АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 Француз тілінен: дипломат – дипломат (diplomate), баянат – рапорт
(rapport), түйіндеме – резюме (resume), тҿлқұжат – паспорт (passeport), оферта
– ұсыныс, прайс-лист – тауарлар тізбесі, презентация – жарнамалық мҽтін,
парламент – мҽжіліс, рапорт – баянат.
Қоғамның үздіксіз болып жататын ҿзгерістер мен жаңалықтар құралы
болатын тіл – қашан да қоғамнан тысқары қалмауы, қоғаммен бірге дамуы
табиғи құбылыс. Сол ҽсерлер арқылы тілімізге жаңа ұғымдар мен терминдер
ене бастады: бұрыштама – виза, хаттама – протокол, келісімшарт – контракт,
коммерциялық ұсыныс – оферта, кҿшірме – копия, түйіндеме – резюме, тағы
сол сияқты кҿптеген ұғымдар.
Ғылым мен техника жетістігін орыс тілі арқылы меңгерген қазіргі қазақ
тілі үшін орыс тілінің осы бір «жасанды» қылығы кереғар ҽсер етуде. Қазақ
тілі сҿз келбетін сақтау үшін, ҿзіндік заңдылықтарын бұзбау үшін, ғылыми-
техникалық атаулар қазақ тілінде меңгеріліп, қазақша сҿйлеуге тиіс, ғылым
мен техника тілін, ҽсіресе, ҿндіріс саласын түгел қазақшалау бірден мүмкін
емес.
Осы орайда А.Байтұрсыновтың: «Біз сияқты мҽдениет жемісіне жаңа
аузы тиген жұрт, ҿз тілінде жоқ деп, мҽдени жұрттардың тіліндегі сҿздерді
алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сҿздерін алмастыра-алмастыра, ақырында
ана тілінің қайда кеткенін білмей айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан
мҽдени жұрттардың тіліндегі ҽдебиеттерін,
ғылыми кітаптарын қазақ тіліне
аударғанда, пҽн сҿздердің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып
сҿз табуымыз керек.
Сонда біздің тіліміз таза болады»
[3] деген пікірін естен
шығармауға тиіспіз.
Бірақ халықаралық терминдерді, орыс тіліндегі терминдерді шұбарлап
аудара беруге жарамайды.
Себебі олардың қолданысы сҽтсіз, нҽтижесі
сапасыз болатыны айдан анық. Оған мысалы, қойылатын талапқа жауап бере
алмайтын сҽтсіз жасалған терминдер де бар. «Шошқамойын
–
паротит,
ыңқылап
–
революция, мүдір
–
директор, құлтемір
–
робот, құлақілдірік –
наушник, қылтима
–
балкон, шайтан арба
–
велосипед» сияқты сҿздермен
терминдер қатарын кҿбейткеннен келер пайда шамалы. Керісінше, жағымсыз
пікірлердің туындап, терминологиядағы жүйеліліктің бұзылуына себеп
болады.
Жалпы термин сҿздерді аударғанда қазақ тілінің сҿздік қорына үңіліп,
оны сарқа пайдалануға тырысу керек. Жаңа термин ұғымының мазмұны мен
қызметіне сҽйкес келіп, ана тіліне нұқсан келмейтіндей болуы керек. Түп
тҿркіні кҿне грек, латын, француз, басқа да шет тілінен енген ҽбден сіңісіп,
халықаралық кҿлемде қолданылатын терминдер ҿз қалпында енгізілуі тиіс.
Мысалы, «еңбек», «ақша», «банк, биржа, банкомат, валюта» сияқты сҿздер
халықаралық болады, себебі олар халықаралық деңгейде қолданылатын ортақ
ұғымдарды білдіреді.
Қорыта келе, термин мҽселесі, оның қазақ тіліне тура баламасын тауып
аудару мҽселесі бүгіннің ҿзекті мҽселесі деуге болады. Ол жиырмасыншы