7
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014
ҼОЖ 398.9
Т.М.БАЙМАХАН
филология ғылымдарының кандидаты, профессор
АДАМҒА ҚАТЫСТЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ
ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ УӘЖІ
Мақалада ағылшын және қазақ тілдерінде жиі қолданылатын мақал-
мәтелдердің
ұқсастықтары
мен
ерекшеліктері,
олардың
кейбір
этнолингвистикалық сипаттары қарастырылады. Зерттеу барысында
адамға қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі зерттеледі.
Бұның сыры – адамның қоғамдағы шешуші рӛлі екендігі дәлелденеді және
этнолингвистика мен лингвомәдениеттанудың жалпы тіл білімінде нақты
сала болып қалыптасқан тұсында мақал-мәтелдердің тілдік сипатын
сараптап
қана
қоймай,
олардың
ұлттық
ерекшеліктерін,
этнолингвистикалық сипатын ашу – бүгінгі таңдағы ӛзекті мәселелердің
бірі екендігі айқындалады.
Кілт сӛздері: этика, эстетика, этнолингвистикалық уҽж, адам жҽне оның
қасиеті.
«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нҽрселермен
озады» - деп ұлы Абай, «Адам ірілігі бір сипат емес, ішкі-тысқы сан сипат
қасиетімен құралады», - деп М.Ҽуезов айтқандай, адамның сан алуан қадір-
қасиеті мақал-мҽтелдерден ҿзіндік орын алған.
Зерттеу барысында екі тілде
де осы тақырып аясына жататын тұрақты тіркестердің саны жағынан
ҽлдеқайда кҿптігі байқалады. Бұның сыры – адамның қоғамдағы шешуші күш
екендігінде жатса керек.
Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын "Manners maketh
man", Manners make the man" (c.c.a.: Адамды адам ететін оның ҽдептілігі)
тұлғасы ықшам, алайда мҽні зор тілдік орам,
орта ғасырда орын алған
қағида, дҽстүрлерге, заман талабына байланысты қалыптасқан. Зерттеу
деректеріне қарағанда бұл мақал ҿз бастауын XIV ғасырдан алады. Орта
ғасырларда Англияда ҽртүрлі сҽн-салтанаттар кҿп ҿткізілетін болған.
Крепостнойға бостандық беруден бастап, дворяндық атақ беруге дейін
кҿпшіліктің арасында ҿтетін, осы құрметке орай үлкен салтанатты жиындар,
ҽр түрлі рҽсімдер ұйымдастырылатын. Мұның бҽрі адамдардың кҿпшілік
арасында ҿзін-ҿзі ұстай білуіне, белгілі бір ережелерді сақтауына алып келді.
Осы кезеңдерде Англияда ҽдептілік (манера), ҿзін-ҿзі мҽдениетті
ұстау
ережелері қалыптасып, бұл ережелерді ұстануға үлкен кҿңіл бҿлінетін
болған. Барлық уақытта, барлық жерде сыпайы, мҽдениетті болу талап етіле
бастады. Қонақты қақпадан қарсы алу, кетерінде сыпайылықпен,
ҽдептілікпен
шығарып салу, балаларды жас кезінен бастап этикаға,