1.Қанның құрамы,мөлшері.Қанның қызметтері


Тыныс жолдарының физиологияcы, маңызы



бет19/23
Дата10.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#81101
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
29. Тыныс жолдарының физиологияcы, маңызы.
Тыныс алу физиологиясы дене тіндерін оттегімен және көмірқышқыл газымен қамтамасыз ететін процестерді зерттейді. Тынысалу механизмі болмаса адам өмір сұре алмайды. Ең маңызды қызметі осы болып табылады. Ауадан организм үздіксіз оттегіні алып керісінше көмірқышқыл газын шығарып отыруы тиіс. Оттегінің қатысуымен организмде тотығу процесі жүреді.
Тынысалу бес кезеңге бөлінеді:
1) сыртқы тынысалу;
2) өкпе альвеолалары мен кіші қан айналым шеңбері капиллярлары арасындағы газ алмасу;
3) газдардың қанмен алмасуы;
4) үлкен қан айналым шеңбері капиллярлары мен ұлпа және мүшелер арасындағы газ алмасу немесе ішкі тынысалу;.
5) Ұлпалық тыныс алу –жасушалардағы тотығу-тотықсыздану үрдістері.
Сыртқы тынысалу дегеніміз газдардың ауадан өкпеге өтуі. Яғни, демшығару механизмі. Сыртқы тынысалу екі кезеңнен тұрады: демалу және демшығару.Адам тыныс алған кезде , демін ішке тартқан кезде, инспирация , яғни демалу еттері жиырылады да көкірек қуысы кеңейеді. Ішкі қабырғааралық еттер иырылған кезде көкет , көкірек қуысы тарылады. Бұл экспирация , демшығарған кезде болады. Өкпе сыртынан висцеральдық және париетальдық екі қабатпен қапталған. Тыныс алу қозғалысын реттеуді тыныс алу орталығы жүзеге асырады, ол орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөліктерінде орналасқан жүйке жасушаларының жиынтығымен ұсынылған. Тыныс алу орталығының негізгі бөлігі сопақша мида орналасқан. Оның белсенділігі қандағы көмірқышқыл газының концентрациясына және әртүрлі ішкі органдар мен терінің рецепторларынан келетін жүйке импульстарына байланысты. Тыныс орталығы орталықтан тебетін нерв талшықтары арқылы жұлынның мотонейрондарымен байланысады. Жұлынның көкірек бөлігінің вентральды мүйізінде қабырғааралық еттердің, ал мойын бөлігінің 3-4 омыртқа деңгейінде көкеттің қызметін реттейтін нейрондар орналасады. Танау еттерінің жиырылуын реттейтін нерв талшықтары беттік нерв құрамында, көмекей еттерінің қызметін реттейтін талшықтар – нерв құрамында өтеді. Сондықтан жұлынды мойын мен көкірек бөліктерінің арасын қиса, қабырғааралық еттердің жиырылуы тоқтап қалады да, көкеттің қызметі жалғаса береді. Өкпеге келетін нерв қиылса, тыныс алу процесі тоқтамайды, бірақ ол терендеп сирейді ,орталыққа өкпенің механорецепторларынан қозу толқыны келмей қалады. Ал мойынның екі жағында орналасқан симпатикалық нерв талшықтарын тітіркендіргенде тыныс жиілейді. Осыған байланысты әр түрлі сезім процесі тыныс ырғағын өзгертетін факторлар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет