7. Үндістанда Жаңа жылдың «Дивали» деп аталуының себебі
A) Қалалар мен ауылдардың оттың ішінде тұрғандай жарқырағандығынан
B) Сагат он екіде көшеге шыққандықтан
C) Салынған суреттерге ұн, топырақ сепкендіктен
D) Жұрт пілдерді айнала билеп, ән салғандықтан
Е) Әйел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салғандықтан
8. Бұл күні Францияда мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай, істерінде сыйлықтар беруінің себебі
A) Адалдығын көрсету үшін
B) Қолы ашық екенін көрсету үшін
C) Ырымдарға сенгендіктен
D) Ұстамдылығын байқату үшін
Е) Достық, туыстық қарым-қатынасты нығайту үшін
9. Жаңа жыл дастарқанына құс етін қоймайтын ел
A) Франция
B) Италия
С) Венгрия
D) Болгария
Е) Эквадор
10. Жаңа жылдық мерекені ұзақ тойлайтын мемлекет
A) Ресей
B) Үндістан
C) Голландия
D) Қазақсан
Е) Қытай
11. Мерекелерде ашық хаттармен құттықтау бізге қай елден келген?
A) Ресейден
B) Голландиядан
C) Ұлыбританиядан
D) Қытайдан
Е) Үндістаннан
12. Жаңа жыл тойлаудағы салт-дәстүрінде ұқсастық бар елдер
A) Венгрия - Эквадор
B) Голландня - Куба
C) Үндістан - Куба
D) Қытай - Ұлыбритання
Е) Гвинея - Эквадор
4-мәтін
I. Қазақ-күнделікті тұрмысын малмен тығыз байланыстырған халык. Әсіресе түйе малын ерекше бағалаған. Қазақтың жылқыдан кейін қадірлейтін малы - түйе. Көшіп-қону үшін жылқыдан да артық бағапаған. «Бақырауық демесең, бағалы көлік - түйе ғой», «Нары бардың малы бар», «Тамырыңнан түйе сұра, қорыққаннан бие берер», «Көтерем дсп түйеден безбе, салтанатың емес пе?» деген ескі мақалдардың өзі-ақ түйснің көшпелі тіршілікте аса құнды түлік болғанын анықтай түседі.
II. Түйенің жүні мен терісі - киім, сүті - сусын, еті - ас. Әсіресе түйе көш көлігі ретінде бағалы. Ол сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді,әсіресе шөлге, аштыққа шыдамды. Осынша шыдамдылығына, қуаттылығына қарамастан, «шөк» десең, шөге қалатын, «айт-шу» десең, атып тұратын, «тіл алғыш», жуас, қайырымды мал. Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді болып табылады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.
III.Түйе шаруашылығы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында жақсы дамыған. Түйенің шығу тарихы. Түйелер - ірі табандылар отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректілердің бір түрі. Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі - жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Оның екі туысы бар: бірі - түйе, екіншісі — лама. Түнелер— шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бұл жануарларды көнтабандылар деп атайды ТүйенІң кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тақыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдап, шөгіп жата береді.
4. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және үзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Африка өңірі. Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе Моңғолияның Гобн шөлінде ғана сақталған. Түйені төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін - «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл-қазы» деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |