1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет217/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
Ҿмірбаяндық мҽліметтердің жазушының «Балуан Шолақ», «Ҽнші ақындар» 
секілді шығармаларының лабораториясын ашуда жҽрдем боларын еске салады. 
Жазушының алғашқы ақындық жолы да табиғи суреттеледі. Мемуардан 
зерттеуші болашақ романдарына тиесілі материалдар тарихын да аңғара алған. 
Жазушы лабораториясының кілті ретінде күнделікті хат секілді кіші мемуарлық 
жанр үлгілерінің қызметіне кең тоқталған ғалым, «эпистолярлық жанр» 
үлгілерінің шеберхананы ашудағы қызметіне үңіледі. Күнделік – жазбалардың да 
жазушы ізденісіне апарар жол екендігін танытып ҿтеді. Жазушының сапарнама-
күнделікті пайдалануы, яки жазушының мақсатына талдау жүргізген ғалым оны 
былай сипаттайды: «Бұл жай нені кҿрсетеді? Бұл – алдымен жазушы 
ұқыптылығы. Содан соң – сапар мақсаттылығы. Жоспар түзбесінде – 
шығармашылық мақсат жатқандай. Шамасы, бұл – сол жылдары жоспарланған 
«Саяхаттар» аталатын кітабы үшін жасалған жолсапар түзбесі. Бұл – арнайы 
сапар кітабын жасау, ұлт ҽдебиетінде очерк кітабының жаңа дҽстүрін 
қалыптастыру мақсатынан туған ізденіс. Күнделік – мұндай жағдайда, ҽрі 
жазылмақ кітапқа материал жинау тҽсілі, ҽрі жазылған кітаптың алғашқы 
нұсқасындай ҽсер етеді. Жазушының мұндай тҽжірибесі оның Қытай сапарынан 
туған «Алыптың адамдары», Цейлон сапарынан туған – «Адам Атаның 
шоқысында» - сапарнама-очерк кітаптарында ҿріс ашты. С.Мұқановтай үлкен 
жазушы қаламынан туған мұндай үлгі кейін қазақ журналистикасында мықтап 
орын тепті» [2]. Ғалым одан ҽрі зерттеу еңбегінің екінші тарауын 
«Шығармашылық процесс» деп атап, шығармалар тарихының тақырыбының 
маңызды роль атқаратындығына тоқталып ҿтеді. Тақырып табу ерекшелігін 
жазушының қалыптасу жолынан іздейді. Мҽселен, жазушы «Сұлушашына» 
қалай келгенін ғылыми негіздеулері: Оқырман жазушының ҿскен ортасынан 
«Ҿмір мектебі» арқылы етене таныс болатын. Оның қиссашылдығы да тұлғалана 
кҿрінетін. Осы қырынан алғанда жазушы белгілі бір дҽрежеде эпос 
айтушысының ҿзі болып шығады екен. Ғалым жазушының «Сұлушашы» жҿнінде 
мынадай деректі келтіреді. «Қиял-ғажайып эпостан жаңа қоғамға лайық 
«басқаша идеяға» ақын қалай келді? Ендігі принціп эпостың халықтық нұсқасын 
таптық тұрғыдан типтендіру. Ол солай етті. «Мен маңғаз Алтайдағы құлдың 
баласы, ҿмірі кісі есігінде мехнат кҿрген батырақ еттім. Құлдың баласына ғашық 
Сұлушаш сүйіктісімен бірге елге сыймай, тағы тауға барып паналаған болып 
шықты. Қайсар, Ермектерді жанымнан қостым да сюжет құрдым» деп жазды 
кейін С.Мұқанов романының тууы жайында. Сонымен роман таптық тартысқа 
құрылды. Ҽлеуметтік теңсіздік Алтай мен Сұлушаштың опат болған аяулы 
махаббаты арқылы жырланды» [2].
Одан ҽрі ғалым жазушының «Мҿлдір махаббат» романына материалдарды 
қалай жинақтап, қайдан алғанына тоқталады. Романға қатысты адамдарға 
жолығып ҽңгімелесу арқылы шығарма тарихына үңіледі. Келесі кезекте ғалым 
«жазу процесі» қалай жүзеге асатынына орай деректі құжаттарды сҿйлетумен 
ерекшеленеді. Зерттеудің үшінші тарауы «Ҿмірлік материал жҽне кҿркемдік 
шешім» атымен аталып ҿмірлік деректің кҿркем шығармаға қалай айналғанын 
зерделейді. «Романға арқау болған ҿмірлік шындықты үш материалмен 
елестетуге болады: бірі – «Адасқан Сұлтанбек, опасыз Бҽтима» дастаны, екінші –


244 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет