп  алып,  тек 
содан кейін жаттап алатындай етіп, берілген материалдың маңызы  мен мҽнін  түсініп 
жаттауға  ұдайы  дағдыландырып  отыру  қажет.  Оқытушының    айтқандарын  немесе 
кҿрсеткендерін  қабылдау  процесінің  ҿзіне  түсіну,  ұғыну  кезеңдері,  басқаша  айтқанда, 
балалардың ойлау жұмысы кіреді. Айтылған сабақты саналы түрде қабылдау мен есте 
сақтаудың,  меңгерудің  басты  шартының  бірі  болып  табылады.  Алайда  меңгеретін 
білімді түсінумен қатар, оны ұзақ уақытқа есте қалу шарты оқытушының есті дамытуға 
бағытталған бірнеше ерекше тҽсілдер қолдануын керек етеді. 
Есті дамытудың  жҽне білімді меңгерудің жемісті болуына мүмкіндік туғызатын 
объективтік фактор ретінде сабақ үстінде есте сақтау жҽне үйде орындау үшін берілетін 
материалдың  кҿлемін  атап  айта  кету  керек.  Оқу  материалының  кҿлемі  балалардың 
жасы неғұрлым кіші болса,соғұрлым аз болу керек. Ойдағыдай есте сақтаудың арнаулы 
шарттарының ішінде қайталаудың маңызын атап ҿту қажет. 
Оқушының  есі  тікелей  есте  сақталатын  материалдың  кҿлемін  кеңейту 
мағынасында ғана дамып қоймай, сонымен қатар, басқа бағыттарда да – есте сақтаудың 
дҽл болуы бағытында да, есте сақтаудың шапшаңдығы мен берік игеру бағытында да, 
егер оқытушы қателерді түзету жұмысына оқушылардың ҿздерін тартып отырса, жаңа 
білім мен бұрынғы білімдерін қайталап айтып беруге үнемі  жаттықтырып отырса бұл 
қабілет дамиды. Түсініп есте сақтау қабілетін дамыту үшін жоғарыда айтылғандай оқу 
материалын  саналы  түрде  қабылдауды    қамтамасыз  етумен  қатар,  ҿткен  материалды 
пысықтауда,  салыстыру  мен  салғастыру  тҽсілін  пайдалану  ҿте  орынды.  Мысалы, 
мазмұны  жағынан  ұқсас  материалдарды  салыстыру,  грамматикалық  формаларды 
салғастыру. Тҽжірибелі оқытушы ойдың жұмыс істеуін талап ететін сұрақтарды мұқиат 
іріктеп  алып,  түсінбей  есте  сақтаудан,  жаттап  алудан  сақтандырады.  Сонымен  қатар, 
оқушылар ойының ҿз бетінше жұмыс істеуін талап ететін сұрақтар мен мысалдарды тек 
сабақ үстінде ғана беріп қоймай,оларды үйге берілетін тапсырмаларға да кірістіру ҿте 
орынды.  Балалардың  ой  жұмысындағы  –  ҿзгешеліктер  мен  баланың  жеке  басында 
болатын  –  ҿзгешеліктердің  бар  немесе  жоқтығын  кҿре  білу  –оқытушының  міндеті. 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 
Мұны оқу жұмыстарының барысында істеген дұрыс. Ҽр оқушының берген жауабының 
жылдам    немесе  баяаулығын,  анық  немесе  анық  еместігін,  дұрыс  немесе  дұрыс 
еместігін  бақылау  арқылы  ғана  оқытушы  ой  жұмысының  түрлі  жақтары:  зейіннің, 
қабылдаудың,  естің  ҿзгешеліктері  жҿнінде  белгілі  қортындыға  келе  алады.  Бірақ 
мұндай  қортынды  жасау  оқушының  мінез-құлқы  жҿнінде  байқағандарымызды  дұрыс 
түсінуді  талап  ететіндігін  ұмытпау  керек.    Егер  оқушы  жаңа  ғана  түсіндірген  сабаққа 
жауап бере алмаса, оны  оқушының сабаққа дұрыс кҿңіл бҿлмегендігінен деп түсінбеу 
керек,  сонымен  қатар,  оны  оқытушының  дұрыс  түсіндіре  білмегендігінен  деп  білу 
керек. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматриваются  основные  психологические  процессы  (восприятие, 
внимание,  воображение,  мышление,  память)  и  их  отражения  в  учебе  индивидуально-
психических особенностей в начальных классах при обучении иностранным языкам. 
                                                         
SUMMARY 
 
This article is about the main psychological process (perception, attention, imagination, 
thinking,  memory)  and  their  reflection  in  studies  individual  psychological  particular  in 
primary classes in teaching foreign languages. 
 
 
 
УДК   
СТУДЕНТТЕРДІҢ МӘДЕНИАРАЛЫҚ КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РОЛІ 
 
Абдрахимова Г.Б. - ф.ғ.к., доцент, Жансеркеева Э.Н. - магистр-оқытушы 
(Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Жаһанданудың  қазіргі  үдерісі,  отандық  білім  берудің  ҽлемдік  білім  кеңістігіне 
енуі, жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы жеке тұлғаның жалпы коммуникативті 
мҽдениеті  маманның  коммуникативті  құзырлығы  қалыптасуы  түрлі  тұжырымдарын 
алуда  маңызды  нҽтижелердің  бірі  болып  табылатындығы  -  білімнің  халықаралық 
дҽрежесінің жоғарылауына мүмкіндік береді. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  ҽр  жылдардағы  Жолдауларының 
арасында  ҿте  тығыз  байланыс  бар.  2004  жылғы  Жолдауында:  «....  ұлтымыздың 
бҽсекеге қабілеттілігі тікелей оның білім беру деңгейімен анықталады», - десе, 2005 
жылғы  Жолдауында  бұл  ойлары  ҽрі  қарай  жалғасын  тауып  жатыр:  «Білім  деңгейін 
жетілдіріп,  дамытпаған  ел  ХХІ  ғасырда  жоқ  болып  кетуі  ықтимал».  2006  жылғы 
Жолдауында  Мемлекет  басшысы:  «Білім  беру  реформасы  -  Қазақстанның  бҽсекеге 
нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса  маңызды 
құралдарының  бірі»,  -  деп  қадап  айтса,  2007,  2008,  2009,  2010  жылдардағы 
Жолдауында  бұл  ойлары  ҽрі  қарай  жалғасын  тауып  жатыр:  «Білім  беру 
реформасының  ойдағыдай  жүргізілуінің  басты  ҿлшемі-  еліміздің  ҽрбір  азаматы 
ҽлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге кҿтерілуі» 
- деп атап кҿрсетті. 
ҚР Білім жҽне ғылым министрлігінің алдағы жұмысымен таныстырған Бақытжан 
Жұмағұлов, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасын кезек күттірмейтін тапсырма» деп оны орындауда 
білімнің  сапасын  кҿтеру  жҽне  мамандардың  бҽсекеге  қабілеттілігін  арттыру,  ҽлем 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011. 
 

тҽжірибесіндегі білімнің баламасы, ҽсіресе педагогтардың мҽртебесін кҿтеру маңызды 
болып  табылады.  Электрондық  оқыту  (e-learning)  кезек  күттірмес  тапсырмалардың 
қатарында. Жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуы жҿніндегі Мемлекеттік 
бағдарламасының  іске  асырылуы  үшін  техникалық  жҽне  мамандандырылған  білімнің 
маңызы зор.  
ҚР  БҒМ  министрі  сҿзінің  соңында  «Ұлт  кҿшбасшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
салиқалы саясатының арқасында қадрларды дайындау ісін жетілдіру мақсатында бізде 
экономикалық жҽне саяси жағдай қалыптасқан. Сондықтан аталған жағдай мемлекеттің 
мүмкіндігі  мен  Еуразия  кеңістігінде  институционалдық    реформада  біздің  білім 
саласын кҿшбасшы ретінде танытуға себеп болады» дегенді алға тартты.  
ҚР  шетел    тілінде  білім  беру  концепциясында  белгілінгендей  шетел  тілін 
оқытудың  негізгі  мақсаты  -  оқушының    мҽдениаралық  коммуникативті  құзырлығын 
қалыптастыру  болып  табылады.  Құзырлық  дегеніміз  не?    Бұл  ұғым  қазіргі  таңда 
кеңінен  пайдаланып  жүрген  ұғым.  Ғалымдардың  пікірінше,  құзырлық-  ол  білім, 
біліктілік  жҽне  дағдылар  жиынтығы.  Ал  коммуникативті  құзырлық  дегеніміз  – 
тұлғалардың тіл арқылы бір-бірімен қарым - қатынасқа түсу біліктілігі.  
Қазіргі  заманда  біз  шетелдермен  тығыз  қарым  –  қатынастамыз,  сондықтан  тілі 
оқытылатын  елдің  тек  тілдік  құбылыс  қана  емес,  сондай  ақ  оның  мҽдениеті  мен  ҿмір 
сүру дҽстүрі де тілмен байланысты жҽне сол тіл арқылы оқытылу керек. Сонымен қатар 
студенттердің  мҽдениаралық  коммуникативті  құзырлығын  қалыптастырудағы 
интерактивті технологияның ролі ҿте маңызды. 
Интерактивті  технологиялар  дегеніміз  не?    Интерактивті  оқыту  дегеніміз-  оқыту 
процесін    диалог  түрінде  ұйымдастыру.  Бұл  жерде  бұрынғы  дҽстүрлі  мұғалім  мен 
оқушы  арасындағы  диалог  пен  қатар,  оқушылардың  ҿзара  диалогы,  компьютермен 
жұмыс  істеу  барысындағы  диалог  қарастырылады.  Қазіргі  кезде  шетел  тілін  оқыту 
ҽдістемесінде    осындай  ҿзара  қарым-қатынастың  бірін-бірі  толықтырып  отыратын 
бірнеше тҽсілдері қолданылады: 
а) жұппен  жұмыс істеу 
ҽ) үш оқушы бірігіп жұмыс істеу 
б) бір мезгілде микротоппен жұмыс істеу (4-тен) 
в) бір мезгілде екі микротоппен бір ұжым ретінде жұмыс істеу 
г) оқушы- топ 
д) мұғалім – топ 
Ресей  ҽдіскер-ғалымы  Г.А  Китайгородскаяның  айтуынша,  интерактивті  оқыту 
ҽдісі  барлық  оқушының  жҽне  ҽрқайсысын  бір  мезгілде  біріккен  іс  -  ҽрекетке 
жұмылдыруға  мүмкіншілік  береді,  сонымен  қатар  осы  кезде  оқушының 
қызығушылығын  ескере  отырып,  интеркативті  қарым-қатынасқа  белсенді  қатынасу 
мүмкіндігі    туады.  Осындай  мүмкіндіктерді  іске  асыруға  қазіргі  таңда  қандай 
технологиялар қолдануға болады?  
Олар  ойын  технологиялары,  компьютерлік  технологиялары  (интерактивті  тақта, 
электронды  оқулықтар,  т.б  копьютерлік  бағдарламалар),  жобалау  технологиясы, 
тестілеу технологиясы  жҽне портфолио. 
Ойын технологиясына мына ойын түрлері жатады: 
1.
 
жағдаяттық рҿлдік ойындар; 
2.
 
іскерлік ойындар; 
3.
 
педагогикалық ойындар. 
Жағдаяты  рөлдік  ойын  -    бұл  ҿмірлік  жағдайлардың  белгілі  бір  мінез-құлық 
немесе эмоционалдық жақтарын  меңгеру ниетінде алдын-ала бҿлінген рҿлдер арқылы 
қатысушы топтардың сахналап ойнауы. 
Педагогикалық  ойындар  технологиясы  дегеніміз-  педагогикалық  жұмысты  ойын 
түрінде ұйымдастырудың ҽдістері мен тҽсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі  жұмыстар 
сабақ  үстіндегі  қолайлы  деген  жағдайларда  пайда  болып,  оқушыларды  қызықтырушы 


 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 
құрал  ретінде  қолданылады.Сонымен,  ойын  келесі  маңызды  міндеттер:  баланың 
қоғамдық  қатынастарға  бейімделуі,  жалпы  адамзаттық  мҽдени  құндылықтар  мен 
ҽртүрлі  ұлт  ҿкілдерінің  мҽдениеттерін  меңгеруі:  баланың  шынайы  адамгершілік 
коммуникацияға  енуіне  мүмкіндік  беретін  коммуникативті  іс-ҽрекеттердің  кҿрініс 
табуы  жүзеге  асырылады.  Баланың  ҽр  қырынан  кҿрінуіне  интеллектуалдық, 
шығармашылық,  коммуникативтік  жағынан  жҽне  ҽртүрлі  қиындықтарды  жеңуге 
жағдай  жасайды.  Осылайша  ойын  ҿмірмен  байланыста  болып,  оқушы  құзыреттілігін 
дамытуға септігін тигізеді.  
Жоғары  оқу  орындарында  студенттердің  мҽдениаралық  коммуникативті 
құзырлығын  қалыптастырудағы  интерактивті    технологияларды  қолданудың  негізгі 
бағыттары  электронды  оқулықтар  мен  интернет  технологиясын  пайдалану  болып 
табылады,  сонымен  қатар  дүниежүзілік  интернет  желісі  студенттердің  білім  ҿрісін 
кеңейтуге  ықпал  етеді.  Сонымен  қатар,  қазіргі  оқыту  құралдары:  компьютерлер, 
телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық жҽне 
ҽдістемелік жабдықтар ҽр түрлі оқыту үдерісін қамтамасыз ете отырып, студенттердің 
ҿздігінен  білім  алуын  ұйымдастыруда,  ҿзіндік  жұмыстарды  орындауда  ҽдістемелік 
құрал ретінде де маңызды.
 
Компьютерлік технологиялар: 
а) электрондық оқулықтар 
ҽ) қашықтан оқыту 
б)мультимедиалық бағдарламалар (интерактивті тақта, құрал, аудио-видео үнтаспалар, 
dvd плеер) 
в) комьпютерлік бағдарламалар  
Мультимедиалық,  электрондық  оқулықтар  студенттердің  ағылшын  тілін  үйрену 
оқу іс-ҽрекетінің негізгі кҿзі болып табылады. 
      Жобалау 
технологиясы 
қатысушыларға 
ойша 
аудиториялардан 
шығып, 
талқыланатын  мҽселе  бойынша  ҿз  ҽрекетінің  жобасын  жасауға  мүмкіндік  береді.  Ең 
бастысы,  топ  немесе  жекелеген  бҿлімшелердің  ҿз  жобасын  қорғайтын,  басқалардың 
алдындағы  ҿзінің  артықшылығын  дҽлелдейтін  жҽне  достарының  пікірін  білуге  
мүмкіндігі болады. 
  Жобалау технологияларының ерекшеліктері: 
1.бір топ студент белгіленген бір мақсатқа жетуге ұмтылады 
2.студенттің  ұжым болып жұмыс істеуін қалыптастыру 
3.студенттің ойлау дағдысын қалыптастыру 
4.ҽр студент жоба жұмысын орындау барысында керекті ізденген мағлуматының ҿзіне 
қажеттілігін түсіну 
5.сабақта жҽне сабақтан тыс алған білімін жүйелеу 
6.жоба 
жұмысын  орындау  барысында  студент  оқыту  процесіне  кҿбірек 
жауапкершілікпен қарауы 
7.жоба  технологиясы  студенттің  ҿздігінен  жұмыс  жасауына  қызығушылығын    арттыр 
жҽне ынталандыру. 
Тестілеу  технологиясы.  Тест  оқытудың  белгілі  бір  бҿлігін  меңгеру  дҽрежесін 
ҿлшеуге  бағытталған  тапсырмалар  жиынтығы.  Олар  уақытты  кҿп  жоғалтпас  үшін, 
кҿлемінің  шағын  болуы,  жауапта  дҽлсіздік  немесе  кҿп  сипаттылықты  болдырмауы, 
оның ҽрі қысқа, ҽрі жинақы болуын, тапсырма мен жауаптағы дҽлдік пен айқындықты 
қамтамасыз етуді талап етеді. 
Тестке қойылатын талаптар: 
-жауапты бір мҽнді, яғни дұрыс жауабы біреу ғана болуы керек 
-нақты да, дҽл жауапты талап етуі қажет 
-ҿлшеу шҽкілін (шкаласын) қолдану 
 Тест сұрақтарына қойылатын талаптар: 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011. 
 
10 
1.
 
Пҽннің ҽрбір тест сұрағының мазмұны стандартқа, типтік бағдарламаға сҽйкес 
құрастырылады 
2.
 
Сұрақтар  кафедра  мҽжілісінде  қарап  талқыланып,  хаттамаға  түседі  де, 
факульттетің оқу ҽдістемелік бҿлімінде бекітіледі 
3.
 
Сұрақтар саны  1 кредит= 150 сұрақ формуласына сҽйкесінше болуы тиіс 
4.
 
Тест сұрақтарының қайталанбауы ескеріледі 
5.
 
Тест сұрағы Microsoft Word редакторында «The New Roman» шрифтіне терілуі 
тиіс 
6.
 
Барлық тест сұрақтары шаблонға толтырылып құрастырылуы тиіс. 
Портфолио-  дегеніміз  оқушылардың  тіл  үйрену  барысындағы  ҿзіндік  деңгейін 
бағалау  мен  ҿз  бетінше,  аудиториядан  тыс  оқытушының  бағдарымен  жасалатын 
жұмыс. 
Тілдік  паспорт  –  осы  уақыттағы  тілдегі  жеке  компетенциялар  кҿрсеткіші.  Тілді 
меңгеру  деңгейінің  жалпыеуропалық  бағамға  негізделген  .  Паспорт  оқушы 
компетенциясының  тілдік  институты  немесе  оқыушының  ҿзін  ҿзі  бағалауын  жҽне 
бағалауды қосады. 
Тілдік биография – тілді  үйрену барысында ҿзін ҿзі  бағалау жҽне шарттылықты, 
жоспарлау дағдыларын дамытуына қабілетті. 
Досье  –  паспортта  жҽне  тілдік  биографияда  суреттелген  тҽжірбиелерді  құжаттау 
мен кҿрсету үшін материалдар. 
Қорыта  келе,  шетел  тілін  оқыту  үдерісінде  интерактивті  технологиялардың, 
ҽсіресе  қарым-қатынас  ортасын,  жалпы  тақырып  шеңберінде  ҽріптестердің 
интерактивті  ҿзара  ҽрекет  ортасын  құрудағы  маңызы  ерекше.  Ақпараттық  білім  беру 
технологиялары  ҿз  кезегінде  қарым-қатынас  тҽжірибесін  игеруде,  студенттердің 
мҽдениаралық  құзырлылықтарын  қамтамасыз  етуде  маңызды.  Ғалым  М.Ушакова 
ағылшын тілін оқыту ҽдістемесін зерттей отырып, компьютерлік телекоммуникациялар 
ағылшын  тілінде  тірі,  шынайы  қарым-қатынастарды  ұйымдастыруға  мүмкіндік 
беретінін айтады. Бұл телекоммуникацияның дидактикалық қасиеті шынайы тілдік орта 
құру  үшін  керемет  мүмкіндіктер  туғызады.Сонымен  шетел    тілін  оқыту  үдерісінде 
интерактивті  технологияларды  қолдану  бүгінгі  заманауи  талаптарға  сай  студенттерге 
сапалы да тиянақты білім берудің маңызды мҽселесі екендігіне арналды. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
1. ҚР 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы 
2. Құнанбаева С.С  Современное иноязычное образование: методология и теории. 
А.,2005 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  говорится  о  роли  межкультурной  коммуникативный  компетенции  в 
работе со студентами по интерактивной технологии. 
 
SUMMARY 
The article deals with the role of intercultural communication in teaching students with 
methods of interactive technology. 
 
 

11 
 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 
УДК  
КОММУНИКАТИВТІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
Билдебаева Д. А.- оқытушы (Алматы қ., АЭжБ, магистрант КазмемқызПУ) 
 
Оқытудың  негізгі  үш  түрі  бар:  1.тҽрбиелеу,  2.ағарту,  3.дамыту.  Оқушылардың 
кҿпшілігінің  ағылшын  тілін  оқуға  деген  үлкен  қызығушылықпен  кірісуі,  олардың 
ағылшын тілінде қалай сҿйлейтінін естігісі жҽне сҿйлегісі келеді. Олар алғашқы кезде 
амандасып,  қоштасып  үйренеді,  заттардың  атауларын  біле  бастайды.  Осы  кезеңде 
қарым-қатынас  екі  жақты  болуды  талап  етеді  себебі,  олар  тыңдай  білуге  де,  сұрай 
білуге  де  үйретілуі  керек.  Кез  -келген  тілдің ағартушылық  қызметі  зор.  Ҽрбір  тіл  сол 
тілде сҿйлейтін халықтың мҽдениетінің тікелей кҿрсеткіші жҽне сол тілде сҿйлейтін ел 
туралы  хабардар  болуы;  ҿз  ойын  дұрыс  жеткізе  алуды  үйренеді.    Оқу-ұйымдастыру 
білігі  мен  дағдысын  қалыптастыру  дамытушылық  мақсаттарының  негізі  болып 
табылады.  Себебі,  оқушының  тіл  білімі  деңгейін  жоғарылату  жҽне  сол  тілде  ойлауды 
дамыту-тіл білімін дамытудың басты міндеті [1.51] . 
Ағылшын  тілін  оқытудың  басты  мақсаты  –  оқушылардың  ағылшын  тілінде 
қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. 
Еліміздегі білім беру саласында оқытудың жаңа түрлері, ҽдістері,жаңа бағыттағы 
технологиялар  пайда  болып,  олар  білім  мазмұнының    жаңаруына  себепші  болуда. 
Осындай  оқыту  ҽдістемесіндегі  заман  талабына  сай  бағдар  деп  инновациялық, 
технологиялық  білім  беру  жүйесін  айтуымызға  болады.«Инновация»,  «Технология» 
терминдеріне  жеке-жеке  тоқталатын  болсақ,  инновация  дегеніміз-  жаңа    мазмұнды  
ұйымдастыру,  жаңалық    енгізу,  яғни    инновациялық  үрдістерді  мазмұнды 
ұйымдастыруды  анықтайды.  Қазіргі  ҽдістемелік  ҽдебиеттерде  «технология» 
(technology)  деген  ұғым  «оқыту»  деген  ұғыммен  қатар  қолдананылады.  «Технология» 
термині тҽсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді [2.73]. 
Оқыту  технологиясы  дегеніміз-  оқыту  техникасы  туралы  ғылым,  сондықтан, 
оқыту ғылыми түрінде жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту, неге олай оқыту 
керек деген білім бірліктілігін білуі тиіс. Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген 
ғылыми  тұжырымдамамен  тығыз  байланысты,  яғни  қандай  үдерістер  арқылы,  қандай 
ҽдістер арқылы, қандай оқыту құралдары арқылы, оқытуды қалай ұйымдастыру керек, 
қандай    факторларды  ескеру  қажет  жҽне  ағылшын  тілін  үйретуде  қалай  ескеру  керек 
деген  сұрақтарға  жауап  іздейді.  Сонымен,  тҽжірибелер  мен  зерттеулер  нҽтижесі  бізге 
шетел  тілінен  берілетін  білім  мазмұны  мен  оқыту  ҽдістерін  жаңалау  керек  екендігін 
кҿрсетті. 
Ақпараттық  технологиялар  жүйесімен  оқытуда  кҿрсетілетін  ҽдістердің  барлығы 
ҿзара байланыста, араласа қолданылады. Ақпараттық жүйемен оқытуда түсіндіру ҽдісі 
кино, диафильмдер кҿрсету  арқылы жүзеге асады. Мҽтін елтануға байланысты мақал-
мҽтелдер, т.б.түсіндіру осы ҽдіс арқылы жүзеге асады. «Мҽтінді тыңдап қайтадан оқып 
шығу»,  «Диалогты  тыңдап,қайтадан  кейіпкерлердің  соңынан  қайталап  отыру»  сияқты 
тапсырмалар компьютер арқылы меңгеріледі. 
Компьютерлік  технология  ағылшын  тілін  үйренушілерге  мҽтіндерді  қолдануға, 
тіл  тасушыларын  тыңдап,  олармен  қарым-қатынас  жасауға  қайталанбас  мүмкіндіктер 
береді,  яғни  ол  табиғи  тілдік  ортаны  қалыптастырады.  Компьютерді    қолдану 
оқушылардың ағылшын тілі сабақтарында шығармашылық, актерлік, логикалық ойлау 
қабілеттерімен 
қоса 
белсенділігін 
жетілдіріп, 
қызығушылығын 
арттырып, 
оқушылардың сҿйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан сабақты бір 
сарынды  ҿткізбей,  түрлендіріп,  тартымды  ҿткізу,  оқулықпен  шектеліп  қоймай, 
қосымша  материалды  да  пайланану  ҽр  ұстаздың  шеберлігіне  байланысты  болмақ. 
Оқытудың  ҿзі  ҿнер  жҽне  ғылым  болып  табылатындықтан  мұғалім  ҿзінің  кҽсіби  іс-

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011. 
 
12 
ҽрекетінің  аясында  біліктілік  деңгейін  үзбей  шыңдап,  ғылыми  ҽдістемелік  деңгейін 
кҿтеріп,  ағылшын  тілінен  ҿткізетін  сабақтарында  компьютерлік  технологияларды, 
қазіргі заманда ҿміршеңдігі дҽлелденген ҽдіс тҽсілдерді қолданса ғана XXI ғасырға сай 
білімді жҽне дарынды азаматтарды тҽрбиелей алады. 
Ағылшын  тілін  оқытуда  заманына  сай  кҿрнекі  құралдар,  аудио  материалдар 
қолдану,  мультимедиалық  құралдарды  пайдалануға  үлкен  мҽн  берілді.  Сабақ 
барысында компьютерді  пайдалануда оқушылардың ҿз тілінде сҿйлейтін адамдардың 
тілін  тыңдап,  оны  кҿзбен  кҿре  отыра  ақпарат  алуына  кҿмегі  тиді.  Бұл  жағдай 
оқушылардың сҿйлеу деңгейін жақсартуына кҿмектесді. Тыңдау арқылы олар ҿздерінің 
сҿйлеудегі  қателерін  жҿндей  алды.  Бұл  «аудирование»  терминінің  ҿзі  де  шет  тілін 
тыңдап,  оны  түсіну  деген  мағынаны  білдіреді.  Аудио  немесе  бейне  таспаларды 
тыңдағанда  коммуникативті  жаттығулар  жасалды.  Алынып  отырған  тапсырмалардың 
жеңіл-қиындығын ескере отырып, жаңа сҿздер мен сҿз тіркестерін пайдаланып, диалог 
жҽне  монолог  құрастыру  сияқты  жаттығулар  жасалды.  Бейне  фильмді  кҿріп  отырып, 
жаңа  сҿз  немесе  сҿз  тіркестері  кездескенде  тоқтап,  сол  сҿздерді  қайталап  жҽне  ҽрбір 
кҿріністен  кейін  сұрақтар  қойылып  отырылды.  Сабақтың  қорытындысы  ретінде  тест 
сұрақтарын  беріп,  нҽтижесін  тексеріп,  бағалау  жасалды.  Сонымен  бірге,  ғаламдық 
желінің ақпараттық ресурстарын қолдануда оларды оқу үдерісіне енгізіп, дидактикалық 
түсініктеме  беру  арқылы  дидактикалық  мҽселелерді  шешуге  болатынын  тҿмендегі 
қағидалардан кҿруге болады:  -  сыныпта  күрделі  материалды  тікелей  пайдаланып, 
сҿйлеу дағдылары мен оқу, түсіну біліктерін дамытуға; 
-интернет  желісінен  алынған  материалдармен  мҽселелік  талқылаудың  негізінде 
монологтық жҽне диалогтық сҿйлеу біліктілігін жетілдіруге; 
-  актив  жҽне  пассив  сҿз  қорын  кҿбейтіп,  соған  байланысты  жаттығулар  орындау 
барысында оқушылардың сҿйлеу дағдысын қалыптастыруға болатына кҿз жеткіздік. 
Компьютердің  оқу  бағдарламасына  қатысты  тҽжірибелік  сабақтың  мазмұнына 
желі  материалдарын  қосу  арқылы  ендірілуде  қолданылатын  келесі  мүмкіндіктерді 
атауға болады: 
-мұғалімінің тҽжірибелі ҽрі тиімді сабақ ҿткізу үшін қандай да бір  
-ауқымды материалды таңдай алу мүмкіндігі; 
-дыбыстық ақпаратты немесе фильмнен үзіндіні жазып алу мүмкіндігі; 
-тіл  тасушыларының  оқылатын  тіл  халқының  мҽдениетінде  оның  қызмет  ету 
ерекшеліктерін  кҿрсететін  сҿздер,  сҿз  тіркестерімен  танысып,  оларды  сҿйлеу 
барысында қолдану мүмкіндігі; 
-тҽжірибелік 
сабаққа 
қосу 
үшін 
электронды 
грамматикалық, 
лексикалық 
анықтамалардан, сҿздіктерден алынған материалдарды пайдалану мүмкіндігі; 
 Келешекте  мектептерде  компьютерлік  технологияларды  қолдану,  жетілдіру  т.б. 
мҽселелер  арнайы  зерттеулерге  сүйене  отырып,  мемлекет  тарапынан  қолдауын  қажет 
етеді. 
Оқу  материалын  толықтыру,  қорытындылау,  қайталау,  ал  ең  бастысы  оның 
практикалық қолдану дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруда бұл ең тиімді ҽдістердің 
қатарына жатқызылады. 
Қазіргі кезде тілді коммуникативтік   оқыту мҽселесіне ерекше назар аударылуда. 
Ағылшын  тілін  оқытудың  жаңа  технологиясы  тілдің  коммуниктивтік  қызметін  ескере 
отырып,  оны  коммуникативтік  танымдық  жағынан  меңгертуді  кҿздейді.  Қатынастық 
ҽдіс  ХIХ  ғ  60-70жылдарында  ағылшын  тілі  халықаралық  қатынастық  тіл  статусын 
алған кезде Британияда пайда болды. 
Оқыту  ҽдістемесіндегі  заман  талабына  сай  ҽдістердің  бірі-  коммуникативтік 
оқыту  технологиясы.  Осы  мҽселе  жҿнінде,  яғни  ағылшын  тілін  оқытудағы 
коммуникативті  біліктілік  деңгейді  Германияның  оқу  бағдарламасын  жасаған  неміс 
ғалымдары Г.Нойнер, Г.Хунфельд былай түсіндіреді: коммуникация тіл жҽне іс-қимыл 
(күлу,  дауыс  ырғағы  сияқты)  ҽрекеттер  арқылы  болады.  Ол  алдын-ала  жоспарланған, 

13 
 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 
дайындалған  болуы  немесе  жоспарланбаған  болуы  мүмкін.  Сабақ  үстінде  ҽдетте 
дайындалған, жоспарлы сҿйлеу коммуникациясына кҿп кҿңіл бҿлінеді. 
Оқушылардың сабақта айтылған хабарлардың мағынасын түсінуі,  олардың түпкі 
мақсатын  танып  білуі  жҽне  ҿзінің  жеке  мақсатын  іске  асыруы  ҿте  маңызды  іс.  Осы 
біліктілік коммуниктивтік біліктілік деп аталады [3. 105]. 
Коммуникативтік біліктілік мынадай оқу мақсаттарын қамтиды: 
1.Когнитивті мағыналық мақсат, яғни оқушы коммуникативтік жағдаяттарды 
ҽңгімелесу,  сҿйлесу,  қарым-қатынас  туындайтын  жағдайларды  таба  білуі  керек.  Ол 
ҿзінің  іс-ҽрекетінің,  сҿйлесуінің,  қарым-  қатынас  жасауының  барысында  -  осы 
жайттарды ескеруге дағдылануы, үйренуі қажет. 
2.Ҽлеуметтік мақсат, оны жүзеге асыру кезінде оқушы ҿзін ҿзі қалай ұстайтынын 
біле  отырып,  ҿз  іс-ҽрекетіне  жауап  бере  алады.  Алға  қойған  мақсатына  басқалармен 
бірге  жетуге  ұмтылады,  сондай-ақ  қарым-қатынас  жасайтын  ҽріптесімен  жеке  тұлға 
ретінде тең жағдайда болуға тырысады. 
3.Лингвистикалық  біліктілік  мақсат.  Бұл  мақсатқа  сҽйкес  оқушы  ойларын,іс-
ҽрекетін сҿйлеп жеткізе алуға ынталы болады. 
Бұл  үш  компонент  бҿлек-бҿлек  емес,керісінше  ҿзара  тығыз  байланыста  болады 
деп пайымдайды Г.Нойнер [4. 89]. 
Осы  аталған  коммуникативтік  біліктілікке  қалай  қол  жеткізу  жолын  жолын 
іздестіруші  ҽдіскерлердің  бірі  Е.И.Пассовтың  пікірінше  шетел  тілін  оқытуда  мына 
жайттарды 
ескергенде 
коммуникативтілікке 
ие 
болатынын 
байқаймыз:1 
коммуникативтік сипаттағы оқыту тҽсілдерін пайдалану; 2.  арнайы жаттығулар жасау; 
3.  бүкіл оқу процесін мақсатты түрде ұйымдастыру; 
Коммуникативтік  ҽдістің  жаңалығы  неде,  ол  оқыту  ісін  қалай  ұйымдастырады 
оның ерекшеліктері мынада:  
1.  Коммуникативтілік  оқу  процесіндегі  білік,дағдыны  жетілдіруге  бағытталады. 
Ағылшын  тілінде  үнемі  сҿйлеу  оқушылардың  тілді  білмеймін  деген  ойдан  арылтып 
оқуға  деген  қызығушылығын  арттырады.  Ол  үшін  барлық  жаттығулар  сҿйлеуге 
жетелейтін мақсатта болуы керек.   
2.  Коммуникативтік  бағытта  оқыту  оқушының  жеке  бас  ерекшелігін  ескеруді 
кҿздейді, яғни баланың бойындағы барлық  жеке  қасиеттері  ескрілуі керек. Бұл оның 
белсенділігін арттырып, оқуға ұмтылу үшін ең басты құралы болып   саналады. 
3.Коммуникативтілік  функционалдықпен  де  байланысты,  себебі  кез  келген  сҿз 
коммуникация  процесінде  белгілі  бір  қызмет  атқарады.  Оқушы  тілді  үйрене 
бастағаннан бастап сҿздерді іс жүзінде сҿйлеу барысында қолданып жаттықпаса, кейін 
оларды есіне түсіре алмай, дұрыс пайдалана алмайды. 
4.Коммуникативтілік,  коммуникативті  бағытта  оқыту  ҽдісі  оқытудың  ситуативті 
болуын  талап  етеді.  Ҿйткені,  ситуативтілік  сҿйлеу  дағдысының  табиғи  қасиеті  болып 
есептеледі.  Ситуативтілік  сҿйлеуге  ынталандырудың    бір  түрі  ретінде,сҿйлеу 
біліктілігін  жетілдіретін  ҽдіс  ретінде  ҽрі  белгілі  бір  мақсатқа,  нҽтижеге  жету  жолы 
екендігі бұрыннан ҽдіскер ғалымдардың  кҿптеген еңбектерінде қаралып келеді [5. 112]. 
Коммуникативтік  оқыту  технологиясы  дегеніміз  пікір  алысуға  негізделген 
ҽдістеме.  Ал,  адамдар  тілді  сҿйлем  түрінде  қолданғанда  ғана  бірін-бірі  түсініп, 
пікірлесе алады. Оқушыларды белгілі бір дҽрежеде ағылшын тілінде сҿйлеуге, ҿз ойын 
басқаға  жеткізе  алатын,  біреудің  сҿйлеген  сҿзін,  жазғанын  түсіне  алатын  дҽрежеге 
жеткізу  үшін,  ағылшын  тілі  алғашқы  сабақтан  бастап  сҿйлем  түрінде  үйретілуі  тиіс. 
Себебі,  жеке  атау  тұлғалы  сҿздер  де,  грамматикалық  формалар  да  ҿзара  бір-бірімен 
байланысып, сҿйлем құрамына енгенде ғана тұтас аяқталған ойды білдіре алады [6. 77]. 
Коммуникативтік  ҽдіс  мұғалім  мен  оқушының  арасындағы  психологиялық 
кедергіні  бұзады.  Коммуникативтік  біліктілікке  қалай  қол  жеткізу  жолын  іздестіруші 
ҽдіскерлердің бірі Е.И.Пассов оқытудың коммуникативтік ҽдісінің негізгі белгілері деп 
мыналарды атап кҿрсетті: 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011. 
 
14 
1.Ҽдістің дифференциалдығы ҽр ҽдіс нақты бір мақсатқа жету құралы екендігінде 
кҿрінеді. Бұндай мақсат сҿйлеу ҽрекетінің ҽрбір түрі, нақтылап айтқан осы ҽрекет түрін 
жасай білу. 
2.Ҽдістің оқыту жағдайына байланысты еместігі. Ҽдіс оқытудың тактикасы емес 
стратегиясын  анықтайды  жҽне  сол  себептен  осы  таңдауды  тілге,оқыту  сатысына 
байланысты. 
3.Коммуникативтік  ҽдістің  мүмкіншілігі  сҿйлеу  ҽрекетінің  берілген    түрін    жан-
жақты қамтиды. 
4.Ҽдісте  негізгі  ҿзек  бар  болғандығы  немесе  М.В.Ляковскийдің  сҿздерін 
пайдалансақ басты ҽдістемелік мҽселенің шешуінің басымды ойы о бастағы ҽдістемелік 
мҽселені  шешу  қызметінің  бір-біріне  байланысты  болуын  шарт  етеді.  Бұл  негізгі  ой 
ҽдіске  кіретін  кіретін  принциптерді  қарастырады,  оларды  интегралдайды.  Осының 
негізінде  Е.И.Пассов  бұл  ҿзара  жағдай  жасаған  жеке  ҽдістемелік  принциптер  жүйесі, 
бір  стратегиялық  оймен  біріккен,  сҿйлеу  ҽрекетінің  қандай  түрін  болса  да  үйретуге 
бағытталған ҽдіс деп анықтайды [7. 124]. 
Коммуникативтіліктің қандай жағдайда нҽтижелі болатынына мұғалімнің тигізер 
ықпалы зор жҽне оқыту барысындағы білім сапасына да мұғалімнің үнемі кҿңіл бҿліп 
отыруы  аса  маңызды.Сондықтан,  ағылшын  тілдерін  оқытуда  коммуникативтік  оқыту 
ҽдістемесін  қолдану  –оқушылардың  сҿздерді  грамматикалық  тұрғыдан  бір-бірімен 
дұрыс  байланыстырып,  еркін  сҿйлей  білуіне  мүмкіндік  береді,  бұл  ҽдістемені  жиі 
қолдану ҿз нҽтижесін береді. 
Ағылшын  тілін  оқытуда  коммуникативтік  мақсатқа  жетуде  ауызша  сҿйлеудің 
маңызы  зор.  Сҿйлеуге  үйрету  үшін  оқыту  ҽдісі  ситуативті  ҽдіс  болуы  керек  себебі: 
ситуативтілік сҿйлеу ҽрекетінің табиғи қасиеті болып табылады. 
Сҿйлеуге  үйрету  үшін  қажетті  ситуацияларды  мынадай  жолдармен  беруге 
болады: 
а)  «кҿз  алдыңа  елестетіп  кҿр»,  «қиялдап  кҿр»  деген  сияқты  т.б.  тапсырмалар 
арқылы ситуациялар құру
ҽ)  белгілі  бір  ситуацияны  жасайтын  сурет  немесе  ситуацияны  дамытатын, 
күшейтетін суреттер тізбегіне қарап, соның кҿмегімен сҿйлеу; 
б) күнделікті ҿмірдегі болып жатқан жағдайға ұқсас нҽрселерді сипаттау. 
Оқытудың  ситуативтілігі  оқушылар  мен  мұғалім  арасындағы  қарым-қатынасқа 
негізделген  жағдайда  ғана  сабақ  үстінде  қатынас  ситуациясы  пайда  болады.  Е.Пассов 
ұзақ 
жылдар 
бойы 
жүргізген 
ғылыми-зерттеу 
жұмысының 
нҽтижесінде 
коммуникативтік оқытуда «ситуация» мен «ситуативтілікті» анықтап алу қажет екеніне 
кҿз жеткізген. «Ситуация»-дегеніміз, қарым-қатынас жасаушылардың, сҿйлесушілердің 
санасында  қалыптасқан  ҿзара  қарым-қатынасының  жүйесі;  ал  «ситуативтілік-қарым-
қатынастармен  байланыс»  деп  қорытынды  жасайды.  Ол  іс-ҽрекеттерде  ҿзара  қарым-
қатынастарда  мынадай  жетекші  факторлар  болады  деп  кҿрсетеді:  а)  статустық;  ҽ) 
рольдік; б) іс-ҽрекеттік; в) ізгілік  [8. 24]. 
Қоғам талабына  сай ағылшын  тілін оқытуда  қойылып  жүрген ортақ міндет тілді 
коммуникативті  бағытта  оқытып,  сҿйлеу  дағдыларын  дамыту.  Ондағы  мақсат 
оқушыларды қарапайым болса да, ҿз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, ҿзара 
тіл  табысып,  пікір  алысуға  үйрету,  себебі  жалпыға  білім  беретін  орта  мектепте 
берілетін бүкіл  білімнің негізгі  мақсаты оқушының ағылшын тілінде сҿйлеу қабілетін 
жетілдіру [8. 6] 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
1.«Teaching English Language  and Managing Teachers Associations: Sharing Ideas, Sharing 
Eхperiences» Материалы VII международной научно- практической конференции. - 
Тараз. 2007. С.350. 

15 
 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012 
 
2.Булекбасова Б. «Инновациялық технология», Оқыту-тҽрбиелеу технологиясы, 2010 ж, 
№5, 80 б. 
3.Ұлт тағылымы №4, 2007. 50 б. 
4.Хабаршы №5, 2008 жыл 122 б. 
5.Алхазишвили А.А. Основы овладения устной иностранной речью - Москва, 1988. 
С.200. 
6.Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы жҽне ҽдістемесі - Алматы, РБК, 2000.200 б. 
7.Пассов Е.И. Основы методики обучения иностранным языкам. М.: издательство 
Русский язык, 1977, С.300. 
8.Мектептегі шет тілі. №4, 2011. 28 б. 
 
РЕЗЮМЕ 
Данная  статья  рассматривает  вопрос  о  коммуникативных  методах  обучения 
обучающихся разговорной речи, о методике обучения иностранным языкам и анализе 
содержания учебного курса.  
 
SUMMARY 
 
This  article  deals  with  the  question  of  communicative  teaching  methods  of  learners 
spoken language, the methodology of foreign language teaching  and analyzes the content of 
the course.  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет