Тыныс алу, оның негізгі кезеңдері. Сыртқы тыныс алу. Дем алу мен дем шығарудың биомеханикасы. Плевралық қуыстағы қысым, оның негізі мен сыртқы дем алудағы ролі
28. Тыныс алу, оның негізгі кезеңдері. Сыртқы тыныс алу. Дем алу мен дем шығарудың биомеханикасы. Плевралық қуыстағы қысым, оның негізі мен сыртқы дем алудағы ролі Тыныс алу – оттегіні ағзалар мен ұлпаларға жеткізу, оның жасушалардағы тотығу үрдістерінде пайдаланылуы, сондай-ақ организмнен көмір қышқыл газын шығару үрдістерінің жиынтығы. Адамның тыныс алу жүйесіне мыналар кіреді:
1. Ауа жолдары.
2. Өкпе.
3. Тыныс бұлшық еттері.
4. Тыныс жүйкелері.
5. Тыныс орталықтары (ОЖЖ).
Тыныс алу 5 кезеңнен тұрады: 1. Сыртқы тыныс алу – өкпенің желденуі, атмосфералық ауа газдарының өкпе альвеолаларына және өкпеден сыртқы ортаға тасымалдануы. 2. Өкпедегі газдар алмасуы – альвеола ауасы мен қан арасындағы газдар алмасуы. Сыртқы тыныс алу көкірек қуысы көлемінің өзгеруі арқасында жүзеге асады. Өкпе оның соңынан дем алғанда кеңейіп (инспирация) және дем шығарғанда (экспирация) тарылып пассивті түрде ілесіп отырады.
Негізгі инспирация еттері: 1. Көкет. 2. Сыртқы қабырға аралық еттер. 3. Шеміршек аралық еттер.Негізгі инспирация еттері: 1. Көкет. 2. Сыртқы қабырға аралық еттер. 3. Шеміршек аралық еттер. Қосымша: 1. Тіс тәрізді еттер. 2. Көкірек-бұғана-емізік еттері. 3. Трапеция тәрізді еттер. 4. Үлкен және кіші көкірек еттері.
Негізгі инспирация еттерінің жиырылуы нәтижесінде көкірек қуысының көлемі фронталдық, сагиталдық және вертикал бағытта ұлғаяды.Негізгі инспирация еттерінің жиырылуы нәтижесінде көкірек қуысының көлемі фронталдық, сагиталдық және вертикал бағытта ұлғаяды. Осылайша, дем алу – белсенді үрдіс. Жай дем шығару пассивті жүреді, инспирация еттері босаңсиды, көкірек қуысы тарылады. Белсенді дем шығаруғаЖай дем шығару пассивті жүреді, инспирация еттері босаңсиды, көкірек қуысы тарылады. Белсенді дем шығаруға экспирация еттері қатысады: 1. Құрсақ еттері (ішкі және сыртқы қиғаш, тік және көлденең құрсақ еттері). 2. Ішкі қабырға аралық еттер.
Плевралық қуыс қысымы Плевралық қуыс қысымын өлшеу үшін қатар орналасқан қа-бырға аралығына жуан имек ине тығып, оның сыртқы ұшын «И» тәрізді манометрмен жалғастырады. Плевралық қуыстағы қысьш сырттағы ауа кысымынан төмен болады, сондықтан онымен жал-ғасқан сынап бағанасы жоғары қарай көтеріледі, ал атмосфсра-лык ауамен жалғасқан сынап бағанасы темен түседі. плевралык қуыс қысымы әр уақытта атмосфера қысымынан төмен және өкпе неғұрлым қатты созылса, соғұрлым төмен болады. Демек, плев-ралық қуыс қысымын теріс қысым деп тану керек. Тыныс терең-деген сайын плевра қуысында теріс қысым мөлшері арта түседі. Теріс қысым ауаның өкпеге кіруін, яғни дем алуды жеңілдетеді, венадағы қанның журекке қайтып оралуын қамтамасыз етеді-ллевра жапырақшалары аралығындағы кысымның төмендеуіне байланысты көкірек қуысындағы үлкен веналар мен жүрекше кенейіп қанды жүрекке қарай тартады.
Плевра жапырақшалары аралығында әдетте газ (ауа) бол-.майды. Плевралық қуысқа аздап болса да ауа кіре қалса ол 'бір-тіндеп канға сіңеді. Плевралық қуысқа ауа кіруі пневмоторакс пен аталады. Оған ауа көп кірсе тыныс тарылады. Пневмото-ракс висцеральдық немесе париетальдық плевра жарақаттан-ғанда болады. Кейде науқасты емдеу мақсатымен де, қолдан пневмоторакс жасалады (плевра қуысы жартылай немесе бір жағынан ауаға толтырылады).